Философиядан глоссарий (түсіндірме сөздік) Философия


Атаракция (гр. ataraxia - сабырлылық) - жан тыныштығы және сабырлылық. Эклектика



бет4/8
Дата24.11.2022
өлшемі33.81 Kb.
#465676
1   2   3   4   5   6   7   8
Философиядан глоссарий (т сіндірме с здік) Философия
Атаракция (гр. ataraxia - сабырлылық) - жан тыныштығы және сабырлылық.
Эклектика – әр түрлі, қарама-қайшы көзқарастардың, теориялық алғышарттардың, саяси бағалардың тоғысуы.
Катарсис (гр.catarsis- тазару)- адамның рухани жан және тән саулығын бейнелейтін ұғым
МЕТЕМПСИХОЗ— жандардың қоныс аударуын білдіретін грек терминдерінің бірі
Космос (гр.kosmos - ғарыш) - ғарыш, бүтіндей және біртұтас дүние, құрамына Жерді, Күн жүйесін, біздің және басқа да галактикаларды қоса есептегенде, қозғалыстағы материяның тұтас жиынтығы
Физис-адамның өзгермейтін табиғаты.
Эйдос (гр.eidos - түр, бейне, үлгі) - объектінің ұйымдасу амалын белгілейтін антикалық философияның термині, сол сияқты терминнің алғашқы мағынасын түсіндіруге байланысты ортағасырлық пен қазіргі философияның категориясы
Эманация (лат.emanatio-истечение-ағу) әлемнің жоғары құдайлықтан (оның шығармашылық, жаратушылық энергиясынан) «ағып шығуы», пайда болуы
Эристика (гр. eristikos - пікір таласушы) - пікір айтысудың, таласудың әдісі, оның мақсаты: қорғалып жатқан көзқарастың дұрыстығы немесе қателігіне қарамастан жеңіп шығу.
Метафизика (гр. meta ta physika- после физики- физикадан кейін )- бұл терминнің жаңа (соңғы) және ескі (бұрынғы ) мағыналары бар:1) қазіргі жаңа заманда шындық дүниедегі өзгеріс, дамуды, құбылыстар арасындағы өзара байланысты теріске шығаратын, диалектикалық ойлау әдісіне қарама- қарсы философиялық әдіс;
2) болмыстың шегіне жеткен (предельный) сезімнен тыс негіздерін қарастырумен айналысатын философияның тарауы.

Генезисбелгілі бір заттың, құбылыстың тууы мен онан әрі дамуын бейнелейтін ұғым. Генезис дамудың белгілі бір кезеңін аңғартады. Генезис - пайда болу, жасалу процесі.
Микрокосм немесе микрокосмос-ежелгі табиғи философияда адамды миниатюрадағы ғалам (макрокосмус) ретінде түсіну
ИЕРАРХИЯ- бүтіннің бөліктері мен элементтерінің төменнен жоғарыға қарай орналасуы, мәні артып, мүшелер саны азаяды
Апория (гр. аporia – қиыншылық, амалсыз жағдай) – ертедегі грек философиясында қиын шешілетін проблеманы білдіретін түсінік, ұғым. Апория нәрсенің өзінде немесе ол туралы түсінікте қайшылық болғандықтан туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет