Философиядан глоссарий (түсіндірме сөздік) Философия



бет2/8
Дата24.11.2022
өлшемі33.81 Kb.
#465676
1   2   3   4   5   6   7   8
Философиядан глоссарий (т сіндірме с здік) Философия
2.Ежелгі Шығыс философиясы
Веда(санскрит тілінен аударғанда-білім,ілім)-ең көне деген киелі жазбалардың жинағы.
Упанишад – қатар отыру деген ұғымды білдіреді. Упанишад – веда жүйесiндегi философия.
Брахмандар – дінбасылары мен монахтар.
Атман – индивидуалды рухани мәнді бейнелейтін ұғым.
Мокша — торығып-түңілуден, жалғыздықтан қалай құтылу жайындағы ілім.
Майя — құшағына бiрнеше ұлтты басқан, тiлi мен дәстүрi, құдайы ортақ ұлыс. 
Дхарма — будда дініндегі моральдық заңның басты бөлігі болып есептеледі. Үнділердің қасиетті кітаптарында (смрити) дхарманың тізімі, яғни түрлі касталардың міндеттері мен функ- циялары атап көрсетілген. Касталық жүйеде бүл парыз-міндеттерден ауытқуға жол берілмейді.
Карма (санскрипша – іс-әрекет) – ежелгі үнді философиясы мен дініндегі ұғым. Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, — жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, — міндетті түрде салдар туғызады, ол жақсы немесе жаман болуы мүмкін. 
Сансара дегеніміз – жанның жай таппай жиһан кезуі, бір денеден екінші денеге ұдайы ауысып отыруы туралы ілім.
Нирвана -«жоғалу», «сөну». Күнделікті өмір — бітпейтін күйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана — осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы.
Дао - Қытай философиясының ең басты ұғымы. Дао бүкіл әлемнің, әрбір заттың даму заңдылығы, ғарыштық үйлесімділік пен қуаттың жарқын бейнесі. Бір өзі бар абсолютке тең, бүкіл тірліктің негізі, әрбір бастаманың басы.
Будда (санскрит тілінен аударғанда"оянған", "көзі ашық" деген мағынаны білдіреді) буддизм іліміндегі - айқындыққа (бодхиге) жеткенді айтады.
Ли - сыпайылық, (қытай тілінен сөзбе сөз аудармасы - салт-жора, этикет, салт, рәсім, тәртіп, ұстамдылық), қытай философиясының, оның ішінде ең алдымен конфуциандықтың категориясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет