Философия және Саясаттану факультеті Жалпы және этникалық психология кафедрасы



бет21/23
Дата26.04.2024
өлшемі96.18 Kb.
#499944
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
толык умкд карым-катынас Текстовый документ OpenDocument

4 жаттығу. Өзгенің орнында
Қатысушылардың біреуі жүргізушіден немесе өзінің көршісінен нақты белгілі-бір затқа айналуы туралы тапсырма алады. Ол өзін сол зат ретінде елестетіп, оның өміріне еніп, оның мінезін сезіну керек. Осы заттың атынан ол оны қоршап тұрған ортаны, ол қалай өмір сүреді, не сезеді, оның қамқоры, оның сезімі, оның өткені мен болашағы туралы әңгемелеп береді. Әңгімелеп біткен соң, қатысушы дөңгелек бойымен келесі адамға тапсырма береді.
Ойынды мүмкіндігінше қараңғылау бөлмеде, ыңғайлы орындықтармен жүргізген абзал. Бұл қатысушыларға өз ойын анық, әрі ашық білдіріп, психологиялық комфортты сезінуге қамтамасыз етеді. Бірте- бірте бұл заттар тірі заттарға айналып, сезіну тереңдеп, қатысушылар затты сипаттауда тек сыртқы бейнеленуін ғана емес, оны көңіл-күй, сезім арқылы жеткізе алады.
5 жаттығу. Айна
Жүргізуші бірнеше қиын емес тапсырмаларды орындауды ұсынады, нақтырақ- олардың орындалуын көрсету; олар бесеу. Тапсырмалар мынандай:
1) Маникюр жасаймын
2) Көкке шығамыз
3) Түскі тамақты дайындаймыз
4) Спортпен шұғылданамыз
5) Үй саламыз
Бұл тапсырмалардың ерекшелігі сонда, оны қатысушылар жұп-жұппен ойнайды. Сонымен қатар, серіктестер бір-біріне қарама- қарсы тұрып, тура осы уақытта оның біреуі айнаның рөлін атқарады, яғни өзінің серіктесінің қимылын айнытпай қайталайды. Сосын серіктестер орындарымен, рөлдерімен ауысады.
Топтың қалған қатысушылары - көрермендер, олар екі жұптың ойынын қарап, айнаның рөлін сомдаған қатысушының артистік қабілетіне баға береді. Сосын серіктестер рөлдерімен ауысады. Жұптар кезекпен ауысады, осындай жолмен топтың алдында барлық қатысушылар қатысады. Әр қайсысы 2 рөлді: атқарушы және айнаның рөлін сомдайды. Топ айнаның рөлін сомдаған актерді 5 балдық жүйемен бағалайды. Сосын барлық қатысушылардың бағасы шығарылып, әркім өзінің айнаның рөлін сомдаудағы үлгерімі туралы біле алады.
6 жаттығу. Сыңармен жаттығу.
Топтағы қатысушылардың бірі дөңгелектің ортасына тұрып, монолог айтады. Мұнда өзінің ойы, сезімі, уайымы туралы айту керек. Мүмкіндігінше "сөйлемеу керек", өзінің ойын үзіп, қысқаша түрде шығару керек. Сондай-ақ бөлменің ішінде ешкім жоқ деп елестетіп, еркін қозғалуға болады.
Бірнеше минуттан соң топтың бір мүшесі өз қалауымен шығып, монолог айтушы адамның артына тұрып, оның тұрған кейпінде тұрып, оның мимика, жестін, қимылын қайталайды. Вербальды емес қимылды қайталап, монолог айтушыға кедергі жасамау керек. Бірнеше минуттан соң қатысушылар орындарымен ауысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет