№6 билет
1.Драже. Микродраже.
Драже деп (Dragee -фран) ішуге қолданылатын дәрілік заттар мен қосымша заттарды бірнеше рет қант түйіршіктерінде қабаттау арқылы алынатын дозаланған дәрілік түрді айтады. Дражерлердің түрі дұрыс шар тәріздес болады,салмағы 0,1-ден 0,5г аралығында. Драже номенклатурасына 10-нан астам атаулар кіреді,көбінде витамин түрінде шығарылады: «Ундевит», «Гексавит», «Ревит» және т.
Таблетка әсерін ұзарту үшін гранулаларды жабындармен қаптайды, оларды микродраже деп
атайды. Микродражелерді алу әдістерінің бірі дәрілік затты жабыстырушы затпен (мысалы, қант сиропы) бірге қаптау болып табылады. Егер содан кейін дәрілік затты босап шығару уақыты
әртүрлі және қапталған және қапталмаған микродражелерді белгілі қатынаста араластырып, осы қоспамен қатты желатинді капсулаларды толтырса, спансула деп аталатын дәрілік үлгі алынады.
Гранула дегеніміз – домалақ, цилиндрлі немесе бұрыс пішінді ішке қабылданатын түйір түріндегі
дәрілік үлгі. Гранулалардың құрамына дәрілік және қосалқы заттар (қант, сүт қанты, натрий гидрокарбонаты, кальцийдің дифосфаты, крахмал, декстрин, глюкоза, тальк, сироп қанты, сприт, су, ас бояғыштары және т.б.) кіреді.Гранулалардың ӛлшемі 0,2-0,3 мм болады; олардың түсі
біркелкі болуы керек. Гранулалар 15 минуттың ішінде ыдырауы керек. Тальктің мӛлшері мұнда да 3 %-дан аспауы керек.
2.Сұйық дәрілік заттарды қаптау.
Сұйық дәрілік формалар, дисперсиялық классификацияға сәйкес, сұйық дисперсиялық
ортада заттар (қатты, сұйық немесе газ тәрізді) таралған еркін жан-жақты дисперсті жүйелер болып табылады.
Дисперсті фазаға байланысты сұйық дәрілік формалар гомогенді (шынайы ерітінділер, жоғары
молекулалық заттардың ерітінділері), гетерогенді (коллоидты ерітінділер, суспензиялар,
эмульсиялар) немесе дисперсті жүйелердің осы негізгі түрлерінің комбинациясы (шығу тегі өсімдіктік, жануартекті және минералды дәрілік шикізаттан су, спирт-су немесе басқа экстракциялар түріндегі аралас жүйелер) болуы мүмкін.
Сұйық дәрілік заттарды бастапқы ыдысқа салу әр түрлі құрылымдағы мөлшерлеуіштердің
көмегімен өлшеп-орау машиналарымен жүзеге асырылады. Бастапқы ыдыстың материалын таңдау заттар мен еріткіштің қасиеттерімен, өңдеу технологиялығымен, тұтыну қасиеттерімен,
зарарсыздықты сақтау талаптарымен негізделген. Сауыттарды полимерлі тығындармен, қақпақтары бұралатын, мөлшерлегіш құрылғылары бар немесе жоқ қақпақтармен тығындайды. Орамға қойылатын маңызды шарт оларды балалардың аша алмауы. Тамшы түрінде қолданылатын ерітінділер үшін тамшы құтысы немесе тамшы түбі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |