Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет230/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Әдебиеттер 
1. 
Мұхаметханұлы Н., Кәрібжанов Ж. Қытайдың сыртқы саясаты және Қазақстан. (2000-2010 жылдар). Алматы, Қазақ 
университеті. 2013. -254 б. 
3. 
А.М.Әміребаев. «Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуі: идеялардан ақиқатқа» // «Казахстан в глобальных 
процессах» журналы, № 3, 2014, 30-39-беттер. 
4. «
ҚКП 19-шы Съезінде сөз сөйлеген Си Цзиньпин баяндамасының толық мәтіні», 2017-11-03 // 
http://russian.news.cn/2017-11/03/c_136726299.htm 
5. 
Батыс Еуропа – Батыс Қытай: дәліздің мәңгілік елге тигізер пайдасы қандай?/el.kz/.../Батыс-Еуропа-Батыс-
Қытайдәліздің-... [30.07.2014]. 
6. 
Сыроежкин К.Л. Концепция формирования «экономического пояса на Шелковом пути»: проблемы и перспективы// 
Казахстан в глобальных процессах. – №1. – 2014. – С. 54-64. 
ӘОЖ 343.3 
МӘЙІТТЕРГЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН САРАПТАМАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Тасмұрат Қ. – ЮМ-19-1к5 тобының студенті 
Каипжанова Н.Е. – оқытушы 
Мәйітті сот-медициналық сараптау (бұдан әрі - сараптау) өлу себебін анықтау және қаулыда көрсетілген басқа 
мәселелерді шешу үшін анықтау жүргізуші адамдардың, тергеушінің, прокурордың, соттың қаулысымен 
тағайындалады. 
Мәйітке сот-медициналық сараптау жүргізбей тек медициналық құжаттар бойынша өлу себебін анықтауға 
тыйым салынады. 
Сараптауды сот-медициналық мәйітханасында немесе осындай бөлмелерге қойылатын техникалық талаптар 
мен нормаларға сәйкес емдеу-профилактикалық мекеменің мәйітханасында жүргізеді. 
Сараптау бір сот-медициналық сарапшымен жүргізіледі. Жеке жағдайларда (шетелдік азаматтың мәйітін 
сараптау; қабірден қазып алынған бұрын жарып көрілмеген мәйітті алғашқы сараптау; мәйітті қайталап сараптау және 
тағы басқалар) сараптау екі немесе одан да көп сот-медициналық сарапшылармен жүргізілуі мүмкін. 


264 
Сараптау мәйіттің алғашқы өзгерістері пайда болғаннан кейін (дененің салқындауы, мәйіт дақтары, мәйіттің 
қатуы) басталуы мүмкін. Осы аталған өзгерістер пайда болғанға дейін мәйітті жарып қарау тек өлгені туралы деректі 
белгіленген тәртіпте және тиісті кесімдерді рәсімдеген соң ғана жүргізілуі мүмкін. Осы кесімнің бір данасы сараптау 
тапсырылған сот-медициналық сарапшыға тапсырылады да, қорытындының көшірмесімен бірге сараптау мекемесінде 
сақталады. 
Елдегі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық кезең жағдайларында арнайы білімді қолданудың 
процессуальдық нысаны ретінде Сот сараптамасы институтының рөлі айтарлықтай өсті. 
Сот сараптамасы институты біздің мемлекетіміздің құқық қорғау және сот жүйесінің ажырамас бір бөлігі болып 
саналады. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Сот сараптама орталығының қызметінің басты функционалды 
мақсаты құқық қорғау органдары мен соттардың қажеттіліктерін сараптамалық зерттеулермен барынша қанағаттандыру 
болып табылады. 
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Сот сараптамалары орталығының Оңтүстік Қазақстан облысы 
бойынша сот сараптамалары институтында сот сараптамалық зерттеулер әртүрлі бағытта жүргізіледі, олардың ішінде 
бүгінгі күнде ең көп сұранысқа ие сот медициналық сараптама. 
Түркістан облысы бойынша Сот сараптама институтына қарасты Ордабасы ауданыны, Арыс, Отырар және 
Ордабасы аудандарын қамтитын аудан аралық аралық бөлімшесі келесі сараптамалар түрі бойынша зерттеулер 
жүргізіледі. 
Атап айтқанда: мәйіттерге, тірі тұлғаларға, айыпталушылар мен жәбірленушілерге сот медициналық 
сараптамалар жүргізіледі. 
Осы аталған сараптамалар арнайы органдардың тағайындаған қаулысы негізінде жүргізіледі. 
Егер азаматтар тарапынан біздің берген қорытынымен келіспеген жағдайда, қайта- қосымша немесе 
комиссиялық сараптамалар жүргізуге немесе қосымша ақылы сараптамалар жүргізу үшін жүгінуге құқылы. 
Тағы бір жағдайда азаматтар құқық қорғау органдарына арыз жазбай ақ, уақыттарын үнемдеп, біздің бөлімшеге 
келіп ақылы негізде дене жарақаттардың дәрежесін анықтауға және жыныстық белгілерін анықтау мүмкіндіктері бар. 
Заңды күші бар қорытынды бойынша азаматтар сотқа жүгінуге немесе кұмәндаған сұрақтарына жауап алып, 
құқықтық органдар мен сотқа баруға немесе барудан бас тарту мүмкіндіктері болады. 
Сарапшылардың қорытындылары азаматтық және әкімшілік істер бойынша дәлел болып табылып, сараптамалық 
зерттеудің нәтижесімен азаматтардың қолына ақылы келісім шарт негізінде өткені туралы сот-медициналық 
сараптамалық зерттеу қорытындысы беріледі. 
Қандай жағдайда, мәйіттердің бүтіндігін бұзбай, яғни мәйітті аштырмай алуға болатын жағдайларға тоқталатын 
болсақ, сот медициналық сараптамаға арнайы тағайындалған қаулы негізінде түскен мәйіттердің денесінде зорлық-
зомбылық белгілері болмай, медициналық мекемелерде қандай да бір өлімге алып келуі себебі нақтылынса, мысалы: 
азаматтардың ауруларына байланысты есепте тұратын болса, осы жағдайда тек қана, қаулы тағайындаған органның 
рұқсатымен мәйіт туыстарына берілуі мүмкін. 
Алайда, адам белгісіз жағдайда қайтыс болса мысалы үйінде, көшеде, немесе тағы басқа жағдайларда, нақты өлім 
себебін, мәйіттің денесіндегі жарақаттарының сипатау үщін, дер кезінде кешіктірмей, сот медициналық аптамалық 
зерттеуден өткізіп, анықтаған дұрыс және маңызды болып табылады. 
Себебі, нақты өлім себебін білмеу немесе оның дер кезінде анықталмауы, мәйіт жерленіп болғаннан кейін, 
қайтыс болған адамның туыстары арасында әр түрлі күмәндар тудыруы көп кездеседі. 
Бұның салдарынан, жерленген мәйітті уақыт өте қайта жер қойнауынан қазып алып, ( эксгумация ) сараптамалық 
зерттеу жасау мәселесі туындайды. 
Осы жағдайда қазып алынған мәйітті зерттеу кезінде өлім себебін анықтауда әр түрлі қиындықтар туындайды. 
Себебі, мәйіттің мүрдеде ұзақ уақыт жатып, кеш туындаған өліктік шіру өзгерістеріне (мәйіттің шіруі, тобарсуы, 
сүйектенуі немесе т,б ) ұшырауына байланысты, нақты өлім себебін анықтау сарапшыларға қиындық тудырады және 
көп уақытты талап етеді. 
Маңызды айта кететін жағдай, қазіргі таңда қайтыс болған азаматтардың зейнетақысын туыстары алып отыруы 
жиі орын алуда және тұрмыстық дау-дамайлар, тұрғын үй және тағы басқа мұрагерлік бөлісулер кезінде қажет болатын 
құжаттарды толтыру қиындығы жиі кездеседі. 
Сондықтан, адам қайтыс болғаннан кейін дер кезінде мәйітті сараптамалық зерттеуден өткізілсе, оның өлім 
себебі анықталып, марқұмның туыстарына мәйітпен бірге өлім себебі жазылған , қайтыс болу туралы куәлік , беріледі. 
Бұл куәлік өз кезегінде, марқұмның туыстарының уақтылы, ешқандай әуре-сарсаңға салмай, қажетті құжаттарын 
дер кезінде рәсімдеу мен мекемелерге өткізуге мүмкіндік береді. 
Мысалы: Ахат бөлімі, халыққа қызмет көрсету орталығы, зейнетақы төлеу орталықтары, сақтандыру жәрдем ақы 
тағайындауда тағы басқа мекемелеріден. 
Сонымен қатар, өз кезегінде, қайтыс болған азаматтардың зейнетақысын дер кезінде тоқтатуға және басқада 
құжаттарды уақтылы тапсыруға өз септігін тигізеді. 
Қазіргі таңда, мәйіттерді ашпай, ренген арқылы қарап адамның өлімнің себебін анықтайтын жаңа медицинарық 
құрал жабдықтардың шығуына байланысты сот сарапшыларыды қамтамасыз ету қолға алынған. 
Мұздатылған мәйіттер бөлме температурасында олар толық ерігеннен кейін ғана зерттелуге тиіс, жоғары 
температура жағдайында мәйітті жылдамдатып ерітуге болмайды. 
Мәйітті сараптауға сарапшының келесі әрекеттері кіреді: 
1) сарапшыға берілген қаулымен және басқа құжаттармен (оқиғаның болған орнын тексерудің хаттамасының 
көшірмесі, ауруы туралы қағазы және тағы басқалар) танысу; 
2) сараптау жүргізуді жоспарлау; 
3) мәйітті сырттай зерттеу; 
4) мәйіттің ішкі құрылысын зерттеу; 
5) қосымша және зертханалық зерттеулер үшін материалдар алу; 
6) сот-медициналық диагноз жасау; 
7) мәйітті зерттеудің, қосымша және зертханалық зерттеулердің нәтижелерін және сарапшыға берілген 
материалдардың деректерін кешенді бағалау; 


265 
8) қорытындыларды түйіндеу; 
9) "Сарапшының қорытындысын" рәсімдеу; 
Сот-медициналық сарапшыға берілген құжаттарды зерттеген кезде, өлу себебін анықтау үшін маңызы бар 
деректерге және басқа сұрақтар жауабына ерекше көңіл аудара отырып, өлімнің болу шарты мен жағдайын анықтайды. 
Мәйітті сырттай қарауға мәйітпен бірге жеткізілген киімді, аяқ киімді және басқа заттарды зерттеу; мәйіттің өзін 
зерттеу; қажет болған жағдайда суретке түсіру және адамның дене бөліктерінің зақымдануының контурлық сызбада 
суреттемесін беру; мәйітті және киімін сырттай қараған кезде табылған жұғындыларды, бөлінділерді және басқа 
үлгілерді зертханалық зерттеу үшін алу; осы жағдайдың спецификасында көрсетілген сарапшының басқа да әрекеттері 
кіруі мүмкін. 
Мәйіттің өзін зерттеуді сыртқы белгісі бойынша жынысын, жасын, дене бітімін, қоңдылық деңгейін, мәйіттің 
бойын өлшеуден және қажет болғанда оның салмағын өлшеуді айқындаудан бастайды. 
Бір жасқа дейінгі балалардың мәйітін міндетті түрде өлшеу керек; қажетіне қарай жарақаттанудың кейбір 
түрлерінде - автокөлік, биіктен құлау; эталон, басқа да белгісіз улармен уланған кезде ересек адамдардың мәйітін де 
өлшеу керек. 
Мәйіттегі өзерістерді зерттеу кезінде: 
1) дененің киіммен жабылған және ашық бөлігін сипалау арқылы мәйіттің суығанын анықтайды; керек болған 
жағдайда кем дегенде екі рет, бір сағаттық үзіліспен, қолтық астының және тік ішектің температурасын өлшейді; 
2) мәйіттің денесінің қатқанын (қатпағанын), оның таралуын және бет, мойын, аяқ-қолдың бұлшық еттеріндегі 
бүліну деңгейін анықтайды; 
3) мәйіттің дағының болуын (болмауын), олардың дененің нақты бөліктеріне таралуын; сипаты (төгілген, мол, 
кең таралған); түсі; дақтардан айрылған (киім мен заттардың таңбасы) бөліктер сипатталады; үш рет саусақпен немесе 
динамометрмен 2 кг/шаршы сантиметр күшпен басады және алғашқы түсінің (секөндте, минөтте) қайта қалпына келу 
уақытын белгілейді; 
4) көздің қасаң қабағының кебуін, қараюын, Белоглазов симптомы мен Лярше дағының болуын айқындайды; 
5) кейінірек болатын мәйіттің өзгерістері (шіру, балауызды май, мумификация, шымтезек илеуі) болған жағдайда 
олардың белгілері мен көріну деңгейін сипаттайды; көгеру бөліктерінің болуын, олардың таралуын, мөлшері мен түсін, 
шыбынның дернәсіл салуын, басқа бунақденелілердің болуын, өсімдіктің өсуін көрсетеді; 
6) өлімнің болған уақытын айқындаудың белгіленген тәртіпте ұсынылған аспаптық және зертханалық әдістерін 
қолданады. 
Тері жабындарын қарайды. Олардың түсі мен ерекшеліктерін (құрғақ, ылғалды, көгерген тері, "қаз тері" және 
тағы басқалар), түк өсу дәрежесі (соның ішінде бастағы шаштың ұзындығын), енгізілген дәрінің ізінің болуын, 
бөрткендерді, домбығулардың, созылмалы жаралардың анатомиялық және басқа жеке туа және жүре пайда болған 
ерекшеліктерді (тыртықтар, туа пайда болған мең, татуировка және тағы басқалар) көрсетеді. Қажет болған кезде, 
мысалы, белгісіз адамның мәйітін зерттеген кезде сөздік портретімен қатар, анықталған анатомиялық және басқа жеке 
ерекшеліктері масштабпен суретке түсіріледі. 
Басын зерттейді. Басты сипаттаған кезде бас қаңқасы сүйегінің жағдайын, қозғалмалылығын, өзгеріске ұшырауы 
мен басқа ерекшеліктерінің болуын көрсетеді. Шашты бөлігін аса мұқият қарайды. Көзі ашық па, соны көрсетеді, нұрлы 
қабықтың түсін және қарашықтың диаметрін айқындайды, көз алмасының ақ қабықшасы мен дәнекер ұлпасының 
жағдайын (солғындығын, сарғыштығын, экхимозын және т.б.), бетінің домбыққанын айқындайды. Мұрын қуысынан, 
ауыздан және құлақтан бөлінген заттар бар ма, жоқ па және бөлінділердің сипатын айқындайды. Ерін көбесін және 
кілегейлі қабықшасын қарайды. Аузы ашық па, тісі жабылған ба, тілі қысылған ба, соны көрсетеді. Тістің түсін және 
ерекшелігін, тіс сауыты мен протезінің соның ішінде алтын тіс протезінің санын көрсетеді. Жоқ тістерін атайды және 
қызыл иектің альвеолярлық бетінің жағдайын сипаттайды. Ауыз қуысында қанның, тамақтың бөлшектерінің, 
ұнтақтардың, басқа бөгде заттардың бар, жоғын көрсетеді. 
Мойнын, кеудесін, құрсағын, арқасын, аяқ-қолдарын, қолтығын, емшектің астындағы тері қатпарларын, шаттың 
арасын және артқы тесік аймағын қарайды. 
Сыртқы жыныс мүшелерін зерттейді. 
Қаңқа сүйектерін сипап көреді. Патологиялық қозғалыс немесе өзгеріске ұшырау барын көрсетеді. 
Барлық табылған сыртқы зақымдарды мәйіттің түрлі аймақтарын дәйектілік пен қараған кезде не жеке, бөлімнің 
соңында "Сыртқы зерттеуде" сипаттайды. 
Сыртқы зақымдарды зерттеуді алдымен жайкөзбен қарайды, ал қажет болған жағдайда ұлғайтқыш әйнектің 
немесе стереомикроскоптың, операциялық микроскоптың көмегімен жүргізеді. Зерттеуді оқиға жағдайы 
нәріқарайқалпынакелтіруүшін (зақымныңпайда болу механизмінанықтау; жарақаттау құралыныңтүрлік, топтық немесе 
жеке белгілерін және тағы басқалар) қажетті нақты мәліметтер алумен қамтамасыз ететіндей толығымен жүргізеді. 
Адам денесінің бөліктерін сызбалық бейнелеу арқылы сыртқы зақымдануының сызбасын жасайды; киімдегі 
және аяқкиімдегі зақымдар мен тән ерекшеліктерді де тиісті сызбалық бейнелеу арқылы суреттейді. 
Денедегі зақымдар суретке түсіріледі. Тек шолу сипатындағы суреттерді (дене зақымының жалпы түрі) ғана 
емес, сондай-ақ жеке зақымдардың да суретін түсіруді (міндетті түрде масштаб пайдаланылады) жүргізу керек. 
Дене мен киімдегі зақымдарды суретке түсіруді сот-медициналық сарапшы немесе оның басшылығымен 
лаборант жүргізеді. 
Мәйіттің ішкі құрылысын зерттеу барынша толық болуға тиіс. Міндетті түрде бас сүйек, кеуде және құрсақ 
қуыстарын зерттейді. Омыртқа оның зақымы немесе ауруы анықталған жағдайда зерттеуге жатады, сондай-ақ бас сүйек-
ми жарақатында, жол-көлікапатында, түрлі биіктіктен құлаған кезде, басқа жағдайларда – көрсетілген жағдайда 
зерттелінуге жатады. 
Барлық мүшелерді үстінен және тілген жерде өлшейді және зерттейді. Олардың тығыздығын, анатомиялық 
құрылымының келбетін, түсін, қанға толуын, спецификалықиісін, өзгерістер мен зақымдарды мұқият зерттейді; қуыс 
мүшелердегі заттардың сипаты мен көлемін айқындайды. Миды, жүректі, өкпені (бөлек), бауырды, көкбауырды, 
бүйректі (бөлек) таразығатартады. Қалқанша, бұғақ және ұйқыбездерін, бүйрек, гипофиз, эпифиз және басқа мүшелерді 
таразығатартуды олардың патологиясы болған кезде жүргізеді. 


266 
Мәйітті зерттеу үрдісінде сот-медициналық зертханасы бөлімінде зерттеу жүргізу үшін материал алады. Мәйітке 
сараптама жүргізуші сарапшы сараптың шешілуіне қойылған мәселелер мен осы жағдайдың ерекшелігі нәтижесінен 
зерттеудің қажетті түрлерін айқындайды. Материал алуды сарапшы жүргізеді, орауды сарапшының басшылығымен 
және бақылауымен санитар жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет