Фото-бейне тіркеу жүйесімен белгіленген жол жүру ережесінің бұзылғаны туралы ақпарат алу
Қызметті онлайн алу
-
Порталда авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
-
Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді). Өтінімді толтыру үшін сізге мынадай мәліметтер талап етіледі: көлік құралының нөмірі, көлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірі (техникалық паспорт), бұзушылық белгіленген, ұсынылған тізімнен қаланы таңдау.
-
Бұзушылықтрдың болуы/болмауы туралы мәліметтер "Сұранысты табу" түймесін басқаннан кейін бірден пайда болады. Қажеттілігі болған жағдайда фото-бейне белгілеу жүйелерімен бекітілген, бұзылулар туралы алынған ақпаратты басып шығара аласыз.
-
ЖҚЕ бұзу орын алған жағдайда сіз қарызды онлайн төлей аласыз.
*Онлайн қызметті Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларының тұрғындары ала алады.
Сервис көмегімен сіз фото-бейне жүйелермен тіркелген және барлық Қазақстан аумағында орын алған ереже бұзушылықтар үшін айыппұлдарды қарай аласыз. Бірақ тек Астана, Шымкент, Қостанай, Петропавл және Алматы қалаларында орын алған айыппұлдарды ғана төлеуге болады.
Порталды пайдаланушылар сондай-ақ ЖПБ қызметшілері тіркеген (хаттама бойынша) ЖҚЕ бұзу үшін айыппұлды сол жерде төлей алады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Фото-бейне тіркеу жүйесімен белгіленген жол жүру ережесінің бұзылғаны туралы ақпарат алу.
Достарыңызбен бөлісу: |