Түсінік хат
Оқушылар физикадан теориялық бөлігімен қоса эксперименттік және сандық есептерді шығара білу дағдыларын қалыптастыру керек. Сондықтан арнайы курста ҰБТ-де кездесетін есептердің шығарылу жолдарын меңгеруге көп көңіл бөлу керек.
Физикада есеп шығару – оқу жұмысының қажетті элементі болып табылады.
Қайталау үшін әр тарауға жеке-жеке шолу жасай отырып, ондағы формулалар мен негізгі түсініктемелерді кестелерге немесе сызба нұсқаларға енгізген тиімді. Мұны мұғалім оқушылармен бірге жасайды. Әрі олар өз қолымен түсіне отырып сызып алған кестесін тест есептерін шығаруға пайдалану кезінде оңай жаттап алады.
Оқушылар негізгі физика заңдарын және формулаларын есте ұстауы керек. Оларды есеп шығару барысында түрлендіріп пайдалана ала білуі тиіс.
Мақсаты:
Оқушылар бойына «физика және техника» ғылымдарына деген шынайы сүйіспеншілікті дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, деңгейлік есептер шығару.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын көрсету мақсатында семинар – сабақтарды ұйымдастырып беру.
Пәнаралық байланысты арттыру. Физика есептерін математикалық тәсілдермен шешу әдістерін игеруге баулу. Физика пәнінің информатика, технология саласындағы жетістіктерін ұғындыру, компьютерлік бағдарламалар арқылы физиканы үйрену әдістерін меңгерту.
Міндеттері:
Пәнге деген қызығушылық қабілетін, логикалық ойлауын қалыптастыру.
Оқыту барысында болашақ еңбек қызметіне қажет екендігіне көз жеткізу.
Негізгі мектепте қалыптасқан ақпараттарды кеңейту және жетілдіру.
Курс барысында алған білімдерін түрлі жағдайларға қолдану және дамыту (рефераттар, зертханалық жұмыстар).
Күтілген нәтижелер:
қолданбалы курсты оқытудың соңында оқушылар:
- физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білу.
- физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игере білу;
- есеп шығарған кезде сызбада берілген шамаларды (S, V, a, v, Т, Р т.б) олардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып анықтай білу;
- нақты мысалдар арқылы механикалық энергия туралы, жылу энергетикасы мен ядролық энергетиканың экологиялық проблемаларын түсіндіре алу;
- электроэнергетика элементтерімен (түрлері, сызбасы, құрылысы) танысып,оны өмірде дұрыс пайдалана білу;
- тарихи материалдар негізінде физиканың электротехника дамуындағы алатын орнын түсіне білу;
- зерттеу әдістерін (эксперимент жүргізу, әдебиетке шолу жасау, мәліметтерді талдау) жоспарлай білу, эксперименттік фактілер және сәйкес кестелер мен статистикалық мәліметтер негізінде қорытындылар жасау, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындай білу;
- физика пәнінен меңгерген білім, іскерлік, дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білу;
- электрондық оқу құралдарын тиімді пайдалана білу;
- ҰБТ –ден жоғары нәтижеге ие болу сияқты нәтижелерге қол жеткізуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |