«Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған



Дата22.06.2016
өлшемі311.14 Kb.
#153614




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты

УМКД


УМКД 042-16.1.32/01-2013




УМКД

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»

пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы

______2013 жылғы

№ 3 басылым



«Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған

«Морфемика негіздері» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ


2013
КІРІСПЕ
1 ҚҰРАСТЫРҒАН

Құрастырушы: Қинаят Шаяхметұлы, қазақ филология ғылымдарының кандидаты, профессор Қинаят Шаяхметұлы

_____________ «___» ___________20___ жыл.
2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №___ «___» ___________20___ жыл.
Кафедра меңгерушісі: _______________ Қадыров А.Қ.

2.2 Гуманитарлық-заң факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20___ жыл.
Төрайым _________________Григорьева Г.Б.
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20 ___жыл.

ОӘК төрағасы _________________Рскелдиев Б.А.


4  «____» __________ 20___ж. шыққан ПОӘК-нің

№ 3 БАСЫЛЫМЫ



Мазмұны

1 Қолданыс аясы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Жалпы ережелер

4 Оқу пәннің оқу мазмұны (модульдер)

5 СӨЖ-дың тақырыптары

6 Пәннің оқу-әдістемлік картасы

7 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

8 Әдебиеттер



1 ҚОЛДАНУ АЯСЫ

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы «5В020500» «Филология: қазақ тілі» мамандығының студенттеріне арналған.

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бекітілген және қолданысқа енгізілген ҚР МЖМБС 3.08.275-2006 Мемлекеттік білім беру стандарты;

- «5 В 020500» «Филология: қазақ тілі» мамандығының типтік оқу жоспары;

- СТУ 042-СГУ-5-2012 «Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;

- ДП 042-1.07.12-2012 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.


3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны

«Қазақ тілінің морфологиясы» пәні грамматикалық мағыналардың жасалу жолдары мен амал-тәсілдерін, грамматикалық формаларды, грамматикалық категорияларды, сөздердің морфологиялық құрылымын, сөз формаларының жасалу тәсілдерін, сөздердің грамматикалық сипаттарына қарай грамматикалық топтарға, сөз таптарына бөлінуін зерттейді.


3.2 Курстың мақсаты:

Студенттерге теориялық білім беріп, сол теориялық түсінікті пайдаланып тілдік элементтердің құрылымдық ерекшеліктерін талдаулар жасау арқылы еркін пайымдай алатындай дәрежеде білім беру.


3.3 Курстың негізгі міндеттері:

– Сөз – лингвистиканың, оның ішінде грамматиканың да нысаны болуы себебін ашу;

– Қазақ сөзінің лексикалық және грамматикалық мағыналарының айырмашылықтарын ашып көрсету;

– Грамматика салаларының өзара байланыстарын көрсету;



  • Негізгі грамматикалық ұғымдар мен түсініктерді талдау;

– Грамматикалық форма мен грамматикалық мағынаның ерекшеліктерін айқындау, олардың жасалу жолдары мен тәсілдеріне тоқталу;

– Грамматикалық категорияларды саралап көрсету;

– Морфемаларды жіктеу, жұрнақ пен жалғаудың қасиеттерін анықтау;

– Сөздің негізгі түрлеріне тоқталу;

– Сөз таптары мен олардың морфологиялық құрылымын анықтау.
3.4 Оқыту нәтижелері:

Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:

- Қазақ тілінің морфологиясы саласының өзекті мәелелерін біліп шығады;

- Алған білімдерін практикада қолдана біледі;

- Тілді талдаудың негізгі әдістерін меңгереді;

- Теориялық талдау жасай алады;

- Сөз таптарын және олардың морфологиялық құрылымын меңгереді, түсінеді;

- Өзіндік пікір айта алады;

- Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай біледі.
3.5. Курстың пререквизиттері

«Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы», «Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі», «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі».


3.6 Курстың постреквизиті:

Пәнді меңгеруге төмендегідей қосымша білім көздері көмектеседі:

«Қазіргі қазақ тілі», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»
3.7 1 Кесте – Оқу жұмыс жоспарынан көшірме

Курс


Семестр

Кредит

ДС (сағ)

СПС (сағ)

Лаб. (сағ)

ОСӨЖ

(сағ)


СӨЖ(сағ

Барл.

(сағ)


Бақылу түрі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

2

4

3

30

15

-

22,5

67,5

135

емтихан


4 ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ (МОДУЛЬ)

Кесте 2


Тақырыптар атауы және олардың мазмұны

Сағат саны

1

2

Дәріс сабақтары




1 модуль Негізгі грамматикалық ұғымдар




1 – тақырып.

Сөз және оның морфологиялық құрылымы.

1. Сөз – лингвистикалық зерттеулердің негізгі объектісі. Фонетика, лексика, синтаксис және сөзжасаммен морфологиялық арақатынасы. Сөз және оның морфологиялық құрылымы.


1

2 – тақырып.

Грамматикалық мағына, грамматикалық тәсіл, грамматикалық форма, грамматикалық құрылым.

Грамматикалық мағына берудің тәсілдері: қосымша, көмекші сөз, сөздердің орын тәртібі, қосарлану, интонация.

Сөзформа – сөздің өмір сүру тәсілі. Сөзформаға тән белгілер. Сөз формалары. Негізгі және туынды формалар. Сөз таптарының формалану мүмкіндіктері.



2

2 модуль

Сөздің морфологиялық құрылымы




3– тақырып.

Морфологияның ең кіші бірлігі – морфема. Морфемалар – сөздің мағыналық ұсақ бөлшектері. Морфемалардың түрлері. Түбір морфема, оның белгілері, сипаттары. Қосымша морфемалардың деривациялық және реляциялық мағыналары. Қосымшалар (аффикстер). Қосымшалардың түрлері: жұранқтар мен жалғаулар. Қосымшалардың пайда болу, даму жолдары туралы.



2

4 – тақырып.

Жалғаулар, оларға тән белгілер.

Көпвариантты болуының себебі. Жалғаулардың түрлері: көптік, септік, тәуелдік, жіктік.

Көптік жалғау. Көптік категориясы мен көптік жалғау. Көптік категориясының берілу тәсілдері: лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. Көптік категориясының тарихы.

Тәуелдік жалғау. Тәуелдеу категориясы, тарихы, зерттелуі және тәуелдік жалғау. Тәуелдеу категориясының жасалу жолдары: морфологиялық, синтаксистік, аралас – нікі формасы. Оңаша, ортақ тәуелдеу және олардың мағыналық ерекшеліктері. Тәуелді форманың ілік септігіндегі сөзбен тіркесіп изафеттік құрылыс жасауы. І, ІІ жақта ілік септігінсіз қолданылуының себебі. ІІІ жақтың қолданылу ерекшелігі, мағынасындағы айырмашылақтар. Тәуелдік жалғаудың эмоционалды-экспрессивті және синтаксистік қызметі.

Септік жалғауы, тарихы, зерттелуі. Септеудің екі түрі: жай және тәуелді септеу, оларға тән ерекшеліктер. Септік жалғауларының көп вариантты болуы себебі.

Жіктік жалғау, зерттелуі, тарихы, оның мағынасы, жалғаулары, синтаксистік қызметі. Жіктік жалғауының ықшам түрлерінің пайда болуы, себептері. Жіктік жалғауының болымсыз түрі және жіктік жалғауының қолданылмайтын жағдайлары, өзге жалғаулармен қабаттасып келуі.


3

3 модуль

Сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері, түрлері




5 – тақырып.

Сөздің негізгі түрлері.

Құрамына қарай жалаң және күрделі сөздердің жасалуы. Жалаң сөздер: негізгі және туынды түбір. Қазақ тіліндегі негіз бен түбір. Негіз түбірлер, оларға тән белгілер, қасиеттер. Негізгі түбір мен түбір морфема. Негізгі түбір сөздердің буын құрамы. Туынды түбір, типтес туынды түбірлер. Туынды түбір тудырудағы жұрнақтардың қызметі, жалғаулардың қатысы.


2

6 – тақырып.

Күрделі сөздер – лексика-грамматикалық единицалар.

Негізгі белгілері: семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық, фонетикалық факторлар. Күрделі сөздердің фразеологиялық сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінің ажырату жолдары. Күрделі сөздердің түрлері: біріккен сөз, кіріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, құрама сөз.

Біріккен сөз, басты белгілері, оларды күрделі сөздердің өзге түрлерінен ажырату мәселесі. Кіріккен сөздердің пайда болуындағы фонетикалық факторлардың маңызы, олардың орфограммасы, зерттелуі.

Қос сөздер, сипаттары, түрлері: қайталама қос және қосарлама қос сөз. Қайталама және қосарлама қос сөздердің фонетикалық, морфологиялық және семантикалық сипаттары. Қос сөздердің орфограммасы, зерттелуі.

Қысқарған сөздер және олардың түрлері, олардың жасалу жолдары, жазылуы мен айтылуы.



3

4 модуль

Сөз таптары және олардың морфологиялық құрамы




7 – тақырып.

Зат есім.

Лексика-грамматикалық сипаты. Адамзат және ғаламзат есімдер, ерекшеліктері. Жалқы және жалпы есімдер, олардың семантика-морфологиялық сипаты. Көптік мәнді білдіретін зат есімдер. Эмоциионалды-экспрессивті мәнді зат есімдер, жасалу жолдары.

Көмекші есімдер, лексика-грамматикалық сипаты. Құрылымына қарай жалаң (негізгі, туынды) және күрделі (біріккен, қосарланған, қысқарған, тіркескен) зат есімдер болып бөлінуі, ерекше сипаттары. Зат есім тудыратын жұрнақтар. Есімдерден зат есім және етістіктерден зат есім тудыратын жұрнақтар, олардың өнімді, өнімсіз түрлері. Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар (-еке, -й, -тай, -жан, -қан, -шақ, -шық, -ша, -ш, -сымақ, -шығыш, -екеш). Зат есімдердің көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулармен түрлену жүйесі. Зат есімнің синтаксистік қызметі, зерттелуі.



2

8 – тақырып.

Сын есім.

Сын есімнің семантикалық мағынасы, морфологиялық сипаты, синтаксистік қызметі. Сын есімдерді зат есімдерден, үстеулерден ажырату тәсілдері, категориялық белгілер. Сын есімнің семантикасы сапалық және қатыстық болып бөлінуі, олардың тұлғалық және мағыналық ерекшеліктері.

Сын есімнің морфологиялық құрамы, жалаң және күрделі, негізгі және туынды сын есімдер. Сын есімдердің морфологиялық (синтетикалық), синтаксистік (аналитикалық), морфологиялық- синтаксистік тәсілдермен жасалуы. есімдерден сын есім тудыратын өнімді (-қы, -лы, -сыз, -шыл, -мпаз, -қой, -қор т.б.) жұрнақтар. Етістіктерден сын есім тудыратын өнімді (-ыс, -мыс, -ымтал, -қы, -ыр, -у, -аған, -ын, -қалақ, -алақ, -анақ, -ғылықты, -мсақ т.б.) жұрнақтар.

Сын есімнің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы, күрделі сын есімдердің негізгі үлгілері.


1

9 – тақырып.

Шырай категориясы, мағынасы, формасы.

Шырай тудыратын жұрнақтар, олардың мағыналық, қолданыстық ерекшеліктері. Шырай түрлері мен жасалу жолдары. Жай шырай формасы – негізгі форма. Салыстырмалы шырайдың мағынасы мен жұрнақтары. Күшейткіш шырай, мағынасы, күшейткіш буынның қабаттасуы арқылы жасалуы. Асырмалы шырай, мағынасы, күшейткіш үстеулермен тіркесуі арқылы жасалуы. Сын есімнің синтаксистік қызметі, зерттелу тарихы.


1

10 – тақырып.

Сан есім. Лексика-грамматикалық сипаты.

Дара, күрделі сан есімдер. Күрделі сан есімдердің жасалуы. Сан есімдердің семантика-морфологиялық топтары. Есептік сан есім. «Бір» сөзінің ерекшеліктері. Реттік, жинақтық, топтық, болжалдық, бөлшектік сан есімдері, мағыналары, жасалуы, жалғаулармен түрленуі, синтаксистік қызметтері. Сан есімнің зерттелуі жайында.


1

11 – тақырып.

Есімдіктің сипаттары, басты белгілері.

Оның басқа сөз таптарының орнына қолданылуы, мағыналық топтары: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктері. Бұлардың мағыналық, түрлену ерекшеліктері, синтаксистік қызметі. Есімдіктердің зерттелу тарихы.


1

12 – тақырып.

Етістік. Етістіктің зерттелуі.

Етістіктің лексика-семантикалық және морфологиялық сипаты. Жалаң етістіктер. Негізгі түбір етістіктер. Туынды түбір етістіктердің семантикалық және морфологиялық құрылымы. Есімдерден етістік жасайтын жұрнақтар: -ла, -лан, -лас, -лат, -а, -ай, -қар, -ар, -ал, -сы, -сын, -сыра, -ырай т.б. етістік негізді етістіктер. Амалдың өту сипатын білдіретін жұрнақтар: -ла, -қыла, -ғышта, -ымсыра т.б. амалдың субьектіге қатысын білдіретін жұрнақтар: -ыс, -тыр, -қыз, -ыл, -ын т.б.

Күрделі етістіктер, түрлері: күрделі құранды етістік, құрама күрделі етістік, саралама (аналитикалық) етістіктер, суреттемелі етістіктер. Жетекші етістік пен көмекші етістіктің арақатынасы, байланысу жолдары. Көмекші етістіктер және аналитикалық форма, толымды және толымсыз көмекші етістіктер. Аналитикалық форманттар және олардың мағыналары. Көмекші етістіктердің (бол, ет, қыл, жазда, де т.б.) қызметі.



3

13 – тақырып.

Етістіктің грамматикалық формасы.

Қимыл атауы, мағынасы, жасалуы, синтаксистік қызметі, зат есім мен сын есімге айналуы.

Салт және сабақты етістіктер. Сабақты етістіктің салтқа, салт етістіктің сабақтыға айналу амалдары.

Етіс категориясы, оған тән сипаттар. Етіс категориясының грамматикалық форма тудыруға қатысы. Етістердің түрлері: негізгі етіс, ортақ етіс, өздік етіс, ырықсыз етіс. Болымды және болымсыздық категориясы. Сипат категориясы.

Есімше, оның есімдер мен етістікке тән сипаттары, жұрнақтары, шаққа қатысы. Мағыналық және қолданылу ерекшеліктері, синтаксистік қызметі. Есімшенің зерттелу тарихы.

Көсемше, оның жұрнақтары, шаққа қатысы, мағыналық және қолданыс ерекшеліктері, синтаксистік қызметі. Көсемшенің зерттелу тарихы.

Рай категориясы, мағынасы, түрлері: ашық рай (индикатив), неғайбыл рай (ирреалды), бұйрық рай (императив), қалау рай, шартты рай, олардың мағыналық және формалық ерекшеліктері.

Шақ категориясы, белгілері. Шақ түрлері: өткен шақ, осы шақ, келер шақ.


3

14 – тақырып.

Үстеу, үстеуге тән ерекшеліктер, морфологиялық құрылысы мен құрамы.

Негізгі үстеулерге тән үш түрлі ерекшелік. Туынды үстеулер, оларды тудыратын жұрнақтар (-ша, -лай, -шалық, -лай, -шылап, -қары, -ын т.б.). Көнеленген септік (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) формалары арқылы туған туынды үстеулер. Күрделі туынды үстеулер, жасалу жолдары.


2

15 – тақырып.

Еліктеуіш сөздер.

Еліктеуіш сөздердің мағыналық топтары. Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздердің фонетикалық ерекшеліктері. Негізгі түбір және туынды түбір еліктеуіштер, оларды жасайтын жұрнақтар (-ң, -ың, -аң, -ең, -лаң, -алаң т.б.). Еліктеуіш сөздердің синтаксистік қызметі.


1

16 – тақырып.

Көмекші сөздер.

Олардың көмекші есімдер мен көмекші етістіктерге бөлінуі. Шылаулар, олардың мағынасы, тілдегі қызметі, қолданылуы. Септеуліктер, демеуліктер, жалғаулықтар деп бөлінуі. Жалғаулықтар семантикалық мағыналары мен абстрактілі грамматикалық қызметтері, тілде пайда болу, даму жолдары. Салыстырғыш және сабақтастырғыш жалғаулықтар. Ыңғайластық және талғаулықты салыстырғыш жалғаулықтар. Қарсылықты, себептік, салдарлық, шарттық, айқындағыш болып сабақтастырғыш жалғаулықтардың бөлінуі. Септеуліктердің септік жалғауларын меңгеретін көмекші сөздер екендігі. Демеуліктер, олардың лексика-грамматикалық сипаты, түрлері. Сұраулық демеуліктер, күшейткіш демеуліктер, нақтылық демеуліктер, шектік демеуліктер, болжалды демеуліктер. Бұлардың қолданылу ерекшеліктері, жазылу емлесі, тыныс белгілері. Зерттелу тарихы.


1

17 – тақырып.

Одағайлар, оларға тән ерекшеліктер. Негізгі және туынды одағайлар. Одағайлардың мағынасына қарай көңіл-күй, ишарат, шақыру деп бөлу. Одағайлардың синтаксистік қызметі, тыныс белгілері, зерттелуі.



1

Семинар сабақтары




1 модуль Негізгі грамматикалық ұғымдар




1.«Морфология» пәнінің нысаны, өзге ғылым салаларымен байланысы. Түрколог ғалымдардың түркі тілдерінің салғастырмалы және салыстырмалы морфологиясы туралы көзқарастары

1

2. Морфологияның басты ұғымдары, терминдердің қалыптасуы жөнінде. Грамматикалық ұғым, грамматикалық мағына, грамматикалық категориялар туралы

1

3. Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары. Морфемалар мен жұрнақтар.

1

2 модуль Сөздің морфологиялық құрылымы




4. Жалғаулар. Көптік жалғаудың ерекшеліктері. Жай және тәуелді септеу туралы. Тәуелдік, жіктік жалғаулары.

1

3 модуль

Сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері, түрлері




5. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер, олардың морфологиялық, семантикалық, синтаксистік тұтастықтары туралы. Күрделі сөздерді еркін сөз тіркестері мен фразеологиялық тіркестерден ажырату амалдары. Біріккен сөз. Кіріккен сөз. Қос сөз. Қысқарған сөз.

1

4 модуль

Сөз таптары және олардың морфологиялық құрамы




6. Зат есімнің жалпы сипаттамасы. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, морфологиялық сипаты, синтаксистік сипаты. Көптік мәнді есімдерге жататын зат есімдер жөнінде.

1

7. Сын есім. Сын есімнің семантикалық топтары. Морфемалық құрамдары.

1

8. Шырай формалары, асырмалы және күшейтпелі шырай, жасалу жолдары, ерекшеліктері.

1

9. Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешелігі. Дара және күрделісан есімдер. Күрделі сан есімдердің жасалуы. Сан есімдердің семантика-морфологиялық топтары.

1

10. Есімдіктер туралы жалпы сипаттама. Есімдіктердің мағыналық топтары, синтаксистік қызметі.

1

11.Етістіктер. Түбір етістіктің морфологиялық сипаты. Амалдың өту сипатын білдіретін етістіктер. Күрделі етістіктің түрлері. Аналитикалық форманттар және көмекші етістіктер. Етістіктің лексика-семантикалық сипаты. Морфологиялық сипаты. Жасалу тәсілі.

2

12. Етістіктің грамматикалық категориялары. Етістіктің негізі. Салт, сабақты етістік. Етіс категориясы, түрлері. Етіс түрлеріне тән мағыналық, формалық ерекшеліктер. Есімше, зерттелу тарихы. Көсемше, шаққа қатысы, синтаксистік қызметі. Рай және шақ категориялары, оның түрлері, зерттелуі.

1

13. Үстеу, үстеулердің мағыналық топтары, синтаксистік қызметі. Еліктеуіш сөздер, олардың фонетикалық ерекшеліктері.

1

14. Көмекші сөздер. Шылау, шылаудың түрлері, абстрактілі грамматикалық қызметтері. Жалғаулықтар. Септеуліктер. Демеуліктер.

1



5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5.1 Көмекші есімдердің түрлері және негізгі сипаттары

5.2 Аналитикалық форма және аналитикалық етістіктер

5.3 Күрделі сөздер және күрделі етістіктер

5.4 Көмекші етістіктер және олардың түрлері

5.5 Күрделі туынды үстеулер

5.6 Қазақ тіліндегі нөлдік форма

5.7 Есімдіктердің тарихы туралы зерттеулер

5.8 Жіктік жалғаулардың ықшамдалуы, болымсыз түрінде қолданылуы

5.9 Грамматикалық мағына берудің тәсілдері

5.10 Қазақ тілі морфологиясының зерттелуі жайында

5.11 Қосымша морфемалардың деривациялық және реляциялық мағыналары

5.12 Қос функциялы жұрнақтар

5.13 Жұрнақтардың құрамы және мағыналық жақтан бөлінуі

5.14 Қазақ тіліндегі изафеттік құрылыс туралы

5.15 Сөз таптарының зерттелу тарихы


6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
3-Кесте Пәннің оқу-әдістемелік картасы


Тақырып




Көрнекі құралдар, плакаттар, лаборатория-лық стендтер

Өз бетімен дайындалу сұрақтары

Бақылау түрі

Дәріс сабағының тақырыбы

Семинар Сабағының

тақырыбы


1

2

4

5

6

Негізгі грамматикалық ұғымдар

1.Сөз – лингвистикалық зерттеулердің негізгі объектісі. Фонетика, лексика, синтаксис және сөзжасаммен морфологиялық арақатынасы. Сөз және оның морфологиялық құрылымы



«Морфология» пәнінің нысаны, өзге ғылым салаларымен байланысы. Түрколог ғалымдардың түркі тілдерінің салғастырмалы және салыстырмалы морфологиясы туралы көзқарастары

Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми еңбектерге шолу жасау

Жазбаша, ауызша

2. Грамматикалық мағына, грамматикалық тәсіл, грамматикалық форма, грамматикалық құрылым. Негізгі грамматикалық ұғымдар және оларды анықтау жолдары.

Грамматикалық мағына берудің тәсілдері: қосымша, көмекші сөз, сөздердің орын тәртібі, қосарлану, интонация.

Қосымшалардың жіктелуі. Қосымшалардың мағыналық жақтан ерекшеленуі.

Сөзформа – сөздің өмір сүру тәсілі. Сөзформаға тән белгілер. Сөз формалары. Негізгі және туынды формалар. Сөз таптарының формалану мүмкіндіктері.



Морфологияның басты ұғымдары, терминдердің қалыптасуы жөнінде. Грамматикалық ұғым, грамматикалық мағына, грамматикалық категориялар туралы

Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде

Грамматикалық ұғымдарға

сипаттама беру



Жазбаша, ауызша

Сөздің морфологиялық құрылымы

3.Морфологияның ең кіші бірлігі – морфема. Морфемалар – сөздің мағыналық ұсақ бөлшектері. Морфемалардың түрлері. Түбір морфема, оның белгілері, сипаттары. Қосымша морфемалардың деривациялық және реляциялық мағыналары. Қосымшалар (аффикстер). Қосымшалардың түрлері: жұранқтар мен жалғаулар. Қосымшалардың пайда болу, даму жолдары туралы.



Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары. Морфемалар мен жұрнақтар.

Дәріс тезисі, слайд

Мысалдар теру

Жазбаша


4. Жалғаулар. Көптік жалғаудың ерекшеліктері. Жай және тәуелді септеу туралы. Тәуелдік, жіктік жалғаулары.

4. Жалғаулар. Көптік жалғаудың ерекшеліктері. Жай және тәуелді септеу туралы. Тәуелдік, жіктік жалғаулары

Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде


Жалғауларға

сипаттама беру



Ауызша

Сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері, түрлері

5.Сөздің негізгі түрлері. Құрамына қарай жалаң және күрделі сөздердің жасалуы. Жалаң сөздер: негізгі және туынды түбір. Қазақ тіліндегі негіз бен түбір. Негіз түбірлер, оларға тән белгілер, қасиеттер. Негізгі түбір мен түбір морфема. Негізгі түбір сөздердің буын құрамы. Туынды түбір, типтес туынды түбірлер. Туынды түбір тудырудағы жұрнақтардың қызметі, жалғаулардың қатысы.





Дәріс тезисі кесте слайд түрінде


Мысалдар теру

Ауызша

6. Күрделі сөздер – лексика-грамматикалық единицалар. Негізгі белгілері: семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық, фонетикалық факторлар. Күрделі сөздердің фразеологиялық сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінің ажырату жолдары. Күрделі сөздердің түрлері: біріккен сөз, кіріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, құрама сөз.

Біріккен сөз, басты белгілері, оларды күрделі сөздердің өзге түрлерінен ажырату мәселесі. Кіріккен сөздердің пайда болуындағы фонетикалық факторлардың маңызы, олардың орфограммасы, зерттелуі.

Қос сөздер, сипаттары, түрлері: қайталама қос және қосарлама қос сөз. Қайталама және қосарлама қос сөздердің фонетикалық, морфологиялық және семантикалық сипаттары. Қос сөздердің орфограммасы, зерттелуі.

Қысқарған сөздер және олардың түрлері, олардың жасалу жолдары, жазылуы мен айтылуы.



5.Қазақ тіліндегі күрделі сөздер, олардың морфологиялық, семантикалық, синтаксистік тұтастықтары туралы. Күрделі сөздерді еркін сөз тіркестері мен фразеологиялық тіркестерден ажырату амалдары. Біріккен сөз. Кіріккен сөз. Қос сөз. Қысқарған сөз.

Дәріс тезисі таблица слайд түрінде

Күрделі сөздерге сипаттама беру

Ауызша

Сөз таптары және олардың морфологиялық құрамы.

7. Зат есім. Лексика-грамматикалық сипаты. Адамзат және ғаламзат есімдер, ерекшеліктері. Жалқы және жалпы есімдер, олардың семантика-морфологиялық сипаты. Көптік мәнді білдіретін зат есімдер. Эмоциионалды-экспрессивті мәнді зат есімдер, жасалу жолдары.

Көмекші есімдер, лексика-грамматикалық сипаты. Құрылымына қарай жалаң (негізгі, туынды) және күрделі (біріккен, қосарланған, қысқарған, тіркескен) зат есімдер болып бөлінуі, ерекше сипаттары. Зат есім тудыратын жұрнақтар. Есімдерден зат есім және етістіктерден зат есім тудыратын жұрнақтар, олардың өнімді, өнімсіз түрлері. Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар (-еке, -й, -тай, -жан, -қан, -шақ, -шық, -ша, -ш, -сымақ, -шығыш, -екеш). Зат есімдердің көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулармен түрлену жүйесі. Зат есімнің синтаксистік қызметі, зерттелуі.


6. Зат есімнің жалпы сипаттамасы. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, морфологиялық сипаты, синтаксистік сипаты. Көптік мәнді есімдерге жататын зат есімдер жөнінде.

Дәріс тезисі, сызбалар слайд түрінде

жаттығу жұмысы

Жазбаша



8. Сын есім. Сын есімнің семантикалық мағынасы, морфологиялық сипаты, синтаксистік қызметі. Сын есімдерді зат есімдерден, үстеулерден ажырату тәсілдері, категориялық белгілер. Сын есімнің семантикасы сапалық және қатыстық болып бөлінуі, олардың тұлғалық және мағыналық ерекшеліктері.

Сын есімнің морфологиялық құрамы, жалаң және күрделі, негізгі және туынды сын есімдер. Сын есімдердің морфологиялық (синтетикалық), синтаксистік (аналитикалық), морфологиялық- синтаксистік тәсілдермен жасалуы. есімдерден сын есім тудыратын өнімді (-қы, -лы, -сыз, -шыл, -мпаз, -қой, -қор т.б.) жұрнақтар. Етістіктерден сын есім тудыратын өнімді (-ыс, -мыс, -ымтал, -қы, -ыр, -у, -аған, -ын, -қалақ, -алақ, -анақ, -ғылықты, -мсақ т.б.) жұрнақтар.



Сын есімнің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы, күрделі сын есімдердің негізгі үлгілері.

7. Сын есім. Сын есімнің семантикалық топтары. Морфемалық құрамдары.

Дәріс тезисі, мысалдарды ноутбуктан көрсету

Сөздіктермен жұмыс

Жазбаша


9. Шырай категориясы, мағынасы, формасы. Шырай тудыратын жұрнақтар, олардың мағыналық, қолданыстық ерекшеліктері. Шырай түрлері мен жасалу жолдары. Жай шырай формасы – негізгі форма. Салыстырмалы шырайдың мағынасы мен жұрнақтары. Күшейткіш шырай, мағынасы, күшейткіш буынның қабаттасуы арқылы жасалуы. Асырмалы шырай, мағынасы, күшейткіш үстеулермен тіркесуі арқылы жасалуы. Сын есімнің синтаксистік қызметі, зерттелу тарихы.

8. Шырай формалары, асырмалы және күшейтпелі шырай, жасалу жолдары, ерекшеліктері

Дәріс тезисі, кесте-слайд

Жаттығулар жұмысы

Ауызша

10. Сан есім. Лексика-грамматикалық сипаты. Дара, күрделі сан есімдер. Күрделі сан есімдердің жасалуы. Сан есімдердің семантика-морфологиялық топтары. Есептік сан есім. «Бір» сөзінің ерекшеліктері. Реттік, жинақтық, топтық, болжалдық, бөлшектік сан есімдері, мағыналары, жасалуы, жалғаулармен түрленуі, синтаксистік қызметтері. Сан есімнің зерттелуі жайында.

9. Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешелігі. Дара және күрделі сан есімдер. Күрделі сан есімдердің жасалуы. Сан есімдердің семантика-морфологиялық топтары.

Дәріс тезисі, сызбалар слайд түрінде

Қазақтың өлшем бірліктеріне тоқталу

Ауызша

11. Есімдіктің сипаттары, басты белгілері. Оның басқа сөз таптарының орнына қолданылуы, мағыналық топтары: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктері. Бұлардың мағыналық, түрлену ерекшеліктері, синтаксистік қызметі. Есімдіктердің зерттелу тарихы.

10Есімдіктер туралы жалпы сипаттама. Есімдіктердің мағыналық топтары, синтаксистік қызметі.


Дәріс тезисі сызбалар слайд түрінде


Жаттығу жұмыстары

Жазбаша


12. Етістік. Етістіктің зерттелуі. Етістіктің лексика-семантикалық және морфологиялық сипаты. Жалаң етістіктер. Негізгі түбір етістіктер. Туынды түбір етістіктердің семантикалық және морфологиялық құрылымы. Есімдерден етістік жасайтын жұрнақтар: -ла, -лан, -лас, -лат, -а, -ай, -қар, -ар, -ал, -сы, -сын, -сыра, -ырай т.б. етістік негізді етістіктер. Амалдың өту сипатын білдіретін жұрнақтар: -ла, -қыла, -ғышта, -ымсыра т.б. амалдың субьектіге қатысын білдіретін жұрнақтар: -ыс, -тыр, -қыз, -ыл, -ын т.б.

Күрделі етістіктер, түрлері: күрделі құранды етістік, құрама күрделі етістік, саралама (аналитикалық) етістіктер, суреттемелі етістіктер. Жетекші етістік пен көмекші етістіктің арақатынасы, байланысу жолдары. Көмекші етістіктер және аналитикалық форма, толымды және толымсыз көмекші етістіктер. Аналитикалық форманттар және олардың мағыналары. Көмекші етістіктердің (бол, ет, қыл, жазда, де т.б.) қызметі.



11.Етістіктер. Түбір етістіктің морфологиялық сипаты. Амалдың өту сипатын білдіретін етістіктер. Күрделі етістіктің түрлері. Аналитикалық форманттар және көмекші етістіктер. Етістіктің лексика-семантикалық сипаты. Морфологиялық сипаты. Жасалу тәсілі.

Дәріс тезисі

Жаттығу жұмыстары

Жазбаша


13. Етістіктің грамматикалық формасы. Қимыл атауы, мағынасы, жасалуы, синтаксистік қызметі, зат есім мен сын есімге айналуы.

Салт және сабақты етістіктер. Сабақты етістіктің салтқа, салт етістіктің сабақтыға айналу амалдары.

Етіс категориясы, оған тән сипаттар. Етіс категориясының грамматикалық форма тудыруға қатысы. Етістердің түрлері: негізгі етіс, ортақ етіс, өздік етіс, ырықсыз етіс. Болымды және болымсыздық категориясы. Сипат категориясы.

Есімше, оның есімдер мен етістікке тән сипаттары, жұрнақтары, шаққа қатысы. Мағыналық және қолданылу ерекшеліктері, синтаксистік қызметі. Есімшенің зерттелу тарихы.

Көсемше, оның жұрнақтары, шаққа қатысы, мағыналық және қолданыс ерекшеліктері, синтаксистік қызметі. Көсемшенің зерттелу тарихы.

Рай категориясы, мағынасы, түрлері: ашық рай (индикатив), неғайбыл рай (ирреалды), бұйрық рай (императив), қалау рай, шартты рай, олардың мағыналық және формалық ерекшеліктері.



Шақ категориясы, белгілері. Шақ түрлері: өткен шақ, осы шақ, келер шақ.

Етістіктің грамматикалық категориялары. Етістіктің негізі. Салт, сабақты етістік. Етіс категориясы, түрлері. Етіс түрлеріне тән мағыналық, формалық ерекшеліктер. Есімше, зерттелу тарихы. Көсемше, шаққа қатысы, синтаксистік қызметі. Рай және шақ категориялары, оның түрлері, зерттелуі.

Дәріс тезисі сызбалар слайд түрінде


Жаттығу жұмыстары




14. Үстеу, үстеуге тән ерекшеліктер, морфологиялық құрылысы мен құрамы. Негізгі үстеулерге тән үш түрлі ерекшелік. Туынды үстеулер, оларды тудыратын жұрнақтар (-ша, -лай, -шалық, -лай, -шылап, -қары, -ын т.б.). Көнеленген септік (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) формалары арқылы туған туынды үстеулер. Күрделі туынды үстеулер, жасалу жолдары.

13. Үстеу, үстеулердің мағыналық топтары, синтаксистік қызметі. Еліктеуіш сөздер, олардың фонетикалық ерекшеліктері.

Дәріс тезисі сызбалар слайд түрінде

Жаттығу жұмыстары

Жазбаша


15. Еліктеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздердің мағыналық топтары. Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздердің фонетикалық ерекшеліктері. Негізгі түбір және туынды түбір еліктеуіштер, оларды жасайтын жұрнақтар (-ң, -ың, -аң, -ең, -лаң, -алаң т.б.). Еліктеуіш сөздердің синтаксистік қызметі.



Дәріс тезисі, кестені слайд негізінде

Жаттығу жұмыстары

Жазбаша


16. Көмекші сөздер. Олардың көмекші есімдер мен көмекші етістіктерге бөлінуі. Шылаулар, олардың мағынасы, тілдегі қызметі, қолданылуы. Септеуліктер, демеуліктер, жалғаулықтар деп бөлінуі. Жалғаулықтар семантикалық мағыналары мен абстрактілі грамматикалық қызметтері, тілде пайда болу, даму жолдары. Салыстырғыш және сабақтастырғыш жалғаулықтар. Ыңғайластық және талғаулықты салыстырғыш жалғаулықтар. Қарсылықты, себептік, салдарлық, шарттық, айқындағыш болып сабақтастырғыш жалғаулықтардың бөлінуі. Септеуліктердің септік жалғауларын меңгеретін көмекші сөздер екендігі. Демеуліктер, олардың лексика-грамматикалық сипаты, түрлері. Сұраулық демеуліктер, күшейткіш демеуліктер, нақтылық демеуліктер, шектік демеуліктер, болжалды демеуліктер. Бұлардың қолданылу ерекшеліктері, жазылу емлесі, тыныс белгілері. Зерттелу тарихы.

14. Көмекші сөздер. Шылау, шылаудың түрлері, абстрактілі грамматикалық қызметтері. Жалғаулықтар. Септеуліктер. Демеуліктер.

Дәріс тезисі, тұлғаларды слайд түрінде көрсету

Жаттығу жұмыстары

Жазбаша


17. Одағайлар, оларға тән ерекшеліктер. Негізгі және туынды одағайлар. Одағайлардың мағынасына қарай көңіл-күй, ишарат, шақыру деп бөлу. Одағайлардың синтаксистік қызметі, тыныс белгілері, зерттелуі.




Дәріс тезисі, тұлғаларды слайд түрінде көрсету

мысалдар теру

Жазбаша



7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
4-Кесте Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы


Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы

Саны

Студенттердің саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

3

4

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 б.

12

12

100%

2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007. - 390 б.

12

12

100%

3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы:Ана тілі, 1992. – 448 б.

12

12

100%

4.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2000. – 664 б.

12

12

100%

5. Хасанова С. Қазіргі қазақ морфологиясынан пысықтау жаттығулар. Алматы: Ана тілі, 1991. – 136 б.

12

12

100%

6. Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы І-бөлім. 2003 .

12

12

50%

7.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2010. – 608 б.

12

12

100%



8 ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі әдебиеттер:



      1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991. – 384.

      2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: ЖШС Інжу-Маржан, 2007. – 390 б.

      3. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.

      4. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А., 1992. – 190 б.

      5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.

      6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2010. – 608 б.

      7. Серғалиев, М. Қазіргі қазақ әдеби тілі (морфология және синтаксис): Жоғары оқу орынд. студенттеріне арн. оқу құралы ретінде ұсынған / М. Серғалиев; А. Айғабылов, О. Күлкенова.- Алматы: Ана тілі, 1991.- 214 б.

Қосымша әдебиеттер:

      1. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, 1998.

      2. Оралбаева Н., А. Қалыбаева. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. А., 2001.

      3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2000. – 664 б.

      4. Хасенов Ә. Тіл білімі. Алматы: Санат, 2003. – 416 б.

      5. Маманов Е. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. А., 1966. – 132 б.

      6. Шәкенов Ж. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар. – Алматы: Ана тілі, 2001. – 120 б.

      7. Хасанова С. Қазіргі қазақ морфологиясынан пысықтау жаттығулар. Алматы: Ана тілі, 2004. – 136 б.

      8. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс, 2008. – 472 б.

      9. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 15 т. Т.5. Д-Ж / Құраст. Б. Әбілқасымов, С. Бизақов, Ә. Жүнісбеков ж.б.; А. Байтұрсынұлы атынд. тіл білімі ин-ты.- Алматы: Арыс, 2007.- 750б.- (Мәдени мұра) (Тілтаным).

      10. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 15 т. Т.4. Б-Д / Қүраст. Н. Әшімбаева, С. Ақаев, Қ. Рысбергенова ж.б.; А. Байтұрсынұлы атынд. тіл білімі ин-ты.- Алматы: Арыс, 2007.- 750 б.- (Мәдени мұра) (Тілтаным).

      11. Әбдіхалықов, М.Н. Сөздік қатынас негіздері: оқулық / М.Н. Әбдіхалықов; Б.С.Күнтуарова, Л.А.Парфенова.- Астана: Фолиант, 2007.- 374 б.- (Кәсіптік білім).

      12. Ахметов, Ә. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар. Морфология: оқу құралы / Ә. Ахметов; К. Жүнісбекова, Ф. Оразбаева.- Алматы: Респ. баспа кабинеті, 1998.- 204 б.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет