140
кеңейтуде ерекше маңызға ие болды. Отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқандардың басым бөлігі – «Болашақ»
бағдарламасының түлектері. Аталмыш бағдарлама жас буынның ғылым саласына жасқанбай келуіне септігін тигізді.
Бүгінгі күнге дейін бағдарлама шеңберінде магистратура және докторантура деңгейі бойынша 11 мыңнан астам
қазақстандыққа стипендия тағайындалған. 8 мыңнан астам түлек елімізде қызметке орналастырылған. Ал, кейбір
түлектер шетелдердегі маңдайлы университеттерде білімін шыңдап, кейбірі атақты ұйымдарда тәжірибе шыңдау
мақсатында еңбек етіп жүр.
Елімізде ғылым саласын дамытуға 2011 жылдары ерекше көңіл бөліне бастады. 2015 жылдан бері қарай ғылыми
жобаларды қаржыландыру және ғалымдардың толыққанды әрі еркін қызмет етуіне жағдай жасау жолға қойылды.
Мемлекет тарапынан жасалған мүмкіндіктер мен жеңілдіктер ғылымға ден қойғандардың
қатары көбеюіне септігін
тигізді. 1990 жылдары Қазақстанда 289 ғылыми мекеме болса, 50,6 мың азамат салада қызмет еткен. Ал, өткен жылғы
көрсеткіштерге сәйкес, ұйым саны 385-ке жуықтап, ғылыммен айналысушылар қатары 22 мыңнан астам адамға
ұлғайған. Оның ішінде 17 454-і зерттеуші маман лауазымын иемденген. Жастар арасында ғылымға деген қызығушылық
артып, саладағы 35 жасқа дейінгі мамандар саны 2011 жылғы 6,4 мың адамнан 2020 жылы 8,1 мың адамға көбейген.
Алғаш рет 2015 жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Әл-Фараби
атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының 40 лауреатын марапаттады. 2019 жылы аталмыш
сыйлық 29 лауреатқа, 2020 жылы 15 лауреатқа табыс етілген. Жыл сайын 6 атаулы сыйлық және 75 мемлекеттік ғылыми
стипендия, оның ішінде 50 стипендия талантты жас ғалымдарға тағайындалып отырады. Министрлік жанынан жас
ғалымдар кеңесі құрылған. Жас ғалымдар үшін алғаш рет 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық
қаржыландыру конкурсы өткізілген.
Халықаралық рейтингтік басылымдарда қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбектерін жариялау белсенділігі
артқан. Бүгінгі таңда қазақстандық ғалымдардың Scopus деректер базасындағы жарияланған мақалалардың жалпы саны
2011 жылмен салыстырғанда 34 есеге, Web of Science деректер базасында 59 есеге өскен.
Жастар арасындағы ғылымға деген қызығушылықты арттыру үшін жоғары оқу орнындағы білім беру
бағдарламаларында өзгерістер енгізіліп, жас ғалымдардың әлеуметтік жағынан қамтылуына да көңіл бөлінген. Әлемдік
стандарттарға сай жарақтандырылған арнайы қызмет ету алаңдары мен жұмыс
жасау орындарының ашылуы өз
кезегінде жақсы нәтижелерге жетуге ықпал етіп отыр. Сондай-ақ, мектеп қабырғасында да білім беру жүйесіне
жастайынан балаларды ғылымға баулуға бағытталған арнайы пәндерді кіріктіріп, заманауи үлгіде жабдықталған
зертханаларда оқушыларға тәжірибе жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берілуін саланың болашағы үшін жасалған
қамқорлық деуге толықтай негіз бар.
Артылған міндетті абыроймен атқару және белгіленген межеге жету жолында талмай ізденіп,
нәтижелі
жетістіктерге қол жеткізіп жүрген жастарымыз бар. Олардың басым бөлігі еліміздегі көшбасшы ЖОО-да, ғылыми
орталықтарда сапалы еңбек үлгісін көрсетіп жүр. Осы күнге дейін мемлекет тарапынан жасалған жұмыстардың жемісі
ретінде еліміздегі ғалымдар пандемия кезінде өздерін жақсы қырынан көрсете білді. Бұны ғылым саласындағы жастар
мен орта буын өкілдерінің ортақ жеңісі десе болады. Ұлттық биотехнология орталығының мамандары бірігіп 6 күн
ішінде коронавирусты анықтайтын тест жүйесін жасап, кейіннен індетке қарсы вакцина да әзірледі. Бұл күн санап
дамып келе жатқан отандық ғылыми қызметкерлердің аз да болса жетістігінің көрсеткіші еді.
Әлемде ғалымдардың жаңаша ізденісі мен тың идеясының арқасында шешімін табу қажет мәселелер жеткілікті.
Ол бүгінгі таңда экология, биология,
биотехнология, медицина, машина жасау, автоматтандыру т.б. сол секілді
салалардың барлығына тән құбылыс болып отыр. Бұған табиғат-Анадағы және адамзат арасындағы тіршілік етудегі
сұраныстың деңгейінің артуы мен жалпы ғаламның бүлінген бөлігін қайта қалпына келтіру мәселесі себеп.
Ғаламшарымыз өз алдына, еліміздегі түйткілді мәселелердің басым көпшілігінің шешімін табуы осы ғылым саласының
өркендеуіне тікелей байланысты.Сондықтан саланы дамыту – кезек күттірмейтін мәселе.Қазақстан
жас әрі дамушы
мемлекет ретінде ғылым саласының дамуына әлі де назарға алып, ерекше күш салуы қажет.
Ғылымы мен білімі құлаштаған мемлекеттің болашағы зор әрі айқын болары сөзсіз. Жастар – қоғамның маңызды
бөлігі әрі қозғаушы күші екенін ескерсек, олардың жоғарыда айтылған қос салада оқ бойы озық боп, білімі мен білігін,
тәжірибесі мен шеберлігін үздіксіз шыңдап отыруы ауадай қажет екені белгілі. Озық мемлекеттер қатарына енуді
көздеген Қазақстан мемлекетінің жастарына жауапкершілік пен маңызды міндет жүктелген. Сол міндетті орындауда
абырой биігінен құламау – басты мақсаты.
Достарыңызбен бөлісу: