Ғылыми жобаның бағыты: Математика және экология арасындағы пәнаралық байланыс
Ғылыми жобаның мақсаты: «Математика және экология» арасындағы табиғи экологиялық проблемаларды математика тілімен шеше отырып, оқушылардың қоршаған ортаны қорғаудағы біліктілігін дамыту» болып табылады.
Мектеп оқушыларының қоршаған орта табиғат анамызға деген көзқарасы мен дүниетанымы басты пәндердің бірі математика пәні арқылы қалыптасатыны бәрімізге белгілі. Математика пәні біздің күнделікті өмірімізде жиі қолданылады. Мәтіндік есептерді шығара отырып оқушылардың ойлау қабілеттері дамып, сонымен қатар жоспарлы және бірізді іс атқаруға үйретеді, нәтижесінде білім алынады, тұрақтылық қабылданады, ойы жетіліп отырады. Есептер шығару арқылы оқыту мен тәрбие беру мақсаттарына қол жеткізіп, сонымен қатар қоршаған орта табиғат анамызды қорғау туралы сенім қалыптастыруға болады. Сондықтанда бастауыш сыныптан бастап-ақ, мектеп бағдарламасына экологиялық мазмұнды есептерді жиі кіріктіре отыра шығару өте орынды және өзекті мәселе деп ойлаймын.
Мектеп бағдарламасындағы мәтіндік есептерді, сол жергілікті аймақтың табиғатымен тығыз байланыстыра отырып, оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Мақсат экологиялық мәтін есептерді шыгара отырып, олар сол аймақтың экологиялық жағдайларымен танысады. Болашақта осы мәселелерді шешуге ынталанады.
Бізді қоршаған ортамыз табиғат анамызбен математика пәні арасындағы тығыз байланыстың арқасында оқушылардың білімдері арта түседі, математикалық ойлау қабілеттері артып отырады.
Жобаны жазудағы басты міндеттер:
Білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Математиканың қыр сырын үйренуге зейіндерін ашу, құмарлықтарын арттыру;
Айналамызда болып жатқан табиғи құбылыстармен танысып, дағдыларын қалыптастыра алу;
Математикада оқып уйренген білімді, өмірде тәжірибе ретінде қолдана алу;
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетінін артыра білу;
Кіріспе
Математика пәні тарих бойы өмірлік қажеттілікті керек ету үшін пайда болған алғашқы ғылымдардың бірі болып саналады. Бұған себеп адамзат баласы өзіне керекті заттардың барлығын табиғаттан алғанда, олардың санын есептеп білу үшін санап үйреніп, есептеуге тырысқан. Үнемі санап отырудың арқасында сан ұғымы қалыптаса бастаған. Математикалық сандар ғылымының негізі бір бөлшегі болып саналады.
Математика саласы басқа ғылымдардың басты саласы болсада да, ғылыми зерттеуде де маңызды рөл атқарып келеді. Ол барлық ғылымдардың мысалы, музыка, экология, логика саласы, сурет салу, құрылыс салу т. б ғылымдардың үлес қосты.
Бізді - айнала қоршаған табиғат анамыз. Ол біздің санамыз жете бермитін тылсым күшке ие. Яғни, адам баласы табиғаттан тыс өмір сүре алмайтыны мәлім.
Бүгінгі таңда бүкіл күллі әлем арасында ең күрделі мәселелердің бірі әлемді алапат соғыстан аман алып қалу мәселесі болса, келесі мәселе өзімізді қоршаған ортамызды келешек ұрпаққа бүлдірмей, ластамай, көркейтіп, барынша көріктендіріп жеткізу, өйткені адам баласы жер бетіндегі жалғыз ақыл иесі болғандықтан, барлық адамзаттың іс әрекеті табиғатпен етене байланыста болып тұр.
Президентіміздің стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған табиғат анамызды ластауға, экологиялық жағдайды бүлдіруге жол бермеуге ерекше мән беріліп, көңіл бөлінгендіктен, мектеп оқушыларынан бастап, экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін басты проблемаларының бірі деген болатын.
Экология - жер шарындағы бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, жер анамызды барынша сақтауда, атсалысатын ғылымның жаңа саласы болып табылады.
Математика ғылымы адам өмірімен тығыз байланысты қиын және өте қызықты пән екендігімен ерекшеленеді. Кез-келген тағамды дайындау үшін су қажет. Жер шарындағы тіршілік иелерінің (адам жан-жануар, жәндіктер, өсімдіктер қажет ететін қоректерінің бірі су көзі болып табылады. Су- тіршілік көзі. Не үшін суды тіршілік көзі деп айтады? Себебі, адам сусыз 5 күннен артық ғана, ал жануарлар 7 кун ғана өмір сүре алады. Мәселен су адам организмінің 60-70℅ құраса, өсімдіктердің 90℅-н, балықтың 70-80℅-н, ал жер шарының ¾ бөлігін құрайды. Ер адам күніне 3 литрдей, ал әйел адам 2,2 литрдей су ішуі қажет екендігін америкалық медициналық орталық MAYO CLINIC зерттеу барысында анықтаған болатын. Демек, су болмаса, жер ғаламшары да, тіршілік көзіде жоқ деген сөз. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, 1973-1982 жылдар арасында 1500 су тасқыны болса, 1983-1992 жылдарда 3500-ге жеткені мәлім. Ал, 1993-2002 жылдардағы су тасқыны 6000-ға жеткен болатын. Оңтүстік-шығыс Азиядағы су тасқынының салдарынан 2004 жылы 220 мың адам із-түзсіз жоғалған болса, 2005-ші жылы қазан айындағы европадағы су көтерілуінен 200 мың адам қаза тапқан болатын. Соңғы 30 жылда табиғи су апатының кесірінен 4 млн. адам зардап шеккен болатын. Осыған ғылыми түсініктеме жасаған ғалымдар ортаның энергомәліметтік ластануына судың жауап қайтаруы деген болжам жасап отыр. Иә, тіршіліктің қайнар көзі судың да сұрауы бар деп ата-бабаларымыз бекер айтпағандай. Су- жақсы энергия ақпарат сақтау көздерінің бірі. Ол адамның бойындағы энергияны өзіне сіңіріп алатындығын ғалымдар дәлелдеп отыр. Барлық жануарлар мен өсімдіктер, жанды заттар сулардан тұрады: жануарлар - 75℅- ке, балық -75℅ -ке, картоп - 76℅ ке, медуза - 99℅-ке, алмалар - 85℅-ке, қызанақтар - 90℅-ке, қарбыздар - 96℅-ке тең. Адам организмі - 86℅ судан тұрады. Адам организміндегі су мөлшері әртүрлі көлемде болады: бауырда - 69% ке дейін, бұлшықеттерде -70℅ -ке дейін, бүйректе -82℅ ке дейін, мида -75 -℅ ке дейін су болады.
Достарыңызбен бөлісу: |