Ұңғыманың зайбой асты аймағын көмірсутекті ерітінділермен (конденсат, сұйытылған газ және басқалар) өңдеу және оларды қабатқа айдау бойынша әдістемелік ұсынымдар



Дата14.06.2016
өлшемі207.48 Kb.
#135831




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігінің

Төтенше жағдайларды

және өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау

комитетінің

2010 жылғы «4» қарашадағы

№ 39 бұйрығымен келісілген



Ұңғыманың зайбой асты аймағын көмірсутекті ерітінділермен (конденсат, сұйытылған газ және басқалар) өңдеу және оларды қабатқа айдау бойынша әдістемелік ұсынымдар

1. Жалпы талаптар
1. Ұңғыманың зайбой асты аймағын көмірсутекті ерітінділермен өңдеу жұмыс жетекшісі жетекшілігімен жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды көрсетумен, техникалық жетекші, мұнай газ өндіруші ұйымның бас геологы бекіткен ұйымның жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.

Жұмысты ұйымдастыру жоспарында ұңғыманың геолого-техникалық деректері, сонымен қатар пайдалану колоннасының диаметрі және оған рұқсат берілетін қысым, дайындық-қорытынды жұмыстарды жүргізу және ерітіндіні айдау тәртібі, ерітіндіні айдау қысымы, жылдамдығы (сорғының өнімділігі), сондай-ақ оның физика-химиялық сипаттамасы көрсетіледі.

Жұмыс жоспарында болуы мүмкін аварияны тарату бойынша шаралар көрсетілген.

Ескерту. өңделетін ұңғымалар көп болған кезде әр алаң бойынша ұңғыманың зайбой алды аймағын өңдеудің тұрпатты жоспары мақсатты жасалады, бұл бойынша әр ұңғыма үшін жұмысты ұйымдастырудың нақты жоспары өңделеді.

2. Ұңғымада судың технологиялық және тұрмыстық қажеттіліктер үшін қажетті жеткілікті көлемі дайындалады.

3. Көмірсутекті ерітінділерді қабатқа стационарлы сорғылармен айдау үшін сұйық көмірсутектерді (тұрақты бензин, мұнай химиялық өндірістің әр түрлі қалдықтары) және қабылдау және сақтау пункттеріне жақын орналасқан газ өңдеу зауыттары мен мұнай химиялық комбинаттарға сұйытылған көмірқышқыл газдарды беруге технологиялық регламент өңделеді.

Бұл ретте ұйымдар арасында телефон байланысы болады, ал қызмет көрсету бөліктері бөлгіш ысырмамен шектеледі.

4. Сұйытылған газдарды тасымалдайтын құбыр өткізгіштерді пайдалану III-05.05-84 СНжЕ «Сұйытылған мұнай газдарын сақтау мен тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік ережесіне» сәйкес жүргізіледі.

5. Көмірсутекті ерітінділерді айдау химиялық белсенді от және жарылыс қауіпті сұйықтарға арналған жылжымалы және стационарлы сорғылық құрлығылармен жүргізіледі.

6. Ұңғыманың забой алды аймағын көмірсутекті ерітінділермен өңдеу кезінде, сондай-ақ оларды қабатқа айдау кезінде қысым пайдалану колоннасы үшін рұқсат берілетіннен аспайды, ал асқан кезде оның соңғысы пакермен сенімді қорғалады.

7. Жұмыскерлер олар атқаратын жұмыс сипатына байланысты тұрпатты салалық нормалармен көзделген арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен (қорғаныс көзілдірігі, резеңке алжапқыш, қолғаптар) қамтамасыз етіледі.

8. Жұмысты ұйымдастыру жоспары мен ұңғымаға немесе қабатқа көмірсутекті ерітінділерді айдау бойынша жұмыстарды жүргізу жөніндегі технологиялық регламент жұмыс жетекшісінде болады.

9. Жұмыс басталарға дейін жетекші қызмет көрсетуші персоналды алдағы жұмыстар жоспарымен және оларды ұңғымада қауіпсіз жүргізу ережесімен, сондай-ақ болуы мүмкін аварияны тарату бойынша шаралармен таныстырады.

10. Ұңғыманың забой алды аймағын көмірсутекті ерітінділермен өңдеу және оларды қабатқа айдау бойынша жұмыстарға қатысушы барлық тұлғалар қайғылы оқиға кезінде зардап шегушіге алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсете алады.

11. Көмірсутекті ерітінділер тұтанудың төмен (28 0С төмен), температурасы болады, сондықтан жұмыс өндірісі кезінде өрт және жарылыс қауіпсіздік талаптары сақталып тиісті шаралар қабылданады.

12. Ұңғыманың забой алды аймағын өңдеу үшін тұрақты емес (газсыздандырылмаған) көмірсутекті ерітінділерді пайдалануға жол берілмейді.

13. Көмірсутекті ерітінділерді цистернадан құю және қотару, сондай-ақ ұңғыманың забой алды аймағын көмірсутекті ерітінділермен өңдеуді тәуліктің жарық уақытында жүргізу керек.

Бұл жұмыстарды қажеттілігі туындаған кей жағдайда ғана жарылыстан қорғалған шамдарды пайдаланумен және өндірістік объектілердің барынша аз жалпы жарықтандырылуын қамтамасыз етумен жүргізуге рұқсат беріледі:

құю және қотару эстакадалары – 5 лк;

бақылау-өлшеу аспаптарының шәкілдері – 50 лк;

ұңғыма сағасы – 26 лк.
2. Көмірсутекті ерітінділерді автоцистерналармен

құю, қотару және тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
14. Автоцистерналарда:

ортаны құю мен қотаруға арналған вентиль;

цистернаның жоғарғы бөлігінен буды шығаруға арналған вентиль;

серіппелі сақтандырғыш клапан;

манометр;

сұйық деңгейін көрсеткіш орнатылған.

15. Сұйытылған газға арналған цистернаның әрбір құю және түсіру вентилі бітеуішпен жарақталған. Жанатын газдарды құю мен қотаруға арналған вентильдердің бүйір жалғастықтарының сол жақ бұрандасы болады.

Сұйытылған газдарға арналған цистерналардың вентильдері сол газға белгіленген түске боялады.

Жанатын газга арналған цистерна вентильдері қара қоңыр түске, ал жанбайтыны қара түске боялады.

Жалғастықтарда жазулар жүргізілген немесе әріптен ойылған:

сұйықтық вентиль үшін – сұйық жазуы немесе «С» әрпі, газды вентиль үшін «газ» жазуы немесе «Г» әрпі.

16. Цистерналардың сыртқы беттері ашық сұр түске боялады және «Өрт қауіпті» жазуы болады.

Сұйытылған газдарға арналған автоцистерналардың бұдан басқа, ені 200 мм қызыл түсті ажыратқыш жолағы болады.

17. Құю-қотару құрлығылары мен автоцистерналар үшін 16 кгс/см 2 (сұйытылған газдар үшін) төмен емес жұмыс қысымына Б сыныпты (1) резеңке маталы қолғаптар (иілмелі құбыршектер) пайдаланылады.

Қолғаптар әр екі жыл сайын ауыстырылуға (қоймалық сақтау мерзімін қоспағанда) жатады.

Қолғаптардың екі жағынан да жалғастықтарға қондырғылар мен құбыр өткізгіштерді жалғау үшін арнайы жабдықтары болады.

18. Көмірсутекті ерітінділерді айдау үшін пайдаланылатын автоцистерналар мен сорғылық қондырғылардың қозғалтқыштарының пайдаланылған құбырлары автокөліктің алдыңғы жағына шығарылған ұшқын сөндіргіш-тұншықтырғыштармен жабдықталған.

19. Ұшқын-сөндіргіш тұншықтырғыштар кезеңді базада қондырғыларды профилактикалық қарау кезінде қабатталған ыстан тазартылады.

20. Автоцистерна екі көмірқышқылды от сөндіргішпен, күрекпен, өлшемі 2 х 1,5 м кигізбен, тұтқасы бар өрт қолғабымен және жылжымалы бұрандамен жарақталған.

21. Пайдаланудағы цистерналар толтыру станциясында техникалық куәландырылуға (ішкі қарау мен гидравликалық сынауға) жатады.

22. Цистерна арматурасының ақаусыздығы мен герметикалығы барлық сұйытылған газдар үшін әр толтыру алдында толтыру зауытында немесе толтыру станциясында тексеріледі. Тексеріс нәтижесі толтыру журналына жазылады.

23. Пайдаланудағы цистерналар, газды сақтау және тасымалдау кезінде ішінде қысымы жоқ цистерналардан басқа, толтыру зауыты мен толтыру станциясына түскен кезде 0,5 кгс/см 2 кем болмайтын қалдық қысымға ие болады.

Қысқы уақытта булар икемділігі 5 кгс/см2 төмен болатын сұйытылған газдар үшін қалдық қысымды толтырушы зауыт белгілейді.

24. Сұйытылған газдар резервуарларында толтыру алдында газдың қалдық қысымы 0,5 кгс/см 2 кем болмайды.

Қалдық қысым болмаған кезде резервуар герметикалыққа тексеріледі.

Сұйытылған газ қалдығы жоқ (жаңа, техникалық куәландырудан немесе тазалаудан кейінгі) ыдысты толтыру алдында жарылыс қауіпті қоспа пайда болуды болдырмау үшін сақтандыру шаралары қабылданады (инертті газбен, су буымен баяу айдау кезінде алдын ала үрлеу және күшейтілген бақылау). Сондай-ақ табиғи газбен үрлеуге де рұқсат беріледі.

Үрлеу аяқталуы газ-ауа қоспасының шамынан шығатын қышқылдың болуымен анықталады.

Үрлеу газ-ауа қоспасында қышқыл газ анализатормен анықталған көлемі бойынша 1 % артық болмаса үрлеу аяқталған болып саналады.

Автоцистерналар толтыру алдында көмірсутекті ерітінділермен жарылыс туғызуға қабілетті заттардың болуына тексеріледі.

Мұндай заттар табылған кезде соңғылары (үрлеумен немесе сәйкес жуу құралымен жуумен немесе басқа қауіпсіз тәсілмен) жойылады.

Автоцистернаны сұйық көмірсутекті ерітінділермен толтыру бағаналар арқылы, ал сұйытылған газдармен сұйық және булы фаза құбыр өткізгіштері бар колонна арқылы жүргізіледі.

Ерітіндіні құю мен қотаруға арналған бағанада өрт сөндірудің алғашқы құралдары: химиялық өрт сөндіргіштер – 2, 1 м3 құмы бар жәшік, темір күрек – 2 және 2х1,5 м мөлшерлі кигіз немесе асбест төсем болады.

Ерітіндіні автоцистернаға құюды кемінде екі адам атқарады (ерітіндіні қабылдау мен беруге жауапты тұлға және автоцистерна жүргізушісі).

25. Ыдысты температурасы 15 0 С және жоғары сұйытылған газбен барынша толтыру үлкендігі 83 % аспайды.

Газ температурасы 15 0 С төмен болғанда барынша толтыру үлкендігі төменде көрсетілген нормаларға сәйкес болады:

Сұйытылған газ




Резервуар, цистерна ыдыстың 1 л барлық газдар кг артық емес

1 кг газға келетін резервуар, цистерна ыдысы, л төмен емес

Бутан

Бутилен

Изобутилен

Пропан

Пропилен

Этилен





0,488

0,526


0,526

0,425


0,445

0,286


2,06

1,90


1,90

2,35


2,25

3,50

26. Ыдысты (резервуарды) мұнай өнімдерімен (көмірсутегі ерітінділерімен) толтыру кезінде сұйық деңгейі сұйықты жылыту кезіндегі кеңеюін есепке алумен анықталады.

Суық ерітіндінің барынша көп деңгейі ыдыс биіктігінің 95 % аспайды.

27. Сұйытылған газ температурасын бақылау үшін әр ыдыста термометр орнатылады.

Айдалатын өнім температурасы өнімдер буларының икемділігі ыдыстың рұқсат берілетін жұмыс қысымынан асатын температурасынан жоғары болмайды.

28. Автоцистернаны толтыру мен босату кезінде оның қозғалтқышы жұмыс істемейді, жылдамдықты ауыстырып қосу иінтірегі бейтарап қалыпта болады, автомобиль тоқтатылады, дөңгелек астына алдынан да, артынан да тіреулер қойылады.

Құю жалғастықтарынан қақпақшаны алуға қозғалтқыш тоқтағаннан кейін, ал қозғалтқышты іске қосу – қолғаптар мен қақпақшалар қондырғыларын ажыратқаннан кейін жол беріледі.

29. Цистерналар мен резервуарларды олардағы қысымды газ жастықшасын атмосфераға шығару есебімен төмендету жолымен толтыруға жол берілмейді.

30. Резервуарды сұйытылған газбен толтыру кезінде сұйық фаза деңгейін қадағалау және резервуардың жарылуын болдырмау үшін аса толуына жол берілмейді.

31. Резервуар немесе автоцистерна толған жағдайда газдың артығы арнайы ыдысқа шығарылады.

Автоцистернаны сығылған газбен толтыру толудың барынша көп деңгейін көрсетумен тексеріледі.

32. Цистернаны газбен толтырғаннан кейін вентильдердің бүйір жалғастықтарына қақпақшалар тығыз бұрылған, ал цистерна арматурасына сақтандырғыш қақпақтар кигізілген, соңғылары пломбыланған.

33. Автоцистернадағы сұйытылған газ қысымын манометр бойынша қадағалау қажет. Автоцистернада газ қысымы 15 кг/см2 жоғары артқан жағдайда автоцистернаны суыту үшін шаралар қабылданады (көлеңкеде ұстау немесе суық су құю).

34. Көмірсутекті ерітінділермен толтырылған автоцистерналарды жылыту температурасы оның техникалық паспортында көрсетілген барынша көп рұқсат берілетіннен аспайды.

35. Сұйық көмір сутекті ерітіндіні тасымалдауға арналған цистерна люгын ашу кезінде, қабылдау немесе лақтыру құбыршектерін енгізу мен бекітуде жел жақтан тұру керек.

36. Ерітіндіні құю мен қотару уақытында коммуникацияда ағу пайда болған жағдайда, оны тарату - процессті тоқтатусыз жүргізуге жол берілмейді.

Ағуды тарату кезінде коммуникациядағы өнім құйылып алынады, ал егер ұзық уақытқа тоқтатылатын болса, ерітіндіні құю мен қотару құбыршегі цистернадан ажыратылады.

Автоцистренаны жөндеу жұмыстарын құю эстакадасы аумағында жүргізуге жол берілмейді.

37. Ерітіндіні құю кезінде эстакада айналасында 100 м радиуста барлық жөндеу жұмыстары тоқтатылады.

38. Автоцистернаны құю мен одан ерітіндіні қотару кезінде, сондай-ақ оны ұңғымаға айдау кезінде отты жұмыстарды жүргізуге, от жағуға және 100 м радиуста темекі шегуге рұқсат берілмейді.

39. Сұйық көмірсутекті ерітіндіні цистернаға құйғаннан кейін құбыршекті бұру алдында құбыршекті төгілуге жол бермей толықтай цистернаға босату керек.

40. Ерітіндіні автоцистерналармен тасымалдауға герметикалы жабық люктер мен құю жалғастықтарында рұқсат беріледі.

41. Ерітіндіні тасымалдау кезінде автоцистерналардың шұғыл итерілуіне жол беруге болмайды.

Көмірсутекті ерітінділермен толтырылған автоцистернаны ашық от жанында тоқтатуға, сондай-ақ автоцистерна алдында және оның кабинасында темекі шегуге жол берілмейді.

42. Автоцистренаға жақын жерде от туындаған кезде, оны бірден қауіпсіз орынға шығару, бұл мүмкін болмаған жағдайда цистернаны сумен себелеу керек.



3. Статикалық электрден қорғау
43. Жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтарды құю мен қотарудағы автоцистерналар толтыру және босату уақыты бойы жақын жердегі жерге тоғыту құрылғысына қосылған.

Автоцистернаны жерге тоғыту құрылғысынан ажырату құю және қотару процесстері аяқталған және цистерна вентильдерінің бүйір жалғастықтарына қақпақшалар орнатқаннан кейін жүргізіледі.

44. Жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтарды тасымалдауға арналған құбыр өткізгіштер, сондай-ақ құю эстакадаларының бағаналары 2009 жылғы 27 шілдедегі № 176 Технологиялық құбыр өткізгіштерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жерге тоғытылады.

45. Жерге тоғыту өткізгіштері иілмелі, қиысуы 6 мм кем емес, автоцистернаның металл корпустарына үнемі жалғанған және соңында М10 бұрандадағы соңы немесе бұранда қысқышы болады. Тұрақты жалғастырылған өткізгіштері болмаған кезде автоцистерналарды жерге тоғыту мүкәммалды өткізгіштермен келесі тәртіпте жүргізіледі: жерге тоғыту өткізгіші алдымен цистерна корпусына, содан кейін Химиялық, мұнай химиялық және мұнай өңдеу өнеркәсібі өндірістерінде статикалық электрден қорғау талабына сәйкес жерге тоғыту құрылғысына жалғанады.

46. Резеңке құю құбыршектері диаметрі 2 мм кем емес мыс сыммен (немесе 4 мм кем емес мыс троспен) орамының адымы 10 мм артық болмай оралған. Сымның (немесе тростың) бір шеті құю құбыршегімен дәнекерлеумен (немесе бұрандамен), ал екіншісі құбыршек соңымен жалғанады. Соңғысы соққы кезінде ұшқын шығармайтын металлдан жасалады.

47. Автоцистерна люктерін ашу және оған құбыршектерді тиеу тек жерге тоғыту өткізгіштерін жерге тоғыту құрылғысына жалғағаннан кейін жүргізіледі.

48. Сұйықтарды еркін құлайтын ағынмен құюға жол берілмейді.

Сұйықтар ыдыстарға онда қалған сұйық қалдығының деңгейінен төмен түсіріледі.

49. Жерге тоғыту өткізгіштері үзілген кезде ақауды түзеткенге дейін құю мен қотаруды тоқтату керек.

50. Жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтардың құбыр өткізгіш бойымен қозғалыс жылдамдығы және олардың ыдысқа ағуы:

10 5 Ом. м артық емес үлесті көлемді электр қарсыласумен сұйықтар үшін – 10 м/с;

10 5 Ом. м артық емес үлесті көлемді электр қарсыласумен сұйықтар үшін – 5 м/с;

10 5 Ом. м артық үлесті көлемді электр қарсыласумен сұйықтар үшін, құбыр өткізгіш диаметрі 200 мм дейін кезде – 1,2 м/с аспайды.

4. Ұңғыманың забой алды аймағын

көмірсутекті ерітінділермен өңдеу

4. 1. Дайындық жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік талаптары
51. Қондырғылар (автоцистерна, сорғылық қондырғы және басқалар) мен ұңғымада коммуникация төсемдерін орнатуға арналған алаңдар тиісті түрде дайындалған және олардың орналасуына кедергі жасайтын бөгде заттардан босатылған болады.

Ұңғыма сағасы мен қондырғылар айналасында жұмыс басталар алдында қауіпті аймақ анықталған және сәйкесінше ескерту белгілері мен плакаттар ілінген.

52. Ерітіндіні атқыламалы, газ лифтілі немесе терең сорғылы ұңғымаға айдау алдында арматурада өзекшелер жиынтығының толық болуы, сондай-ақ манометрлердің болуы мен ақаусыздығы тексеріледі.

53. Терең сорғылы ұңғыманың забой алды аймағын өңдеу алдында шайқау станогының жетегін ажыратқыш тұтқа немесе автомат көмегімен ажырату және редукторды тежеу керек.

Іске қосу аспабына «Іске қоспа! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» плакаты ілінеді.

54. Автоцистерналар мен сорғылық қондырғы ұңғыма сағасынан 25 м кем болмайтын қашықтықта, олардың арасындағы қашықтық 6 м кем болмайтындай және олардың кабинасы ұңғыма сағасына қаратылмайтындай орнатылады.

Қондырғылар мен олардың орауларын орналастырудың принципиалды схемасы 1 суретте көрсетілген.

55. Ұңғымаға айдалатын ерітіндіні жылыту үшін қажеттілік туындаған жағдайда жылу тасымалдағыш ретінде ыстық су немесе бу пайдаланылады.

Бұл мақсатта сорғылық қондырғыдан, автоцистернадан және сағалық арматурадан кемінде 25 м қашықтықта орнатылған жылжымалы булы генератор қондырғысын (бұдан әрі - ЖБҚ) пайдалану ұсынылады.


56. Қондырғылар қажеттілігі болған жағдайда қауіпті аймақтан шығуы қамтамасыз етілетіндей, жергілікті бедерді есепке алумен орналастырылады.

57. Қондырғылардың электр беріліс желісінің күзету аймағы шегінде орналасуына жол берілмейді.

58. Көмірсутекті ерітінділермен толтырылған автоцистерналар оларға сорғылық қондырғының қозғалтқышының газ шығаруынан ұшқын түспейтіндей желдің бағытын есепке алумен орналастырылады.

59. Сорғылық қондырғы сағалық арматурамен (немесе атқымалы арматураның бұрылумен) құбыр немесе осы қондырығылардың жиынтығында арнайы қарастырылған жоғары қысымның шарнирлі түйінімен жалғастырылады.

Басқа құбырларды, сондай-ақ зауыттық дайындалмаған стандартты емес элементтерді пайдалануға жол берілмейді.

60. Жылдам жинау қосылыстары көмегімен айдау құбыр өткізгішін келтіру кезінде конустың ұштастырылатын беті мен конус ұяшығының, сондай-ақ резеңке тығыздағыш, сомын бұрандасының ақаусыздығы мен конус ұяшығының жағдайын тексеру.

Ақаулы жылдам жинағыш қосылыстарды пайдалануға жол берілмейді.

61. Айдау құбыр өткізгішінің салбырауына жол берілмейді.

62. Салбырауды болдырмау үшін тіреулер төселеді. Бұрылу орындарында шарнирлі бұрыштар орнату керек.

63. Айдау құбыр өткізгішінде кері клапан, ал сорғыда – зауыттық дайындаудағы сақтандырғыш құрылғы орнатылады.

64. Сақтандырғыш құрылғыдан лақтыру сорғыда қаптамамен жабылған және қондырғы астына шығарылған.

65. Қондырғы сорғысының гидравликалық бөлігі қаптамамен жабылады. Қаптама сорғыға бекітілген.

66. Сорғылар мен ұңғыма сағасында орнатылған манометрлер жұмыс қысымын өлшеу шегі шәкілдің үштен екісінде болатындай шәкілмен таңдалады.

67. Сорғылық қондырғыны сағалық (атқымалы) арматурамен жалғағаннан кейін айдау құбыр өткізгіші ерітіндіні ұңғымаға айдаудың күтілетін жұмыс қысымынан бір жарым есе қысымға сумен сығымдалады.

Айдау құбыр өткізгішін сығымдау кезінде бұл жұмысты орындаумен байланысты емес жұмыскерлер қауіпті аймақтан шығарылады.

Сығымдау қысымы 5 минут ұсталып тұрады, содан кейін қысым жұмыс қысымына дейін түсіріледі. Бұл ретте қысымда айдау құбыр өткізгішін қарау жүргізіледі.

Сығымдау нәтижелері актімен ресімделеді.

68. Қондырғылардың жарықтандыру және сигналдық электр жабдықтары мен олардың ток өткізгіштерінің оқшаулауы ақаусыз болады.

4.2. Көмірсутекті ерітінділерді ұңғымаға жылжымалы сорғылық қондырғылармен айдау кезіндегі қауіпсіздік талаптар
69. Жұмыс басталар алдында жұмыскерлерді:

жұмыстар сипаттасымен, болуы мүмкін қауіпті сәттермен және алдын алу шараларымен;

қондырғылар мен ұңғыма сағасын байлау схемасымен және ерітіндіні айдаудың технологиялық тәртібімен;

авария туындаған жағдайда қабылданатын шаралармен таныстыру керек.

70. Қондырғы цистернасында және платформада аспаптар, шүберектер және басқа заттарды қалдыруға жол берілмейді.

71. Ұңғымаға ерітіндіні айдау уақытында ұңғыма өнімдерін (парафинді мұнайды) жылыту үшін ұңғымада орнатылған жылытқыштар (газбен немесе электрмен жұмыс істейтін отты) ажыратылады.

72. Ұңғымаға көмірсутекті ерітінділерді айдау кезінде ұңғыма сағасы мен айдау құбыр өткізгіші маңайында адамдардың болуына рұқсат берілмейді.

73. Ұңғымада ерітіндіні айдау уақытында басқа машиналардың (көліктердің) болғанында, олар ұңғыма сағасынан 100 м кем емес қашықтықта орнатылады.

74. Ұңғыманы көмірсутекті ерітінділермен өңдеу процесінде ерітіндіні автоцистернадан бункерге және қондырғы қабылдауына айдауға жол берілмейді.

Жұмыс істеп тұрған сорғылық қондырғыны қараусыз қалдыруға болмайды.

75. Ерітіндіні ұңғымаға айдау кезінде ағуларды түзетуге, сорғылық қондырғыға, автоцистернаға, айдау құбыр өткізгішіне және сағалық арматураға жөндеу жүргізуге жол берілмейді.

Бұл қажет болған кезде сорғыны тоқтату, қысымды атмосфералыққа дейін төмендету және коммуникацияны сумен жуу керек.

76. Сорғының жұмысы уақытында мойынтіректің қызып кетуін болдырмай, оның температурасын қадағалау керек.

Мойынтірек температурасы милливольтметрмен термобумен өлшенетін, сондай-ақ қол тигізумен тексерілетін ауа температурасынан 45-50 0С аспайды.

77. Найзағай кезінде ұңғымаға ерітіндіні құю-қотару және айдау жұмыстары тоқтатылады.

78. Ұңғымаға ерітіндіні айдау уақытында қондырғының жарықтандырғыш және сигналдық электр жабдықтары ажыратылады (егер ол жарылыстан қорғалмаған қалыпта болса).

79. Ұңғымаға булар мен газдар ерітіндісінің шоғырлануын айдау кезінде қондырғылар мен ұңғыма сағасының орналасу аймағында барынша шекті рұсқат берілетін шоғырлану (бұдан әрі - БРШ) санитарлық нормадан аспайды. Газ шоғырланулары жылжымалы газ анализаторлармен өлшенеді. БРШ асқан кезде оларды төмендету бойынша шаралар қабылданады.

80. Өрт туындаған жағдайда:

ұңғымаға ерітіндіні айдау жұмыстары тоқтатылады және сорғылық қондырғының қозғалтқышы тоқтатылады;

сағалық арматурада ысырма жабылады;

ораудағы қысым зарядталады;

айдау құбыр өткізгіші сағалық арматурадан ажыратылады;

қолда бар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен тұтану ошақтарын сөндіруге кірісу және өрт сөндіру машинасын шақыру керек.

Автоцистернада жалын пайда болған жағдайда қозғалтқышты от алдыруға және қозғалып кетуге жол берілмейді.

81. Ерітінді мен сығылған ауаны эрлифтті ұңғымаға (лифтілік құбырлар мен құбыр арты кеңістігінде металл таттануы өнімдерінің жиналуының алдын алу үшін) бірге айдау кезінде ауадағы ерітінді шоғырлануы жарылыс қауіпсіз шоғырланудың төменгі шегінен 50 % артық болмайды.

82. Ерітіндіні ауа өткізгішке беру кезінде оны ауа таратқыш будка (бұдан әрі - АТБ) үй-жайына түсуін болдырмайтын шаралар қабылданады.



4.3. Қорытынды жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік талаптары
83. Ерітіндіні ұңғымаға айдау аяқталғаннан кейін барлық жүйені сумен айдау, сағалық (атқымалы) арматурада ысырманы жабу, айдау құбыр өткізгішінде сорғылық қондырғының лақтыру краны көмегімен қысымды атмосфералыққа дейін төмендету және құбыр өткізгішті ажырату керек.

84. Құбырлар, шарнирлі бұрыштар және резеңке қолғаптар қондырғы платформасына сенімді бекітілген.

85. Ерітінді қалдықтары мұнай сүзгішке немесе арнайы ыдысқа құйылады, оларды жерге төгуге жол берілмейді.

5. Қабаттарға көмірсутекті ерітінділерді айдау

5.1. Қабаттарға көмірсутекті ерітінділерді айдауға арналған стационарлы сорғылық қондырғыларға қойылатын қауіпсіздік талаптары
86. Сұйытылған газдарды айдау үшін пайдаланылатын сорғылар сорғылық үй-жайына газдың кіру мүмкіндігін болдырмайтын тығыздағыштармен (тығыздамамен немесе басқа да тығыздағыш сұйықтар беретін шеткі тығыздағыштармен) жабдықталады.

Сорғылардың тығыздамалы толтырулары мен арматура май мен бензинге төзімді.


5.2. Көмірсутекті ерітінділерді сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптар
87. Сұйытылған газдардың резервуарларын дайындау, құрылысы, болуы мен пайдалану қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану мен құрылғысына қойылатын талаптарды, сондай-ақ өртке қарсы нормаларды қанағаттандырады.

88. Бу икемділігі 700 мм рт.ст. және одан төмен сұйық көмірсутекті ерітінділерді (конденсат және басқалар) сақтауға арналған резервуарларды жобалау мен құрылысы талаптары мен өртке қарсы нормаларға сәйкес болады.

Бұл резервуарларды пайдалану Металл резервуарларды техникалық пайдалану ережесі мен оларды жөндеу бойынша нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

89. Сұйытылған газдардың цилиндрлі резервуарлары көлденең қалыпта орнатылады.

90. Резервуарлар ажыратқыш ысырмалармен, толудың шекті деңгейін көрсетумен сұйық деңгейін көрсеткішпен, үш жүрісті кранды манометрмен, тыныстағыш клапандармен және ғимарат жобасымен немесе тиісті МЕМСТ-пен қарастырылған басқа арматурамен жарақталған.

Қоршаған ауаның теріс температурасы кезінде 00 С жоғары температуралы ерітінділер айдалатын резервуарларды қатып қалмайтын тыныстағыш клапандармен жарақтау керек.

Шарлы резервуарда термометрге арналған қалталар, сынама алғыш және бірі - резервуардың жоғарғы бөлігінде, екіншісі - сұйықтың қалдық деңгейінде екі манометр орнатылған.

91. Резервуарлардың сақтандырғыш клапандарынан газды бұру үрлеу саңылаулары арқылы жүргізіледі.

Құбыр өткізгіштерде сақтандырғыш клапаннан үрлеу шамына шығатын ажыратқыш құрылғыларды орнатуға жол берілмейді.

Сұйытылған газдардың резервуарларындағы сақтандырғыш клапандар газдың лақтырылуын оларда қысымды жұмыс қысымынан 15 % жоғары көтерілуге жол бермей қамтамасыз етеді.

Резервуарлар металл сатылармен және кедір-бұдырлы темірден жасалған алаңдармен жабдықталған.

Сатылар мен алаңдар құрылымы Мұнай өндіру өнеркәсібіндегі қауіпсіздік ережесі талаптарына жауап береді.

92. Отқа төзімділікті арттыру үшін сұйытылған газ құбыр өткізгіштердің коллекторы мен шарлы резервуарлардың артпалы болат құрылымдары (бағаналар) термиялық оқшаулаумен жарақталған.

2-сурет Принципиальная схема размещения и обвязки стационарного оборудования при закачке углеводородных растворителей в пласт:

1-арматура устья нагнетательных скважин; 2-помещение насосной; 3*-насос для закачки углеводородных растворителей в пласт; 4-двигатель насоса с сальниковым уплотнением на соединительном валу, в месте прохода вала через стены помещения насосной; 5-вентиляторная установка (приточная); 6-вентиляторная установка (вытяжная); 7-сигнализатор газа; 8-воздухозаборное устройство сигнализатора газа; 9-комплект пожарного инвентаря; 10-прием и выкид вентилятора; 11-отключающие устройства; 12-обратный клапан; 13-заземляющие устройства; 14-манометры; 15-нагнетательные трубопроводы; 16-граница опасной зоны; 17- предупредительные знаки; 18-трубопровод пожарного водоснабжения; 19- пожарные емкости воды; 20-пожарный гидрант; 21-емкости для хранения жидких углеводородных растворителей; 22-обвалование емкостей; 23-лестницы и переходы через обвалование емкостей; 24-цилиндрические емкости для хранения сжиженных углеводородных газов; 25-наливные эстакады емкостей; 26-металлическое (решетчатое) ограждение арматуры устья нагнетательных скважин и емкостей для хранения сжиженных газов; 27-дыхательные клапаны емкостей сжиженных газов; 28-продувочная свеча емкостей сжиженных газов; 29-осветительные установки; 30-трубопровод жидкого растворителя;

31-трубопровод сжиженного газа.


*-тип насосов зависит от пара растворителя (жидкий растворитель или сжиженный газ)

93. Өзінен өзі ағатын сәулелермен қызудан сақтау үшін ыдыстар ақшыл түске боялады.

Ыдыстағы өнімнің 45 0С артық қызуы мүмкін аудандарда ыдыстың қызуын болдырмайтын шаралар (жылудан оқшаулау, көлеңкелі қаптамалар, сумен бүрку және т.б.) қарастырылған.

94. Резервуарда тіркеу нөмірі, рұқсат берілетін қысым үлкендігі және техникалық куәландыру мерзімі көрсетілген трафарет бекітілген.

95. Ерітінділерді сақтауға арналған ыдыстардың құю эстакадалары қолданыстағы құрылыс және өртке қарсы нормалар мен ережелер талаптарына жауап береді.

96. Көмірсутекті ерітінділер (сұйықтар) резервуарларының айналасы өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес үйіледі.

Үю арқылы оның қарама-қарсы жағына өту үшін сатылар мен өтетін орындар жасалған: резервуар тобы үшін – 4 кем емес, ал жеке тұрғандар үшін 2 кем емес.

97. Резервуарлардың орналасу аумағы түнгі уақытта үйінді аумағынан тыс орнатылған және жарықтандырудың төменде келтірілген жалпы барынша аз нормаларына сәйкес жарылыстан қорғалған шаммен жарықтандырылады:

Резервуар паркінің аумағына жолдар – 0,5 лк (күзетулі жарықтандыру), резервуарлар арасындағы кеңістік, деңгейді өлшеу және ысырмаларды басқару орындары - 2 лк;

құю және қотару эстакадаларының алаңдары – 5 лк.

98. Көмірсутекті ерітінділердің резервуарларына қызмет көрсету мен жөндеу кезінде тек жарылыстан қорғалған орындаудағы жылжымалы шамдарды пайдалануға рұқсат беріледі.

99. Резервуар паркі аумағына және сорғылық үй-жайға қызмет көрсету мен жөндеу жүргізуге қатысы жоқ тұлғалардың келуіне жол берілмейді.

100. Ыдыста қысым жұмыс қысымынан артқан жағдайда факельде ысырманы бірден ашу, қысымның арту себебін анықтау және шаралар қолдану керек.

101. Газдың сұйытылған газ резервуарына жақын жерде тұтанған жағдайында оларды ысу салдарынан қысымның артуына жол берілмеу үшін су құю керек.

102. Резервуарлар орналасқан аумақта өрт сөндірудің алғашқы құралдары: химиялық өрт сөндіргіштер (2 резервуарға – 2 өрт сөндіргіш, 4 және одан көп резервуарға - 4 өрт сөндіргіш), құмы бар 1 м3жәшік, 2 зембіл, 2 темір күрек болады.

5.3. Көмірсутекті ерітінділерді тасымалдауға арналған құбыр өткізгіштерге қойылатын қауіпсіздік талаптары
103. Көмірсутекті ерітінділерді тасымалдауға арналған құбыр өткізгіштер қолданыстағы құрылыс және санитарлық нормалар талаптарына жауап береді.

104. Сұйытылған газдардың құбыр өткізгіштері тігіссіз болат құбырлардан жасалады, олардың қосулары дәнекерленген.

105. Сұйытылған газдар құбыр өткізгіштерінің қосылған бөліктері, сондай-ақ арматура болаттан жасалған.

106. Арматураны құдыққа орнатуға жол берілмейді.

107. Каналдарда, сондай-ақ ғимарат астында және үстінде сұйытылған газдар құбыр өткізгіштерін төсеуге жол берілмейді.

108. Сұйытылған газ құбыр өткізгішінде қысымның рұқсат берілгенге қарсы артуы мүмкін жағдайына гады лақтыру үшін кері клапан орнатылады.

109. Ыдыс пен ұңғымаға көмірсутекті ерітінділер құлайтын құбыр өткізгіштерде кері клапандар орнатылады.

Кері клапандар қысым көзі мен бекіту арматурасы арасында орнатылады.

110. Сұйытылған газды құбыр өткізгіштен алу инертті газбен үрлеумен жүргізіледі, бұл ретте газ ыдысқа немесе ұңғымаға бағытталған.

111. Сұйытылған газ құбыр өткізгіштерінде ысырмалар мен вентильдерді газ қозғалысы бағытымен (кезекпен), гидравликалық соққы болдырмай, жұлқусыз, абайлап ашу керек.

112. Сұйытылған газ құбыр өткізгіштерінде мұз тығындалуларын тарату бумен, ысытылған құммен немесе ыстық сумен жүргізіледі.

Бұл мақсатта отты, болат шыбықшаларды, сондай-ақ ұшқын пайда болуды тудыруы мүмкін тәсілдерді пайдалануға жол берілмейді.



5.4. Көмірсутекті ерітінділерді қабатқа айдау бойынша бөліктегі

қауіпсіздік талаптары
113. Айдау ұңғымалары сағасының резервуарлары мен арматурасы жанбайтын материалдан жасалған торлы қоршаумен қоршалған. Оған «Өртқауіпті», «Газ - өрт қауіпті», «Темекі шегуге болмайды» және басқа ескерту жазбалары ілінген.

114. Резервуар, айдау ұңғымасы орналасқан аумақта және сорғылық үй-жайда ерітіндіні өткізу жағдайында қандай да бір жұмысты жүргізуге жол берілмейді.

115. Көмірсутекті ерітінділерді қабатқа айдау бойынша бөліктерде ұшқын тұншықтырғышы ақаулы автомашиналар мен тракторлардың өтуіне жол берілмейді.

Көмірсутекті ерітінділерді қабатқа айдау бойынша бөліктерде өрт гидранттарына өтетін жерлер мен жолдарды бөгеп тастауға жол берілмейді.

116. Көмірсутекті ерітінділерді қабатқа айдау бойынша бөліктерде уақытша жарықтандыру үшін тек жарылыс қауіпсіз аккумулятор фонарларын пайдалануға жол беріледі.

117. Көмірсутекті ерітінділерді қабатқа айдау бойынша бөліктерде өрт сөндіру жүйесі артық қысым астында болады.



______________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет