ұғымы. «Өркениет» ұғымын зерттеудің негізгі бағыттары



бет10/19
Дата16.03.2023
өлшемі44.52 Kb.
#470860
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
ûìû. « ðêåíèåò» ûìûí çåðòòåóä³ íåã³çã³ áà ûòòàðû (1)

Өндіріс тәсілдері - өндіріс күштері мен өндірістік қатынастардың бірлесе материалдық игіліктерді өндіруіндегі бекітілген тарихи әдістер.
Өндіріс күштері - адамдардың тәжірибесі мен белгілі бір дәуірде қолданған өндіріс құралдары (бұйымдар мен еңбек құралдар).
Өндірістік қатынастар - адамдардың өндіру, айырбастау, материалдық игіліктерді бөлу мен тұтыну процестері кезіндегі өзара қатынастары. Өндірістің үстемдік құрған әдісі қоғамның негізін қалыптастырады.

•Маркстің ойынша прогрестің негізгі өлшемі - өндірістік қатынас- тарды жетілдіру, бұл белгілі бір кезеңде өндіруші күштермен қайшы- лыққа ұшырайды. Мұндай қайшылықтар формациялардың ауысу жолымен шешімін табады. К.Маркс қоғамдық-экономикалық формацияның тарихи үш түрі болған деген тұжырым жасады: 1) бірінші (архаикалық); 2) екінші (экономикалық); 3) коммунистік (болашақтық). Кеңес ғылымында К. Маркстің жалпы методологиялық тұжырымы нақтыланды да, «бесмүшелік» деген қабылданды. Қоғамдық-экономи- калық формацияның саны беске дейін жеткізілді: 1) алғашқы қауымдық; 2) құлиеленушілік; 3) феодалдық; 4) капиталистік; 5) коммунистік, ол дамудың екі фазасынан құралды: социализм және коммунизм.




  1. Этникааралық қатынастар: мәселелері мен қайшылықтары

•Этникалар аралық қарым-қатынас - түрлі халықтар өкілдерінің, этникалық одақтастықтардың арасындағы субьективтік түрде болатын қарым-қатынас. Әлеуметтік психологияда және этнопсихологияда Этникалар аралық қарым-қатынас - екі деңгейі бар. Олар - жеке және топтық қарым-қатынастар. Бұндай қарым-қатынас өмірдің, саясат, еңбек, тұрмыс, отбасы, достастық, қарапайым қатынас сияқты салаларында қалыптасады. Оның сипаты (достастық, бейтарап не дау-жанжалдық) откен тарихи жағдайларға, елдің саяси-әлеуметтік жағдайына, экономикалық және мәдени-тұрмыстық жағдайларына, нақты бір оқиғаға не қарым-қатынасты қажет ету жағдайына байланысты қалыптасады. Жеке деңгейде адамдардың жеке-психологиялық жағдайларына байланысты болады.
• Этникалар аралық қарым-қатынас байланыстың түрлі саласында, ұлттық стереотиптарында, адамдар мен нақты этникалық одақтастықтардың көңіл-күйлері мен өздерін ұстауларындағы этникалық байланыста байқалады. Этникалар аралық ұстанымдар мен бағыттар тұлғаның әлеуметтенуінде, отбасында, оқу орнында, ұжымда, көршілік және достық қатынаста қалыптасады. Бұл мәселе көп ұлтты ел жағдайында келелі мәселе болып табылады.
Ұлттық саясат-бұл қоғам өмірінің барлық саласындағы этностар арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекеттің саяси қызметінің құрамдас бөлігі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет