Ғылым және жоғары білім министрлігі


-тәжірибелік жұмыс. Тақырыбы: Оқу жетістіктерінің компьютерлік диагностикасы. Білім беру мекемесінің білім беру ақпараттық ортасының фрагменттерін жобалау



бет74/90
Дата14.03.2024
өлшемі6.89 Mb.
#495543
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   90
УМК ББ IT қолдану. пәні бойынша (1)

8-тәжірибелік жұмыс. Тақырыбы: Оқу жетістіктерінің компьютерлік диагностикасы. Білім беру мекемесінің білім беру ақпараттық ортасының фрагменттерін жобалау.

Диагностика – дидактикалық процестің нәтижесін анықтау.


«Диагностика» түсінігінің мәні «білім, ептілік және дағдыларды тексеру».
Диагностика өз ішіне бақылау және тексеруді, бағалау және бағаны жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын және жобалануын қамтиды.
Диагностикалаудың маңызды бөлігі –қадағалау.
Қадағалау – білім, ептілік және дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады.
Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді.
Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, оларды творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Kundelik.kz — Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай білім беру интернет-порталы. Kundelik.kz жүйесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде енгізілді және жеке инвесторлардың қаражаты есебінен қаржыландырылады. Бүгінгі таңда жүйеде 6200-ден астам мектеп тіркелген.
Ай сайын порталға 3 600 000 – нан астам адам кіреді, беттерді көру саны - 442 миллионнан астам (2020 жылдың мамыр айындағы Яндекс.Метриканың деректері бойынша).
2016 жылы "Дневник.ру" жобасының жетекшісі Гавриил Левидің айтуынша, Қазақстан аумағында "Күнделік.кз" білім беру платформасы енгізілді. Бүгінгі таңда жобаның ресми сайтындағы мәліметтерге сәйкес, осы платформамен 6 мыңға жуық мектеп және 4 миллионға жуық қолданушы жұмыс істейді.
Қызметінің басты бағыттары:
• Мектептің білім беруін жаңғырту.
• АКТ-ның озық интеграциясы білім беру процесінде.
• «Педагог-оқушы-ата-ана» коммуникациясын интерактивті дамыту.
• Бірыңғай ортаның ақпараттық алмасуын енгізу.
• Мектеп экожүйесіне қызмет көрсету және құру.
• Қашықтықтан білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
Kundelik.kz жұмысының көрсеткішін есептеу

  1. Мектеп белсенділігі

  2. Мұғалім белсенділігі

  3. Оқушы белсенділігі

  4. Ата-аналар белсенділігі

  5. ББМ кестенің толықтығы

  6. Сабақтарды жоспарлау

  7. Сынып журналдарын жүргізі

  8. Журналды уақытылы жүргізу

  9. Ата-аналардың қатысуы

  10. Сабаққа қатысу

  11. ҮТ уақытылы толтыруы

  12. ББМ бастапқы парақшасының толықтығы

  13. Білім сапасы

  14. Үлгерім деңгейі

  15. Мұғалімдер: аптасындағы кірулер

  16. Оқушылар: аптасындағы кірулер

  17. Ата-аналар: аптасындағы кірулер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет