ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ
ФИЗИКА
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған
оқу бағдарламасы
Астана
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.
Физика: Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған оқу бағдарламасы. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2013. – 22 б.
© Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
38-қосымша
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптары үшін «Физика»
пәнінен типтік оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. «Физика» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Физика – оқушыға білім беретін және өзіндік тәрбиелік ықпалы бар, оның ақыл - ойын және логикалық ойлау қабілетін дамытатын, ерік-жігерін тәрбиелейтін өзіндік мазмұны және зерттеудің ғылыми әдістері бар жетекші ғылымдардың бірі болып табылады.
3. Бүгін мектептегі «Физика» оқу пәнінің курсы ғылыми түрде ойлауды қалыптастыруға бағытталған, оқушының шығармашылық, коммуникативтік қабiлетін, абстрактiлi-теориялық және практикалық ойлауын, сыни ойлау және талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
4. «Физика» курсын 7-9 сыныптарда оқытудың мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру, физиканың негiзгi заңдарымен танысудан, табиғаттың құбылысын зерттеуден меңгерген білімі және білігін техникада және күнделiктi өмiрде пайдалана білу.
5. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу қамтамасыз етедi:
-
қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізін беретін физикалық құбылыстар, ұғымдар, заңдылықтар және теориялық қорытынды туралы білімдерді, табиғаттың ғылыми таным әдістері туралы білімдерді, құбылыстарды бақылау, эксперименттік тапсырмаларды орындау, болжау және жобалауды жүзеге асыру біліктілігін меңгерту;
-
физикалық экспериментті орындау дағдысын, зерттеушілік қабiлетін, өмірлік, тәжірибеде мәні бар есептерді шешу үшін игерген білім және білігін қолдану үдерісінде танымдық қызығушылығын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-
оқу және зерттеу жұмысына жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны қорғау және табиғат құндылықтарын тиімді пайдалану, қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
базалық білім негізінде экономикалық және саяси, әлеуметтік, мәдени қызметтерге ат салысу дағдысына тәрбиелеу.
6. 7-9 сыныптарға арналған «Физика» оқулығының базалық оқу материалының мазмұны іс жүзінде сақталды, ерекшелігі оқушылардың негізгі игерген білімдерін тәжірибеде көбірек қолдануға бағытталған және қазіргі қоғамда өмірлік жағдаяттарға бейімделуге негізделеді.
7. Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалынған, олардың жаңа контексте игерген білімдерін қолдануға және даму үдерісінің жаһандануы, табиғаттың физикалық заңдылықтарының мәнiн аша отырып практикалық жұмыстарды орындауына кеңінен мүмкiндiк туғызады.
8. 7-9 сыныптарына арналған арналған «Физика» пәнінің білім мазмұны іргелілік, жүйелілік, біртұтастық, мәдени үйлесімділік, түсініктілік, сабақтастық сияқты принциптер негізінде құрастырылған.
9. Пәнаралық байланыс ана тілі пәнімен (қазақ, орыс):
тіл лексикасы;
ауызша және жазбаша коммуникация (әңгіме, эссе, шығарма, реферат, шығармашылық жоба);
коммуникативті мәдениет;
физиканың негізгі терминологиясын білу білімі, физикалық терминдерді қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
10. Пәнаралық байланыс алгебра пәнімен:
рационал сандармен есептер шығару;
формулалар арқылы есептеу, пропорцияны шешу;
тікбұрышты координат жүйесінде сызбалар салу;
y= kx және, у= 1/х функция түрлері және оның графиктері;
квадраттық теңдеулер және теңсіздіктер;
негізгі тригонометриялық формулалар;
сызықтық теңдеулер жүйесі және оларды шешу.
11. Пәнаралық байланыс геометрия пәнімен:
векторлар және амалдар қолдану;
геометриялық фигуралардың ауданы;
бұрыштар туралы мәлімет (градустық өлшеу) бұрыштарды өлшеу және салу;
центрлік және іштей сызылған бұрыш;
үшбұрыштардың теңдігі және ұқсастығы;
косинус, синус, Пифагор теоремасы.
12. Пәнаралық байланыс химия пәнімен:
заттардың молекулалық құрылысы;
жану;
энергияның сақталу және айналу заңдары;
кристалл торлардың құрылысы;
Менделеев элементтерінің периодтық жүйесі;
изотоптар және атом ядросының құрылысы;
массаның сақталу заңы;
спектралдық анализ;
химиялық элементтердің радиоактивтi изотоптарын алу.
13. Пәнаралық байланыс биология пәнімен:
биосферадағы энергияның айналуы және заттардың айналымы ;
ультракүлгін және инфрақызыл, рентген сәулелерінің өсімдік және тірі оргнизмдерге әсері.
14. Пәнаралық байланыс география пәнімен:
жауын-шашын, ауа, су буы туралы, заттардың меншікті жылу сыйымдылығын қолдана білуі;
механикалық энергия туралы білімі (өзен және жел энергиялары);
компас көмегімен бағытты айыра білу біліктілігі;
гидроэнергетикалық ресурстар қоры және оларды еліміздің барлық өңірінде пайдалану туралы мәлiметтер;
жергілікті және ауқымды экологиялық мәселелер;
Жер ғаламшары, Жердің магнит өрісі туралы мәлімет, магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы, Күн жүйесіндегі денелердің физикалық табиғаты;
электрэнергияны пайдалана білу білімі.
15. Пәнаралық байланыс информатика пәнімен:
электрондық кестеде, графикалық редактордың ортасында модельдеу;
белгілі бір тапсырманы орындаудың алгоритмін құру;
«Интернет» желісіндегі жұмыс: браузердің және іздеу программаларының көмегімен ақпаратты іздеу және оны қарау;
электронды тасымалдаушыда мәліметті сақтау;
электрондық почтамен хабарлама жіберу;
слайдтарды құрастыру.
16. Пәнаралық байланыс технология пәнімен::
механикалық өңдеуде дененің қызуы, материалдың серпінділігі;
электр тізбегі және олардың элементтері, электр тізбегі және оның шартты түрде белгіленуі, қыздыру шамының, патронның, сөндіргіш штепсель шанышқылардың құрылысы, электромагниттер және олардың қолданылуы, автоматты құрылымдардың элементтері;
жылу қозғалтқыштардың құрылысы.
17. Оқыту нәтижелері оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптарда көрсетілген және ол оқытудың қорытынды нәтижелерінің жүйесін береді. Оған жету оқушының негізгі мектеп курсы бойынша оң нәтижелі аттестациясының міндетті шарты болып табылады.
18. «Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:
-
7 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
-
8 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
-
9 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
2. Оқу пәнінің 7 –сыныптағы базалық білім мазмұны
19. «Физика – табиғат туралы ғылым (9 сағат)»:
1) табиғат және адам;
физика – табиғат туралы ғылым;
физикалық терминдар мен ұғымдар;
физика және техника;
аспан денелері туралы ғылым;
орталық Азия ғалымдарының ғылымды дамытудағы рөлі;
ежелгі дүниедегі халық астрономиясы;
қазiргi әлемдегi физика;
табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері;
физикалық эксперимент;
физикалық теория;
физикалық шама;
шамаларды өлшеу;
өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі;
өлшемдердің метрлік жүйесі;
бірліктердің халықаралық жүйесі;
өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі;
үкен және кіші сандарды ықшамдап жазу;
2) №1-лабораториялық жұмыс:
өлшеуiш цилиндр (мензурка) бөлiктерiнiң құнын анықтау, дененiң көлемiн өлшеу;
-
көрсетілімдер:
демонстрациялық өлшеуіш аспаптар (мензурка, амперметр, вольтметр т.б.;
-
практикалық жұмыстар:
аспап шкаласындағы бөліктің құнын анықтау.
20. «Заттың құрылысы (5 сағат)»:
1) атомдар және молекулалар;
заттың молекулалық құрылысы;
молекулалардың қозғалысы;
диффузия құбылысы;
дене температурасының оның молекулаларының жылдамдығына тәуелділігі;
заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру;
масса және заттың тығыздығы;
қазіргі әлемдегі нанотехнология
2) лабораториялық жұмыс;
-
№2-лабораториялық жұмыс:
кішкентай денелердің өлшемін анықтау;
2-2) №3 лабораториялық жұмыс:
қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау;
3) көрсетілімдер:
газдардың сығылуы;
қыздырған денелердің ұлғаюы;
бояудың суда еруі;
газдардың, сұйықтықтардың араласуы;
молекулалардың ретсіз қозғалысының үлгісі;
қорғасын цилиндрлер, пластилин кесектерінің жабысуы.
21. «Қозғалыс (10 сағат)»:
1) механикалық қозғалыс;
қоршаған орта және механикалық қозғалыс;
санақ денесі;
қозғалыстың салыстырмалылығы;
планеталардың қозғалысы;
Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі;
материялық нүкте;
қозғалыс траекториясы;
жол;
бiрқалыпты және бiрқалыпты емес қозғалыстар;
жылдамдық;
жылдамдық бірліктері;
бiрқалыпты емес қозғалыс кезiндегi орташа жылдамдық;
бiрқалыпты түзу сызықты қозғалыстың графигi;
2) көрсетілімдер:
қозғалыстың салыстырмалылығы (ойыншық автомобильді, көрсеткіштер мен «жолаушыны» пайдалану арқылы);
жіпке ілінген шардың қозғалыс траекториясы;
бордың тақтада жүрген (сызған) жолын өлшеу;
суы бар шыны түтіктегі ауа көпіршігінің бірқалыпты қозғалысы;
стробоскоп;
спидометр;
3) практикалық жұмыстар:
қозғалыстың салыстырмалылығы;
жол, орын ауыстыру және бiрқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы дененің координатасы.
22. « Денелердің өзара әрекеттесуі (12 сағат)»:
1) инерция;
күш – денелердiң өзара әрекеттесуiн сипаттайтын шама;
тартылыс құбылысы;
бүкiл әлемдiк тартылыс заңы;
ауырлық күші;
басқа планеталардағы ауырлық күші;
дененің салмағы, салмақсыздық;
деформация;
Гук заңы;
динамометр;
денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу;
үйкеліс күші;
үйкеліс әрекетін техникада ескеру;
2) №4 лабораториялық жұмыс:
серпімді деформацияларды зерделеу;
3) көрсетілімдер:
инерцияның көрінісі (балғаны саптау);
әр түрлі салмақтағы гирлер, таразының түрлері;
демонстрациялық таразымен дененің салмағын өлшеу (таразымен жұмыс істеу ережесі);
көлемдері бірдей денелердің массаларын салыстыру (жүктер жиынтығы); динамометрдің құрылысы мен жұмыс қағидасы;
әртүрлі динамометрмен көрсетілім жасау;
бір түзудің бойымен бағытталған күштерді қосу;
интерактивті үлгілер;
4) практикалық жұмыстар:
сапалық және мәтінді есептер шығару;
механикадағы күштер.
23. «Қысым (17 сағат)»:
1) қысым;
қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі;
Паскаль заңы;
гидравликалық пресс;
газдың қысымы;
ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым;
қатынас ыдыстар, су құбыры;
атмосфералық қысым;
Торричелли тәжірибесі;
барометр;
атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі;
манометрлер;
сорғылар;
Архимед күші;
денелердің жүзу шарттары;
ареометрлер;
су көлiгi;
ауада ұшу;
2) лабораториялық жұмыс:
2-1) № 5 лабораториялық жұмыс:
Архимед заңын тексеру;
2-2) № 6 лабораториялық жұмыс:
дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау;
3) көрсетілімдер:
қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі;
қатынас ыдыстар;
ыдыстардағы сұйықтың еркін бетіне түсіретін қысымы;
Торричелли тәжірибесі.
сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күш;
4) практикалық жұмыстар:
сапалық және мәтінді есептер шығару
Архимет заңы.
24. «Жұмыс, қуат, энергия (12 сағат)»:
1) дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы;
қуат;
энергия;
денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары;
ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы;
деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы;
механикалық энергия;
механикалық энергияның сақталу заңы;
күш моменті;
тепе-теңдiк шарттары;
иінді таразылар;
жай механизмдер;
көлбеу жазықтық;
механиканың «Алтын ережесі»;
механизмдердің пайдалы әрекет коэффициенті;
ең қуатты машиналар;
тiрi табиғаттағы қуат және жұмыс;
2) лабораториялық жұмыс.
2-1) №7 лабораториялық жұмыс:
денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау, көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтау;
2-2) №8 лабораториялық жұмыс:
иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау;
3) көрсетілімдер:
жай механизмдер;
көлбеу жазықтықтағы дененің кинетикалық энергиясының массасына және оның жылдамдығына, дененің потенциялдық энергиясының биіктігіне байланыстығын көрсететін тәжірибелер;
4) практикалық жұмыстар:
сапалық және мәтінді есептер шығару;
механизмдердің пайдалы әрекет коэффициенті;
25. Уақыт қоры (3 сағат).
3. Оқу пәнінің 8 –сыныптағы базалық білім мазмұны
26 « Жылу құбылыстары (24 сағат)»:
-
температура, оны өлшеу тәсілдері;
термометрлердiң түрлерi;
температураның шкаласы;
жылулық қозғалыс;
броундық қозғалыс;
диффузия;
ішкi энергия.;
ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi;
жылу құбылысының тірі организмдегі ролі;
суық кездегі адам;
жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару;
табиғаттағы және техникадағы жылу берілу;
жылу берудегі конвекцияның орны;
жылу мөлшері;
заттың меншікті жылу сыйымдылығы;
отынның меншікті жану жылуы;
отынның энергиясы;
механикалық және жылу процестеріндегi энергияның сақталу және айналу заңы;
заттың агрегаттық күйлері;
қатты денелердiң балқуы және қатаюы;
балқу температурасы;
меншiктi балқу жылуы;
будың пайда болуы;
булану және конденсация;
қаныққан және қанықпаған булар;
ауаның ылғалдылығы;
ылғалдылықты өлшеуге арналған құралдар;
қайнау;
меншiктi булану жылуы;
қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау;
термодинамика негiздерi;
термодинамиканың бiрiншi заңы;
газдың және будың жұмысы;
жылу процестерiнiң қайтымсыздығы;
термодинамиканың екінші заңы;
қазiргi физикадағы термодинамиканың рөлi;
жылу қозғалтқыштары;
жылу қозғалтқыштарының п.ә.к.-ті;
жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдары;
жылу қозғалтқыштарының энергетиканың дамуындағы рөлi;
тоңазытқыш;
жылу қозғалтқыштары және оның адам өміріндегі маңызы;
жылу машиналары және табиғатты қорғау;
жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер;
айдағы, Марстағы, Шолпандағы термодинамикалық жағдайлар;
2) көрсетілімдер:
түрлі денелердің жылу өткізгіштігі;
металдардың жылу өткізгіштігіндегі айырмашылықтар;
сұйықтар мен газдардағы конвекция;
әртүрлі сұйықтардың булануы;
будың конденсациясы кезіндегі энергияның бөлінуі;
қаныққан булардың қасиеттері;
судың қайнауы;
судың төменгі қысымда қайнауы;
жұмыс атқарғанда және жылу берілу кезінде дененің ішкі энергиясының түрленуі;
әртүрлі металдардың жылу сыйымдылықтарын салыстыру.
колориметр және онымен жұмыс істеу;
термостың құрылысы;
будың жұмысы;
бу турбинасының құрылысы (моделі);
төрт тактілі іштен жану қозғалтқышының құрылысы мен жұмысы (моделі).
2) лабораториялық жұмыс;
2-1) № 1 лабораториялық жұмыс:
температуралары әртүрлi суды араластырып жылу мөлшерін салыстыру;
2-2) № 2 лабораториялық жұмыс:
мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау.;
2-3) № 3 лабораториялық жұмыс:
ауаның ылғалдылығын анықтау;
3) Практикалық жұмыстар:
денені қыздыру үшін қажетті немесе оны суытқанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу;
заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау;
заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу.
27.« Электр құбылыстары (22 сағат)»:
-
денелердің электрленуі;
электр зарядының сақталу заңы;
электроскоп;
өткізгіштер мен диэлектриктер;
қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi;
Кулон заңы;
элементар электр заряды;
электр өрiсi;
электр өрісінің кернеулігі;
потенциал және потенциалдар айырымы;
конденсаторлар;
табиғаттағы электр құбылысы;
өндірісте және тұрмыста электрлендіруді есепке алу және қолдану;
электр тогы,
электр тогы көздері;
электр тізбегі және оның құрамды бөлігі;
ток күшi;
Амперметр.;
кернеу;
Вольтметр;
тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы;
өткiзгiштiң электр кедергiсi;
өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi;
электр кедергісінің температураға тәуелділігі;
асқын өткізгіштік, резистор және реостат;
өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу;
электр тогының жұмысы мен қуаты;
электр тогының жылулық әсері;
Джоуль-Ленц заңы;
кыздыру шамдары;
электрқыздырғыш құралдар;
қысқа тұйықталу;
балқымалы сақтандырғыштар;
электр тогының химиялық әсерi, (Фарадейдiң заңы);
2) көрсетілімдер:
әртүрлі денелердің электрленуі, электрленген денелердің өзара әрекеттесуі;
электрометрдің құрылысы мен жұмыс істеуі;
электр зарядының бөлінгіштігі;
кулон заңының дұрыстығын суреттеу;
ток көздері;
амперметрдің жұмыс істеу принципі;
ток күшін амперметрмен өлшеу;
вольтметрдің жұмыс істеу принципі;
кернеуді вольтметрмен өлшеу;
электр тізбегін құрастыру;
3) лабораториялық жұмыс
3-1) № 4 лабораториялық жұмыс:
электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшiн өлшеу;
-
№ 5 лабораториялық жұмыс:
тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңын тексеру;
-
№ 6 лабораториялық жұмыс:
өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосуды зерделеу;
-
№ 7 лабораториялық жұмыс:
электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;
4) практикалық жұмыстар:
ток күші мен кернеуді есептеу;
Элерктр тізбегін есептеу.
28.«Электромагниттік құбылыстар (8 сағат)»:
-
тұрақты магнит;
магнит өрiсi;
тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi;
тогы бар шарғының магнит өрiсi;
электромагниттер және оларды қолдану;
магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әрекеті;
электроқозғалтқыш;
электр өлшеуіш құралдар;
электромагниттiк индукция;
генераторлар;
2) көрсетілімдер:
тогы бар өткізгіштің магнит өрісін бақылау;
тогы бар түзу өткізгіш пен раманың магнит өрісіндегі қозғалысы;
тұрақты ток электр қозғалтқышының құрылысы мен жұмысы;
3) лабораториялық жұмыс:
3-1) № 8 лабораториялық жұмыс:
тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу;
3-2) № 9 лабораториялық жұмыс:
электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау.
4) практикалық жұмыстар:
магниттердің өзара әрекеттесуі..
-
«Жарық құбылыстары (10 сағат)»:
-
жарық6;
жарық көздері;
күн – жұлдыз;
жарықтың түзу сызықты таралу заңы;
көлеңке және жартылай көлеңке;
күннің және Айдың тұтылуы;
жарықтың шағылуы;
шағылу заңдары;
толық шағылу;
жазық және сфералық айналар;
сфералық айна көмегімен кескін алу;
жарықтың сынуы;
жарықтың сыну заңы;
линзалар;
линзаның оптикалық күшi;
жұқа линзаның формуласы;
линзаның көмегімен кескiн алу;
көз - оптикалық жүйе;
көздiң көру кемістігі және олардың түзету әдiстері;
оптикалық аспаптар;
жарықтың дисперсиясы;
түс және жарық;
2) көрсетілімдер:
жарықтың шағылу заңы;
жазық айнадағы кескін;
жарықтың сыну заңы;
линзаның көмегімен кескін алу;
3) лабораториялық жұмыс:
3-1) № 10 лабораториялық жұмыс:
шынының сыну көрсеткiшiн анықтау;
3-2) № 11 лабораториялық жұмыс:
линзаның көмегiмен кескiн алу;
4) практикалық жұмыстар:
жарық құбылыстары.
-
Уақыт қоры (4 сағат)
.
4. Оқу пәнінің 9 –сыныптағы базалық білім мазмұны
-
« Кинематика негіздері (10 сағат)»:
-
қозғалыс – материяның ажырамас қасиеті;
материалдық нүкте;
санақ жүйесі;
салыстырмалы механикалық қозғалыс;
векторлар және оларға амалдар қолдану;
вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары;
түзусызықты теңайнымалы қозғалыс, үдеу;
түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру;
жылдамдықтың графигі;
түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі дененiң бастапқы жылдамдықсыз орын ауыстыруы;
еркiн түсу үдеуi;
дененiң еркiн түсуi;
аспан денелерi және тағы басқалардың жерге еркiн түсу үдеуi;
қисықсызықты қозғалыс;
материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы;
сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар;
центрге тартқыш үдеу;
қатты дененің ілгерлемелi және айналмалы қозғалысы
2) көрсетілімдер:
түзу сызықты және қисық сызықты қозғалыс;
орын ауыстыруларды қосу;
стробоскоп;.
дененің ауада және ауасы сиретілген кеңістікте түсуі;
еркін түсу кезіндегі үдеуді өлшеу;
үдеумен көтерілген және түскен кездегі дененің салмағы;
салмақсыздық;
спидометр, шеңбер бойымен қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың бағыты.
айналмалы қозғалыстың берілу түрлері;
центрден тепкіш тахометр;
ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігі;
-
№ 1 лабораториялық жұмыс:
бірқалыпты қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау;
3) практикалық жұмыстар:
денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері
-
«Динамика негіздері (10 сағат)»:
-
Ньютонның бiрiншi заңы;
инерциялық санақ жүйелерi;
күш, масса;
Ньютонның екiншi заңы;
Ньютонның үшінші заңы;
салыстырмалылық принципi;
механикадағы күштер;
бүкiләлемдiк тартылыс заңы;
денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы;
жердің жасанды серiктерінің қозғалысы;
тiреумен қозғалатын дененің салмағы;
салмақсыздық;
2) көрсетілімдер:
инерцияның айқындалуы;
денелердің массаларын салыстыру;
Ньютонның екінші заңы;
күштерді өлшеу;
өзара бұрыш жасай әрекет ететін күштерді қосу;
Ньютонның үшінші заңы;
-
№ 2 лабораториялық жұмыс:
горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу.
-
практикалық жұмыстар:
күшті өлшеудің практикалық тәсілдері;
жердің ауырлық өрісіндегі дене қозғалысының параметрлерін есептеу;
33 «Сақталу заңдары (4 сағат)»:
1) дене импульсі;
материялық нүктеде импульстiң өзгеруі;
денелер жүйесі;
импульстің сақталу заңы;
реактивтi қозғалыс;
К.Э.Циолковскийдің ғылыми еңбектерінің маңызы;
зымыран,
ғарыш саласының қазіргі жетістігі;
энергия;
энергияның сақталу және бiр түрден екiншi түрге айналу заңы;
ғылым мен техникада практикалық есептерді шығаруда сақталу заңдарын қолдану;
2) көрсетілімдер:
импульстің сақталу заңы;
реактивті қозғалыс;
ракетаның моделі;
дене энергиясының жұмыс орындалған кезде өзгеруі;
потенциалдық энергияның кинетикалық энергияға және керісінше, кинетикалық энергияның потенциалдық энергияға түрленуі;
3) практикалық жұмыстар:
дененің кинетикалық энергиясының өзгеруіне қатысты күштің жұмысын салыстыру.
-
«Тербелістер және толқындар (12 сағат)»:
-
тербелмелі қозғалыс;
тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негiзгi шамалар (тербеліс амплитудасы, периоды, жиілігі, фазасы);
тербелмелі қозғалыстың теңдеуі;
еркін және еріксіз тербелістер, өшетін тербелістер;
математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері;
математикалық және серіппелі маятниктердің периоды;
тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі;
резонанс;
электромагниттік тербелістер;
еркін электромагнитік тербелістер, (тербелмелі контур);
Томсон формуласы;
еріксіз электромагниттік тербелістер, (раманың магнит өрісіндегі айналуы);
тербелiстердiң серпімді ортада таралуы;
толқындық қозғалыс;
көлденең және қума толқындар;
толқынның ұзындығы;
толқынның таралу жылдамдығы;
механикалық толқынның қасиеті;
дыбыс, дыбыстың сипаттамалары;
акустикалық резонанс;
дыбыстың шағылуы, жаңғырық, ультрадыбыс;
электромагниттік толқындар, электромагниттік толқынның қасиеті, электромагниттік толқындар шкаласы;
2) көрсетілімдер:
жіпке және серіппеге ілінген жүктердің еркін тербелістері;
тербелмелі қозғалысты жазу;
жүктің тербеліс периодының серіппенің қатаңдығы мен жүктің массасына тәуелділігі;
жіпке ілінген жүктің тербеліс периодының жіптің ұзындығына тәуелділігі;
еріксіз тербелістер;
маятниктер тербелісінің резонансы;
маятниктердің сағатта қолданылуы;
көлденең және қума толқындардың түзілуі мен таралуы;
толқын ұзындығының тербеліс жиілігіне тәуелділігі;
тербеліп тұрған дене дыбыс көзі ретінде;
дыбыс қаттылығының тербеліс амплитудасына тәуелділігі;
тонның жоғарылығының тербеліс жиілігіне тәуелділігі;
акустикалық резонанс;
ультрадыбыстың қолданылуы;
3) лабораториялық жұмыс;
3-1) № 3 лабораториялық жұмыс:
математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау;
3-2) №4 лабораториялық жұмыс:
беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау;
4) практикалық жұмыстар:
әр түрлі маятниктер тербелісінің перодын есептеу.
-
«Астрономия негіздері (6 сағат)»:
жұлдызды аспан; әлемнің құрылымы және масштабтары;
аспан сферасы; аспан координаталарының жүйесі;
жұлдызды аспанның жылжымалы картасы,әртүрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы;
жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт;
күнтізбе;
Кеплер заңдары;
күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты анықтау;
Коперник әлемiнiң гелиоцентрлік жүйесi, оның әлем және дүниетанымдық маңызы;
ғаламшарлардың көрінетiн қозғалысы;
36. «Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар (7 сағат)»:
-
жылулық сәулелену, (абсолют қара дене, Стефан – Больцман заңы);
денелердің сәуле шығару құбылысын түсіндірудегі қиындықтары;
жарық кванттары туралы Планк гипотезасы;
Планк формуласы;
фотоэффект құбылысы;
Эйнштейн формуласы;
фотоэффект құбылысын техникада пайдалану;
рентген сәулелері;
радиактивтілік;
Резерфорд тәжірибесі;
атомның құрамы;
атомның моделі;
37. «Атом ядросы. (6 сағат)»:
1) атом ядросының құрамы;
ядролық өзара әрекеттесу;
ядролық күштер;
физикалық шамалардың ядролық физикада қолданылатын өлшем бірліктері;
массалар ақауы;
ядроның байланыс энергиясы;
радиактивті сәулеленудің табиғаты;
радиактивті ыдырау заңы;
ауыр ядролардың бөлінуі;
тізбекті реакция;
ядролық реактордың жұмыс принципі.;
атом электр станциялары;
термоядролық реакциялар;
күн мен жұлдыздардың энергиясы;
радиактивтi изотоптар;
радиактивтi изотоптарды қолдану;
радиактивті сәулелерден қорғану;
2) практикалық жұмыстар:
радиоактивтi элементтердiң жартылай ыдырау периодын есептеу.
38. «Жалпылау сабақтары (2 сағат)»:
-
физика және астрономияның дүниетанымдық маңызы;
элементар бөлшектер және ғаламның дамуы туралы мағлұматтар;
ғылыми-техникалық өркениет және ноосфера;
экологиялық мәдениет.
39. «Лабораториялық практикум (8 сағат)»:
-
дененiң еркiн түсу үдеуiн өлшеу;
-
серпiмдi деформацияны зерделеу;
-
ньютонның екiншi заңын зерделеу;
-
механикалық энергияның сақталу заңын зерделеу;
-
денелердiң соқтығысуы кезiндегi импульстiң сақталу заңын зерделеу;
-
электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-iн өлшеу;
-
еркiн және ерiксiз тербелiстердi зерделеу;
-
күзгі; қысқы және көктемгі аспандағы жарық жұлдыздар мен негізгі шоқжұлдыздарды табу(жылжымалы жұлдызды картаны пайдаланып).
40. Уақыт қоры (3 сағат)
5. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
-
Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелері бойынша бағаланады.
-
Пәндік нәтижелер «білуі тиіс» және «меңгеруі тиіс» аспектілерімен көрсетілген.
-
7-сынып оқушылары білуі тиіс:
-
ғылыми білім санаты (фактілер мен құбылыстар, ұғымдар, заңдар, теориялық қорытындылар);
-
ғылыми таным әдістері (бақылау; эксперимент);
-
ұғымдар (физикалық құбылыстар, физикалық заңдар, заттар, материалдық нүкте, траектория, жол, орын ауыстыру, өзара әсерлесу);
-
шамалар (жол, жылдамдық, масса, тығыздық, күш, қысым, жұмыс, қуат, кинетикалық энергия, потенциалдық энергия);
-
заңдар ( Паскаль, Архимед);
44. 7-сынып оқушылары меңгеруі тиіс:
-
зерттеудің эксперимент әдiстерін пайдалана алуы: бақылау жүргізу, эксперименттерді жоспарлау және орындау, физикалық құралдардың бөлік құнын және өлшеу қателіктерін анықтау;
-
қолданыстарын білуі: физика бойынша теориялық білімдерін әр түрлі қызмет саласындағы өмірлік есептерді шешкенде;
-
физикалық құбылыстарды сипаттау және түсіндіру: бірқалыпты түзусызықты қозғалыс, сұйықтар мен газдардағы қысымның берілуі, денелердің жүзуі;
-
физикалық шамаларды өлшеу үшін физикалық құралдар мен өлшеу аспаптарын қолдану: ара қашықтық, уақыт аралығы, масса, күш, қысым;
-
пайдалана алуы: игерген білім, білік, дағдысын күнделікті өмірде, тұрмыста, қоршаған ортаны қорғауда;
-
келтіре білуі: физикалық шамалардың еселік және үлестік өлшем бірліктерін және өлшеу нәтижелерін ХБ жүйесіне.
45. 8-сынып оқушылары білуі тиіс:
-
ғылыми білім санаты (фактілер мен құбылыстар, ұғымдар, заңдар, теориялық қорытындылар);
-
ғылыми таным әдістері (бақылау, эксперимент, модельдер және болжамдарды құру, зерттеулердің қорытындысы және оларды тексеру);
-
ұғымдар(заттың дискреттік құрылысы; жылулық қозғалыс; молекулалар қозғалысының жылдамдығы; температура; ішкі энергия; жұмыс ішкі энергияны өзгертудің тәсілі ретінде; жылу өткізгіштік; конвекция; сәуле шығару; жылу мөлшері, заттың меншікті жылу сыйымдылығы; калориметр; отынның меншікті жану жылуы; заттың агрегаттық күйлері; қатты денелер; кристалл және аморф денелер; деформация; жылулық ұлғаю; балқу және қатаю; меншікті балқу жылуы; сұйық; булану; конденсация; қайнау; қайнау температурасы; меншікті булану жылуы және конденсацияның меншікті жылуы; газ; газдың көлемі және қысымы; газ және бу ұлғайғандағы жасалынатын жұмыс; іштен жану двигателі; жылу двигателінің пайдалы әсер коэффициенті; денелердің электрленуі, электр заряды, электр зарядтарының екі тегі, электр өрісі, электр өрісінің күш сызықтары, кернеулік, потенциал, электр өрісінің жұмысы, электроскоп, конденсатор, электрсыйымдылығы; электр тоғы: тоқтың бағыты, тоқ күші, электр тізбегі, электр кернеуі, электр кедергісі, меншікті кедергі, өткізгіш, диэлектрик, жартылай өткізгіш, тұрақты ток, амперметр, вольтметр, омметр, реостат, тоқ көздері, тоқтың жұмысы мен қуаты; газ разряды, электролиз, плазма, анод, катод);
-
шамалар (ішкі энергия, температура, жылу мөлшері, отынның меншiктi жану жылуы, меншікті жылу сыйымдылық, меншікті балқу жылуы, меншікті булану жылуы, ауаның ылғалдылығы, электр заряды, электр тогының күші, электр кернеуі, электр кедергісі, электр тогының жұмысы және қуаты, линзаның фокустық арақашықтығы).
-
заңдар (молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары, жылулық және механикалық процестердегі энергияның сақталу және айналу, Кулон, Ом, Джоуль-Ленц, электролиз).
46. 8-сынып оқушылар меңгеруі тиіс:
-
пайдалана алуы: табиғат құбылыстарын ғылыми зерттеу әдістері, бақылау жүргізу, эксперименттерді жоспарлап және орындау, өлшеу нәтижелерді өңдеу, формулалар, кестелер, графиктер арқылы ұсыну, физикалық шамалар арасында тәуелдiлiк орнату, алған нәтижені түсіндіру, қорытынды жасау, өлшеу нәтижесіндегі қателіктерді бағалау;
-
қолданыстарын білуі: жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылығы, электр құбылысы бойынша теориялық білімдерін әр түрлi жұмыс салаларында өмірлік тәжірибеде шешу үшін;
-
физикалық құбылыстарды сипаттау және түсіндіреу:физикалық құбылыс, диффузия, заттың агрегаттық күйлері, жылу берілудiң түрлерi, жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену, булану, конденсациялану, қайнау, балқу, кристалдану, денелердің электрленуі, электр зарядының әрекеттесуі, магниттердің әсерлесуі, тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері, токтың жылулық әсері, электромагниттік индукция, шағылу, жарықтың сынуы және шағылуы, дисперсиясы.
-
физикалық шамаларды өлшеу үшін физикалық құралдар мен өлшеу аспаптарын қолдану: қысым, температура, ауаның ылғалдылығы, ток күші, кернеу, электр кедіргісі, электр тогының жұмысы мен қуаты, электр тоғы;
-
өлшеу нәтижелерін кесте, сызба, графиктер көмегімен және эмпирикалық тәуелділіктер негізінде көрсету: суыған дененің температурасының уақытқа тәуелділігі, заттың агрегаттық күйi өзгерiсіндегі заттың температурасының уақытқа тәуелдігі, тізбектегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі, түсу бұрышының шағылу бұрышына , шағылу бұрышының түсу бұрышына тәуелділігі;
-
келтіре білуі: физикалық шамалардың өлшем бірліктерін және өлшеу нәтижелерін ХБ жүйесіне.
47. 9-сынып білуі тиіс:
-
ғылыми білім санаты (фактілер мен құбылыстар, түсініктер, заңдар, теориялық қорытындылар);
-
ғылыми таным әдістері (бақылау, эксперимент, модельдер және болжамдарды құру, нәтижелерден қорытындысы және оларды тексеру;
-
ұғымдар (физикалық құбылыстар, физикалық заң, материялық нүкте, орын ауыстыру, лездік жылдамдық, үдеу, инерциялық санақ жүйесі, инерциялық емес санақ жүйесі, инерция, масса, күш, дененің салмағы, салмақсыздық, тұйық жүйе, дене импульсі және импульс күші, реактивті қозғалыс; гармониялық тербеліс, көлденең және қума толқын, фотон, фотоэффект, фотоэффектінің қызыл шекарасы, ядролық реакция; байланыс энергиясы, жартылай ыдырау периоды, бөлінудің тізбекті ядролық реакциясы, радиоактивтілік, радиоактивтік ыдырау, ядролардың бөлінуі).
-
шамалар (жол, жылдамдық, үдеу, күш, импульс, жұмыс, қуат, кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, пайдалы әрекет коэффициенті, ішкі энергия, тербелістің амплитудасы, периоды, жиілігі, толқын ұзындығы).
-
заңдар (Ньютон, Кеплер, бүкіләлемдік тартылыс, Гук, механикалық энергияның және импульстің сақталу, радиоактивті ыдырау).
48. 9-сынып физика курсын оқу нәтижесінде меңгеруі тиіс:
-
пайдалана алуы: табиғат құбылыстарын ғылыми зерттеу әдістері, бақылау жүргізу, эксперименттерді жоспарлап және орындау, өлшеу нәтижелерін өңдеу, алған нәтижені түсіндіру, қорытынды жасау, өлшеу нәтижесіндегі қателіктерді бағалауда;
-
қолданыстарын білуі:: физика бойынша теориялық білімдерін әр түрлі қызмет саласында, өмірде;
-
физикалық құбылыстарды сипаттау және түсіндіру: кинематика заңдары негізінде тұрақты үдеумен қозғалуы, шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалуы, еркін түсу үдеуі;
-
Ньютонның динамика заңдары, импульс пен энергияның сақталу заңдарын қолдану негізінде әр түрлі механикалық қозғалыстар, денелердің өзара әрекеттесуі;
-
атомдардың энергия шығаруы және жұтуы; жылулық сәулелену және Планктың кванттық гипотезасы, фотоэффект, кванттың энергиясы, рентген сәулелері;
-
ядролық реактордың әрекет ету принципі, тіршілік иелеріне иондаушы сәулелердің әсері; ядролық энергетиканы пайдалануға байланысты туындайтын экологиялық проблемалар; ядролық физика саласындағы отандық және шетел ғалымдарының жетістіктері;
3-4) -элементар бөлшектер, нанотехнологиялар, олардың адамзаттың дамуындағы рөлі туралы мәліметтерді;
-
физикалық шамаларды өлшеу үшін физикалық құралдар мен өлшеу аспаптарын қолдану: ара қашықтық, уақыт аралығы, масса, күш;
-
өлшеу нәтижелерін кесте, сызба, графиктер көмегімен және эмпирикалық тәуелділіктер негізінде көрсету: уақыттың жүрілген жолға тәуелділігі, серпінділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділігі, үйкеліс күшінің нормаль қысым күшіне тәуелділігі, маятниктің тербеліс периодының жіптің ұзындығына тәуелділігі, жүктің тербеліс периодының серіппеге ілінген жүктің массасына және серіппенің қатаңдығына тәуелділігі.
49. Тұлғалық нәтижелер:
1) көрсете білуі қажет:
-
өзіндік қалыптасуында танымдық қызығушылық, шығармашылық қабілет, сын тұрғысына ойлау;
1-2) табиғатты тану мүмкіндіктеріне сенімділік, адамзат қоғамын келешекте дамыту үшін ғылым мен техника жетістігін қажеттілігіне қарай орынды қолдану, ғылым мен техниканың негізін қалаушыларды құрметтеу,
физикаға жалпы адамзат мәдениетінің элементі ретінде қарау;
-
мәдени құндылықтар жүйесіне және қоршаған ортаға бейімделу біліктілігі;
-
тұлғаға бағытталған әдіс негізінде білім алуға ынталығы;
50. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:
-
практикалық тапсырмаларды орындағанда (мақсат, әдістер, құрал-жабдықтар, нәтиже) іс-әрекет теориясын қолдануы керек;
-
өзінің және жобалаған жұмыстарының нәтижесін презентациялағанда дамыған коммуникативтік қабілеттін, көптілділік мәдениетін меңгеру;
-
практикалық тапсырмаларды орындауда және оларды көркемдеуде, өз білімдерін тереңдетіп, кеңейтуде қазіргі ақпаратты-коммуникативті технологияны қолдану;
-
функционалдық сауаттылық дағдыларын білу;
-
жаратылыстану ғылымы мазмұнын әр түрлi ақпарат көздерін қолданып өзігінен iздестiруi жүзеге асыру(оқу мәтіні, анықтама және белгілі ғылыми баслымдар, компьютерлік базалық мәлімет, Интернет ресурстары), әртүрлi формаларда ұсыну жәнен оларды өңдеу (ауызша, графиктер көмегімен, математикалық белгіленуімен, суреттер және құрылымды сызбалармен).
Достарыңызбен бөлісу: |