Интерннің Өзіндік жұмысы



бет1/5
Дата20.05.2022
өлшемі130.09 Kb.
#458178
  1   2   3   4   5
Хажиев Рамазан 736гр


КеАҚ “Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан
Медицина Университеті”
ИНТЕРННІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Жалпы дәрігерлік тәжірибегі клиникалық фармакология
Тақырыбы: Созылмалы панкреатит
Орындаған: Хажиев Рамазан
Тобы: 736
Тексерген: Ерғалиева Ж..
Ақтөбе 2021 жыл
Созылмалы панкреатит – диффузды немесе сегментарлы фиброзбен қосарланған, функционалды жеткіліксіздік пен этиологиялық факторлардың əсері тоқтағаннан кейін үдеумен дамитын, фокальдық некрозбен мінезделетін ұйқы безіндегі қабынулық-деструктивті процессі.
Созылмалы панкреатиннің жіктемесі
1. Созылмалы кальцилейтін.
2. Созылмалы обструктивті.
3. Созылмалы паренхиматозды-фиброзды.
Созылмалы панкреатиттің ауырлық дəрежесі
  • Жеңіл дəреже, сыртқы жəне ішкі секреторлық жеткіліксіздік болмауымен мінезделеді. Клиникалық белгілер (ауыру, диспепсия) аздап айқан. Қан мен зəрдегі панкреаттық ферменттердің белсенділігі артуы мүмкін. Асқыну жылына 1-3 рет.
  • Орташа ауырлық дəреже, анық клиникалық лабораторлық бұзылулармен, басқа ас қорыту ағзаларының зақымдалуымен, ұйқы безінің сыртқы жəне ішкі секреторлық функциясымен мінезделеді. Азу мүмкін. Жылына 4-5- рет асқынулар.

  • Ауыр дəреже, анық клиникалық лабораторлық көріністермен, «панкреатикалық» жəне панкреатогендік іш өтулермен, ақуыздық жеткіліксіздікпен, полигиповитаминозбен, үдемелі жүдеумен, ағзалар мен жүйелердің заңды зақымдануымен мінезделеді. Жылына 6-7 рет жəне одан көп асқынулар.


Қауіп-қатерлі факторлар:
- Алкоголь;
- Өт тас ауруы;
- Метаболикалық бұзылыстар (алмасулық жəне гормоналдық бұзылыстар);
-Тұқымқуалаушылық созылмалы панкреатит;
- Алғашқы слероздайтын холангит, алғашқы биллиарлы цирроз жəне Шегрен синдромымен байланысты аутоиммундық панкреатит;
- Операциялар, ұйқы безінің жарақаттары;
- Вирустық инфекциялар;
- Ұйқы безіндегі қанайналымның жіті бұзылыстары;
- Аллергиялық реакциялар, уыттану əсері (бүйрек трансплантациясы кезіндегі уремия), тағамдағы антиоксиданттардың тапшылығы;
- Гиперпаратиреоз - қандағы кальцидің артуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет