Ғылыми зерттеулердің жіктелуі. Іргелі ғылыми зерттеулер. Қолданбалы ғылыми зерттеулерге анықтама беріп, талдаңыз


Жоғары оқу орындарында ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру



бет3/4
Дата20.05.2024
өлшемі1.15 Mb.
#501588
1   2   3   4
ғылыми билеттер (копия) (1)

Жоғары оқу орындарында ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру 
Ғылыми-зерттеу мекемелерін басқаруды ұйымдастыру деңгейі олардың жұмысының тиімділігінің дәрежесіне байланысты. Мысалы, Америкалық ғалымдардың пікірінше, ғылымды ұйымдастыруды жақсарту арқылы ғана ғалымдардың еңбек өнімділігін қосымша капиталдық салымсыз ақ 30-40 пайызға арттыруға болады. Әр түрлі типтегі ғылыми мекемелерді басқаруды ұйымдастыру жүйесі жалғыз болмаса да, ортақ болып келетін мәселелері көп. Егер, академиялық зерттеу ұйымдары жүйесінде фундаментальді мәселелерді әзірлейтін ғылыми-зерттеу институттары жетекші болып табылса, онда жобалық, технологиялық, эксперименттік және басқа да білім беру ұйымдары оған бағынышты болып келеді.
Ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларын басқару мақсаты төмендегідей: 
- ең өзекті тақырыпты таңдау
- бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану; 
- еңбекті ұтымды ұйымдастыру және ең аз шығындар негізінде ең жоғары нәтижелерге қол жеткізу; 
- ұжымда салауатты моральдық-психологиялық климат, шығармашылық және қайырымдылық атмосферасын құру.
Ғылыми-зерттеу институттарын басқару 
Әрбір ғылыми-зерттеу мекемесін директор басқарады, ол мекеменің жұмысын басқаруды және өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырады. 
Ғылыми-зерттеу мекемесінің директоры мекеменің жұмысына қолданыстағы заңнаманың негізінде және осы мекеменің Жарғысына және жоғары тұрған басқару органдарының актілеріне жеке-дара басшылық етеді. Ол ғылыми-зерттеу мекемесінің Жарғысына сәйкес берілген барлық құқықтарды пайдаланады және барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар мен ұйымдарда ғылыми мекеменің атынан сөйлейді. Директор мекеменің барлық жұмысын ұйымдастырады және оның жағдайы мен қызметі үшін толық жауап береді. Ғылыми-зерттеу мекемесінің директоры қызметінің заңды нысаны ол өзі қол қоятын бұйрықтар болып табылады. Жарғы бойынша ғылыми-зерттеу мекемелері басшыларының қатарына директордан басқа директордың орынбасарлары мен ғылыми хатшысы кіреді. 
Директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарлары институт директоры белгілеген міндеттерді бөлуіне сәйкес: 
- институттың бірқатар бөлімдерінің, секторларының (зертханаларының), тақырыптық (проблемалық) топтарының және ғылыми-көмекші бөлімшелерінің ғылыми және ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарына жетекшілік етеді
- институт директоры мен жоғары тұрған ұйымдардың алдында өздері басқаратын құрылымдық бөлімшелер қызметінің нәтижелері үшін жауапты болады. 
Ғылыми мекеменің ғылыми хатшысы директорға және оның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарларына институтта ғылыми және ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарына басшылық жасауға көмек көрсетеді. 
Құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде ол келесідей жобаларды құрастырады: 
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік - зерттеу жұмыстарының жоспарларын
- институттың Ғылыми кеңесінің қызметін; 
- ғылыми кадрларды даярлау жоспарларын; 
- қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді
- ғылыми еңбектер шығару, ғылыми симпозиумдар, конференциялар мен кеңестер өткізуді
- құрылымдық бөлімшелер мен ғылыми қызметкерлердің есептерін тексереді және олардың негізінде мекеме жұмысы туралы есептердің жобаларын жасайды. 
Ғылыми хатшының міндетіне институттың ғылыми өнімдерін шығаруды қамтамасыз ету кіреді. Ғылыми хатшығылыми - көмекші бөлімшелердің жұмысына басшылық жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет