Ғылыми жоба: «Түстердің адам ағзасына тигізетін әсері» Жетекшісі: педагог- психолог Садыкова Ж. Ж. Кіріспе Тақырыптың маңызы



бет1/5
Дата21.12.2023
өлшемі143 Kb.
#487314
  1   2   3   4   5
Ғылыми жоба- «Түстердің адам ағзасына тигізетін әсері»



Ғылыми жоба: «Түстердің адам ағзасына тигізетін әсері»


Жетекшісі: педагог- психолог Садыкова Ж.Ж.

Кіріспе
Тақырыптың маңызы. Әр түрлі түстер адам өмірінде басты рөл ойнайды, бірақ күнделікті өмірде біз оны байқамаймыз. Түстер арқылы көңіліңізді көтеруге де, денсаулығыңызды да түзетуіңізге болады. Әркімнің өзінің сүйікті түсі болады, ол түстер сіз туралы барлық сырды ашып қояды.
Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі-түстің реңіне байланысты айқындалады.
Теориялық ақпараттарды зерделей келе түстердің психологиялық жақтарын қарастыруды жөн көрдік.

  • Зерттеу мақсаты: Оқушыларға түстердің жұмыс істеу қабілеті мен мінез құлқына әсер етуін зерттеу.

  • Түстердің адам ағзасына тигізетін жағымды жақтарын іздеу.

Зерттеу жұмысының міндеті:

  • Жобаға қатысты теориялық негіздерді жинақтау.

  • Әр түрлі жастағы оқушылардың қандай түстерді басым таңдайтынын анықтау. Қызыл түстің адам психикасына тигізетін әсерін зерттеу .

  • Сыныптарда ,оқушылар формасына қатысты таңдауға болатын түстердің үйлесімді түрін ұсыну.

Зерттеудің өзектілігі:

  • Түстер адамның мінез құлқына әсер ететін болса, түстер адамға неге және қалай әсер ететінін анықтау.

  • Жобада түстер адамға қалай әсер ететінін психологиялық жас кезеңдік ерекшелектерге байланысты түсіндіруге тырысу.

Түс – адамның көзімен қабылданатын физиологиялық сезім.
Барлық түстер екі топқа бөлінеді :
1. Ахроматикалық (бояусыз)
2. Хроматикалық (боялған)
Хроматикалық немесе хромос – грек тілінен енген сөз, түсті, боялған деген мағынаны білдіреді. Бұл топқа барлық спектрлі түстер қызыл, көк, жасыл және солардың аралас түстері кіреді.
Ахроматикалық түске ақ , қара, және сұр түстің барлық реңктері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет