«Ғылым тарих мен философиясы» пәні бойынша ДӘрістер



бет1/18
Дата14.10.2022
өлшемі73.45 Kb.
#462713
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
 蜞痂觖 филос. Д рістер.


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
ПЕДОГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
САЯСАТТАНУ ӘЛЕУМЕТТІК
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ


«ҒЫЛЫМ ТАРИХ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ»
пәні бойынша
ДӘРІСТЕР
Саяи ғылымдарының кандидаты, доцент
Сулейменов Пірімбек Мұханбетұлы

Алматы, 2021
1 Дәріс


Ғылым тарихы мен философиясы


Тақырыбы: Ғылым тарихи мен философиясының қалыптасуы
1.Ғылымның пайда болуы
2.Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасыуы
3.Ғылымның тарихи негізгі даму кезеңдері

Ғылым дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берудің оңай еместігінің дәлелі ретінде оның қашан пайда болғандығы туралы пікірталастың әлі күнге толастамай отырғанын айтуға болады. Ғалымдардың бір тобы ғылым ежелгі дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болды десе, енді бір ғалымдар нағыз ғылым тек Жаңа Дәуір кезеңінде, шамамен ХVІІІ-ғасырда қалыптасты деген пікірді үстанады. Мұндай пікірталастың себебі ғылымның күрделі және санқырлы құбылыс екендігінде. Ол бір жағынан алғанда білімдердің, теориялық қағидалар мен методтардың жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамды» дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күш күрделі информациялық жүйе және т.б. Осы әр түрлі салалардың мамандары ғылымға әр түрлі анықтамалар береді және олардың ешқайсысын да теріске шығаруға болмайды. Әртүрлі анықтамаларды қорыта келіп, ғылымның жалпы анықтамасын беретін болсақ, ғылым – табигат, қогам және адам туралы білімдер өндіруге багытталган зерттеу қызметі саласы.


Бұл анықтамадан ғылымның зерттеу пәні туралы түсінік алуға болады. Ғылым ең әуелі адамды қоршаған орта – табиғатты зерттеуге бағыталған қызметтің жемісі ретінде дүниеге келді.
Бірте-бірте қоғам турал ғылыми түсініктер жинақтау қажеттігі туындады. Бірақ ғылым процесіндегі басты тұлға, ғылымның басты субьектісі де, объектісі де – адамның өзі. Адамның қатысуынсыз ғылымның қалыптасуы мүмкін емес, сонымен бірге, адам өзін түсінуге, өз мүмкіндіктерін анықтауға, табиғат пен қоғамның ғана емес, өз болашағын болжауға көне заманнан бастап осы күнге дейін талпынып келеді және бұл процесс адам жерт бетінде қанша өмір сүрсе, сонша жалғаса бермек.
Ғылымның функциялары. Ғылым күрделі әлеуметтік функциялар атқарады.
Бұл функциялар ғылымның өзінің дамуымен бірге үнемі өзгеріп, толықтырылып және ғылымның дамуына өзіндік осерін тигізіп отырады. Қазіргі ғылымның үш әлеуметтік функциясын атап көрсетуге болады:
1) мәдени-көзқарастық;
2) өндіргіш күштерфункциясы;
3) әлеуметтік күштер функциясы. Ғылымның генезисі және негізгі даму кезеңдері.
Ғылымның генезисі, қоғамдағы қызметі және дамуының қозғаушы күштері мәселесі
бойынша интерналистік, экстерналистік және позитивистік концепциялар бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет