Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», №2(29), 2011 г.
12
Олай болса, ата-ананың балалармен қарым-қатынасы сабырлылықты, салмақтылықты, жылы
жүзділікті шешімділікпен, іскерлікпен ұштастырыла- ын болуға тиіс.
Балаға дұрыс қарау дегеніміз - бала ӛзін кішкентай, әлі ӛмір тәжірибесі, білімі аз болғанымен, оны
адам деп құрметтеу, оның ересектер назарында болуы, олармен қатынас жасау, алуан түрлі іс-әрекет үшін
ӛзіне жағдай туғыздыру құқысын қадірлеу деген сӛз.
Дегенменен, әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрып, ата дәстүрі болады. Сонысымен бірге,
жалпы қазақ отбасына ортақ дәстүрлер де бар. Олар мыналар: жасы кішілер үлкендердің атын атамай, ата,
әже, әпке, кӛке, тәте деп
сыпайы қарым-қатынас жасауы, сондай-ақ жасы кішілер үлкендердің, әсіресе
қариялардың алдын кесіп ӛтпеуі, отбасы мүшелерінің бірін-бірі ренжітпеуі, үлкеннің тілін кішінің алу,
тіліалғыш, қолғанат болу, әр отбасы мүшелері үлкендерінің ӛзінен кішілерге қамқоршы болады.
Әрқайсысының ӛз шама-шарқынша іс атқаруы.
«Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге», - деп қараған халқымыздың ұл баланы тәрбиелеуді
аталар мен әкелер ӛз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеуді әжелер мен апалардың ісі болып саналған
[2].
Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардің рӛлі ерекше. Әке үйелменнің басшысы,
отбасы
мүшелерінің тірегі, ӛнер-білімі ұл баланың кӛз алдындағы үлгі-ӛнеге алатын нысанасы. Қонақта біреудің
баласы жақсы, ӛнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, ӛнегелі жерден шыққан
ғой», - деп мадақтайтыны сондықтан.
«Әке - бәйтерек, бала - жапырақ», «Жас кәрінің кӛзі, кәрі - жастың тезі», «Ата - балаға сыншы»
деген мақалдар да осы пікірді халықтың қуаттауынан туған.
Отбасында әкелері немесе апалары ӛз ӛнерлерін балаларына үйретіп, олардың ӛзіндей мерген,
аңшы, құсбегі немесе әнші, күйші, ақын етіп тәрбиелеуге кӛңіл бӛлген.
Аталары балалары мен немерелеріне ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелдер айтып беріп,
шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеген, мысалы,
Абай Құнанбайұлы, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,
М.Әуезов сияқты ұлы ақын-жазушылардың немесе Тӛлеби, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сияқты ел
билеуші шешендердің жастайынан елдің салт-дәстүрі мен заңдарын, аңыз-әңгіме мен ӛлең-жыр, мақал-
мәтелдерін жаттап, кӛп білуі мен аталарыңның әсері екені сӛзсіз [3].
Педагог, психолог, ғалымдардың ой-пікірлерін талдай келе, отбасы қарым-қатынасындағы сӛздің
тәрбиелік қызметін былайша жинақтауға болады:
а) ата-ананың айтқан сӛзінің текке кетпей, мейлі ол оның жеке ӛз басына болсын, не болмаса басқа
біреудің мүддесін кӛздесін, әйтеуір
баланы пайдалы жақсы істерге, мінез-құлыққа жетелеуі;
ә) бала мен ата-ана ортасындағы сӛз түріндегі мәміле олардың ӛзара қатынасын нығайта түсетін
сипатта болған күнде ғана тәрбиелік ықпалының жүзеге асатыны;
б) ата-ана сӛзі баланың отбасылық ӛмірін реттеу арқылы оның ой-санасына парасаттылық, іс-
әрекетіне тиімділік, жүріс-тұрысы, мінез-құлқына байыптылық пен жақсы әдет, дағдылар дарытады.
1. Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. -Алматы,1970.
2. Арғынбаев X. Қазақ отбасы. - Алматы, 1996.
3. Бӛлеев Қ, Ибраимова Л.Н. Қазақ этнопедагогикасындағы отбасылық тәрбие.- Алматы, 2008.
Резюме
В данной статье рассматривается проблема семейного воспитания на традициях казахского
народа.
Summary
The article is considered the problems of family grown-ups by culture in Kazakh family
Достарыңызбен бөлісу: