Тақырып: Түйсік
Ойын
Сағаттың қалам мен дәптерден ерекшелігі неде?
Сандарды қосу арқылы есепте және азайт.
Жан- жануарларды ажырата білу және көлемін салыстыру.
2- Тақырып: Қабылдау
1. Ине мен жіп
Жүргізуші:
Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.
2. Бұл қашан болады?
Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.
Кесте, құрал – жабдықтармен жұмыс
1.Айлардың аттарын ата ?
2.Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата?
3.Әр мезгілде неше ай бар?
4.Бір айда неше апта бар?
5.Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?
3. Не үлкен?
Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.
4. Сиқырлы қапшық
Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. сипаттап айтады.
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар
1. Төрт құбылыс
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екіқолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.
2. Көңілді шеңбер
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір – біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды.(гүл, оамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.
3. Орныңды тап
Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан – жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі ). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан шығарылады.
4. Ойыншықты сипатта
Жүргізуші балаларғақолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі – түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт.
5. Сөзді есіңде сақта
Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.
1.көктем – жаңбыр
2.жаз – күн шықты
3.аспан – бұлт
4.жер – шөп
Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар
1. Мен жеңімпазбын
Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.
2. Құлақ – мұрын
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.
3. Өз орныңды тап
Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.
4. Дайын бол
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс – қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с.
5. Зейінді бол
Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл – қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүогізуші болады.
1. Менің көңіл күйім қандай
2. Жаңа ертегі
Ең маңыздысы ол Тану процесі. Оқушылар заттарды тануга арналған ойын.
Қоршаған ортадағы өзгерістерді теріс жағынан да және дұрыс жағынан да қабылдауға бейімдеу.
Қабылдаудың таңдамалылығы яғни заттарды және бейнелерді әр түрлі көру
3-Тақырып: ЕС
Еске сақтау және еске түсіруді талап ететін ойын
Осы ойыннан кейін міндетті түрде сандар есінде ұзақ уақыт қалады
4- Тақырып: Ойлау
Қағаздарды желімдеу арқылы оқушылар не жасау керектігін жылдам ойлана алады.
5-Тақырып:Сөйлеу
Ән айту немесе сурактарға жауап бере отырып сандардан секіру.
6- Тақырып: Қиялды дамыту
Қыз балалардың қиялын дамытуға арналған
Пазл құрау арқылы немесе әртурлі қағаздарды біріктірумен қиялдың шарықтау шегіне жетуге болады
Оқушылар әр турлі бейнелерден өзіндік фантазияларын қосып болек бейне жасауы.
Тақырып: Ерікті дамыту
Достарыңызбен бөлісу: |