ұғымы. «Өркениет» ұғымын зерттеудің негізгі бағыттары


)Ғұндардың жаулап алу жорықтары Батыс Рим империясы құлауының факторы ретінде



бет14/19
Дата16.03.2023
өлшемі44.52 Kb.
#470860
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
ûìû. « ðêåíèåò» ûìûí çåðòòåóä³ íåã³çã³ áà ûòòàðû (1)

22)Ғұндардың жаулап алу жорықтары Батыс Рим империясы құлауының факторы ретінде.
•Батыс Рим империясының құлауы — 474 жылы орын алған ірі тарихи оқиға. Әлем тарихында бұл уақыт құлдықтың жойылу кезеңі деп есептелінеді.
•Б.з. I-II ғасырларында Рим империясы өзінің даму шыңына шықты. Сол тұста құлиеленушілік құрылыста ең жоғарғы сатысына көтерілді. Алайда б.з.-дың II ғасырының аяғынан бастап экономикада үлкен қиыншылықтар орын алды. Құлдар мен колондар қатты қаналды. Зорлық-зомбылық олардың еңбекке деген ынтасын жойды. Жұқпалы аурулар кеңінен тарап, оларды жаппай өлімге алып келіп соқты. Еркін шаруалар жұтады. Құлдар мен колондардың жалпы саны қысқарды. Орасан көп жерлер өңделмей қалды. Батпақты жерлер ұлғайды, жыртатын жерлерді орман басты. Қолөнершілер шеберханаларын тастап, ірі иеліктерге кетті. Кен өндіру мен сауда қысқарды. Б.з.-дың III ғасырында ақша айналысында құнды металдар тым азайып кетті. Бай адамдар алтын-күмістерін құпия ұстады.

23)Араб жаулаушылары. Араб халифаттарының құрылуы мен ыдырауы
•632 жылы Мұхаммед пайғамбар өлген соң қауым басшысы болып Мұхаммед пайғамбардың әрі жақын досы, әрі қайын атасы Әбу-бәкір (632-634) жарияланды. Ол “Халиф” (орынбасары) деген атақ алды. Бұл өте мазасыз кезең еді. Жан-жақты Мединаның билігін мойындағысы келмеген тайпалар арасынан жалған пайғамбарлар шыға бастады. Осындай мазасыз кезеңнен кейін араб жазушылары мен тарихшыларының еңбектерінде “Ар-Рида”, яғни, “дінінен безу”, “дінінен бөліну”, деген атаққа ие болады. Ал шын мәнінде ол “діннен безгендер” деп саналған тайпалар әлі ислам дінін қабылдамағандар еді. Жалпы Мұхаммед пайғамбар өлген кезде Ислам дінін қабылдаған араб тайпаларынан ол дінді әлі қабылдап үлгермеген тайпалар көп болатын. Олардың кейбіреулері өздерінің бұрынғы нанымдарында қалғанымен, мединалық қауымның саяси билігін мойындады. Енді біреулерінің арасында ислам дінін қабылдап, Мединаның ықпалына бағынуды жақтайтын топтары болды. Сондай-ақ ислам туралы хабары жоқ, мединалық қауымның ықпалын сезінбеген тайпалар да болды . Л. Кэтани Аравия тайпаларын олардың ислам дініне қатынасы жағынан төрт категорияға бөледі: 1 – категориясына ислам дінін қабылдаған Мекке-Мединалық қауым басшылығының қол астындағы тайпалар жатады. Бұл негізінен Мекке мен Мединада, сол қалалардың жақын маңында тұратын джухейн, мувейн, бали, асджа, аслале, хузейя, хуза т.б. ұсақ тайпалар болды. 2 – категорияның құрамына Орталық Аравияның хавазин, Амир ибн-сасааб, тайб, сулейм тайпалары кірді. Бұл тайпаларға Ислам дінін қабылдағандардың ықпалы зор болды. Бірақ олардың арасында кішігірім топтары Медина ықпалына қарсы-күресте өте зор белсенділік танытты. 3 – категориядағы ислам дінін ұстанушылар ықпалы енді-енді тарап келе жатқан тайпалар кірді. Бұл тайпалардағы мұсылмандар өте аз болды. Бұл асад, гатафан, тамим тайпалары. 4– категорияға өздерінің саяси және идеологиялық тәуелсіздігін сақтап қалған тайпалар енді. Олар: ал – Исламдағы Ханифа, абд ал – Кайс, азад тайпалары, Иемен мен Хабрамауттағы тайпалардың көпшілігі. Ал христиан дінін ұстанушы араб тайпаларына жаңа дін өкілдері ешқандай ықпал еткен жоқ. Бұл келб, кудао, бахра, гассан, бекр ибн-вайл, танух, таглиб тайпалары еді. Сондай-ақ Махарадағы, Иемен мен Хадрамауттағы кейбір политейстік бағыттағы тайпалар да ислам дініне еш қатысы болмады. Бірақ, бұл соңғыларына Иудейлік діннің ықпалы күшті болды. Жекелеген тайпалардың саяси және идеологиялық тәуелсіздігін жақтаушылар жергілікті әулие пайғамбарлар болды. Олардың кейбіреулері өз насихатын Мұхаммедтің тірі кезінде - ақ жүргізді. Ислам дініне қарсы күресті әскери ал- Иемамадағы Мусейлима деген әулие белсенді жүргізді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет