Ғылыми жетекші: Тілеуберді Қиззат Ғылыми кеңесшісі: Жұмақаева Береке



бет1/4
Дата14.11.2022
өлшемі0.49 Mb.
#464796
  1   2   3   4
Мади Ибраһим


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ТЕРЕҢДЕТЕ ОҚЫТАТЫН ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ
Жас ізденушілер: Мұқаш Мадияр, Балтабай Ибраһим
Ғылыми жетекші: Тілеуберді Қиззат
Ғылыми кеңесшісі: Жұмақаева Береке
Ғылыми үйлестіруші: Мусабекова Инкар
Абай шығармашылындағы жігіт бейнесі
(образы)
Өзектілігі:
Жаһандық құндылықтар алдыға шығып, ұлттық құндылықтарымыз тасада қалған бұл күнде бүгінгі жігіттерге кімге қарап бой түзе дейміз! Әлеуметтік желінің арбауына түсіп, ақ пен қараның ара жігін қайтсек ажыратамыз деп жүрген біздің жігіттерге кім үлгі. Ғасырлар арамызды алшақтатса да, келер ұрпаққа кемелділіктің кілтін ұстатқан шамшырағымызды іздеуде алаш жұрты. Ол – Абай. Қайғысы қалың қазағы болған дара тұлғаның сөз өрнегіне үңіліп, тереңін сүзген жігіттердің алар асуы биік болмақ. Оқыту мен оқуда, тәлім мен тәрбиеде Абайдың жігітке таққан міні мен қойған талабын ескеретін кез туды. Абай сөз өрнегіндегі жігіт келбетін талдап, санамызды жаңғырту жұмыстың өзектілігін танытады.
Міндеттері:
  • Абай шығармашылығындағы жігіт образына филологиялық талдау жасау арқылы жігіттің қоғамдағы орны, қызметі мен өмірге деген көзқарасын, прагматикалық ұстанымын анықтау;
  • Автор өлеңдері мен қарасөздеріндегі жігіттің мақсат-мұраттарын, ұстанымдарын бейнелейтін мәтіндердің астарында жатқан уәжділікті бағамдау;
  • Абайдың жігітке артқан жүгі мен міндеттеріне мағыналық жағынан талдау жасау;
  • Абайды, Абайдан қалған құнды сөздерді бүгінгі жігіт жадына өшпестей етіп таныту.

Абай ұсынған жігіт бейнесі
Қайратты
Білімді
Адал мал табатын
Шын сүйетін
Ұлтжанды
Арлы
Біз ұсынған жігіттің бейнесі
Бір сөзді
Салмақты
Еңбекқор
Иманды
Сабырлы
Өнерлі
Жігіт- қоғамның қозғаушы күші, қоғам жанашыры, өзгелер қарап бой түзейтін тұлға. «Жігіт» жай ғана сөз емес үлкен атақ.
Надандықтың ұяты
Жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыздан әншейін барып жолығысудан ұялған секілді ұялмас нәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес ақымақтық, жамандық.
Абай ұятты екіге бөлген
(Абай 2 том 121,122 бет)
Өзгенің ісіне ұялу
Жаман қылық өзінен шықпай- ақ бір бөтен адамнан көргенде сен ұялып кетесің. Мұның себебі сол ұят істі қылған адамды есіркегенді істен болады.
Ит үрсе бала,
Таяғын ала,
Қуады итпен кектесіп.
Ұрысқансып «ой» деп
Ұят деп «қой» деп
Үлкендер тыяр «тек» десіп
(Абай 1-том 91 бет)
Жамандық жақсылықпен оған бір бәс
Дін ісін құдай ісін айыра алмас
Арын сатып ант ұрып іздегені
Бір семіз ат аяғы бір табақ ас.
( Абай 1-том 149 бет)
Білім алу үшін керек қасиеттер
Еңбекқор
Талап
Тәрбие
Тоқтамай үйрену
Надан жігіт
Көптің арты
Өзіндік ойы жоқ
Басыңда ми жоқ,
Өзінде ой жоқ...
Көп айтса болды,
Жұрт айтса көнді,
Әдеті надан адамның.
(Абай 1-том 88 бет)
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі пұл…
Надандықпен кім айтса
Ондай түпсіз сөзге ерме
Сізге айтамың хауіпім- бұл.
(Абай 1- том 62 бет)
Талап қып артық білуге
Артық ғылым кітапта
Ерінбей оқып білуге.
(Абай 1- том 59 бет)
Мал табу
Арам
Қулықпен
Ұрлық-қарлықпен
Адал
Өнер сату
Бір-ақ секіріп шығам деп,
Бір-ақ ырғып түсем деп,
Мертігеді жатады.
(Абай 1-том 66 бет)
Ұрлықпен мал табам деп,
Егессе ауыл шабам деп,
Сүйтіп құдай атады.
(Абай 1-том 66 бет)
Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі - қазақтың әулиесі сол.
(Абай 2-том 119 бет)
Құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады.
Әуелі — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп жатып алады.
Екінші - ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншектік, салдау-салғырттыққа, кербездікке салынады.
Үшінші - «дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым», немесе «ағеке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер!» дегенде «маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін» деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді. Және анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді.
Төртінші - тамыршылдау келеді.
(Абай 2-том 119 бет)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет