Ғылыми жоба
Тақырыбы : Тосын табиғат құбылысы- Найзағай
Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы
Б. Аралбаев атындағы орта мектебі
Орындаған: 11сынып оқушысы Жақыпбек Гүлзинат
Жетекшісі: Жұпарбаев Тұрсынбек
Ғылыми жетекшісі: Қосанов Самалбек Оразбайұлы
ҚМУ –нің география ғылымдарының кандидаты
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Сүттіқұдық ауылы
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
А) Найзағайдың пайда болуы
Ә) Найзағайдың түрлері
В) Найзағайдың ең көп түсетін аймағы
Г) Найзағайдың адамзатқа, табиғатқа тигізетін
Зияны
Д) Найзағай ақыл- ой иесінің әрекеті ме?
Е) Найзағайдан қалай сақтану керек
ІІІ. Қорытынды
IY Ұсыныс
Y Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Дүниеге---
Талай адам қараған
Басқаша бір
Үңілуге жараған
Ойлы көзге құрмет бөлек
Сый бөлек-
Жүз мың сауал
Ұмтылады кимелеп
Өңшең жұмбақ
Неге? қалай,?
Соңғысы—
Сөз соңында
Ылғи сұрақ белгісі
Сауал, сауал
Жауап берер елмісің?
Бұдан асқан
Жоқ-ау тыныс белгісі
Тарсылдатар допсыз-ақ
Жарқылдайды отсыз-ақ
Бәріне де сайма-сай
Бұл күркіреген найзағай
Ашық аспанды бірте-бірте қою қара бұлт тұмшалай бастады . Біраз уақыттан кейін айналаның барлығын бұлт ұйысты. Мүлгіген тыныштық әп-сәтте басқаша күй кешті. Құйындар соғып, жаңбыр тамшылары сіркіреді. Арты нөсер жаңбырға ұласты. Жауын шелектеп құйып берді . Күн күркіреп найзағай жарқылдады. Әрине бұл бәріміздің көзіміз көріп жүрген құбылыс. Ол неліктен болады? Осы саланың мамандарынан басқаларымыз ол жайлы көп біле бермейтініміз шын. Шынымен де найзағай не себепті ойнайды?
Зерттеуші ғалымдардың анықтаған деректеріне сүйеніп көрелік
2.Негізгі бөлім
А) Найзағайдың пайда болуы?
Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы болжамды ұсынған ағылшын ғалымы В . Франклин болды .Оның болжамы :Жер бетінен көтерілген бу аспанда қатты салқындайды су тамшыларына айналады . Су тамшылары ірілене түседі. Ауа ағысы оларды бірде жоғары, бірде төмен қуалайды. Жоғарлаған сайын салқындап су мұз түйіршіктеріне айналады . Мұз түйіршіктері тамшыларарға соқтығысып, су оларды қабыршақтап орап алады. Содан кейін ол қата бастайды. Мұз түйіршіктері ауырлай береді де, бұлттың төменгі қабатына түсіп, онда жылырақ болғандықтан еріп кетеді. Бірақ олар құйын екпінімен тағы да жоғары көтеріледі. Онда мұз түйіршіктерімен қайтадан соқтығысады . Су тағы да қата бастайды. Түйіршіктері ұлғайып, ауырлай береді . Енді мұз түйіршіктері бұлтпен бірге қалқып тұрмай төмен қарай құлайды Жерге жақындағанда еріп жаңбырға айналады. Кейде олар еріп те үлгермегендіктен жерге майда мұз түйіршіктері күйінде түседі. Сөйтіп бұршақ жауады . Қалың бұлт арасындағы қозғалыс тоқтамайды . Су тамшылары мен мұз тамшылары соқтығысады ,үйкеледі. Сөйтіп электр тогымен зарядталады. Бұлттың жоғары бөлігінде оң , ал төменгісінде теріс электр заряды пайда болады . Олардың арасынан ұшқын шығады Найзағай жарқылдайды. Ол сол мезетте айналадағы ауаны қыздырып тез ұлғаяды да жарылыс болады, күн күркірейді .
Найзағай тоқтап, қою бұлт сейілгенде ауа тазарып, тыныштық кеңи түседі , нөсер жауын жерді де , аспанды да жуып өтеді . Сондықтан да ежелгі славяндар найзағай құдайдан тек қаһарлы емес, қайырымды деп ұққан
Б) Найзағайдың түрлері
Ресей ғылым академиясының лазерлік және ақпараттық технология мәселелері институты ғалымдар зерттеуі бойынша найзағай 2 түрге бөлінеді
1 Қызыл сәулелі шар тәрізді найзағай
2 От тәрізді шақпақ найзағай
Қызыл сәулелі шар тәрізді найзағай—шар тектес пішінге ие найзағай . Яғни, табиғи электр қуатының феномені Ғылым да шар найзағайдың 200- ден астам баламасы жүр. Шар найзағай көбіне ауа, ағаш, кейде тіпті баған бойымен түзіле береді. Көбіне ол жерден 1 метр қашықтықта көлбеулей қозғалады Бір қызығы шар найзағай міндетті түрде түрлі дыбыс шығарып шулап жүреді . Өмір сүру ұзақтығы 10 секундтан бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін . Табиғатта кенеттен түзілген шар найзағай өздігінен жарылып жоғалады Кейде ол өздігінен бірнеше бөлікке бөлініп қалады
(2000жыл.Екатеринбургтің жағажайында 19жасар бойжеткен көз жұмды. Күтпеген қазаға «шар найзағай» себеп болды.Қыз су ішінде өлді.Жедел жеткен дәрігерлер бойжеткенге түк көмек көрсете алмады.Бәрі кеш еді. « Интерфакс »-тың Екатеринбургтің Жедел жәрдем қызметіне сілтеме жасай отырып таратқан мәліметіне қарағанда , найзағай заряды шомылып жүрген бойжеткеннің арқасына түскен. Найзағайдан екі бала мен тағы бір әйел жапа шекті
Киров стансасының жақын маңында орналасқан үй жанынан шар найзағай пайда болды . Бұл кезде бәрінен бейқам кейуана Нина Михайловна алаңсыз ұйықтап жатқан еді . Әжейдің жастығы мен көрпесі әп-сәтте өртеніп кетті. Кейуана тірі қалды.
«Шар найзағайдың» «мінезі» тосын келеді. Болжап білу мүмкін емес. Алматыныі ауа райындай жүз түрленіп мың құбылады. Сондықтан физигі бар, басқасы бар бұны шар найзағайды қашан және қалай пайда болатынын, не бүлдірерін тек « өзі » білетін ерке құбылысқа балап отыр. Бұған дейін ғалымдар «шар найзағай» тек жауынды күндері пайда болады деп келген еді. Олай болмады. Өйткені, уақыт «шар найзағайдың » ашық күндері де пайда болатынын дәлелдеп берді. Бұған дейін шар найзағай электор сымдарына, магнитті өріске тартылып келген еді. Бірақ мінезін өзгерткен «шар найзағай» уақыт өте ашық алаңқайға үйір бола бастады. «Шар найзағайдың » әрқайсысының мінезі әрқилы келеді. Біреулер қозғалмастан ауада ілініп тұрып алса, енді бірейлері секундына 8-10 метр жылдамдықпен желдей есіп жүреді. Біреулері жолда кезікен адам мен жануарды айналып ұшып жүреді де сәлден соң жоғалып тынады. Ал, енді бірейлері жолда кездескен адамды да, жануарды да, күйдіріп өлтіріп кетеді. Күйдірген жеріне адамның денесі, ағаш, тағы сол сияқты міндетті түрде мөр қалдырады. Мөр деп тұрғанымыз – пизаж. Ия кәдімгі табиғат бейнеленген сурет қалдырады. Ал, түсініп көр. Тағы бір назар аударарлығы, «шар найзағай» үйдің ішіне із қалдырмай ене алады. Бөлмедегі серуеннін көбіне ол разеткадан бастайды. Қаласа, адамды күйдіріп, сырт киімін сол күйінде қалдырады. Қаласа, басқа бір амалын ойлап таба алады. Алайда «шар найзағайдың» бәрін бірдей ажал аждаһасындай көретіндер қателеседі. Өйткені білетіндер, найзағай шармен кездескендердің 9 пайызы ғана ажал құшқан деп жүр
2. От тәрізді шақпақ найзағай Қалың қою қара бұлт арасынан пайда болады. Найзағай жарқылы үлкен разрядты токпен тең, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді.( бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары) Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың км
Найзағай дегеніміз- ол мейлінше үлкен электр ұшқыны, бұлт арасындағы от тәрізді шақпақ. Мұндай электр ұшқындары секундтың аз ғана бөлігінде көк жүзінің бірнеше шақырым жерін шарпып өтеді . Оның жолындағы ауа да, сол сәтте қызып үлгереді. Сол кезде нағыз қопарылыс пайда болады. Одан шығатын дыбысты біз күн күркіреді деп атаймыз.
Қазіргі ғылым найзағайға анықтама бергенде ; Найзағай бұлттан сағатына 160—1600 шақырым жылдамдықпен ауаның иондалған қабаттары арқылы шаншылатын қуаты 3 миллиард Джоульге дейін жететін электр заряды .Оның плазмасының температурасы 30 мың градусқа дейін жетеді.( Күннің температурасынан 5 есе жоғары), каналының диаметрі 1-27 см, айналасын 3-6 метрлік шеңбер қоршап тұрады, ұзындығы 90 метрден 32 шақырымға дейін жетеді, түскен кезде қатты гүрілдеген дауыс шығады, бұл дауыс 29 шақырым жерге дейін естілуі мүмкін.
В) Найзағайдың көп түсетін аймағы?
Айтып келмейтін аждаһа кейбір өңірлерде өте жиі қайталанады. Оны климаттық (жер шарындағы найзағай ең көп болатын аудан Угандадагы Тороро елді мекні. Тіпті жылдың 200 күні күн күркіреп, найзағай ойнайтын Сингапур елі,) геологиялық( Кавказ таулары) және аномалиялы( Волга бойындағы Аю алқабы) болып табылады. Ал Қазақстанда Жауын шашын ең көп түсетін аймағы батыс Алтай аймағы болып табылады
Г) Найзағайдың адамзатқа, табиғатқа тигізетін әсері?
Найзағай электр зарядтарының таралу заңдылықтарына бағынады, бірақ бұл ережеден ауытқитын кездері де көп . Ол электр зарядынан туатыны да рас, дегенмен адамзат электр заряды дегеннің не екенін әлі түсінбеген немесе оның бойында тек электр заряды емес, басқа да қасиеттер бар
Мысал : Жылына миллионға жуық найзағай түсетін францияда ондаған адам мен он мың сиыр табиғаттың тосын шабуылының құрбаны болған . Мәселен бір оқиғада Найзағай адамның сырт киімдеріне тиіспей,іш киімдерін өртеп жіберген. Адамның өзіне ешқандай зиян келтірместен қолындағы металдан жасалған заттарды алыс жерге лақтырып жіберген. Карманда болған тиын тебеннің бәрін балқытып, бір-біріне қосып жіберген, ал қолында тұрған қағаз ақшаларға ештеңе болмаған . Адамның денесіне металл әшекейдің суретін айнытпай салып, оның өзін алып кеткен
Шынайы өмірде тіркелген мына көріністер тіпті қорқынышты:
Бір жолы найзағай өзі өлтірген адамның денесіне қасында тұрған ағаштың суретін салып кеткен ,Ағаштың астында жиналып отырған бір топ адам сырттан келген кісіге тірі сияқты көрінеді, қасына келіп, түртіп қалсаң, күл болып үгіліп түседі. Кейде найзағай адамды басынан аяғына дейін ұзына бойына ортасынан қақ бөледі
Ал найзағай белгілі бір адамдардың қыр соңынан қалмайтынын қалай түсіндіруге болады? Мәселен америкалық Р Салливан есімді ер кісіні найзағай жеті рет тауып алған. 1942 жылы найзағай оның башпайын күйдіріп жіберсе, 1969 жылы қасын, 1970 жылы иығын, 1972 жылы шашын,1976 жылы алақанын, 1977 жылы кеудесі мен қарнын күйдірген. Табиғаттың шабуылдары кесірінен психологиялық дертке ұшыраған ол 1983 жылы өз өзіне қол жұмсап, бұл дүниемен қоштасқан
Болгариялық Марта Маикия есімді әйел тұрмысқа шыққан үш жігіттің ұшеуі де найзағайдан өлгені туралы ақпарат бар. Үшінші реттен кейін Марта тұрмысқа шықпапты. Мәселен кейде қатар кетіп бара жатқан атты екеудің бәрә жантәсілім етсе, аты-дін аман ,ал серігінің өзі аман –сау да, аты жайрап жатады
Аудан төңірегіндегі от тәрізді шақпақ найзағай түскен жайлы мәліметтер
Төменарық елді мекені 2006 ж көктемгі егін шаруашылығында егіс алқабын да Жақсыбек деген бір балаға найзағай түскен , Найзағай бала егіс даласында кетпен көтерген кезде кетпенге найзағай түсіп бала кенеттен қайтыс болды.
Сүттіқұдық ауылы 2009 ж Қадыр түні күні мектеп қарауылы Мүспенов Мақсат деген азаматқа найзағай түскен. Найзағай азамат столбаның астынан өткен кезде астындағы велосипедке түсіп өзі аман қалған . 15-20 минуттай ес түссіз далада жатып қалған
Қожамберді ауылы 2007 ж ауыл тұрғыны №162 мектептің мұғалімі Аймаханов Ержан қой кезегін бағып жүрген кезде арқандаулы тұрған есекке найзағай түскен .Есектің үстінде темір ер болған. Есек сол мезетте өліп қалған
Талап ауылы Райхан апайдың үйіне найзағай түсіп үй қабырғалары жарылған. Қазіргі таңда үй күрделі жөндеуден өткен
Сүттіқұдық ауылы Рысбаев Датқабай деген азаматтың анасы Мінәйім апайға найзағай арқасына түсіп соның әсерінен Мінәйім апайдың белі бүкір болып қалған.
Астана қаласы 2010 ж Есіл өзеніне суға түсіп жағажайға шығып ұялы телефонмен сөйлескен азаматшаға найзағай түсіп қайтыс болған. Ұялы телефон найзағайды тартып алған. Жағажайда суға түскен 10 бала да ауруханаға жатып шықты
Кейде найзағайдың адамдарды таңдайтынын қалай түсінуге болады?
Жапондар мына бір оқиғаны әлі күнге дейін түсіндіре алмай келеді. Балаларды тауға алып шыққан мұғалім найзағай кезінде оқушылардың бәріне бір арқанды ұстатады. Найзағай бір бірден теріп, барлық жұп санды ретпен тұрғандарды өлтіріп, тақ санды ретпен тұрғандарына тиіспеген Мұның барлығы неге ұқсайды? Санамен жасалған іс-әрекетке көбірек келеді. Ол бізге беймәлім бәр заңдармен әрекет ететін сияқты
Д) Найзағай ақыл ой иесінің әрекеті ме?
Найзағай түскен адамдардың ішінде бойына ерекше қасиет бітіп ерекше таланты оянатындары да болады.1997жылы Кочубино селосының тұрғыны Мария Зубарева телефонмен сөйлесіп тұрғанда найзағай ұрады.Оның денесі ешқандай өзгерісті сезбейді.
Кейінірек Мария қолына ұстаған металл заттардың бәрі жерге түспей, денесі жабысып қалатынын байқаған .Магнит-әйелдің денесіне жабысқан қасық , пашақ,қайшы , үтік сияқты заттар тіпті ол билесе де жерге түспей қойған.Кейде найзағай шабуылына ұшыраған адам уақыт туралы қалыпты түсінігін жоғалтып алады.Кей кездері найзағай түсіп қаза тапқан адамның мәйіті ұзақ уақыт бойы бүлінбей,сол қалпында жата береді. Ғалымдар мұның да себебін таба алмай келеді.
Шар найзағай пайда болғанда не істеу керек?
Алда жалда осы айтып отырған шар найзағаймен кездесе қалсаңыз не істеу керек? Бастысы, сабырлылық. Беті әрмен, біреқ сіз онымен қай жерде кездессеңіз де шалт қимыл жасаудан асақ ьолыңыз. Ешқайда жүгірме\ңіз. Өйткені шар найзағай қрзғалыстан туатын ауа құйынына жылдам реакция береді. Егер тосын қонақ сіздің үйіңізге келе қалса, желдеткішті ақырын ашуға тырысыңыз. Өйткені, күтпеген қонақтың желдеткіш арқылы ұшып кетуі де ғажап емес. Айтпақшы оған ешуақытта кесек лақтыра көрмеңіз. Өйткені, шар найзағай кез келген уақытта тентектік танытып, жарылып кетуі мүмкін . Ал егер шар найзағайдың кеселі біреуге тиіп кетсе, әлгі адамды жэақсылап желдетіоген бөлмеге жеткізіп, жвлв етіп орап қрйыңыз. Қажет болса жасанды демалдырыңыз. Бірақ, міндетті түрде Жедел жәрдем шақырыңыз. Шар найзағайдан қорғану әдісі айналымға ене қоймағанымен, ғалымдардың әзірге айтары осы . Біріншіден шар найзағай электр құбылысымен тығыз байланысты. Екіншіден шар найзағайда өте жоғары температураға ие бөлік бар . Оның тым алыстан жарқырайтыны да осыдан. Білетіндер бұл бөлік плазма болуы мүмкін деп жүр . Өйткені, мыңдаған кельвин температурада газ плазмалық күйге енетін көрінеді.
От тәрізді шақпақ найзағайға қалай дайындалу керек?
1.Найзағайдың түсу қаупінен қорғану ұшін, оған қарсы жерасты орнатқыштарын орнату керек
2. Табиғатқа шығу алдында ауа райы болжамын тыңдау қажет. Егер күн бұзылады деп болжалса, басқа күні шыққаныңыз дұрыс болады
3.Егер сіз найзағай болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте оның жерге түсу жақындығын анықтаңыз және дауыл жақындап не болмаса қойғандығын қараңыз. Жарық жылдамдығының тездігіне байланысты (300000км/с) онда найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық пен оның тездігіне байланысты анықталады. Мысалы; егер жарқылдан кейін найзағайға 5 с өтсе, онда найзағай фронтының арасы 340м/с*5с—1700м
4.Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді ал егер дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы
5. Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады. Телефонмен сөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбалардың арасында тартылған сымдарға түседі
6.Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтырғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т,б электрлі қондырғыларды қоспаңыз
7 Егер сіз орманда болсаңыз, қысқа талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың қасына, әсіресе қайыңның, еменнің қастарына тығылмаңыз
8. Су жиналатын жерде немесе оның жағасында тұрмаңыз. Жағадан алысырақ, яғни жоғары жерден төменге түсіңіз
9. Жазық далада ,егістікте немесе қорғанатын жер болмаған кезде жерге жатпаңыз, қазылған жердің шетіне аяғыңызды қолыңызбен ұстап отырыңыз
10.Егер найзағай дауылы сіз спортпен айналысу барысында болса, дереу тоқтатыңыз . Металдан жасалған заттарды( мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш және т.б) шетке қойыңыз және 20-30 м алыс тұрыңыз
11. Егер найзағай сіз көліктің ішінде отырған кезде болса, машинадан түспей, терезені жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын төмен түсіріңіз
Қорытынды
Ғалымдардың ең ақылға сыйымсыз гипотезаларының бірі, олар өмір сүріп отырған Жер шарын бірде ашуланып, бірде қуанып, бірде мұңаятын тірі ағза ретінде қарастырады. Осы алып ағзаның дене бөліктері арасында бір-біріне ақпарат жіберіп отыратын жүйке жүйесінің рөлін найзағай атқарады, Жердің тез әрі эжылдам хабар жіберетін басқа әдістері жоқ, Сонымен қатар, ғаламшарды күн сайын тітіркендіретін найзағай ( тек экватор аймағының өзінде бір түнде 3200 найзағай түседі) ағзаның өзін-өзі реттеушісі рөлін атһарады. Орманды өртеу арқылы ол ауадағы оттегінің мөлшері тым көбейіп кетсе, оны азайтады. Бүкіл тіршілікке қажет бұл газ азайған сәтте жас ағаштар емес, қураған кәрі ағаштар өсіп тұрған ормандарға найзағай көбірек тұседі. Сөйтіп жердің өкпесіндегі кәрі жасушаларды жас жасушалармен алмастырып отырады
Ұсыныс :
1. Ауыл төңірегінде Найзағайдың түсу қауіпінен қорғану үшін , оған қарсы жер асты және жер үсті найзағай тартқыш трубалары орнатылса.
2. Су жағажайларында жауын шашынды күні ұялы телефонмен сөйлеспеу керектігі жайында ескерту белгілері орнатылса.
3. Дүние тану. География. Астрономия. Аәд пәндерінде тосын табиғат құбылысы найзағай, су тасқыны, қар көшкіні, жер сілкіну т,б апаттардан қорғану негізінде 1 сағат далалық практикалық жұмыстар берілсе
4. Апат айтып келмейді дегендей Аудандық баспаханадан найзағайдан сақтану ережесі туралы плакаттар, кітапшалар басылып шығарылса
5. Жауын шашынды күндері барлық азаматтар ұялы телефон ұстамаса екен
Аннотация
Бізді қоршаған табиғатта әр түрлі табиғат құбылысы болып отырады. Сол табиғат құбылысының ішінде көктемгі және жаз маусымында көп кездесетін найзағайдың біз білмейтін заңдылықтары көп екені бәрімізге белгілі . сол себептен де табиғат құбылысы найзағай туралы тақырыпты таңдадым
В Нашей окружающей среде бывают разные природные явлений . Среди этих природных явлений встечаются нами не известные закономерности молний в летнее и осенее времена . Поэтому я выбрала тему природного явление о молний.
There are diflerent natural changes in our environment we know there are unknown lighsning legalities among this natural changes during the summer and autumn tive thas why l choose this theme about lightning
Достарыңызбен бөлісу: |