1. Ғылымның анықтамасы:
А) табиғат, қоғам, адам туралы белгілі әдістердің көмегімен алынған білімдер жүйесі.
В) қоғам туралы білімдер
С) жан туралы білімдер
D) табиғат туралы білімдер
Е) тіл туралы білімдер
2. Ғылымға тән емес анықтама:
А) ғылым бұл сезімдік түйсіктердің жиынтығы
В) ғылым – бұл ғылыми білімдерді дайындау процесі
С) ғылым – бұл даму үстіндегі білімдер жүйесі
Д) ғылым – бұл қорланған білімдердің массиві
Е) ғылым – бұл ғылыми іс – әрекеттердің нәтижесі
3. Ғылымның құрамдас бөліктері:
А) субъект, объект, әдістер жүйесі, арнайы тіл
В) сезім, тәжірибе, ақыл-ой
С) дәлел, негіз, қорытынды
Д) түйсік, қабылдау, елес
Е) ақыл, зерде, пайым
4. Ғылым философиясының зерттеу нысаны:
А) ғылыми білімнің мәні, құрылымы, жүйелігі, дәстүрі мен жаңашылдығы
В) ғылыми білімнің қалыптасу заңдылықтары
С) ғылыми білімнің практикалық маңызы
Д) ғылыми – техникалық революцияның заңдылықтары
Е) қоғам дамуының заңдылықтары
5. Ғылыми рационалдық дегеніміз –
А) заттар мен құбылыстардың мәнін түсіндіру үшін ойлаудың көмегімен идеалды объектілер мен модельдермен жұмыс істеу
В) ғылыми білімдерді сезімдердің күшімен талдау
С) ғылыми білімдерді интуицияның көмегімен талдау
Д) ғылыми білімдердің әдісін талдау
Е) ғылыми білімдердің ақиқаттығын дәлелдеу
6. Экстернализм дегеніміз –
А) ғылымды әлеуметтік – экономикалық, әскери қажеттіліктермен байланыстырып түсіндіру
В) ғылымды адамның ақыл – ойының нәтижесі деп қарастыру
С) ғылымды тарихи дәстүрдің жемісі деп қарастыру
Д) ғылым интуицияның нәтижесі деп есептеу
Е) ғылым түйсіктің нәтижесі деп анықтау
7. Интернализм дегеніміз:
А) ғылымды дәуірдің рухани мәдениеті мен ойлау стиліне сүйеніп түсіндіруі
В) ғылымды сыртқы факторларға сүйеніп, түсіндіру
С) ғылымды ғылыми дәстүрге сүйеніп түсіндіру
Д) ғылымды тәжірибеге сүйеніп түсіндіру
Е) ғылымды нақты білімдердің жиынтығы деп түсіндіру
8. Ғылымның даму тарихының негізгі кезеңдері:
А) классикалық, классикалық емес, қазіргі
В) антикалық, жаңа дәуір, қазіргі
С) орта ғасырлар, жаңа дәуір
Д) қазіргі заман, жаңа дәуір
Е) қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуірі
9. Классикалық ғылым:
А) XVII-XIX ғасырда дамыды
В) XX ғасырдың басында дамыған
С) XX ғасырдың аяғында дамыған
Д) XIX ғасырдың ортасында дамыған
Е) XX ғасырдың аяғында XXI басында
10. Көне Египеттегі ғылымның ерекшеліктері:
А) абыздар дамытты, тікелей байқауға сүйенеді, практикалық икемдіктерге үйретті
В) рационалдық сипатта болды
С) дінмен байланыста дамыды
Д) мифологияға негізделді
Е) адамның тікелей тәжірибесіне сүйенеді
11. Көне грек ғылымның басты сипаттары:
А) дүниенің, әлемнің түпнегізін іздеді және оны түсіндіруге, негіздеуге тырысты
В) әлемді тікелей байқауға сүйенді
С) мифологияға сүйенді
Д) жеке адамның тәжірибесіне сүйенді
Е) практикалық іс – әрекетке сүйенді
12. Ежелгі грек философиясындағы болмыс туралы ілімнің негізін қалаған ойшыл:
А) Парменид
В) Гераклит
С) Демокрит
D) Платон
Е) Аристотель
13. Орта ғасырларда Батыс Европадағы ғылымның даму ерекшеліктері:
А) теоцентрлік дүниетаным, сенім білімнен жоғары бағаланды, тілдер дамыды, теоцентризм үстемдік етті
В) білім сенімнен жоғары бағаланды
С) білім мен сенім қатар қойылды
Д) жаратылыстану ғылымдары дамыды
Е) антикалық ғылымның дәстүрі дамыды.
14. Орта ғасырлардағы Шығыста ғылымның даму ерекшеліктері:
А) математикалық, астрономиялық, медициналық білімдер кеңінен дамыды
В) адам туралы ғылымдар дамыды
С) психология дамыды
Д) логика дамыды
Е) қоғам туралы ғылымдар дамыды
15. Білім дегеніміз:
А) Шындық туралы ең анық, негізделген ақпарат
В) Заттардың есте сақталған бейнесі
С) Абстракты ой
D) Бір нәрсе дәлелденетін немесе теріске шығарылатын ой
Е) Заттардың жеке қасиеттерінде көрінетін психикалық үрдіс
16. Білімнің негізі, қайнар көзі – тәжірибеде жатыр деп есептеген:
А) Фрэнсис Бэкон
В) Р.Декарт
С) Т. Гоббс
Д) Р.Бэкон
Е) П.Гольбах
17. Ғылымның дамуында маңызды рөл атқаратын күмәндану принципін дамытқан ғалым:
А) Рене Декарт
В) Дени Дидро
С) Томас Гоббс
Д) Джон Локк
Е) Бенедикт Спиноза
18. И.Ньютонның механикасының басты сипаты:
А) дедуктивті ғылыми теория
В) индуктивті ғылыми теория
С) идеалистік ғылыми теория
Д) дуалистік ғылыми теория
Е) деистік ғылыми теория
19. Биологиядағы эволюциялық идеялардың авторлары:
А) Ж.Ламарк, Ч.Дарвин, Г.Мендель
В) И.Кант, И.Фихте, И.Шеллинг
С) Б.Спиноза, Дж.Локк, Г.Лейбинц
Д) Р.Декарт, Фр. Бэкон, Т.Гоббс
Е) Аристотель, Платон, Эпикур
20. А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясының арнаулы принципінің мәні:
А) уақыт пен кеңістіктің өзара байланысын түсіндіруінде
В) уақыттың жеке қасиеттерін түсіндіруінде
С) кеңістіктің жеке қасиеттерін түсіндіруінде
Д) уақыт пен кеңістіктің шексіздігін түсіндіруінде
Е) уақыт пен кеңістіктің тұрақтылығын түсіндіруінде
21. А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясының жалпы принципінің мәні:
А) материяның уақытпен, кеңістікпен байланысын түсіндіруінде
В) уақыт пен кеңістікті арнайы зерттеуінде
С) уақыт пен кеңістіктің жеке қасиеттерін зерттеуінде
Д) уақыт пен материяның өзара байланысын ашуында
Е) кеңістік пен материяның өзара байланысын ашуында
22. Классикалық емес ғылымның қазіргі кезеңінің дамуы:
А) XX ғасырдың 70 жылдарынан басталады
В) XX ғасырдың бас кезінде
С) XIX ғасырдың аяғы
Д)
XIX ғасырдың ортасы
Е) XIX ғасырдың бас кезі
23. Эмпириялық тәжірибені шынайы білімнің бірден бір көзі деп есептеп, философияның танымдық маңызы теріске шығаратын бағыт:
А) позитивизм
В) неотомизм
С) неокантианшылдық
Д) неогегельяндық
Е) феноменология
24. Ғылымның эволюциялық концепцияларын дамытқан философиялық бағыт:
А) постпозитивизм
В) экзистенциализм
С) прагматизм
Д) герменевтика
Е) неотомизм
25. Батыс философиясындағы нтерпретация арқылы бұрынғы мәдениет әлемін түсіну қалай аталады?
А) Герменевтика
В) Схоластика
С) Эмоция
D) Онтология
Е) Патристика
26. Философия тарихында Коперник жасаған төңкеріс неге сүйенеді?
A) Гелиоцентристік теорияға
B) Космоцентристік теорияға
C) Геоцентристік теорияға
D) Антропоцентристік теорияға
E) Теоцентристік теорияға
27. Ағартушылық философиясында қоғам дамуының шешуші күші ретінде не танылады?
А) Ағартушылық, білім
В) Экономика, ғылым
С) Мәдениет, өнер
D) Республика және парламент
Е) Философия, мәдениет
28. Неопозитивизмдегі верификация ұғымының мәні:
А) пікірлерді эмпириялық фактілермен теңеу
В) пікірлерді ақыл – оймен теңеу
С) кез келген ғылыми пікірді жоққа шығару
Д) ғылыми пікірлерді интуитивті жолмен түсіну
Е) ғылыми білімнің ғылыми емес білімнен бөлінуі
29.Түсінуді негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық бағыт:
А) герменевтика
В) экзистенциализм
С) ғылым философиясы
Д) неотомизм
Е) прагматизм
30. «Білім археологиясы» кітабының авторы:
А) Фуко
В) Ясперс
С) Хайдегтер
D) Ницше
Е) Ортега-и-Гассет
31. Ағартушылык дәуірінің негізгі идеясы кандай?
А) Білімді халыққа тарату идеясы
В) Жанды жетілдіру туралы идея
С) Мәңгілік өлмеу туралы идея
D) Жігер туралы идея
Е) Тағдырға сену идеясы
32. Постпозитивизмдегі демаркация дегеніміз-
А) ғылыми білімнің ғылыми емес білімнен бөлінуі
В) философиялық білімнің ғылымнан бөлінуі
С) ғылыми білімнің діннен бөлінуі
Д) философиялық білімнің философиялық емес білімнен бөлінуі
Е) философиялық білімнің діни білімнен бөлінуі
33. К.Поппердің ғылыми тұжырымдардың ақиқат еместігін жоққа шығару принципі:
А) фальсификация
В) демаркация
С) верификация
Д) кумулятивизм
Е) парадигма
34. «Позитивті ғылым өзіне өзі философия» деп айтқан:
А) Огюст Конт
В) Иммануил Кант
С) Карл Ясперс
D) Рихард Авенариус
Е) Карл Маркс
35. Білімді жоғары құндылық ретінде қоғамдағы орнын биікке көтеретін философиялық кезең:
А) Француз ағартушылығы
В) Эмпиризм
С) Скептицизм
D) Антисциентизм
Е) Сенсуализм
36. Ғылым мәдениеттің ең жоғарғы құндылығы және адам да сол арқылы әлемді өзіне бағдарлайды деп есептейтін бағыт:
А) Сциентизм
В)
Неопозитивизм
С) Модернизм
D) Футурология
Е) Антисциентизм
37. Позитивизм нені «дұрыс, болымды» білімнің негізі деп санады?
А) Ғылымды
В) Өнерді
С) Философияны
D) Дінді
Е) Мифті
38. «Ғылыми қызметтің тарихи-ғылыми көзқарасы» деген идеяның авторы:
А) Кун
В) Сартр
С) Деррида
D) Поппер
Е) Фуко
39. Адамзат болашағын болжаудың зандылықтарын зерделейтін ғылым қалай аталады?
А) Футурология;
В) Магия;
С) Евгеника;
D) Астрология;
Е) Космонавтика;
40.Постмодернистік философиядағы «субъектінің өлімі» концепциясының авторы:
А) Мишель Фуко
В) Фридрих Ницше
С) Мартин Хайдеггер
D) Анри Бергсон
Е) Карл Ясперс
41. Әрбір ғылыми білімнің болжамдық сипатын белгілейтін қандай принципті К. Поппер алға қойды?
А) Фаллибилизм принципі
В) Тарихилық принципі
С) Адамгершілік принципі
D) Даму принципі
Е) Борыш атқару принципі
42. «Мен және Ол» – деген еңбек кiмдiкi?
А) З. Фрейдтiкi
В) К.Юнгтiкi
С) В. Рейхтiкi
D) Э. Махтiкi
Е) Дж. Берклидiкi
43. ХХ ғасырдағы батыс философиясында танымның ғылыми әдістері жайлы мәселені қарастырған бағыт:
А) Неопозитивизм
В) Экзистенциализм
С) Ницшеандық
D) Позитивистік
Е) Неотомизм
44. «Постиндустриалды қоғам» терминінің авторы кім?:
А) Д. Белл
В) Э. Дюркгейм
С) К. Поппер
D) Э. Фромм
Е) М.Вебер
45. Кант этикасының орталық мәселесі:
А) Өнегелік сезім және өнегелік мінез-құлық
В) Уақыт пен кеңістік теориясы
С) Бақыт категориясы
D) Эстетикалық талғам мәселесі
Е) Адамзат тарихы мәселесі
46. XIX ғасырда «Мәдениет философиясы» ұғымын енгізген кім?
А) Мюллер
В) Фихте
С) Вольтер
D) Шеллинг
Е) Гегель
47. Фальсификация – ғылыми теорияларды жоққа шығару принципін енгізген:
А) Карл Поппер
В) Бертран Рассел
С) Карл Маркс
D) Томас Кун
Е) Пол Фейерабенд
48. Структурализм философиясы үшін тән болып келетін әлеуметтік-гуманитарлық танымның әдісін көрсетіп беріңіз:
А) Структуралық-функционалдық әдіс
В) Статистикалық әдіс
С) Диалектикалық әдіс
D) Гипотетикалық-дедуктивтік әдіс
Е) Экстраполяциялау әдіс
49. Социология ғылымының негізін қалаған XIX ғасырдағы француз позитивисті:
А) Огюст Конт
В) Джон Стюарт Милль
С) Отто Нейрат
D) Герберт Спенсер
Е) Морис Шлик
50. Фридрих Ницшенің ілімінде ерік неге деген ерік ретінде көрініс табады?
А) Билікке ерік, өмірге ерік
В) Махаббатқа, еңбекке ерік
С) Достыққа ерік, қайғыға ерік
D) Тәуелсіздікке ерік, билікке ерік
Е) Әділдікке ерік, сәйкестікке ерік
51. ХVIII ғасырда өмір сүрген француз философы, «Адам – машина» деген еңбектің авторы:
А) Ламетри
В) Гольбах
С) Гельвеций
D) Дидро
Е) Гассенди
52. Фридрих Ницшенің ілімінде ерік неге деген ерік ретінде көрініс табады?
А) Билікке ерік, өмірге ерік
В) Махаббатқа, еңбекке ерік
С) Достыққа ерік, қайғыға ерік
D) Тәуелсіздікке ерік, билікке ерік
Е) Әділдікке ерік, сәйкестікке ерік
53. Ғылыми дәстүрді орнықтыратын және ғылыми қауымдастық қабылдаған құндылықтар, сенімдер мен техникалық құралдардың жиынтығына Т.Кун ұсынған атау:
А) парадигма
В) теория
С) ғылыми-зерттеу бағдарламасы
Д) факт
Е) идея
54. Т.Кунның пәндік матрицасының құрамы:
А) философиялық принциптер, құндылық ұстанымдар, жалпыға бірдей үлгілер
В) гипотеза, факт, теория
С) түйсік, қабылдау, елес
Д) ұғым, пікір, ой қорыту
Е) эмпирия, теория, практика
55. Ғылымның дамуында қалыпты ғылым және ғылыми төңкеріс кезеңдері болатындығын анықтаған ғалым:
А) Т. Кун
В) И. Лакатос
С) Д.
Бернал
Д) Б. Рассел
Е) В.Гейзенберг
56. Ғылым тарихы-ғылыми – зертеу бағдарламаларының ауысуы деп қарастыратын ғалым:
А) И. Лакатос
В) Т. Кун
С) Д. Бернал
Д) В. Гейзенберг
Е) Б.Рассел
57. Ғылыми эволюцияның негізінде түсіну мен рационалдықтың стандарттары жатыр деп есептеген ғалым:
А) Ст. Тулмин
В) Т. Кун
С) Д. Бернал
Д) И. Лакатос
Е) К. Поппер
58. Ғылымның өсуінің маңызды факторлары тіл, мәселені дұрыс жазып көрсету, өзара сын, бір – бірімен бәсекеге түсетін теориялар деп анықтаған ғалым:
А) К. Поппер
В) Ст. Тулмин
Г) Д. Бернал
Д). И. Лакатос
Е) Т. Кун
59. Ғылыми қауымдастық ұғымын енгізген ғалым:
А) М. Полани
В) Т. Кун
С) И. Лакатос
Д) Д. Бернал
Е) К. Поппер
60. Ең алғашқы ғылыми мектепті атаңыз:
А) ликей
В) академия
С) университет
Д) институт
Е) вена үйірмесі
61. Ғылымның ең алғашқы классификациясын ұсынған ғалым:
А) Аристотель
В) Платон
С) Ф. Бэкон
Д) Г. Гегель
Е) И. Кант
62. Адамның қабілетіне байланысты ғылымды үш топқа бөлген ғалым:
А) Ф. Бэкон
В) Ф. Энгельс
С) К. Маркс
Д) Аристотель
Е) И. Кант
63. Материя қозғалысының түріне негізделген ғылымдар классификациясын ұсынған ғалым:
А) Ф. Энгельс
В) К. Маркс
С) В. Дильтей
Д) Г. Риккерт
Е) Д. Бернал
64. Ғылымдардың бір – бірінен бөлінуін көрсететін термин:
А) дифференциация
В) интеграция
С) кумуляция
Д) пелеция
Е) формализация
65. Ғылымдардың өзара байланысын, бірігуін көрсететін термин:
А) интеграция
В) дифференциация
С) кумуляция
Д) реляция
Е) формализация
66. Өмірді түсінуді ғылымдарды бөлуге негіз етіп алған ғалым:
А) В. Дильтей
В) Ф. Энгельс
С) Фр. Бэкон
Д) О. Конт
Е) К. Маркс
67. Гуманитарлық білімнің методологиялық негізі герменевтика деп есептеген ғалым:
А) В. Дильтей
В) И. Кант
С) Фр. Бэкон
Д) Ф. Энгельс
Е) Дж. Бернал
68. Эмпиризм тұрғысынан қарағанда, танымның қайнар көз:
А) тәжірибе, сезімдік таным
В) ойлау
С) пайымдау
Д) елестеу
Е) ой қорыту
69. Ғылымның эмпириялық деңгейінің ерекшелігі:
А) заттар мен құбылыстардың сыртқы байланыстары мен көріністерін зерттеу
В) заттың мағынасын ашу
С) заттың заңдылықтарын анықтау
Д) заттың өзіндік ерекшеліктерін ашу
Е) заттың мәнін түсіндіру
70. Ғылымның теориялық деңгейінің сипаты:
А) заттар мен құбылыстардың мәнін ашу
В) заттар мен құбылыстардың сыртқы қасиеттерін көрсету
С) заттар мен құбылыстардың сыртқы байланыстарын ашу
Д) заттар мен құбылыстарды баяндау
Е) заттар мен құбылыстарды байқау
71. Сенсуализм мен эмпиризмнің пікірінше:
А) танымның негіздері сезімдер (сезімдік тәжірибе)
В) танымның негізі сенім
С) танымның негізі ерік
Д) танымның негізі жігер
Е) танымның негізі ақыл
72. Рационализмнің пікірінше:
А) танымның негізін ақыл – ой құрайды
В) танымның негізі интуиция
С) танымның негізі жігер
Д) танымның негізі нұрлану
Е) танымның негізі сенім
73. Интуитивизмнің пікірінше,
А) танымның негізі – интуиция
В) танымның негізі – түйсік
С) танымның негізі – елес
Д) танымның негізі – қабылдау
Е) танымның негізі – ұғым
74. Ғылыми факт дегеніміз:
А) заттар мен құбылыстардың, процестердің қасиеттерін бейнелейтін анықталған және дәлелдеген тұжырым
В) заттар туралы тұжырым
Г) құбылыстар туралы тұжырым
Д) процестер туралы тұжырым
Е) ойлау туралы тұжырым
75. Заң дегеніміз:
А) заттар мен құбылыстардың арасындағы тұрақты, қайталанатын байланыстарды бейнелейтін ұғым
В) кез келген байланыс
С) кездейсоқ байланыс
Д) жалпы байланыс
Е) жеке байланыс
76. Ақиқаттығын дәлелдеуді қажет ететін ғылыми жорамал:
А) гипотеза
В)
мәселе
С) идея
Д) принцип
Е) заң
77. Ойлаудың түрлері:
А) ұғым, пікір, ой тұжырымы
В) түйсік, қабылдау, елес
С) сезімдер, эмоция, аффект
Д) ерік, жігер, сенім
Е) арман, тілек, мүдде
78. Ақыл – ой дегеніміз:
А) абстракцияларды шығармашылықпен пайдалану
В) жинақтау
С) топтау
Д) қорытындылау
Е) баяндау
79.Ұғым дегеніміз –
А) құбылыстардың маңызды жақтарын, сипаттарын, жалпы заңды байланыстарын түсіндіру;
В) құбылыстардың байланыстарын анықтау;
С) құбылыстарды пайымдау;
Д) құбылыстарды сипаттау;
Е) құбылыстарды жинақтау;
80. Пікір дегеніміз –
А) жеке заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін ойлау түрі
В) заттар мен құбылыстарды баяндау
Г) заттар мен құбылыстарды байқау
Д) заттар мен құбылыстарды бейнелеу
Е) заттар мен құбылыстарды суреттеу
81. Ой тұжырымы дегеніміз –
А) бұрын белгілі білімдерден жаңа білімді тудыратын ойлау формасы
В) білімдердің бірігуі
С) білімдердің қайталануы
Д) білімдерді баяндау
Е) білімдерді жинақтау
82. Проблема дегеніміз –
А) білмеу туралы білім
В) білімді дамыту
С) мәселені анықтау
Д) ақиқатты анықтау
Е) ақиқатқа жету
83. Теория дегеніміз –
А) ғылыми білімнің ең жоғарғы түрі
В) ғылыми білімнің төменгі түрі
С) ғылыми білімнің қарапайым түрі
Д) ғылыми білімнің эмпириялық түрі
Е) ғылыми білімнің баяндау түрі
84. Ғылыми теорияның құрамы:
А) іргелі ұғымдар, абстрактілі модель, философиялық ұстанымдар, заңдар В. аңыздар, болжамдар
С) мифтер мен болжамдар
Д) ұғымдар мен түйсіктер
Е) қабылдаулар мен елестер
85.Теорияның синтетикалық функциясы:
А) дәлелденген жеке білімдерді біртұтас жүйеге келтіру
В) білімдерді жинақтау
С)
білімдерді қорытындылау
Д) білімдерді анықтау
Е) білімдерді сипаттау
86. Теорияның түсіндіру функциясы:
А) белгілі құбылыстың іргелі сипаттарын, қалыптасу, даму заңдылықтарын себепті және басқа да байланыстарын айқындау
В) белгілі бір затты басқа заттармен байланыстыру
С) себеп – салдар қатынастарын анықтау
Д) қажетті және тұрақты байланыстарды айқындау
Е) шындық пен мүмкіндік қатынастарын анықтау
87. Теорияның методологиялық функциясы:
А) теорияның негізінде зерттеудің жаңа методтары, тәсілдерінің пайда болуы
В) методтарды біріктіру
С) методтарды сараптау
Д) методтарды анықтау
Е) методтарды баяндау
88. Теорияның болжау функциясы:
А) теориялық білімдердің зерттеу объектілерінің болашағын анықтауы
В) заттар мен құбылыстарды анықтауы
С) заттар мен құбылыстарды сипаттауы
Д) заттар мен құбылыстарды баяндауы
Е) заттар мен құбылыстарды сипаттауы
89. Теорияның практикалық функциясы:
А) теорияның шындықты өзгертуге негіз болуы
В) теорияның абстрактілі түрде өмір сүруі
С) теорияның қоғамды түсіндіруі
Д) теорияның табиғатты түсіндіруі
Е) теорияның адамды түсіндіруі
90. Ғылым «этосы» дегеніміз –
А) ғылыми қауымдастықтың іс – әрекетін реттейтін моральдық принциптердің жүйесі
В) ғылыми фактілердің жүйесі
С) ғылыми жаңалықтардың жүйесі
Д) білімнің ақиқаттығының дәлелденуі
Е) білімнің қажеттігін дәлелдеу
91. Ғылыми теорияның құрылымына кірмейтін элемент:
А) тәжірибе
В) принцип
С) идея
Д) мәселе
Е) заң
92. Ғылымның қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналатынын дәлелдеген ғалым:
А) К. Маркс
В) О. Конт
С) Л. Витгенштейн
Д) В. Ленин
Е) Ф. Энгельс
93. Әдістің негізгі функциясы –
А) таным процесін реттеуші және іштей ұйымдастырушы
В) дүниені түсіндіруші және реттеуші
С) коммуникативті
Д) реттеуші
Е) танымдық
94. Метод пен теорияның бір – бірінен түпкі айырмашылығы:
А) теория бұрынғы іс – әрекеттің нәтижесі, ал метод кейінгі іс – әрекеттің басталуы мен алғашқы тұрағы
В) теория мен метод арасында айырмашылық жоқ
С) теория мен метод бір-біріне ұқсас
Д) теория кейінгі методтарға негіз болады
Е) теорияның қалыптасуында методтар үлкен роль атқарады
95. Философиялық әдістердің негізгі сипаттары:
А) объективтілік, жалпылық, нақтылық, тарихилық
В) жекелік, объективтілік, логикалық
С) объективтілік, субъективтілік, ықтималдық
Д) салыстырмалы, ықтималды, біртұтас
Е) тарихилық, әлеуметтік, социологиялық
96. Философияның ғылыми танымдағы онтологиялық функциясы:
А) философия шындықтың белгілі бір моделін анықтайды
В) философия жалпылықты зерттейді
С) философия себеп – салдарлық қатынасты зерттейді
Д) философия қажеттілік пен кездейсоқтықты зерттейді
Е) философия қоғамды зерттейді
97. Философияның ғылыми танымдағы гносеологиялық функциясы:
А) философия зерттеушіні таным процесінің жалпы заңдылықтарымен, ақиқат туралы іліммен қамтамасыз етеді
В) философия әлемді зерттейді
С) философия дінді зерттейді
Д) философия қоғамды зерттейді
Е) философия адамды зерттейді
98. Философияның ғылыми танымдағы методологиялық функциясы:
А) философия ғылымға нақты категорияларға негізделген жалпы принциптерді ұсынады
В) философия әлемнің жалпы үлгісін ұсынады
С) философия мәдениеттің жалпы үлгісін ұсынады
Д) философия қоғамдық қатынастардың үлгісін ұсынады
Е) философия ұғымдар жүйесін ұсынады
99. Философияның ғылымдағы аксиологиялық функциясы:
А) философия ғылымға дүниетанымдық, аксиологиялық, өмірлік бағыт – бағдар ұсынады
В) философия ғылымға өмірдің мәнін түсіндіреді
Г) философия ғалымға білімнің қажеттігін түсіндіреді
Д) философия ғалымға жалпы білім ұсынады
Е) философия ғалымның өрісін кеңейтеді
100. Байқау дегеніміз:
А) заттарды сезімдерге сүйеніп, белгілі бір мақсатта бақылау
В) заттарды оймен шолу
С) заттарды пайымдау
Д) заттарды зерделеу
Е) заттарды өлшеу
101. Эксперимент дегеніміз:
А) зерттеу объектісін арнайы жабдықталған жағдайда бақылау, байқау
В) зерттеу нысанын салыстыру
С) зерттеу нысанын өлшеу
Д) зерттеу нысанын пайымдау
Е) зерттеу нысанын баяндау
102. Салыстыру дегеніміз:
А) объектілердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтайтын танымдық әрекет
В) объектілердің қасиеттерін анықтау
С) объектілердің заңдылықтарын анықтау
Д) объектілердің жалпы қасиеттерін анықтау
Е) объектілерді пайымдау
103. Формальдау дегеніміз:
А) мағыналы білімді белгі – символ, яғни формальді тіл түрінде беру
В) білімді символдау
Г) білімді белгілер арқылы көрсету
Д) білімді таңбалау
Е) білімді сипаттау
104. Аксиоматикалық метод дегеніміз:
А) теорияны құруда оның негізіне аксиоманың алынуы
В) теорияны құруға ұғымға сүйену
С) теорияны құруға пікірге сүйену
Д) теорияны құруды ой тұжырымына сүйену
Е) теорияны құруды интуицияға сүйену
105. Анализ немесе талдау дегеніміз:
А) зерттеу нысандарын нақты немесе ойша құрамдас бөлшектерге жіктеу
В)
зерттеу нысандарын пайымдау
С) зерттеу нысандарын баяндау
Д) зерттеу нысандарын суреттеу
Е) зерттеу нысандарын бөлектеу
106. Синтез немесе біріктіру дегеніміз:
А) зерттеу нысандарының бөлшектерін біріктіру
В) құрамдас бөлшектерді жіктеу
С) құрамдас бөлшектерді баяндау
Д) құрамдас бөлшектерді анықтау
Е) құрамдас бөлшектерді оқшаулау
107. Абстрактілеу дегеніміз:
А) зерттеу нысандарының жекелеген сипаттарынан бірте – бірте арылып, түпкі, өзекті, жалпы қасиеттеріне бойлау
В) зерттеу нысандарының сипаттарын баяндау
С) зерттеу нысандарының сипаттарын анықтау
Д) зерттеу нысандарының сипаттарын байқау
Е) зерттеуде жеке қасиеттерге көңіл бөлу
108. Жалпы дегеніміз:
А) зерттеу нысандарының жалпы қасиеттері мен белгілерін анықтау
В) зерттеу нысандарының жеке қасиеттерін сипаттау
С) зерттеуде кездейсоқ қасиеттерге көңіл бөлу
Д) нысандардың қасиеттерін топқа бөлу
Е) нысандардың сипаттарын оқшаулау
109. Индукция дегеніміз:
А) ойдың жекеден жалпыға өтуі
В) ойдың түйсікке сүйенуі
С) ойдың қабылдауға сүйенуі
Д). ойдың парасатпен байланысы
Е) ойдың интуициямен байланысы
110. Дедукция дегеніміз:
А) ойдың жалпыдан жекеге өтуі
В) ойдың жекеден жалпыға өтуі
С) ойдың себептен салдарға өтуі
Д) ойдың мүмкіндіктен шындыққа өтуі
Е) ойдың қажеттіліктен кездейсоқтыққа өтуі
111.Аналогия дегеніміз:
А) зерттеудің әр түрлі нысандарының ұқсас қасиеттері мен сипаттарын анықтау
В) зерттеу нысандарын өзара салыстыру
С) зерттеу нысандарын біріктіру
Д) зерттеу нысандарын оқшаулау
Е) зерттеу нысандарын пайымдау
112. Модельдеу дегеніміз:
А) зерттеу нысандарының сипаттары мен қасиеттерін басқа объектіде қайталау арқылы қарастыру
В) нысандарды бір – бірімен салыстыру
С) нысандардың қасиеттерін салыстыру
Д) нысандардың сипаттарын топтау
Е) нысандардың қасиеттерін баяндау
113. Жүйелеу дегеніміз:
А) нысанды жүйелеуге негізделген жалпы ғылыми методологиялық принциптердің жиынтығы
В) нысандарды жинақтау
С) нысандарды пайымдау
Д) нысандарды түсіндіру
Е) нысандарды жобалау
114. Құрылымдық – функционалдық метод дегеніміз:
А) біртұтас жүйелердің тұрақты қатынастардың жиынтығымен оның бөлшектерінің өзара байланысын анықтау
В) тұрақты қатынастарды анықтау
С) қосымша бөлшектерді анықтау
Д) жалпы қатынастарды анықтау
Е) жалпы мен жекені біріктіру
115. Ықтималды – статистикалық метод:
А) тұрақты қайталанатын көптеген кездейсоқ факторларды есепке алу
В) қажеттілік пен кездейсоқтылықты есепке алу
С) мүмкіндік пен шындықты есепке алу
Д) себеп пен салдарды есепке алу
Е) мән мен құбылысты есепке алу
116. Идиографиялық метод дегеніміз:
А) жекелеген тарихи фактілер мен оқиғалардың өзіндік сипаттарын баяндау
В) тарихи факторларды жинау
С) тарихи фактілерді сипаттау
Д) тарихи фактілерді талдау
Е) тарихты түсіндіру
117. Ғылымдағы сабақтастықтың негіздері:
А) дәстүр мен жаңашылдық
В) тарихилық пен логикалық
С) абстрактілік пен нақтылық
Д) жинақтау мен жалпылау
Е) баяндау мен суреттеу
118. Ғылыми білімді арнайы талдауы:
А) эпистемология
В) гносеология
С) онтология
Д) аксиология
Е) антропология
119. Білімнің қайнар көзі, негізі түйсік деп есептеген философиялық бағыт:
А) сенсуализм
В) рационализм
С) скептицизм
Д) агностицизм
Е) эмпиризм
120. Білімнің қайнар көзі, негізі – ақыл – ой деп есептеген философиялық бағыт:
А) рационализм
В) сенсуализм
С) скептицизм
Д) агностицизм
Е) эмпиризм
121.Таным туралы философиялық ілім:
А) гносеология
В) психология
С) социология
Д) аксиология
Е. праксеология
122. Сезімдік танымның құрамдас бөліктері:
А) түйсік, қабылдау, елес
В) ұғым, пікір, ой тұжырымы
С) идея, принцип, проблема
Д) парадигма, эпистема
Е) архетип, менталитет
123. Рационалдық танымның құрамдас бөліктері
А) ұғым, пікір, ой тұжырымы
В) түйсік, қабылдау, елес
С) идея, принцип, проблема
Д) парадигма, эпистема
Е) архетип, менталитет
124. Ғылыми теорияның құрылымына кірмейтін элемент:
А) заң
В) принцип
С) идея
Д) мәселе
Е) тәжірибе
125. Қазақстандағы Ғылым Академиясының бірінші президенті:
А) Қаныш Сатпаев
В) Ә. Марғұлан
С) М.О.Әуезов
Д) Р. Бердібай
Е) О. Сулейменов
126. Практикада білімнің, ғылымның ақиқаттығы дәлелденеді деген пікірдегі практиканың маңызды функциясы:
А) өлшемдік
В) негіздік
С) анықтаушылық
Д) мақсатқа бағыттаушылық
Е) ақпараттық
127. Практиканың маңызды түрлері –
А) материалдық өндіріс (еңбек), әлеуметтік іс – әрекет, ғылыми эксперимент
В) шығаршылық іс – әрекет, ойын
С) жазушылық кәсіп, суретшілік кәсіп
Д) ұстаздық кәсіп, егіншілік кәсіп
Е) мұнайшы, құрылысшы, аспазшы
128. Практиканың мәні:
А) материалдық жүйелерді мақсатты өзгертетін сезімдік – заттық іс – әрекет
В) саяси институттарды жасау іс – әрекеті
С) табиғаттың заңдылықтарын ашуға бағытталған іс – әрекет
Д) көркемөнер құндылықтарын жасаудағы іс – әрекет
Е) діни рәсімдерді орындайтын іс – әрекет
129. Ғылыми ақиқаттың шешуші өлшемі:
А) қоғамдық – тарихи практика
В) адамның субъективтік тәжірибесі
С) теория
Д) діни сенім
Е) әлем
130. Ғылыми танымның мәнін ашатын тұжырым:
А) шындықтың мәндік заңдылықтары мен қатынастарын бейнелеу
В) эмпириялық фактілерді жинақтау
С) практикалық білімдердің жиынтығы
Д) шындықты сезімдік бейнелеу
Е) материалдық жүйені өзгерту
131. Ғылыми танымның негізгі деңгейлері:
А) эмпириялық және теориялық
В) кәсіптелген және жалпыланған
С) интерналды және экстерналды
Д) біріктірілген және бөлінген
Е) қарапайым және элитарлық
132. Декарт философиясындағы білімнің түпнегізі:
А) метафизика
В) математика
С) физика
Д) этика
Е) механика
133. Декарттың ойынша, ғылымның түпкілікті қағидасы:
А) аксиома
В) теорема
С) тәжірибе
Д) бақылау
Е) сезім
134. Білім тәжірибеден алынады деп есептеген бағыт:
А) эмпиризм
В) рационализм
С) реализм
Д) номинализм
Е) агностицизм
135. Таным процесіндегі рационалдық емес құрамдар:
А) интуиция мен сенім
В) мүдде мен мұқтаждық
С) мақсат және міндет
Д) болжам және мәселе
Е) әдістер мен деректер
136. Дүние, әлем туралы жүйелі, рационалды білім:
А) ғылыми
В) философиялық
С) діни
Д) эстетикалық
Е) қарапайым
137. Нақты, сезімдік деңгейдегі нысандарды зерттейтін таным деңгейі:
А) тәжірибелік
В) теориялық
С) рационалдық
Д) интуициялық
Е) эзотериялық
138. Ғылыми танымның теориялық деңгейінің бір әдісі
А) абстрактілеу
В) бақылау
С) эсперимент
Д) өлшеу
Е) баяндау
139. Ғылыми танымның эмпириялық деңгейінің бір әдісі:
А) эксперимент
В) формальдау
С) абстрактілеу
Д) талдау
Е) біріктіру
140. Білімнің мазмұны адамдардың санасынан тыс, оған тәуелсіз деп түсінудегі білімнің сипаты:
А) объективтілігі
В) субъективтілігі
С) салыстырмалылығы
Д) абсолюттілігі
Е) нақтылығы
141. XIX ғасырда Батыс Еуропадағы позитивизм ағымының екінші даму кезеңі:
А) Эмпириокритицизм
В) Психоанализ
С) Прагматизм
D) Иррационализм
Е) Персонализм
142. Позитивизмнің эмпириокритицизм деген түрінің басты өкілдері кімдер болады?
А) Эрнст Мах пен Рихард Авенариус
В) Морис Шлик пен Рудольф Карнап
С) Бертран Рассел мен Людвиг Витгенштейн
D) Томас Кун мен Пол Фейерабенд
Е) Огюст Конт пен Герберт Спенсер
143. Позитивизм нені «дұрыс, болымды» білімнің негізі деп санады?
А) ғылымды
В) өнерді
С) философияны
D) дінді
Е) мифті
144. Адам миының негізгі функциясы:
А) сана
В) таным
С) ой
D) ұғым
Е) пікір
145. Ақиқат дегеніміз не?
А) білімнің шындыққа сәйкестігі
В) пайдалы табысқа жеткізетін білім
С)
авторитетті пікір
D) ғалымдардың шартты келісімінің нәтижесі
Е) заттар мен құбылыстардың өздерінің объективтік жағдайы
146. Қай білім объективтік ақиқат болып табылады?
А) мазмұны адамға да, адамзатқа да тәуелді емес, объективті дүниені көрсететін білім
В) категориялар, теориялар, заңдарда объективті дүниені дұрыс бейнелейтін білім
С) мазмұны шындыққа неғұрлым жақын сияқты, практикалық тұрғыдан тексерілмеген білім
D) логикалық ойлау тұрғысынан дұрыс және қайшылықсыз болып көрінетін білім
Е) көпшілік тарапынан ұзақ уақыт бойы дұрыс деп қабылданып келген білім
147. Ғылыми танымның деңгейлері:
А) Эмпириялық және теориялық
В) Химиялық және биологиялық
С) Жаратылыстану және математикалық
D) Әлеуметтік және гуманитарлық
Е) Математикалық және логикалық
148. Ғылымды адамзат үшін өте маңызды тәуелсіз және жетілген жүйе деп есептейтін бағыт:
А) сциентизм
В) антисциентизм
С) техницизм
Д) интернализм
Е) экстернализм
149.Техникалық білімдер алгоритмдері арқылы барлық мәселені шешуге ұмтылатын бағыт:
А) техницизм
В) технофобиялық
С) технонигелистік
Д) сцептизм
Е) антициентизм
150.Табиғаттың қасиеттері мен сипаттарын зерттейтін ғылымдардың жалпы аты:
А) жаратылыстану
В) қоғамтану
С) мәдениеттану
Д) дінтану
Е) елтану
151. Жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысаны:
А) табиғи құбылыс
В) қоғамдық құбылыс
С) діни құбылыс
Д) психикалық құбылыс
Е) әлеуметтік құбылыс
152. Ғылымды талдау ең алдымен, оның тілін зерттеу деп пайымдаған философиялық бағыт:
А) позитивизм
В) прагматизм
С) структурализм
Д) интуитивизм
Е) неотомизм
153. Синергетиканың негізгі ұғымдары:
А) аттрактор, бифуркация, ашық жүйелер
В) масса, өлшем, кеңістік
С) галактика, геоцентризм
Д) эволюция, революция, прогресс
Е) мегамир, макромир, микромир
154. Жай жүйелердің өзін – өзі құру мен хаостан үйлесімді жүйенің орнығуы туралы ғылым:
А) синергетика
В) химия
С) биология
Д) физика
Е) астрономия
155. Ашық жүйелердің анықтамасы:
А) қоршаған ортамен, затпен, энергиямен, импульспен алмасып тұратын жүйелер
В) қайтымсыз процестерге әкелетін жүйелер
С) заттар үйлесімділігіне негізделген жүйе
Д) заттардың тепе – теңдігіне негізделген жүйелер
Е) заттардың бірлігіне негізделген жүйелер
156. Синергетика ғылымын дамытқан ғалымдар:
А) И.Стенгерс, И.Пригожин, Т.Хакен
В) Н. Вавилов, С. Вавилов, И. Павлов
С) Тихо Браге, И. Кеплер
Д) Иохансен, Ивановский
Е. Д. Менделеев, Зенон, Осинген
157. Креационизмнің мәні:
А) тіршіліктің пайда болуын Құдайдың – Жаратушының бар екендігімен түсіндіретін теория
В) тіршіліктің хаостан пайда болатын түсіндіретін теория
С) тіршіліктің табиғи негіздерін түсіндіретін теория
Д) тіршіліктің материалдық негіздерін түсіндіретін теория
Е) тіршіліктің биологиялық негіздерін түсіндіретін теория
158. Ноосфера ұғымының мәні:
А) космос пен оның маңындағы кеңістіктің адамның салалы әрекетінің белгілері орын алған бөлігі
В) адам мен тірі табиғаттың байланысының өлшемі
С) адам мен табиғаттың байланысын анықтайды
Д) адам мен қоршаған орта байланысының өлшемі
Е) тіршілік дамитын сфераны ашады
159. Эволюция теориясының негізгі принциптері:
А) тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және табиғи сұрыптау
В) өзгеру, даму, өсу
С) өсу, өну, көбею
Д) ұлғаю, кеңею, көбею
Е) кішірею, азаю, құрып кету
160. Генетикалық информацияның орнын басатын информация:
А) әлеуметтік информация
В) техникалық информация
С) биологиялық информация
Д) психикалық информация
Е) педагогикалық информация
161. «Барлық тірі тек қана тіріден шығады» деген пікірді дамытқан ғалымдар:
А) В.И.Вернадский, Ф.Редн
В) А.И. Опарин
С) Г.Браун, Р. Селларс
Д) К. Бернар, Г.Браун
Е) Ж. Ламарк, Г.Гегель
162. Гендік инженерияның басты мақсаты:
А) өздерінде бұрын болмаған қасиеттерге ие болатын ағзалардың жаңа және жоғары түрін жасау
В) ағзаны онан әрі дамыту
С) ағзаның құрылымына өзгеріс әкелу
Д) ағзаны қалыпты жағдайда ұстау
Е) ағза мен қоршаған ортаны байланыстыру
163. Биосфераның негізгі қызметтері:
А) энергетикалық, концентрациялық, деструктивтік, орта жасаушылық, транспорттық
В) морфологиялық,
деструктивтік
С) ғаламдық, транспорттық, орта жасаушылық
Д) энергетикалық, геохимиялық
Е) концентрациялық, деструктивтік
164. Ноосфера терминін ұсынған ғалымдар:
А) Э.Леруа, Л.Тейяр де Шарден
В) Геккель, Кювье
С) Ж.Ламарк, К. Линней
Д) Ф. Риде, Н. Вавилов
Е) С.Вавилов, Н.Лысенко
165. Адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағидалар, ережелер мен нормалардың жиынтығы болып табылатын моральді зерттеумен айналысатын философияның құрамдас бөлігі:
А) Этика
В) Гносеология
С) Аксиология
D) Эстетика
Е) Онтология
166. Адамды қоршаған объективтік дүниені көркем образдар арқылы бейнелейтін, өнерді және оның түрлерін зерттеумен айналысатын философияның құрамдас бөлігі:
А) Эстетика
В) Онтология
С) Этика
D) Аксиология
Е) Гносеология
167. Қоғамдағы моральдің функциясы:
А) қоғамдағы адамдар арасындағы адамгершілік қатынастарды реттеу
В) қоғамдық прогресті алға жылжыту
С) еңбек өнімділігін арттыру
D) қоғамдық құрылыстың сипатын өзгерту
Е) қоғамның әл-ауқатын арттыру
168. Танымның жалпы логикалық әдісін көрсетіңіз:
А) абстракциялау
В) бақылау
С) салыстыру
D) өлшеу
Е) сипаттап жазу
169. Танымның қай әдісінде объектілердің жалпы қасиеттері мен белгілері анықталады?
А) жалпылау
В) анализ
С) синтез
D) абстракциялау
Е) бақылау
170. Экологиялық мәселенің мәні немен анықталады?
А) табиғат пен қоғамның арақатынасындағы қайшылықтармен
В) саясат, идеология және дін арқылы
С) табиғаттың шикізатын дұрыс пайдаланбаумен
D) ауаның, мұхиттардың ластануымен
Е) табиғи апаттармен, техногендік апаттармен
171. Қоғам дамуының басты себебін географиялық ортаның әсерімен түсіндіретін социологиядағы ағым:
А) географиялық детерминизм
В) социал-дарвинизм
С) бихевиоризм
D) экономикалық материализм
Е) натурализм
172. Мемлекеттердің табиғат ресурстары және өмірге қажет кеңістік үшін күресу мақсатында жүргізетін саясатын білдіретін ұғым:
А) геосаясат
В) әлеуметтік саясат
С) сыртқы саясат
D) әлемдік саясат
Е) экономикалық саясат
173. Ғылыми танымның негізгі міндеті:
А) шындықтың объективті заңдарын анықтауы
В) шындықтың әдемілігін анықтауы
С) шындықтың үйлесімділігін анықтауы
Д) шындықтың құрылымын анықтауы
Е) шындықтың өлшемін анықтауы
174. Ғылыми танымның тікелей мақсаты мен жоғары құндылығы:
А) объективті ақиқатты анықтауы
В) қарапайым байланыстарды анықтауы
С) тұрақты байланыстарды анықтауы
Д) себеп пен салдарды анықтауы
Е) мүмкіндік пен шындықты анықтауы
175. Ғылыми танымның өзекті белгісі:
А) жүйелігі
В) қайшылықсыздығы
С) тұрақтылығы
Д) қайталануы
Е) өзгергіштігі
176. Ғылыми танымның ерекшелігі:
А) жаңа білімді өндіру және қайтадан өндіру
В) жаңа мен ескіні біріктіру
Г) білімдерді біріктіру және айыру
Д) жеке білімдерді дамыту
Е) адамның қасиеттерін анықтау
177. Ғылыми танымның негізгі сипаттары:
А) қатаң дәлелдеу, негіздеу, анықтылық
В) күмәндану, енжарлық таныту
С) сенім, үміт, ерік
Д) жігер, қайрат, күмән
Е) талпыну, іздену, таңдану
178. Ғылымның философия мен діннен бастапқы айырмашылықтары:
А) жалпы міндеттілігі мен ғылыми тұжырымдардың, ұғымдардың, қорытындылардың даусыздығы
В) ғылыми тұжырымдардың, ұғымдардың жалпылығы
С) ғылыми тұжырымдардың, ұғымдардың қайшылықтылығы
Д) ғылыми қорытындылардың көпжақтылығы
Е) ғылыми қорытындылардың жекелігі
179. Ғылымның субъектілері:
А) жеке зерттеуші, ғылыми қауымдастық, ғылыми ұжым
В) жеке адам, қоғамдық қауымдастық, топ
Г) жеке индивид, топтық қауымдастық, ұжым
Д) жеке тұлға, спорт қауымдастығы, сынып
Е) пенде, азамат, кәсіпкер
180. Ғылым мен философияның ұқсастығы:
А) қағидалар мен уәждерді негіздеуге ұмтылуы
В)
қағидалар мен уәждер жалпы
С) қағидалар мен уәждер жеке
Д) қағидалар мен уәждер себеп – салдары
Е) қағидалар мен уәждер күмәнды
181. Әлеуметтік – гуманитарлық танымның зерттеу нысандары:
А) адам әлемі, қоғамдық процестер, әлемнің құндылық – мағыналық жақтары
В) табиғат пен қоғамның байланысы
С) қоршаған орта мен адамның байланысы
Д) адам мен адамның қарым қатынасы
Е) адам мен экономикалық қатынастардың байланысы
182. «Ғылымның революциялық құрылымы» кітабын жазған ғалым:
А) Т. Кун
В) К. Поппер
С) М. Платон
Д) М. Шлик
Е) Л.Витгенштейн
183. Ғылым социологиясы:
А) ғылымның әлеуметтік институт ретінде қоғамдық құрылымы мен қарым – қатынасын зерттейді
В) ғылымның ішкі құрылымын зерттейді
С) ғылымның психологиялық ерекшеліктерін зерттейді
Д) ғылым мен ағым қарым – қатынасын зерттейді
Е) ғылым мен діннің қарым – қатынасын зерттейді
184. Ғылымның ғылыми үлгісінің интегративтік функциясы:
А) барлық білімдерді жинақтауында
В) жекелеген білімдерді анықтауында
С) кәсіптік білімдерді ерекшелеуінде
Д) жеке мен жалпыны байланыстыруында
Е) тұлғалық және қоғамдық құндылықтарды біріктіруінде
185. Ғылыми мектеп дегеніміз:
А) өз ортасында беделі жоғары ғалым басқаратын белгілі бір ғылыми бағыты бар ғалымдар тобы
В) беделді ғалымның ізбасарларының бағыты
С) белгілі бір дәстүрді дамытушылар
Д) белгілі бір қайраткерлердің тобы
Е) мемлекет пен қоғам қайраткерлерінің тобы
186. Эпистемология:
А) ғылыми білімді арнайы талдау
В) білімді талдау
С) сезімдік танымды талдау
Д) рационалдық танымды талдау
Е) түйсіктерді талдау
187. Верификация ұғымы:
А) неопозитивизмге тән
В) экзистенциализмге тән
С) неотомизмге тән
Д) прагматизмге тән
Е) герменевтикаға тән
188. Фальсификация принципінің мәні:
А) ғылымға қажет нәрсе оның қағидаларының растығын дәлелдеу емес, сол қағидалардың жалған екенін дәлелдеу
В) ғылымның қағидаларын дәлелдеу
С) ғылымның қағидаларын растау
Д) ғылымның қағидаларын толықтыру
Е) ғылымның қағидаларын жинақтау
189. Ғылыми білімнің ең жоғары, дамыған түрі:
А) теория
В) принцип
С) идея
Д) мәселе
Е) гипотеза
190. Аксиома дегеніміз:
А) дәлелдеуді қажет етпейтін, мақұлданған ғылыми қағида
В) дәлелдеуді қажет ететін қағида
С) қарапайым, нақты қағида
Д) күрделі, түсіндіруді қажет ететін қағида
Е) ғылыми пікірді қорытудың бір түрі
191. Ғылыми дәстүр дегеніміз:
А) маңызды ғылыми құндылықтар жүйесінің бір ұрпақтар екінші ұрпаққа берілуі
В) маңызды мәдени құндылықтардың ұмытылмауы
С) мәдени құндылықтарды сақтау және дамыту
Д) рухани құндылықтарды сақтау және дамыту
Е) өнерді сақтау және дамыту
192. Танымның объектісі дегеніміз:
А) Дүниенің танымдық іс-әрекет барысында субьект игерген бөлігі
В) Адамның танымдық іс-әрекетіне себепкер болатын рухани дүние
С) Танымдық іс-әрекетті жүзеге асыратын нақты тұлға
D) Адамнан дербес болып тұрған абстрактілі нәрсе
Е) Адамның қиялында ойлап тұрған зат не құбылыс
193. Танымдық іс-әрекетті жүзеге асыратын және оның нәтижелерін өзінің практикалық қызметінде пайдаланатын жеке адамдар немесе адамдар тобын қалай атайды?
А) Танымның субъектісі
B) Танымның объектісі
C) Танымның сатысы
D) Танымның мақсаты
Е) Танымның өлшемі
194. Адам танымының негізі:
А) Сана
В) Тіл
С) Намыс
D) Мишық
Е) Жігер
195. Эмпиризмнің негізгі пайымдауы:
А) Адамның бүкіл білімі тәжірибеге негізделеді
В) Ақыл дүниені танудың басты көзі болып табылады
С) Дүниені танып білуге болады
D) Танымның жоғарғы деңгейі-түйсік
Е) Таным көзі сана болып табылады
196. Әлемді тану мүмкіндігін принципиалды түрде теріске шығарған философтар:
А) Агностиктер
В) Эклектиктер
С) Софистер
D) Идеалистер
Е) Рационалистер
197.Танымның рационалды түріне не жатады?
А) Түсінік
В) Сезіну
С) Елестету
D) Қабылдау
Е) Сезім
198. Ойлаудың негізгі формаларын атаңыз:
А) Ұғым, пікір, ой тұжырымы
В) Пайым, ақыл-ой, интеллект
С) Есте сақтау, ақыл, тұжырымдау
D) Даналық, ақыл-ой, ғұламалық
Е) Ақыл-ой, интеллект, парасат