1)Өркениет» ұғымы. «Өркениет» ұғымын зерттеудің негізгі бағыттары
•Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы.Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.Өркениет ұғымының 200-ден астам түсінігі бар.
•XIX ғасырда «өркениет» ұғымын танудың негізгі үш бағыты болды:
унитарлы : өркениет - адамзаттың біртұтас прогрессивті дамуының идеалы;
сатылы (кейде сызықтық-сатылы деп те аталады): өркениет - адамзаттың біртұтас прогрессивті дамуының кезеңі;
локальды -тарихи : өркениет – сапалы,әртүрлі ерекше этникалық немесе тарихи - қоғамдық құрылым.
•Унитарлы бағыт бойынша (А.Фергюсон), өркениет адамзат дамуының толық біртұтас прогрессивтік идеалы ретінде, әсіресе техникалық тұрғыдан қарастырылды.
•Сатылы бағыт (А.Фергюсон, Л.Г.Морган, К.Маркс, Ф.Энгельс) «өркениет» ұғымын анықтауда, адамзаттың прогресті, қарқынды дамуын негізге алды, оның жоғарғы сатысы өркениет болып саналды. Өркениеттілікті жабайылық пен варварлық кезеңінен айыратын негізгі ерекшеліктер:
материалдық-техникалық дамудың жоғарғы деңгейі, бұл тауар – қаржылық секілді жаңа қатынастардың пайда болуына алғышарттар қалыптастырады;
2)Ежелгі Египет өркениеті
Ежелгі мәдениеттердің кең таралғандарының бірі, әлемдік өркениет дамуына зор үлес қосқан – Көне Египет мәдениеті. Б.з.д. 3000 жылдай бұрын перғауындар басқаратын құл иеленушіліктің алғашқы формасын қабылдаған, орталықтанған мемлекеттік билік пайда болды.
Перғауындар қатарында, кейде олардан мәртебесі зор болатын абыздар, яғни мемлекет тағдырын шешуші данышпандар да болды. Абыздар тек құдай мен
перғауынға қатысты рәсім өткізуші ғана емес, сонымен қатар емші ретінде ауру емдеп, инженер ретінде қоғамдық жұмысты басқарып, саясатқа да өз ықпалын тигізетін.
Перғауын тұрақты армияның және бірте-бірте аристократиялық тектен шыққан бірнеше шенеуіктер көмегімен мемлекет билігін жүргізді. Ол заң шығарушы, жоғарғы бас қолбасшы, ең ірі жер иеленуші, жоғарғы сот, абыз құдайдың ұлы сияқты қызметтер.
Діни сенімде ең негізгі құдай перғауындар еді. Ра күн бейнесінде. Осирис – өлім құдайы, жер асты патшасы. Исида – Осиристің әрі әпкесі, әйелі, жемістілік пен ана қамқоршысы. Маат – ақиқат пен тәртіптің құдайы. Кейбір жануарлар, өсімдіктер, заттар құдай болып саналатын. Жалғыз құдайға табынушылықты орнату, билікті бір ортаға бағындыру Аменхотеп IV-нің (б.з.д. 1419-1400) Атон құдайы атымен жасаған біраз әрекеттері абыздар мен ескі ақсүйектер қайшылығына әкеліп соқты.
Иероглифтер – сурет белгілеріне құрылған жазба, ол храм мен сарай алдына үлкен ескерткіштерге жазылған, кейіннен олар буынды жүйелі жазуға ауысты. Храм алдында перғауын басты, арыстан денелі сфинсктер салынды.
Ең үлкен сфинкс б.з.д. 3-мыңжылдықтың бірінші жартысында бүтін құздан қашалған Хефрен пирамидасы болып табылады.
•Астраномия, медецина, математика салаларында мол жетістіктерге жетті.
Б.з.д. 2-ші мыңжылдықтың аяғы мен 1-ші мыңжылдықтың басында Египет мәдениетіне Крит, Сирия, Қосөзен мемлекеттерінің мәдениеті ене бастады. Б.з.д. 332 жылы грек-шығыс эллиндік мәдениет тарады. Дейнократ салған қалада түзу, ұзын көшелер, театр, храм саяжай, софтар, кітапхана пайда болды.
Ежелгі Мысыр тарихы бірнеше кезеңдерден тұрады:
Династиялыққа дейінгі кезең (б.з.д. IV мыңжылдық).
Ежелгі патшалық кезеңі (б.з.д. XXX—XXIII ғасырлар).
Орта патшалық кезеңі (б.з.д. XXII—XVIII ғасырлар).
Жаңа патшалық кезеңі (б.з.д. XVII—XI ғасырлар).
Кешеуіл уақыт кезеңі (б.з.д. XI ғасыр —332 жылдары).
Достарыңызбен бөлісу: |