Физиологиялық



Дата03.01.2022
өлшемі16.7 Kb.
#450156
Б Сезіну, Қабылдау, Ұсыну


Сезіну — материалдық дүниедегі белтілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін психикалық үрдіс. Алдымызда тұрған бір затты, мысалы, үстелді көруіміздің арқасында біз оның түсін, формасын, көлемін белтілейміз; сипап-сезіну аркылы оның қатты, тегіс екенін; қолымызбен қозгап көріп оның салмағын т.с.с. білеміз. Мұның бәрі - сол материалдық заттың жеке қасиеттері, олар туралы мәліметтерді бізге Сезіну хабарлайды. Сезіну материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен касиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп. миымызда бейнеленуі. Сезіну - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болын жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдіс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Сезіну таным үрдістеріне жатады, өйткені адам соның арқасында дүниені таниды. Сезіну басқа психикалық үрдістерге — қабылдауға, еске, ойлауға, қиялға материал жеткізеді. Сезінудің табиғи физиологиялық негізі ағзаның арнаулы жүйкелік механизмі - талдағыштар арқылы жүзеге асады. Мысалы, көз торына түскен жарық сәулесі қозу туғызады, ал ол жүйке'талшығы арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады. Адамда пайда болатын түйсіктерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа біздің денеміздің сыртқы жағында болатын сезім ағзаларының қозуынан туатын түйсіктер (экстроцепторлар - сыртқы қабылдаушы дегенді білдіреді) жатады. Бұл түйсіктер бізге сырт заттардың қасиеттерін бейнелейді. бұған көру, есту, иіскеу, дәм, тері және сипап-сезу түйсіктері жатады. Екінші топқа рецепторлары ішкі ағзалардағы сезім органдарыньщ қозуынан туатын түйсіктер (интероцепторлар) кіреді. Органикалық түйсіктер (ашығу, шелдеу) дейтіндерді осыған жатқызуға болады. Үшінші топқа қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын козғалыс (немесе кинестетикалык) түйсіктері кіреді. Қозғалыс анализаторларының реиепторлары (проприоцепторлар) Бұлшық еттерде және сіңірлерде болады.

Қабылдау - сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінен туған заттың тұтас бейнесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне мидың аналитикалы және синтетикалы қызметі жатады. Өйткені сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге анализ жасамасақ, оның ерекшеліктерін толық анықтай аламыз. Толық анықтау үшін анализденген затты синтездеу керек. Қабылдау процессінде бірнеше анализатор қызмет етеді. Кез келген жаңа затты қабылдау бұрыннан бар тәжірибеге және білім негізінде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процессінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың кейбіреулері жанданып отырады. Қабылдағанда адам миындағы болып жатқан процесстерді физиологиялық негіз деп атайды. Қабылдаудың түрлері түйсіктің түрлеріне ұқсас болып келеді. Қабылдаудың бұл қасиетi оның объектив болмыстық көрiнiсiмен түсiндiрiледi, яғни сыртқы дүниеден алынатын ақпарат көзi осы объектив дүниенiң өзiнде болуы. Заттай қабылдау адамның тума қасиетi емес, ол өмiр бойы қалыптасып, iсəрекеттiң барша саласында бағыттауреттеу қызметiн атқарады. Қоршаған дүниенi заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процестерiнiң негiзiнде орнығады (И.М.Сеченов). Қозғалыс болмаған жерде бiздiң қабылдауымыз заттық қасиетiнен айрылып, сыртқы ортамен байланысқа келе алмаған болар едi. Қабылдаудың заттық негiздi болуы əрекетқылықты реттеуде үлкен маңызға ие. Əдетте, бiз нақты нысанды басқалардан түрi мен сипатына қарай бөлмеймiз, бiз үшiн бұл жағдайда ең қажеттiсi оның тұрмыстық қажеттiлiкке жарайтын негiзгi қасиеттерi. Мысалы, пышақ кесуге жараса пышақ, болмаса əншейiн металл. Қабылдаудағы басты мiндет осы қасиеттердi тану.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет