Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім



бет2/2
Дата25.02.2016
өлшемі0.58 Mb.
#24438
1   2

«Наурыз думан»

/мерекелік кеш сценарийі/
Мақсаты: білімділік — оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету; дамытушылық - оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей дамыта оқытып үйрету; тәрбиелік — мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, буклеттер, ұлттық аспаптар, ұлттық киімдер, қамшы.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Той кұтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
1-оқушы: Уа, жараңдар, жараңдар!

Бәрің бері қараңдар,

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштаскан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай Наурыздың

Жарапазан жыры бар.



2-оқушы: Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Елімнің дастарханына

Береке, ырыс сыйлашы.

Ата-бабам тойлаған

Наурызым армысың!



3-оқушы: Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырасып бәріміз.

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды!



4-оқушы: Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышта ел енді.

Наурыз келді, салтымыз

"Көгерсін" деп халқымыз

Көшеге тал егеді.



Күн: Сәулесі мол Күнмін.

Түн: Жұлдызы көп Түнмін.

Бірге: Бүгін біздер бірдей боп,

Теңелеміз біз бүгін.



Түн: Ал ертең күн ұзақ

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Бірге: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек, шырақ.



4-оқушы: Наурыз келсе — құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел болып қарсы алайық!

Ақ әже Наурыз шашуын шашады.

Наурыз: Жайнатамын бар гүлді,

Сайратамын бұлбұлды

Мейрам етіп бұл күнді.

Ән: "Наурыз думан ".

5-оқушы: Қош келіпсің, Наурыз!

Арман тойы халықтың,

Қуанышы халықтың

Құтты болсын қадамың!

Сені тойлап қарсы алып,

Бар әлемге жар салып,

Сәлем бердік біз сізге!

6-оқушы: Наурыз мейрам жүректерге нұр епкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығымен, шуағымен күн-ана

Алып келді жер бетіне гүл көктем.



7-оқушы: Қош келдің, Наурызым ардақты,

Халқым саған бар үмітті арнапты.

Жылда осылай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.



9-оқушы:

Жүріңіздер Наурызда басып аяқ,

Қалыс адам болмасын некен-саяқ.

Ән айтылсын,

Би биленсін қауым болып,

Уақыт болды тұрмайтын өнерді аяп.



Би биленеді.

10-оқушы: Халқымыздың аңыздары бойынша 21-наурыздын түнінде сағат 3-те даланы Қыдыр ата аралайды екен. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге кіргенде "Жалғыз шала сәуле болмас" деп қос шырақ жағылып қойылады. Ыдыс атаулыны "Ырысқа" деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды. Жыл бойы ырысымыз мол болсын деп тілейді.

Ортага Қыдыр ата келеді.

11-оқушы: Қыдыр ата ортамызға келіп тұр

Бізге ақ батасын, ақ, тілегін берейін деп.

Сәлем беріп, алақанымызды жайып,

Алайық атамыздың ақ, батасын.



Қыдыр ата: Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ак тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң, жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын!

Уайым-қайғы жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

Ән: "Қазағымның дәстүрлері-ай".

Ән аяқтала берген кезде есік қағып, өңі алау-далау алқынып бір бала кіреді. Басында кепеш, үстінде жамау-жасқаулы ескі шапан, аяғында қазақы шоқайма етік.

Тазша бала: Оу, амансыңдар ма, балалар, қадірменді аға, әпкелер?! Ұлыстарың оң болсын, қуаныштарың мол болсын!

12-оқушы: Айтсын. Рахмет тілегіңе. Бірақ сені танымай тұрмыз. "Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл" деген бар, құрдас. Атыңды айт.

Тазша бала: Айналайын-ай! Баяғыда Әйтеке би:

Әкемді сұрасаңыз — жетесіз, Шешемді сұрасаңыз — некесіз.

Туа салған бір баламын, Тегімді сұрап нетесіз? - деген екен. Сол айтқандай, түптеп келсек бәріне таныс Тазшаның дәл өзі боламын. Жас қусақ, сендердің аталарыңның аталары маған іні болып келеді. Халқымыз Наурызды тойлап жатыр деген соң тарих қойнауында шындап жата алмай жеткенім ғой бұл. Бай қалпымда келсем танымай қалар деп өзімнің сүйікті киімдерімді киіп шығып едім.

13-оқушы: Оу, Тазша бала, сұрауға рұқсат ет, жалғыз келемісіз?

Тазша бала: Қайдан жалғыз шығайын. Халқыма асыққан жалғыз мен ғана емес екенмін. Асаларына таянып үш абыз емпендеп келе жатыр еді артымнан, ендігі табалдырыққа жеткен шығар.

Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би есікті ашып кіріп келеді.

14-оқушы: Уа, халайық! Өздеріңізбен жүздесуге ақ баталарын беріп, өнегелі өсиеттерін айту үшін XVIII ғасырда ел басына күн туып, етігімен су кешкен заманда халықтың бірлігі мен тұтастығына ерен еңбек сіңіріп, түнектен шығар жол нұсқап, көшбасшы болған әз бабаларымыз тауып айтқан Төле би, қазып айтқан Қазыбек би, әділ айтқан Әйтеке би келіп тұр. Бабаларымыздан ұрпақтарына ғибрат боларлықтай бірер ауыз өсиет сұрайық.

Төле би: Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім.

Атың жақсы болса -

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса -

Жан мен тәннің шырағы...

Қазыбек би: Тату болса - ағайын жақын,

Ақылшы болса - апайың жақын,

Бауырмал болса — інің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын

Қимас жақын — қарындасың.

Әйтеке би: Ашу бар жерде акыл тұрмайды.

Ашу деген — ағын су,

Алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген — дария,

Алдын тоссаң тоқырар.

Кісі бірге туыспау керек,

Туысқан соң сөз қуыспау керек.

Сөз қуған пәлеге жолығады,



Жол қуған олжаға жолығады.
Ән: "Атамекен".
15-оқушы: Ата салтын бабамның

Алып келді Ұлыс күн.

Бір анадан туғандай,

Бір ұядан ұшқандай

Бір аспанның астында

Береке-бірлік болсын деп,

Көп көжеден дәм татып,

Күшейтейік бірлікті



16-оқушы: Арпа, бидай, тары бар,

Қатық, малта, ағы бар.

Ішілетін, жейтіннің

Бұл көжеде бәрі бар.



17-оқушы: Наурыз тойың әдемі

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді.

Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды.

Бидай, күріш, тары бар,

Ащы құрты тағы бар.

Көже - елдің ырзығы,

Бұл көжеде бәрі бар.



18-оқушы: Наурыз тойы - береке,

Наурыз тойы - жыр-аңыз.

Қызып дулы мереке,

Қызық думан құрамыз.

Наурыз - шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жастарымыз,

Би биледік бәріміз.

Егін өңін толқытқан,

Елдің көңілін шалқытқан,

Бас иеміз саған, Наурыз!
Ақ әже: Оу, аталар, аналар!

Айналайын балалар!

Жеп-ішсін деп тамсанып,

Жеті түрлі дәм салып,

Наурыз көже пісірдім.

Құйдым алтын табаққа,

Бал көжеден татыңдар,

Бар қызыққа батыңдар.

Көктем-Наурыз шағында,

Құмар болып ойынға,

Іске үлес қоспаған

Ішер бір-ақ тостаған.

Еңбекшілге талапты

Қоямын қос табақты.

Көжеге жас-кәріңді,

Шақырамын бәріңді!


Мұғалім: Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын.

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бакытты болсын,

Еліміздің несібесі көп болсын!

Қош, сау болыңыздар, халайық,

Көріскенше күн жарық болсын!
Көже ішіліп болган соң қонақтар арасындагы бір үлкен

кісіден бата сұралады.

Ән: "Қазақы дастарханым ".


«Қош келдің, Наурыз!»

/Тәрбие сағатының сценарийі/
Мақсаты: Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамнын байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу.



Кіріспе сөз.

Мұғалім: Құрметті оқушылар, қонақтар, бүгінгі "Қош келдің, Наурыз!" атты тәрбие сағатын мерекелеріңіз құтты болсын деп бастай отырып, сөз кезегін оқушыларға берейік.

Наурыз мейрамы жайлы қысқаша мағлұмат береді.

1-оқушы: Наурыз тойы

Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді "Ұлыстың ұлы күні" деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің "нау" жаңа, "руз" күн деген сөздерінің қалыптасып жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде "Наурыз" сөзі біріншіден жыл басына байланысты, думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған. Құрметті ұстаздар, ата-аналар, сыныптастар, сіздерді Ұлыстың ұлы күні "Наурыз" мерекесімен құттықтаймыз.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Ұлыс береке берсін,

Пәле-жала жерге енсін, - дей келе кешімізді бастаймыз.



1-жүргізуші: Құрметті конақтар, сіздер бүгінгі Наурыз тойына арналған мерекеге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, оқушылар, келіп отырған қадірлі қонақтар, сіздерді келіп жеткен көктем мейрамы 22-наурыз күнімен құттықтаймыз.

Сіздерге шаттық тілей отырып бүгінгі мерекелерімізді ашық деп жариялаймыз.

Тойла бүгін,тауларым мен боздалам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жыл боп жаңа келді тағы Ордама!


1-жүргізуші: Ал халайық, тұрмайық,

Әндетейік, жырлайық!

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық.
2-оқушы: Ұлыстың ұлы күнінде

Бай шығады балбырап

Қасында жас жеткіншек,

Тұлымшағы салбырап.

Бәйбіше шығар балпиып,

Күндігі баста қалқиып.

Келіншек шығар керіліп,

Шашбаулары төгіліп.


3-оқушы: Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдеп.

Көк шөбі шығып желпілдеп,

Дүние біткен күлімдеп.


2-жүргізуші: Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

"Сақтай гөр" деп терістен,

"Кел,таза бақ, кел!" десіп,

"Ием, тілек бер!" десіп,

Шалдар бата береді.


1-жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Аңыз бен ертегідей бізге жеткен,

Құрметті әншілерді қарсы алайық!
2-жүргізуші: Түйе сеніп бойына,

Қалған ұмыт жылдардан.

Жатпа қарап мойыма,

Тайма именіп ділмардан.



Ән: "Домбырасыз ән қайда? ".

1-жүргізуші: Қош келдің,

Тышқан жылы, төрлет.

Наурыз елімнің бақ-береке, ырыс мейрамы.

Жаңа жыл есігімізден жақсылық болып енсін!

Қадамыңа нұр жаусын, Тышқан жылы.
4-оқушы: Құт-береке кетпесін

Диқаншы мен малшыдан.

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі бақи жаппасын.

Пәле-жала қазақты

Іздесе де таппасын.

Күн мен айға әлемнің

Берем ыстық сәлемін.

Қарттарыма сүйініп,

Сәлем берем иіліп.

Құтты болсын тойларын.

5-оқушы: Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.

Жайнатамын бар гүлді,

Сайратамын бұлбұлды.

Төгілтіп ән-жырымды,

Мейрам етем бұл күнді.

Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ, өзің үйімде.

Қуаныш сыйлар еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде.

Өнерлі, өршіл өренді

Халық жақсы көреді.

Мың бұралған бишіге

Енді көзек берілді.


2-жүргізуші: Наурыз тойы - салтымыз,

Аман болсын халқымыз.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Наурыз - шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салайык жас-кәріміз,

Би билейік бәріміз.


Би биленіп, ән орындалады.
1-жүргізуші: Қыс етіп қар кетті,

Жырлайық жаз кетті.

Мейрамы ежелден,

Құтты болсын бұл Наурыз.

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар.


1-жүргізуші: Ашық болсын қас-қабақ,

Таспен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та

Бүгін терде бас қонақ.

Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Наурыз тойы — береке,

Наурыз тойы — жыр-аңыз.

Қызық думан — мереке,

Қызық думан құрамыз.


Ән қосылсын әніне,

Сән косылсын сәніңе.

Ырысты боп жаңа жыл,

Бақ дарысын бәріңе.

Наурыз — шаттық, әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас-кәріміз,

Би билейік бәріміз.


Көк Наурыз, көктем Наурыз, есіл Наурыз,

Мейрам боп келдің екен көсіл Наурыз.

Ақ үйді қуанышқа толтырып бір

Ән айткан бозбалаға қосылды-ау қыз.



2-жүргізуші:

1. Он ата дегеніміз не?

2. Үш мақсатты қалай түсінесіңдер?

3. Үш арсыз.

4. Қонақтың түрі.

5. Бес байлық.

6. Қандай жұмбақтар білесіңдер?
Би биленеді.
2-жүргізуші: Береке, бірлік болсын деп,

Би билейік жаңаша.

Күшейтіп бірлік, білімді,

Ән айтайық тамаша.

Салт-дәстүрмен жарасса,

Қайта құрып жаңаша,

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша.


6-оқушы: Сүт Наурыз, айран Наурыз, сайран Наурыз,

Коңыржай қарт көңілді қайран Наурыз.

Сән берген кең өлкеме өзің ғана,

Әр келген қадамыңды мейрамдармыз.

Құт Наурыз, кұда Наурыз, ана Наурыз,

Сен балғын, біз сенен балалаумыз.

Әр үйден көже ішеді, о, қызық-ай,

Дәу ана, дәу балалар және дәу қыз.


Он ата

І.Әке 6. Немене

2. Бала 7. Туажат
3. Немере 8. Жегжат

4. Шөбере 9. Жұрағат

5. Шөпшек 10. Жамағат

Үш мақсат

Жол мақсаты - жету.

Дау мақсаты - біту.

Сауда мақсаты — ұту.


Қазақтың қолкүрес ойыны ойналады.

Үш арсыз

Ұйқы арсыз.

Күлкі арсыз.

Тамақ арсыз.


Қонақ түрі

Арнайы қонақ.

Құдайы қонақ,

Қыдырма қонақ.

Қылғыма қонақ.
Бес байлық

Әуелгі байлық — денсаулық.

Екінші байлық- еркіндік.

Үшінші байлық - тіл байлық,

Төртінші байлық - қайрат-күш, ақ жаулық,

Бесінші байлық,— балаңыз.



«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

/Наурыз мерекесі туралы мақалалар тізімі/
Абдулло С. Наурыз туралы бірер сөз. //Қазақ әдебиеті.-2006.-24-наурыз.-б.10-11.

Абдулло Сафар. Слово о Наврузе. //Мир Евразии.-2006.-№3.-с.

Абилдаева, Т.Қош келдің, Наурыз!/Т.Абилдаева. //Сыныптағы тәрбие.-2009.-№3 .-Б.29.
Авалиони В. День начала всего:Наурыз. //НП Life .-2005.-18 марта
Ағабайұлы Ш. Наурызды шығу тарихы. //Қазақ әдебиетi.

-1997.-18 наурыз


Ақтаев С. Ұлыстың ұлы күні. //Ақиқат.-2006.-№3 .-б. 11-13.

Ақхожин Н. Наурыз көже-Сүмелек:қарақалпақ тiлiнде,

қаз-қалпында. //Түркiстан.-2003.-20 наурыз.
Ақылбайұлы Ж. Наурыз:өлең //Қазақстан мектебi .-2002.-№3.-12б.

Алдамжар, Б. Уақыт өлшемі:календарьдың хикаясы. //Ақиқат

.-2008.-№3.-б.41.

Алексеева А.В. Юрта "Наурыз"(3класс). //Начальная школа Казахстана.-2005.-№7.-с61.


Аманжол Н. Әз Наурыз, елге нұр жауғыз!. //Дала мен қала.-2006.-17-наурыз.-б.6-7.

Амантаева, К. Наурыз - жыл басы/К.Амантаева. //Қазақстан мектебі.-2009.-№3.-Б. 11.


Арасанбай Е. Наурыз тойы. //Бала тәрбиесі .-2007 .-№3.-б.22.

Асқар, О. Наурыз нақыштары:өлеңдер. //Әдебиет айдыны.-2008.-20 наурыз.-б.6.


Ахмадиев Ж. Наурыздың өз батасы бар // Қазақ әдебиеті. 1996. №12.
Ахметова Р. Жыл басы-Наурыз:Тәрбие сағаты. //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.-2004.-№2.-2-3б.
Ахметова З. Ұлыс күнгi ұлағат //Денсаулық.-1998.-№3.-13,23б.

Аяғанова, Г. Наурыз - жыл басы. //Тәрбие жұмысы мектепте және мектептен тыс мекемелерде.-2008.-№3.-б.13.

Әбуова Г. Ұлттық салт-дәстүрлер мен Наурыз мерекесі//Ұлағат.-2006.-№1.-б.28-32.

Әлсеитова А. Қош келдің, Наурыз!:1-5 сыныптарға арналған

Наурыз мейрамының сценарийі. //Мектептегі сыныптан тыс

жұмыстар.-2005.-№ 2.-25б.


Әмiрханов О. Наурыздың төрт қасиетi. //Орал өңiрi.-1999.-20 наурыз
Әуезов М. Сыршылдық салт-өлеңдер // Әуезов М. Шығармалар жинағы. Алматы, 1978. 16-том.
Базаралиева С. Ұлыстың ұлы күні. //Тәрбие жұмысы .-2007

.-№1.-б.17.

Базарбаева М. Наурызға қатысты ойлар//Ұлағат .-2002.-№2.-7-9б.

Базиева Н. Наурыз -думан. //Қазақ тілі.-2006.-№2.-б.16.

Байғұт М. Артыңда тал да қалсын, мал да қалсын. //Егемен Қазақстан.-2005.-20 наурыз.
Байжан, К. Наурыз ауылындағы Наурыз. //Егемен Қазақстан.-2009.-18 наурыз.- Б.1.
Байқадамова К. Қазақтың әдет-ғұрып, тұрмыс салт әндерi: Оқу құралы.-А.:Республикалық Баспа кабинетi, 2001.-298б.

Байсұлтанқызы Г. Наурыз - ұлыстың ұлы күні. //Ұлағат

.-2005.-№4.-б.42-44.

Байтұрсынұлы А. Наурыз // Қош келдің Наурыз Алматы, 1993.


Байтеміров, Ш. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!. //Жайық үні.-2008.-20 наурыз.-б.4-5
Бакирбаева, Э. Наурыз - думан. //Тәрбие жұмысы мектепте және мектептен тыс мекемелерде.-2007.-№4.- б. 11.

Бақтыгереева А. Вернулся в край родной мой Наурыз: стихотворение. //Приуралье.-2004.-20 марта.


Батманова Н. Наурыз мерекесі. //Қазақ батырлары .-2005.-наурыз

Бәмiшұлы Б. Тiлеу көже: Моңғолия қазақтарының Наурыз

мерекесiнде. //Түркiстан.-2003.-20 наурыз.
Бекмурзина Г. Наурыз мейрамы. //Сынып жетекшісі .-2006.-№2.-б.22-24.

Бердімұратқызы М. Қош келдің, Әз Наурыз!. //Сыныптағы

тәрбие.-2006.-№2.-б.23-25.

Благословенный древний праздник. //Страна и мир .-2006.-24 марта.-с. 1,16.

Бөкей М. Наурыз келдi:өлең. //Қазақ елi.-1998.-6 наурыз.

Даулеталиева Б. "Сырлы жеңге, сұлу қыз" сайысы. //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.-2006.-№8.-б.42.


Дәстүрлі жыл басы:Наурыз мейрамын қалай тойлап жүрміз? //Нұр Астана.-2008.-19 наурыз.-б.1.

Древний и современный Наурыз. //Женщины. Восток-Запад.-2001.-№4.-C.28-29.

Дулатов Мiржақып. Наурыз:өлең. //Дала.-2001.-№3.-2б.
Дулатов М. Қош келдің, Наурыз!. //Қазақ әдебиеті .-2006.-

17-23-наурыз.-б.1.

Дулатов М. Қош келдің, Наурыз // Дулатов М. Шығармалары.

Алматы, 1991.

Дулятова, Л. Наурыз тойы:22 наурыз мерекесіне арналған сценарийлер. //Тәрбие жұмысы. Мектепте және мектептен

тыс мекемелерде.-2008.-№4.-б.22,24,25.


Дуйсенова, А. Қош келдің, Наурыз!. //Тәрбие жұмысы.-2009.-№5. - Б.32.

Енисеева Л. Шесть Наурызов Тянь-Шаня. //Аргументы и

Факты.-2002.-№12.-март.-С.4.

Ерғали, С. Наурыз мейрамының мәні неде? //Алтын орда

.-2008.-28 ақпан.-б.26.

Ерғали, С. Наурыздың ырымдары мен рәсімдері. //Жалын

.-2008.-№3.-б.85.
Есжанова, Г. Наурыз думан/Г.Есжанова. //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.-2009.-№1.-Б.32.
Ешеева, Р. Наурыз - аламшарлық құбылыс. //Алтын орда

.-2008.-20-26 наурыз.-б.6.


Дулятова, Л. Наурыз тойы:22 наурыз мерекесіне арналған сценарийлер. //Тәрбие жұмысы. Мектепте және мектептен тыс мекемелерде.-2008 .-№4.-б.22-25.

Жақанова С. Ұлыстың ұлы күні. //Мектептегі сыныптан

тыс жұмыстар.-2006.-№3.-б.4-7.

Жамалиева, Г. Наурыз мейрамы/Г.Жамалиева. //Республика ұстаздары.-2009.-№17-18.-Б.4.

Жанаева Ш. Наурызнама. //Қазақстан мектебі .-2002 .-№3.-64
Жанжігітова Е. Төрлет, Наурыз!//Ауыл мектебі .-2006 .-№1.

Жанымханова К. Ата салтым-ардақтым //Ұлағат.-2002 .-№2.-3-


Жошиева Ж. Ұлыстың ұлы мерекесі.// Тәрбие жұмысы. Мектепте

және мектептен тыс мекемелерде.-2006.-№2.б.11-13.


Жүнісбекова А. Наурыз мерекесі құтты болсын!. //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.-2007.-№2.-б.15.
Жүнiсұлы А. Наурызды кейбiр кездерi: дайындык, тәрбиелiлiгi, ойын-сауық. //Ақиқат.-1998.-№3.-65-66б.

Жүнісова А. Наурыз - жыл басы!. //Мектептегі сыныптан

тыс жұмыстар.-2007.-№3.-б.2.

Жүсіпбекова, Б. Наурызым жаңа күнім. //Отбасы және

балабақша.-2008.-№2.-б.11.
Жұмаева, Б. "Қош келдің, Наурыз!" //Қазақ тілі мен

әдебиеті орыс мектебінде.-2007.-№12.-б.100.


Жұмағұлова, М. Бақ-берекем, құт-мерекем - әз Наурыз /М. Жұмағұлова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар .-2009.-№3.-Б.21.

Закен Т. Наурыз- думан. //Қазақ тілі мен әдебиеті орыс

мектебінде.-2005.-№ 3 .-54б.

Здравствуй, здравствуй, Наурыз!:Малыши встречают праздник. //Начальная школа Казахстана.-2002.-№3.-С.7-12.

Зияданова Н. Наурызым - мерекем, наурызым – берекем //

Тәрбие құралы.-2007.-№2.-б.34.

Ибраева Ж. Тәрбие бастауы - бесік.//Сынып жетекшісі.-2005.-№4.-б.24-25.

Иночкин Н. Наурыз:из прошлого-в будущее. //Приуралье

.-2001.-22 марта.-С.3.

Ихсан, А. Наурызнама. //Қазақ әдебиеті.-2008.-21 наурыз.-б.3.


Канкенова И. Наурыз:время единства, любви и обновления.

//Казахстанская правда.-2004.-20 марта.


Карпык О.И. Здравствуй, Наурыз. //Специалист .-1999 .-№7.
Кенжеғұлова С. Наурыз - тарих. //Бала тәрбиесі .-2007.-№3.-б.17.
Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері.-Алматы,

Алматыкітап, 2004.-284 б.


Кенжеахметұлы С. Ұлың - оңға, қызың - қырға қонсын!:

Наурыз мерекесі. //Қазақ әдебиеті.-2007.-23 наурыз-б.7.

Кенжехан, Д. Қош келдің, Наурыз!. //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.-2008.-№2.-б.20.
Кокшина Н. Мерекенің мың қыры мен бір сыры. //Тәрбие

құралы.-2006.-№1.-б.7-8.


Көктемнiң әр күнi мереке:Наурыз тойы //Орал өңiрi.-2002.-22 наурыз (суреттер).
Курмангалиева Л. Как наурыз на весне женился. //Внеклассная работа в школе.-2006.-№10.-с38.
Кусаинова Р.Х. Наурыз-начало нового года. //Воспитательная работа в школе и внешкольных учреждениях .-2004.-№1.-C.4-6
Қазақбаева, Б. Наурыз - думан!. //Тәрбие жұмысы .-2008.-№1.-б.23.
Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1 том: біртұтастығы мен ерекшелігі/Құраст.С.Әжіғали.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2005.-328 б.
Қайран Ғ. Ұлыстың ұлы күні -Наурыз:Сахналық сауық-кештің жалпы жобасы. //Қазақ тарихы.-2005.-№ 1.-120б.

Қапалбекұлы Н. Аталар мен баталар. //Қазақстан батырлары.-2006.-желтоқсан.-б. 7.

Қарашев, Н. Аққу - арулар:өлең. //Жалын.-2007.-№3.- б. 10-11.

Қазыбек Н. Наурыз көже қалай жасалады. //Қазақстан әйелдерi.-1996.-№3.-20б.


Қайырбеков Ғ. Жылашар:өлең. //Парасат.-2001.-№3.-мұқаб.2-б.
Қожа Әли Термизи. Наурызнама // Қазақ әдебиеті.- 1996. №12.
Қоңырбаева С. Наурыз мейрамының танымдық ерекшеліктері.

//Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика.-2007.-№1 .-б.78.


Құттыбаев К. Жаңа жылды кiм, қашан қалай қарсы алған.

//Қазақстан сарбазы.-1999.-19 наурыз.


Құсайынұлы Н. Дәмді көже, қызыл бауыр бауырсақ: Наурыз

туралы. //Орал өңірі.-2006.-22 наурыз.-б.5.


Қыстауова З. Ұлыстың ұлы күні:Тәрбие сағаты. //Қазақстан мұғалімі.-2005. - 15 наурыз.

Лаврушенко О.В. Наурыз мейрамы. //История Казахстана: преподавание в школах и вузах.-2003.-№3.

Мамышева Д. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!. //Мектептегі

сыныптан тыс жұмыстар.-2006.-№3.-б.2-3.

Маханбетова Ж. Наурыз айы туғанда. // Мектептегі сыныптан

тыс жұмыстар.-2007.-№2.-б.13.

Махин В. Праздник весны и возрождения. //Казахст.правда

.-2006.-24 марта.-с. 1.

Мәженова М. Армысың, Наурыз: сценарий //Қазақ тарихы

.-1997.-№2.-76 б.


Михайлова М. Праздник из глубины веков. //Казахстанская правда.-2005.-20 марта.
Молданқызы Г. Ұлы күн. //Қазақ тілі мен әдебиеті орыс

мектебінде.-2006.-№2.-б.92-94.

Момынқызы Р. Мағжан мектебіндегі Наурыз мейрамы. //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.-2007.-№2.-б.10.

Муканова А. Звенит домбра, поет кобыз-страна встречает

Наурыз. //Казахст.правда.-2006.-22 марта.-с1.
Мукатаев В. С праздником надежды вас,дорогие уральцы!:

Наурыз. //Пульс.-2001.-21 марта.-С.1.


Мукашева, Г. Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі/Г.Мукашева. //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.-2009.-№3.-Б.17.
Мусаев К. Праздник казахского народа Наурыз. //Воспитательная работа в школе и внешкольных учрежден.-2007.-№2.-с.4-6.
Мухамбедьярова А. Праздник весны и единства!. //Юридическая газета.-2005.-18марта.-с. 1.
Мүбәракова, С. Келді Наурыз даладай кеңдігімен. //Сыныптағы тәрбие.-2008.-№1.-б.32.
Мүрсәлім Б. Наурыз // Парасат.-2002. №3.

Мұқанова Н. Наурыз. //Сыныптағы тәрбие.-2006.-№2.-б.26-28.


Мұштайұлы Т. Қазақ елі наурызды қалай қарсы алған?//Қазақ

әдебиеті.-2006.-17-23-наурыз.-б.3.

Нажимова, С. Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?//

Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.-2008.-№2.-б.23.

Наридолдина Г. Наурызым - әз наз гүлім! //Мектептегі

сыныптан тыс жұмыстар.-2007.-№3.-б.7.


Наурыз-барша жыл басының ұлылығы: Этнограф Ж. Бабақұлы осылай деп тvйiндейдi. //Түркiстан.-2003.-20 наурыз.
Наурыз дәстүрлері. //Қазақстан тарихы әдістемелік журнал

.-2005.-№ 3.-77б.

Наурыз дәстүрлері. //Бала тәрбиесі.-2005.-№ 2.-23б.
Наурыз: жаңғырған салт-дәстүрлер / Құраст. М.Қазыбеков.

Алматы:Қазақстан, 1991.-256 б.


Наурыз- көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мейрам. //Егемен Қазақстан.-2005.-24 наурыз.
Наурыз мейрамы:Алаштың арыстары наурыз туралы не дейдi:М..Дулатов,С.Дөнентаев,А.Байтұрсынұлы,Ш.Құдайбердiұлы. //Егемен Қазақстан.-1999.-20 наурыз.
Наурыз мерекесіне арналған бет. //Дала мен қала .-2007.-

22 наурыз-б.8-9.


Наурыз - праздник единства и гармонии мира. //Страна и мир.-2005.-18 марта.
"Наурыз"-праздник весны!. //Экокурьер .-2007 .-16 марта-1 апр.-с2.

Наурыз туралы әндер: нотасымен көрсетілген.//Отбасы және балабақша.-2007.-№2.-б.13.

Наурыз туралы не бiлемiз?. //Қазақ елi.-1998 .-20-26 наурыз.
Негимов, С. Ұлыстың ұлы күні. //Астана.-2008.-№1.-б.34.

Новруз байрамы в Туркменистане. //Казахст правда .-2005.-20 марта.- с.3.

Нового дня рождения. //Казахстанская правда.-2001.-22 марта.

Нурпеисова Г. Древний мир в одежде новой. //Казахстанская правда.-2002.-22 марта.

Нурбаева, Г. Наурыз-Шашу-Думан/Г.Нурбаева. //Сыныптағы тәрбие.-2009.-№1 .-Б. 32.
Обычаи и обряды казахов в прошлом и настоящем: қазактың әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрлеpi өткендегici және бүгiнi. Мақалалар жинағы.-А.:Ғылым, 2001.-428с.
Ораз Н. Наурыз шашуы:өлең. //Сарыарқа.-1998.-№2.-3б.
Ордаханова, К. Наурыз-ұлыстың ұлы күні/К. Ордаханова.//Қазақстан мектебі.-2009.-№2.-Б.45.
Өмірзақова, Ш. Қош келдің, Әз-Наурыз!/Ш.Өмірзақова. //Оқыту-тәрбиелеу теориясы .-2009.-№2.-Б. 55.
Өмірзақов Т.М., Ислямов О.Е. Наурыз // Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері: өткендегісі және бүгіні. Мақалалар жинағы. Алматы, 2001.

Өтеулин М. Құтты болсын, мерекең!: Өлең //Еділ-Жайық.-2002.-15 наурыз.

Праздник Наурыз. //Начальная школа Казахстана.-2002.-№3 .

Пусть праздник войдет в каждый дом! //Приуралье .-2006.-21 марта.-с. 3.

Рахатова, Л. Жыл басы - Наурыз/Л.Рахатова. //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.-2009.-№2.-Б.15.
Сабитқызы А. Наурызға тiлек:Өлең. //Еділ-Жайық.-2002.-15 наурыз.

Сайбулатова, С. Армысың, Наурыз!. //Мектепалды даярлық

.-2008.-№4.-б.3.
Салимова, К. "Келді көктем, туған өлкем! ":Наурыз мерекесіне арналған тәрбиелік сағат. //Сыныптағы тәрбие.-2009.-№2.-Б.3.

Сандыбаева К. Наурыз- жыл басы:тәрбие сағаты. //Тәрбие

жұмысы мектепте және мектептен тыс мекемелерде.-2005.-№1.-26 б.

Сапарбаева, Р. Наурыз - береке бастауы:мерекелік кеш

үлгісі.//Қазақ тілі мен әдебиеті.-2008.-№3.-б.113.

Сатыбалдиева Г. Қош келдің, Наурыз!. //Тәрбие жұмысы.

Мектепте және мектептен тыс мекемелерде.-2006.-№2.б.15-.
Сейітжанова Қ. Наурыз тойы. //Қазақстан мектебі .-2006.-№3.-б.47-48.

Сембаева Г. НАУРЫЗ-2007. //Воспитательная работа в школе и внешкольных учрежден.-2007.-№1.-с.27-31.

Сембаева Г. Наурыз - 2004: сценарий проведения праздника. //Учитель Республики.-2004.-№5-6.
Серiкалиева С. Наурыз көженiң емдiк қасиетi. //Жас алаш.-1998.-21 наурыз.

Слямова, А. Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!. //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.-2008.-№3.-б.39.


Ступакова, Т. "Қош келдің, Наурыз!". "Здравствуй, Наурыз! "

/Т.Ступакова, Р.Турлубаева. //Внеклассная работа в школе.-2008.-№2.- С.56.

Сұлтанғалиева М. Наурыз-думан:Сабақ // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.-2004.-№ 4.-23б.

Табылды Ә. Наурыз-той:Сценарий. //Бастауыш мектеп.-2001.-№ 3.-42б.


Тасболатова К. Наурызға - ұлттық нақыш! //Түркістан.-2006.-21-наурыз.-б.1.

Текебаева Ш. Жыр-шашу:өлең. //Еділ Жайық.-2002 .-22 наурыз

Тимошинов В.И. Культурология:Казахстан-Евразия- Восток-Запад.-Учеб.пособ.-А., 2001.-400с.
Тимошинов В.И. Культурология:Казахстан-Евразия-Восток-Запад:Учеб.пособ.: сост., анализ.-Учеб.пособ.-А. :Нус, 2003.-400с.
Тоқтабай А. Наурыз. //Егемен Қазақстан.-2005.-20 наурыз.
Толыбаев Қ. Наурыз-шыр айналған жылдың басы. //Заман-Қазақстан.-2002.-22 наурыз.

Төліпбаева, Г. Қош келдің, Наурыз! //Тәрбие жұмысы

.-2008.-№1.-б.21.

148. Тұрсынбекова Г. ХХ ғасыр көшбасшысы: (Наурыз мерекесіне арналған). //Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.-2006.-№2.


Тілекқабылұлы, Е. Әз наурыз - әр елде. //Алтын орда.-2008.-20-26 наурыз.-б.32.
Уайсова А. Ұлыстың ұлы күні. //Жалын.-2006.-№3 .-б. 50-51.

Усенова, Г. Наурыз мейрамы құтты болсын! /Г. Усенова. //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.-2009.-№2.-Б.18.


Ұлыстың ұлы күні. //Қазақстан тарихы әдістемелік журнал .-2005.-№2.-71 б.
Чиющалинова Н. Қош келдің, Наурыз! //Бала тәрбиесі

.-2005.-№ 2.-24б.

Шалғынбаева, Қ. Қош келдің, әз-Наурыз!. //Оқыту-тәрбиелеу технологиясы.-2008.-№-1.-б.29.

Шарахымбай, Б. Наурыз мерекесінің мәні қайткенде айқындала түседі?. //Әдебиет айдыны.-2008.-20 наурыз.-б.3.


Шәкәрім. Наурыз // Қош келдің, Наурыз! Алматы, 1993.
Ысқақов М. Қош келдің, Наурыз!. //Ақиқат.-2007.-№3-б.4-8.
Ысқақова С. Наурыз мейрамы. //Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.-2006.-№3.-б.39-41.

Ілдебаев Т. Ұлыстың ұлы күні- Наурыз:немесе ежелгі де жаңа мереке туралы не білеміз?. //Астана хабары .-2005.-15 наурыз.



МАЗМҰНЫ

«22-наурыз-Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы» .......................

«Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?» ..................................

«Қош келдің, Наурыз!», «Наурыз - думан» атты наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шаралардың сценарийлері ..............................
«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»: Наурыз мерекесі туралы кітаптар, мақалалар алфавиттік тізімі ..................................................

Редакторы:

Таушева Г.З. – Ғылыми кітапхана директоры

Құрастырған:

Ермекқалиева Н.А. – Ақпараттық-библиографиялық және кітапханааралық кітап алмасу бөлімінің меңгерушісі

Көлемі. Таралымы 5 дана. Офсет қағазы.

Тапсырыс №3. Бағасы келісім бойынша.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің баспа орталығы



Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 34. тел.: 50-76-52



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет