11-дәріс
Ықтимал іріктеменің
негізгі әдістері
мен басты ұғымдары: бас жиынтық,
іріктеме,
параметрлер, статистика,
репрезентативтілік, EPSEM
СТАТИСТИКА НЕГІЗДЕРІ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
АШЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Кітап:
Дәріс:
Статистика
негіздері
Ықтимал іріктеменің негізгі әдістері мен басты ұғымдары: бас жиынтық, іріктеме, параметрлер,
статистика, репрезентативтілік, EPSEM
2
Біздің күнделіктілігіміз бен тұрмысымыз статистикадан алыс және оның
бізге еш қатысы жоқ деп
ойлауымыз мүмкін, алайда қарап отырсақ статистика мен телефон қоңырауларының да байланысы бар
екен.
Кейде сізге телефон арқылы қоңырау шалып, мазаңызды кетіріп, әр-түрлі тауарлар мен қызметтерді
ұсынғаны есіңізде болар. Ендеше бұны - сіздің телефон нөміріңіз кездейсоқ іріктеменің күрделі,
кешенді әдістері арқылы таңдалды деп біліңіз. Мұндай іріктеу әдістері коммерциялық мақсаттар мен
бұқаралық маркетинг үшін де қолданылады. Бұл сіздің көңіліңізді көншіте қоймас,
десек те бұл - іріктеу
технологиясының күнделікті өміріміздің құрамдас бөлігіне айналғанын көрсетіп отыр. Тіпті әлеуметтік
ғылымдардан тыс салаларда да осы іріктеу технологиясы қолданылатынының анық белгісі.
Сонда ол қалай жүзеге асады? Ендеше тақырыпқа үңілерлік
Өздеріңізбен бүгін жаңа модуль «Инференциалды статистиканы» меңгереміз. Алдағы лекцияларда
инференциалды статистика ұғымдары мен әдістері қарастырылады. Жалпы,
бұл әдіс мұқият іріктеліп
алынған шағын топ (іріктеме) арқылы ірі топтар (бас жиынтық) туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Бұл статистикалық әдістер – маңызды әрі аса тиімді. Олар қоғамдық пікірді зерттеу, жаңа тұтыну тауарлары
үшін нарықтың әлеуетін зерттеу, сайлау нәтижелерін болжау сауалнамалары, ғылыми гипотезалар мен
теорияларды тексеруде, сонымен қатар әлеуметтік ғылымдардан тыс басқа да жағдайларда пайдаланылады.
Бүгінгі тақырып аясында іріктеу қысқаша сипатталады. Тарауда қарастырылатын маңызды
тақырыптардың бірі – инференциалды статистикадағы жалғыз маңызды концепция – іріктеу үлестірімі.
Іріктеу үлестірімі формасы жағынан қалыпты, сондай-ақ бас жиынтық пен іріктеме арасындағы негізгі
байланыс.