Ғылыми тәжірибелік конференция



Дата27.06.2016
өлшемі21.46 Kb.
#162102
Л.Н.Гумилев атындағы

Eуразия ұлттық университетінің

баспасөз-қызметі

Қазақстан Республикасы

Астана қ.Мирзоян көш. 2
тел: 8 (7172) 70-95-48)

ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ ҮШІН КҮРЕСКЕН

ҚАҺАРМАН ТҰЛҒА – ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ»

ҒЫЛЫМИ – ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
2013 жылғы 20 маусым күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ халқының белгілі қайраткері, жырау, батыр және қолбасшы Қожаберген Толыбайұлының (1663-1763 жж.) 350-жылдық мерейтойына арналған «Ел тұтастығы үшін күрескен қаһарман тұлға – Қожаберген жырау» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы орталық кеңесі мен «Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау»  халықаралық қайырымдылық қорының мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр.

Осынау басқосуға белгілі қоғам және мемлекеттік қайраткерлер, ақындар мен жазушылар, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, белгілі ғалымдар, студенттік жастар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, әскерилер мен республикамыздың ардагерлер ұйымдары қатысады.

Ғылыми форумның мақсаты: XVII - XVIII ғасыр аралығындағы қазақ қоғамы өміріндегі Қожаберген Толабайұлының орны мен рөлін анықтау, «Қазақстан-2050» стратегиясындағы «Жаңа Қазақстандық патриотизмді» қалыптастыру бойынша Қазақстан азаматтары арасындағы патриоттық тәрбиені арттыру мақсатында жыраудың шығармашылық мұрасын насихаттау және дәріптеу.



Айта кетерлік жайт, Қожаберген Толыбайұлының 350-жылдық мерейтойына арналған іс-шара 21 маусым күні Петропавл қаласында жалғасын таппақ. Еліміздің және Моңғол Халық Республикасының, Қытай Халық Республикасының және Ресей Федерациясының атақты және жас ақындары халықаралық мүшәйрада бақ сынаспақ. Ал 22 маусым күні қолбасшы, батыр және жырау жерленген Солтүстік-Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Гүлтөбе жерінде ас беріліп, құран сүресі оқылып, гүл шоқтарын қою жоспарлануда.

Ұйымдастырушылар:

ҚР БҒМ,

ҚР МАМ,

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,

ҚР Ардагерлер ұйымы орталық кеңесі мен «Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау»  халықаралық қайырымдылық қоры.

Өткізу күні:

2013 жыл 20 маусым сағ.10-00

Өткізу орны:

Мирзояна 2,

Л.Н. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ,

Бас әкімшілік ғимараты, Тұңғыш Президенті аудиториясы (208).

Байланыс телефондары: 709-548, 70-95-00 (31-118, 31-116),
+7-701-742-88-24, asel.sarsenbinova@mail.ru, Ә.Сарсенбинова,


+7 – 702- 363-60-05, lyaka-tompi@mail.ru, Л.Рахманова,

+7-701-366-35-99, zann_e22@mail.ru, Е.Садуақасова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет