Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті
Филология және әлем тілдері факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті
Көне түркі ескерткішитер жүйесіндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар
Орындаған: Келдос Л.
Қабылдаған: Авакова Р.
Алматы, 2021 жыл
Көне түркі тілінде 8 дауысты дыбыс болған: а,е,ы,і,о,у,ө,у. Бұлардан басқа Енисей ескерткіштерінде бірен-саран сөздерде жабық қысаң дыбысталатын е дыбысы қолданылған деп есептейді, осы ескерткішті алғаш оқып-зерттеген Дания ғалымы В.Томсен. Бұл дыбыс, ғалымның түсіндіруінше ашық дауыстысының әлдеқайда қысаң айтылатын варианты. Сонымен, көне түркі тілінде 8 дауысты дыбыс // фонема болған дейтін қорытынды өзгермей қала береді. 8 дауысты фонема мынадай топтарға жіктелген: ашық дауыстылар а,е, қысаң дауыстылар ы, і, у, у, жартылай ашық дауыстылар о, у.
Жасалу орнына қарай жуан дауыстылар: а, у, о, ы; жіңішке дауыстылар: е, ө, у, і; ерін қатысына қарай: езу дауыстылары: а, е, ы, і; ерін дауыстылары: о, ө, у, у сияқты топтарға жіктелген.
Дауысты дыбыстар мына төмендегідей топтарға жіктеледі: 1) Дауыстылардың ашық және қысаң түрлері. Бұл дыбыстау органдарының ашылу дәрежесіне негізделеді. Артикуляциялық мүшенің ашылу дәрежесіне сай дыбыстардың естілуі де екі түрлі: а, е, о, ә - ашық дауыстылар, у, у, ы, і - қысаң дауыстылары. Бұл топтар қазіргі түркі тілдерінің бәріне дерлік тән/ 2) Дауыстылардың жуан және жіңішке топтары дыбыстың айтылу тонының көтеріңкі не бәсең болуына негізделеді. Бұл принцип бойынша дауысты дыбыстар бір-біріне пар болатын екі топқа бөлінеді: а, о, у, ы — жуан, е, ә, у, і - жіңішке фонемалар. Алайда, қазіргі түркі тілдерінің барлығында осы принцип түгел сақталмайды. Бірсыпыра тілдерде жуан дауысты а-ға екі түрлі жіңішке дауысты сай келеді: а ~ е, ә. Бұл ерекшелік қазіргі қазақ, азербайжан, т.б. тілдерге ғана тән. Жасалу орны жағынан а мен е, ә аралығында белгілі бір жақындық бары айқын. Қазақ тілінде ә дыбысы сөздің тек бірінші буынында айтылады, екінші буынында сирек ұшырайды. Екінші буында ә-нің айтылуы белгілі фонетикалық қоршауды қажет етеді. 3) Дауыстылардың еріндік және езулік топтары. Еріндік дауыстылар түркі тілдерінің барлығында кездескенмен, көпшілік тілдерде сөз ішінде бірінші, екінші буындардан аспайды. Қазіргі тіл білімінде тіддің дыбыстық жүйесін бұлайша жіктеу төмен сазды (низкая тональность) - жоғары сазды (высокая тональность), компактылы - диффузды, жай сазды (простая тональность) - бемол сазды (бемоль тональность) деп аталады. Және бұлар фонемалардың айрықша белгілерінің 12 түрлі оппозициясының тек үш қана түрі болып табылады. Екінші сөзбен, қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар лингвистикалық жағынан осы үш түрлі принциппен сипатталады.
Түркі тілдерінде дауыстыларды жіктеудің бұдан басқа да принципі, атап айтқанда, естілу дәрежесіне қарай бөлу де бар. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде тува, түрікмен, якут, қырғыз тілдерінде дауыстылардың созылыңқы айтылуы, яғни, созылыңқы дауыстылар бар. Дауыстылардың мұндай айтылуы көне ескерткіштерде де кездеседі. Махмуд Қашқари сөздігінде кейбір сөздер құрамындағы дауыстылардың созылыңқы айтылуы арнайы белгіленіп отырған. Мысалы: аат, ааз, т.б. Мұндай фактілер үйғыр жазбаларынан да ұшырасады.
Алайда, жалпы түркі тілдеріндегі дауыстыларды шола қарағанда, олардың созылыңқы және қысыңқы (немесе: әдеттегідей) айтылуы жалпы түркілік құбылыс емес, жеке тілдер ерекшелігі екендігі байқалады. Мүның өзі созылыңқы дауыстылар түркі негіз тілінің жеке тілдерге ыдырау дәуірінде пайда болды дейтін А. М. Щербак пікірін дәлелдейді. Дауыстылардың ашық-қысаң, жуан-жіңішке топтарға бөлінуі түркі тілдерінің барлығында да бар қүбылыс. Олай болса, олар — сонау түркі негіз тілі заманында-ақ орнығып қалған қүбылыс. Дауыстылардың еріндік-езулік топтары да сондай. Дауыстылардың жіктелуінің осы принциптері бойынша қазіргі қазақ әдеби тіліңдегі дауысты фонемалар мыналар: а, ә, е, ы, і, о, ө, ү, у.
Қазақ тілі дауыстылар жүйесінің дамуын доцент Ж.Аралбаев үш түрлі кезеңге бөліп қарайды. Ол кезеңдер мыналар: көне түркі кезеңі, орта түркі кезеңі және жаңа түркі кезеңі. Бұлайша бөлудің сырт кезге Н. А. Баскаков класификациясын еске түсіргенімен, лингвистикалық негізі бар: сол аталған дәуірлерде түркі тілдері құрамында кейін заңдылыққа айналып кеткен фонетикалық өзгерістер келіп шықты. Көне түркі кезеңінде, Ж. Аралбаевтың айтуынша, түбір сөз бір дауысты фонемадан (г), дауысты және дауыссыз фонемалардан, дауыссыз және дауысты фонемадан дауыссыз-дауысты-дауыссыз фонемалардан құрылған. Сөйтіп бұл кезеңде фонетикалық буын лексика-грамматикалық морфемамен сәйкес болған. Соған орай үш дауысты фонема: а,~ы, у болған. Қазіргі қазақ тіліндегі байырғы сөздердің де басым көпшілігі осы дауысты фонемалармен айтылады. Осы кезенде дауыстылардың еріндік-езулік жіктелуіне негізделген қосарлы түбірлер (сарт-сұрт).
Тарихи түркология түркі негіз тілінде 8 дауысты фонема болған деп есептесе де, кейбір тілдердің (ескерткіштердің де) ерекшеліктерін ескере отырып, қыпшақ тілдерінің арғы негізінде 9 дауысты фонема болған деп есептейді. "Түркі тілдерінің салыстырмалы тарихи фонетикасының авторлары қыпшақ тілдерінің арғы негізі деп қаралатын "Кодекс Куманикус" тілінде 9 дауысты бар деп қарайды. Сонда тоғызыншы дауысты дыбыс ә, а мен е-нің (немесе ә мен /-нің) арасында айтылған жіңішке, қысаң дыбыс болса керек:
Алайда қазақ тілі ол фонеманы сақтамаған; әр түрлі өзгерістердің нәтижесінде ол фонемасымен ұласып кеткен. Дауыссыз дыбыстар құрамында болған бұл өзгерістердің қайсысы да грамматикалық тұлғаларға ықпалын тигізді. Бір кезгі бір сипатты, бір вариантты тұлғалардың кейбірінің қазіргі тілде бірнеше вариантта ұшырасуы соның нәтижесі. Мысалы, кетік, қатық есімдерінің құрамындағы -ік, -ық пен тұйық етістік (қимыл есім) жасайтын -у қосымшасы дивергенцияның нәтижесі. Сондай-ақ сусы, көлгірсі туынды етістіктерін жасайтын -сы, қансыра тәрізді етістіктер жасайтын -сыра қосымшасының -сыр бөлігі, сын есім жасайтын -сыз қосымшалары да дыбыстық өзгерістердің нәтижесіңде пайда болған, тарихи тұрғыдан бір ғана қосымшаның әр түрлі варианттары ғана.
Кейбір грамматикалық тұлғалардың о баста әр басқа дыбысталса да, дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде бір ғана сипатқа келгені байқалады. Қазіргі тілімізде етістіктер құрамында қолданылатын ортақ етіс қосымшасы -с, әдетте болымсыздық қосымшасымен айтьілатын с(~з) сондай өзгерістердің нәтижесі. Соңғы қосымшаның о баста -з түрінде дыбысталғанын көне түркі материалдары, қазіргі түркі материалдары да растайды, ал түрікмен тілі фактілері бұл бұдан да ерте дәуірде -р түрінде дыбысталғанын дәлелдейді (-мар). Ортақ етіс қосымшасы бір кезде -ш түрінде дыбысталған. Сөйтіп екі түрлі дыбысталған екі тұлға қазіргі тілде дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде бір ғана сыпатта орныққан.
Түркі тілдерінің оғыз тобын түгелге жақын қамтыған ұяндау (палатализация) процесі қыпшақ тобына тән емес. Басқа да қыпшақ тілдеріндегі сияқты, қазақ тілінде де сөздің абсолют басыңда қатаң дауыссыздар, ұяңдармен салыстырғаңда, көбірек айтылады.
Жалпы түркі тілдеріндегі сөздің абсолют басының "оғыздық" және "қыпшақтық" түрлерінің қалыптасуы соншалық ежелгі құбылыс емес. Тарихи зерттеулер түркі тілдерінде сөздің абсолют басының қатаң болғанын, яғни қатаң дыбыстардан ғана басталғанын дәлелдеп отыр. Сөздің басы тек қатаң дыбыстардан ғана басталуы, ежелгі дәуірлерде дауыссыздардың ұяң, қатаң болып бөлінуі фонемалық дәрежеде болмағандығын көрсетеді. Ал кейін оғыз тіліндегі сөздің абсолют басының ұяңдауы созылыңқы дауыстылардың ықпалы дейтін пікір түркологияда қазір дәлелденіп отыр. Қазақ тіліндегі бута мен пута, бал мен пал, диірмен мең тиірмен, туз бен дуз тәрізді параллельдер тілдік сондай күйдің қалдықтары.
Көне түркі тілінде 16 дауыссыз фонема болған. Олар мыналар: б, п, д, т, к — қ, г — г, й, ч, с, ш, з, м, н, ң, л, р; қ — к, г — г дыбыстары дербес фонемалық қызмет атқармаған, қ жуан дауыстылармен айтылса, к жіңішке дауыстылармен айтылған, сол сияқты г — жуан дауыстымен айтылатын қ дыбысының ұяң варианты да, г — жіңішке дауыстылармен айтылатын к дыбысының ұяң варианты ретінде ғана қолданылған. Қысқасы, 4 дыбыс екі дауыссыз фонеманың көрінісі болған.
Көне түркі жазуы консонанттық негізде жасалған. Сондықтан жеке дауыстылардан гөрі буын сапасын дауыссыздар таңбасы арқылы белгілеу ол жазуда басым болған. Жазудың дауыссыздарды белгілейтін таңбалары, соған сәйкес үш түрлі топқа бөлінеді: жуан дауыстылармен бір тіркесте айтылатын дауыссыздар б, д, г, қ, л, н, р, с, т, й, жіңішке дауыстылармен бір тіркесте айтылатын дауыссыздар б, д, г, к, л, н, р, с, т, й; жуан дауыстылармен де, жіңішке дауыстылармен де айтылатын дауыссыздар м, н, ң, п, ш, ч, з. Сонымен, дауыссыз дыбыстарды белгілейтін таңбалар үш түрлі: жуан буындағы дауыссыз таңбасы, жіңішке буындағы дауыссыз таңбасы, жуан буыңда да, жіңішке буында да айтыла беретін дауыссыз таңбасы.
Аффиксгер құрамында д~ т,г~к, г~ қ дыбыстары сәйкес қолданылған, яғни олардың өзара ауысуы аффикстерді қызметі жағьшан ерекшелемеген.
Сөз басында д, г, г, н, ң, р, з айтылмаған. Ал л^ ^дыбыстары басқа тілдерден енген сөздердің басында ғана айтылған. М, б дыбыстары сөз басында бірі екіншісінің орнына айтылады: мен — бен, мің — бің (мың), маңа — баңа, (маган), менгү — бенгү (мәңгі). Бұл ауысу соңғы мұрын жолды дыбыстың ықпалы болу керек деген пікір бар.
Сөздің соңында ң дыбысы г (г) дыбысына сәйкес қодданылады: тәуелділіктің II жағы мен жедел өткен шақтың жекеше II жағы -ң және -г (г) түріңде айтыла береді.
Қазақ тілі - қыпшақ тобындағы тілдер тобына жатады. Ал
қыпшақ тобындағы тілдердің қарлуқ, оғыз тобындағы тілдерден
фонетикалық негізгі айырмашылықтары мына төмендегідей^І) 8 —
9 дауысты дыбыс бар, ы, і, у, и дыбыстары түрлі мәнермен айтылады:
татар, башқүрт тілдеріндегі бүл дыбыстар қазақ, қарақалпақ, ноғай
тілдеріндегі сондай дыбыстарға сәйкес келе бермейді; 2) аффикстер
қүрамында еріндік дауыстылар айтылмайды; 3) сөз қүрамындағы
еріндік үндесу әлсіз. Қазақ тіліңце сөздің бірінші буынында еріндік,
кейінгі буындарда қысаң дауыстылар келсе, алдыңғылары соңғыларға
әсер етеді. Бірақ өте өлсіз байқалады, соңдықтан жазуда ескерілмейді;
4) созылыңқы дауыстылар жоқ. Екінші топқа жататын созылыңқылар
орнына қыпшақ тілдеріңце дифтонгілер айтылады; 5) көне түркі
тіліндегі г, г дауыссыздары мен дауыстылардың тіркесі орнына
өзгерген жаңа тіркестер (ау, ой, ыу, ей, ій, уй, үу, үу) қолданьшады;
6) көптеген тілдерде сөз басында айтылатын қатаң п орнына үяң б
айтылады, бірақ жіктеу есімдіктері м, б дыбыстарымен мен, бен
түріңце дыбысталады; 7) сөз басыңда қатаң т, қ, к дауыссыздары
жиі қолданылады; 8) сөз басыңца дж дыбыстары жарыса қолданылады; 9) соз ішінде екі дауысты дыбыс аралығында п, қ, к қатаңцары үяңдап кетеді.
Қыпшақ тілдерін ортақ қүбылыстар, екінші жағынан, оларды түркі тіддерінің басқа топтарынан ерекшелейтін белгілер осылар. Ал кене тілдердегі з, д дыбыстарының орнына й дыбысының айтылуы, қатаңцар мен үяңдардың жіктелуі тек қыпшақ тілдеріне ғана емес, жалпы Батыс Хун тармағына тән белгілер.
Қазақ тілінің этногенездік негізі жайлы осы орайда айта кететін бір жай:
Қазақ тілі қыпшақ тілдері тобына жатады дейтін түрақталған көЗкдрасты қостай отырып, оның тек қана қыпшақ тайпалар одағы тіліне үласа бермейтін кейбір субстраттық қүбылыстары бар екеңцігін атап айту керек. Соңғы уақыттағы зерттеулер ондай қүбылыстар Орхон-Енисей заманьшан, қалса Махмуд Қашқари заманынан тарихта белгілі оғыз тектес халықтар тілдеріне барып жалғасатын-дыгын дәлелдеп отыр.
Қазақ тілі қарақалпақ, ноғай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тобын қүрайтыны, яғни Ноғай ордасы халықтарының негізінде қалыптасқаны да мәлім. Дегенмен, қазақ халқының субстраты қатарыңда басқа да тілдік негіздер болғандығы айқын (ол туралы аддыңғы тақырыпта айтылады). Соған орай қазақ тілінің тек езіне ғана тән ерекшеліктер мынадай: 1) фузияда л~д~ ш сәйкестігі бар; 2) соз басында айтьшатын й ~ ж ~ дж сәйкестігінен қазақ тіліңце ол позицияда ж дыбысы айтылады^ Й дыбысы эпизодтық ыңғайда біріккен сөздер қүрамында сөз ортасында ғана айтылады: тас; 4) қазақ тіліндегі ш қарлүқ тілдеріңдегі ч дыбысына сәйкес, с дыбысы ш дыбысына сәйкес қолданылады; 5) сөздің абсолют басыңда үяңдардангөріқатаңцаржиіқодданылады, бірақт~д,б~псәйкестігі сирек те болса үшырайды; 6) интервокал позицияда т, қ, к дыбыстары үяңдайды, бірақ қазақы, қалмақы тәрізді сөздер қүрамында үяндамай, қатаң сыпатын сақтайды; 7) қазақ халық тілінде мына тәрізді дыбыстар сәйкестіктері бар: а ~ ы (оңтүстік, Қостанай, Түрікменстан түрғындарында жиі), о ~ у (Оңтүстік, Маңқыстау, Түрікменстан, Қарақалпақстан түрғындары тілінде жиі), й ~ ж ~ дж (Шығыс Қазақстан, Шу бойында). Бүл сәйкестіктер көбіне бір тіл қүрамында ғана емес, тілдер арасында кездеседі.' Айталық а ~ ы сәйкестігі түркі тілдері мен чуваш тілі аралығында кездеседі, т.бл
Қазақ тілі фонетикалық жүйесінің біраз ерекшеліктері әр түрлі дәуірде басқа мәдениеттермен, тілдермен байланыста болудың, әр түрлі қарым-қатынасқа түсудің нәтижесі іспеттес қалыптасқан.
Ондай жолмен пайда болған ерекшеліктердің бастылары мыналар: 1) араб-парсы мәдениетінің ықпалымен создің абсолют басыңда, бірінші буында з, г, г, ә дыбыстары айтылатын бодцы;
2) Біздің заманымыздың алғашқы жылдарында-ақ Еділ, Жайық төңірегінде мекеңцеген қазақ тайпаларының Шығыс славяндар-мен - орыстармен қарым-қатынасының; ХҮІІІ ғасырда Қа-зақстанның Россия қол астына кіруінің нәтижесінде әбден түрақты сипат алған байланыстың нәтижесінде орыс тілінің қазақ тіліне әсер күшейді. Бүл байланыс, бүл ықпал Октябрь революциясынан кейін мүлдем жаңа сапаға ауысып, қазақтың бүкіл әдеби тіл жүйесінің жаңа бағытта дамуына ықпал жасады. Мүның нәтижесінде қалыпта э дыбысы орнықты.
Достарыңызбен бөлісу: |