«бекітемін» Мектеп директоры: №200 орта мектебі бойынша қосымша білім беру педагогының жылдық жұмыс жоспары



бет1/4
Дата21.09.2023
өлшемі55.95 Kb.
#478184
  1   2   3   4
2022-2023 жоспар пдо — копия




«БЕКІТЕМІН»


Мектеп директоры:
200 орта мектебі бойынша қосымша білім беру педагогының жылдық жұмыс жоспары.


2022 – 2023 оқу жылы
І. КІРІСПЕ


«Шығармашылық құзыреттілікте, үздіксіз білім беру мен тәрбиелеуде,
кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауда тұлғаның бәсекелі артықшылықтарын
қалыптастыру мақсатында негізгі бағыттар бойынша балаларға қосымша
білім беру мазмұны жаңартылатын болады.»
Қазақстан Республикасындағы
білім беруді дамытудың
2011-2022 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасынан
Ұстаным:
«Нәтижелі, сапалы, саналы тәрбие –
бүгінгі және келешек ұрпақ үшін!»
Балалардың бос уақытын пайдалы істерге жұмылдыруда жылдан жылға тың идеялармен мектебімізде балалар қозғалысы қарқынды дамытып келеді. Мұның өзі еліміздің гүлденуіне үлес қосар болашақ жастарымызға серпін беріп жатқан игі бастама деп қабылдаймыз.
Мектебіміздегі үйірмелер алға қойған мақсаттарын дәл айқындап нақты жоспарлар мен бағдарламаларды, қажетті жобаларды жүзеге асыруда. Мектебімізде балалардың өздерінің қызығушылығымен қатысатын Республикалық бірінғай «Жас Ұлан» балалар ұйымы, «Парасат » ұлдар клубы, «Рауан» қыздар клубы, «Заңгер» клубтары жұмыс істейді. Сондай-ақ «Жас полицей» тобы, «Жас инспекторлар» тобы, «Наркобекеттер», «Жас ізденушілер», «Жас өрт сөндірушілер», «Жас құтқарушы», әскери спорттық клубтарға балалар ұйымдары жетекшілеріне, қосымша білім беру педагогтарына әдістемелік көмектер көрсетіліп келеді.
Мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық клубтарды және әскери-спорттық ойындарды дамыту мақсатында спорттық үйірмелер ашылып, жұмысын жалғастыруда.
ІІ. Қосымша білім беру педагогінің жұмысының
мақсат – міндеттері
Мақсаты:

- Өз аумағында және құқықтық немесе өзге де нормативтік


құжаттармен белгіленген құзырет шегінде білім беру
саласындағы мемлекеттік саясатты іс жүзінде асыру;

  • Мектеп балалар, оқушылар, жастар қоғамдық бірлестіктерін дамыту;

  • Балалар, оқушылар және жастардың қоғамдық бастамаларын қолдау;

  • Азаматтық құқықтар мен міндеттерді орындауға қабілетті ерікті әрі жауапты тұлғаларды қалыптастыруға бағытталған балалар мен жастардың әрекеттік ортасын ұйымдастыру;

  • Мектепте оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

  • Патриоттық клубтарды және әскери-спорттық ойындарды дамыту.



Міндеті:



  • Балалардың жеке тұлға ретінде дамуы, денсаулығын нығайтуы, кәсіби таңдау жасауы, шығармашылық еңбек етуі үшін қажетті жағдай туғызу, олардың қабілеттерін іс жүзіне асыру.

  • Балаларды қоғамда өмір сүруге бейімдеу;

  • Өсіп келе жатырған ұрпақтың азаматтық сана –сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру;

  • Тәрбие жұмысын кешенді жүргізу, тиімді нысандар мен әдістерді қолдану;

  • Республикалық қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін қалыптастыру,

  • мектепте құрама командаларының іріктеу және олардың жарыстарға қатысуына ықпал жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет