Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігінің
Төтенше жағдайларды
және өнеркәсіптік қауіпсіздікті
мемлекеттік бақылау
комитетінің
2010 жылғы «22» қазандағы
№ 34 бұйрығымен келісілген
Ұңғымаларды роторлы және турбиналық тәсілмен жүргізу кезіндегі әдістемелік ұсынымдар
1. Дайындық жұмыстары
1. Ұңғымаларды жүргізу бойынша жұмыстарды бастар алдында:
бұрғылау, шамдал, ротор және басқалар едендерін тазалау;
жұмысқа қажеті жоқ, жұмыскерлер қозғалысына бөгет жасайтын барлық аспаптар мен жабдықтарды алып тастау;
роторды кішірек айналыммен сынама айналдыруымен вертлюг айналысының жеңілділігін тексеру;
ротор монтажының дұрыстығын тексеру, ротордың негізгі дұрыс бекітілуінің сенімділігін және оның жұмыс қабілеттілігін тексеру;
бұрғылау жүкшығырының, ротордың, бұрғы сорғылардың және басқа жабдықтың жылжымалы бөліктеріне қолжетімділікті жан-жақтан сенімді бекітетін қоршаулардың болуы мен бекітілуін тексеру;
бақылау-өлшеу аспаптарының ақаусыздығын, салмақ индикаторының тарировты кестесінің болуын тексеру;
жоғарыдағы жұмыскердің бұрғылаушы пультінің сорғылық дабылдамасының ақаусыздығын тексеру.
2. Жоғарыдан әр түрлі заттардың құлау қауіптілігін болдырмау үшін ұңғыманы бұрғылаудан бұрын бұрғылаушы (жоғарғы жұмыскер) көмекшісі:
кронблок алаңы мен кронблок жағдайын, сатылар мен қоршауларды, мұнаралар мен басқаларды қарап тексеруі;
жоғарғы жұмыс балконынан, сатылар мен өту алаңдарынан бөгде заттарды алып тастауы, ал жұмысқа қажеттілерін бекітуі қажет.
3. Кронблокты, тальды блокты, ілмекті, вертлюкті тексеру кезінде олардың бөлшектерінің бекітілуіне ерекше назар аударылуы қажет. Жабдықтың бұрандалы қосылыстары контрсомындармен бекітіледі және сіргеленеді.
4. Сағасында превентормен жабдықталған ұңғымаларды бұрғылау алдында штурвал мен превентор тартпаларына жол ашық және жеңіл қолжетімді екендігіне, ал түнгі уақытта жарықтандырылғанына (жарықтандырылу 25 лк кем емес) көз жеткізіледі.
5. Мұнараның ортасы бұзылған кезде ұңғыманы жүргізу бойынша жұмыстарға рұқсат берілмейді. Ақаудың табылуы бұрғылау басталғанға дейін түзетіледі.
6. Ұңғыманы жүргізу бойынша жұмыс басталар алдында болуы мүмкін мұнай газ пайда болуларымен бұрғылаушы бұрғыда қолданылатын құбырлар диаметріне сәйкес келетін екі сығымдалған кері клапанның болуына көз жеткізеді.
Ескерту. Қажеттілігі болған кезде белдіктерде превентор плашкасының мөлшеріне сәйкес болатын және сығымдалған бұрғылау құбырлары болады.
7. Егер ұңғыманы бұрғылау алдында жөндеу жұмыстары жүргізілген болса, механизмді іске қосу алдында жөнделген жабдықтан бөгде заттар (бұрандамалар, сомындар, қол аспаптары жәнебасқалар) алынып тасталады, алынған қоршаулар орны қойылады, олар сенімді бекітіледі, жүргізілген жөндеу сапасы адамдарды қауіпті аймақтан алдын ала шығарумен және іске қосу туралы белгі берумен жабдықты қысқа мерзімге іске қосу арқылы тексеріледі.
8. Вахтаны қабылдау процессінде геолог-техникалық наряд өлшемдеріне сәйкес бұрғылау ерітіндісінің қоры болуына көз жеткізіледі.
2. Технологиялық операцияларды орындау
9. Ұңғымаларды бұрғылау кезінде ілмектің бұрылуын болдырмайтын стопор мен ілмектегі сақтандырғыш ілмешек жабылады.
10. Жетекті құбырды шурфтан көтеру, бұрғылау құбырларының колонналарын ұзартқаннан кейін бұрғылау жүкшығырының 1-жылдамдығымен баяу жүргізу қажет. Жетекті құбырдың жылжу жолында жұмыскерлердің болуына рұқсат берілмейді.
11. Жетекті құбырды бұрғылау құбырының түсірілген колоннасымен бұрау кезінде, бұрау тәсіліне қарамастан жұмыскерлер қауіпті аймақтан шығарылады.
12. Ұзарту аяқталған соң және бұрғылау процессінде ротор үстелінде бос элеваторды қалдыруға рұқсат берілмейді.
Ротордан элеваторды алу элеватор тесігіне кигізілген строп көмегімен зәкірмен алынады. Бұл ретте элеватор жабық.
13. Жетекті құбырдың қысқыштарын роторға салу кезінде жұмыскерлер оны жабдық көмегімен (ілмек және басқа) тесігінен ұстап тұрады.
14. Жетекті құбыр қысқышының ұшып кетуін болдырмау үшін оның айналып жатқан кезінде қысқыштар өзара бұрандалармен жалғастырылады.
15. Бұрғылау кезінде строптардың түсіп кетуін болдырмау үшін бұрандалар мен фиксаторлардың бекітілуін қадағалау қажет.
16. Турбобұрғының ұңғымаға түсірілуі алдында оның ақаусыздығы ұңғыма сағасында тексеріледі.
Сынау кезінде ақау табылатын болса турбобұрғыны ұңғымаға түсіруге рұқсат берілмейді.
17. Турбобұрғының ротор үстінде әрі-бері жүруіне оған бұрғылау ерітіндісін бермеу кезінде ғана рұқсат беріледі.
18. Ұңғыманы турбобұрғымен бұрғылау кезінде бұрғылау құбыры колоннасының жоғарғы муфтасында сүзгі орнатылады.
19. Бұрғылау сорғыларының іске қосу тартпаларының қашықтан басқарғыштары болады.
Бұрғылау сорғысын іске қосу алдында іске қосу және өткізу тартпалары ашылады. Өту тартпасын ашу тартпа штогындағы көрсеткіш жағдайымен тексеріледі.
20. Айдау құбыр өткізгішінде мұз кептелістерінің пайда болуын болдырмау үшін бұрғылау ерітіндісінің кезеңді айдауы немесе оның бұрғылау сорғысы тоқтағаннан кейін шығару жүргізіледі. Бұрғылау сорғысын іске қосу алдында желі үрленеді. Бұрғылау сорғыларының лақтыру желілерінде пайда болған мұз кептелістерін басуға рұқсат берілмейді.
21. Бірге жұмыс істейтін бұрғылау сорғыларын іске қосу алдында екінші сорғыны қосу, бірінші сорғы айналымының толық санын алған және циркуляция қалпына келген соң жүргізіледі.
22. Компенсатордың жұмыс қысымы бұрғылау сорғымен жасалатын барынша көп жұмыс қысымынан кем болмайды.
23. Алдын ала сығылған пневмокомпенсатормен жабдықталған бұрғылау сорғысын компенсаторда қысым паспортпен белгіленгеннен төмен болған кезде пайдалануға рұқсат берілмейді.
24. Бұдырлы беті (сызат, шығыңқы, сыртқы сызаттар, жамаулар, қисық дәнекерленген ернемек) бар компенсаторларды пайдалануға рұқсат берілмейді.
25. Әрбір бұрғылау сорғысында сорғыны пайдалану бойынша нұсқаулыққа сәйкес, жұмыс қысымына есептелген зауыттық дайындаудағы сақтандырғыш құрылғы және бұрғылау сорғысында орнатылған цилиндрлі төлкелерге байланысты жөнделеді.
Сақтандырғыш құрылғылардың жағдайын тексеру мен орнату жабдықтың техникалық жағдайы журналында тіркеледі.
26. Ұңғыманы бұрғылау процессінде бұрғылаушы бақылау-өлшегіш аспаптар көрсеткіштерін мұқият қадағалайды.
27. Бұрғылау процессінде автоматты басқару бар ма, жоқ па екендігіне қарамастан бұрғылаушының бұл процессті қараусыз қалдыруына рұқсат берілмейді.
28. Бұрғылау процессінде қабылдау ыдыстарында бұрғылау ерітіндісі деңгейінің өзгеруі не жұтылудың (көлемнің кішіреюі), не пайда болудың (көлемнің үлкеюі) болу көрсеткіші табылады. Жоғарыда аталғандар негізінде қабылдау ыдыстарындағы бұрғылау ерітіндісінің жағдайы үнемі бақыланады және оның өзгерісі кезінде болуы мүмкін асқынулардың алды алу бойынша жедел шаралар қабылданады.
29. Бұрғылау ерітіндісінің вертлюг тығыздамасы арқылы өтуі табылған кезде бұрғылау тоқтатылады және вертлюгпен шурфқа баратын жетекші құбырды анықтап, тығыздау бұрандамасы тартылады немесе тығыздама ауыстырылады. Бұл ретте аспап кезеңді әрлі-берлі қозғалады.
30. Ұңғыманы бұрғылау кезінде ерітінді қысымымен бұрғылау құбыршегінің жарылуын болдырмау үшін оның жағдайы қадағаланып отырылады. Егер бұрғылау ертіндісінің ағып жиналуы басталса немесе құбыршектің сыртқы қабығында ақаулар болса. ұңғыманы бұрғылау дереу тоқтатылады және бірнеше шырағданды көтерумен (түсірілген колонна башмагы мүмкіндігі кезінде), ашық атқылауға қарсы шаралар қабылданып, бұрғылау құбыршегі ауыстырылады.
31. Электр энергиясын беру тоқтатылған кезде ұңғыманы бұрғылау тоқтатылады және авариялық дизель-генераторды пайдаланумен құралды ала кетудің алдын алу бойынша шаралар қарастырылады. Жұмыс тек электр энергиясы берілгеннен кейін қалпына келтіріледі.
Жарықтандыру мақсатында ашық отты пайдалануға рұқсат берілмейді.
32. Ұңғымаларды бұрғылау процессінде науa жүйесінің өту алаңдары мен гидроциклонды қондырғы айналасындағы алаңның тазалығы сақталады.
Науа мен дірілді елеуіш үнемі шламнан тазартылады.
33. Ұңғыманы бұрғылау кезінде:
қысым астындағы механизмдердің немесе айдау құбыр өткізгіштерінің кез келген жылжитын бөліктерін бекітуге, жөндеу жүргізуге;
механизмдердің жылжитын бөліктерін майлау мен тазалау жүргізуге;
қоршауларды алып тастауға жәнt қоршау сыртынан өтуге;
роторда болуға;
превенторға профилактикалық қарау мен жөндеу жүргізуге рұқсат берілмейді.
34. Бұрғылау сорғыларын тоқтатқаннан кейін айдау желісінде қысым атмосфералыққа дейін төмендетіледі.
35. Ұңғымаларды бұрғылау процессінде бұрғылаушы өткізілетін жыныс сипаттамасына байланысты кезеңді аспапты забойдан ашады.
36. Бұрғылауда қысқа мерзімге тоқтау кезінде аспап жетекші құбыр ұзындығынан артық болмай жоғары көтеріледі және кезеңді әрлі-берлі жүргізіледі.
37. Бұрғылау процессінде ұзақ тоқтау кезінде аспап түсірілген техникалық колоннаның башмагына дейін көтеріледі. Бұл ретте кері клапан немесе шарлы кран қарастырылады.
_____________________
Достарыңызбен бөлісу: |