«ҰТО» РМҚК
2015 жылғы______________
№_______бұйрығымен бекітілді
Француз тілі пәні бойынша Талапкерлерді кешенді тестілеуге арналған
тест спецификациясы
(2016 жылдан бастап Талапкерлерді кешенді тестілеуге қолдану үшін бекітілген)
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына сай әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді. Ұлттық тестілеу орталығының жанындағы Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында талқыланды.
Мақсаты: ҚР жоғары оқу орындарына қабылдау үшін өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерінің, ҰБТ-ға қатыса алмаған жалпы білім беретін мектептердің бітірушілерінің, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің, республикалық музыка мектеп-интернаттарының түлектерінің және оқу орнын шетелде бітірген тұлғалардың француз тілі пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.
Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 12, екінші деңгейде – 8, үшінші деңгейде – 5 тапсырма.
Тест жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес француз тілі пәні бойынша оқу материалдарынан тұрады.
№
|
Бөлім
|
№
|
Тақырып
|
№
|
Тақырыпша
|
01
|
Морфология
|
01
|
Етістік
|
01
|
Ашық рай (жай шақтар). Осы шақ. Өткен шақ (ауыспалы). Жай өткен шақ, жай келер шақ. Ашық рай (күрделі шақтар). Күрделі өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ. Жедел келер шақ. Жедел өткен шақ. Етістіктің болымсыз түрі. Ырықсыз етіс. Жақсыз етістік. Тұйық етістік. Есімдіктік етістіктер.
|
02
|
Осы шақ есімшесі. Өткен шақ есімшесі. Көсемше.
|
03
|
Бұйрық рай. Бұйрық райдағы сөз тәртібі. Шартты рай. Қалау рай. Сабақтас құрмалас сөйлемде шақтардың қиысуы.
|
02
|
Сын есім
|
01
|
Сын есімдер. Сын есім женский және мужской родтары. Сын есімдердің көпше түрлері. Сілтеу сын есімдері. Тәуелдік сын есімдер. Сұраушы сын есімдер. Сын есім шырайлары.
|
03
|
Зат есім
|
01
|
Зат есім. Зат есімнің родтары. Зат есімнің көпше түрі.
|
04
|
Қызметтiк сөз таптары
|
01
|
Артикльдер. Белгілік артикльдері. Белгісіздік артикльдері. Слитный артикль. Частичный артикль. Предлогтар. Предлогтардың қолданылуы. Етістіктерді меңгеру. Шылаулар.
|
05
|
Сан есім
|
01
|
Сан есімдер. Есептік сан есімдер. Реттік сан есімдер.
|
06
|
Есімдік
|
01
|
Есімдіктер. Толықтауыш есімдіктер. Қатыс-тық есімдіктер. Тәуелдік есімдіктер. Сілтеу есімдіктер. Белгісіздік: - Р жекелі: "on" есім-дігі, жіктеу есімдіктері, "En"Y" адвербаль-дық есімдіктер есімдігі, Сұраулы есімдіктер.
|
07
|
Үстеу
|
01
|
Үстеу. Үстеу құрлымы. Үстеу шырайлары
|
02
|
Лексика, аударма, фонетика
|
01
|
Лексика, аударма, фонетика
|
01
|
Лексика, аударма, фонетика
|
02
|
Сөз құраушы элементтер. Зат есім жұрнақтары. Сын есім жұрнақтары. Үстеу жұрнақтары.
|
03
|
Синтаксис
|
01
|
Сөйлем
|
01
|
Сұраулы сөйлемдегі сөз тәртібі. Жалпы, арнайы, альтернативті сұрақ қою. Төлеу сөз.
|
04
|
Елтану
|
01
|
Елтану
|
01
|
Франция, француз тілінде сөйлейтін елдер.
|
02
|
Казақстан.
|
05
|
Мәтінмен жұмыс
|
01
|
Мәтінмен жұмыс
|
01
|
Мәтінмен жұмыс.
|
Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Морфология: сөзге қатысты лингвистикалық білімдерді қолдана білу
-белгілі предлогтарды етістіктермен қолдану;
-фразалық етістіктер;
- faire + infinitif, laisser + infinitif конструкциясы;
-(c si) шартты сөйлемдер;
- төл сөз бен төлеу сөздің қолданылуы;
-етістіктің болымсыз түрі: инфинитив, осы шақ есімшесі (participle present). өткен шақ есімшесі (participle passe), көсемше (gerondif);
- белгілі предлогтарды қажет ететін етістіктердің қолданылуы;
- сын есімдердің үстеудің қызметінде қолдану.
Синтаксис- тілдік материалға қатысты лингвистикалық білімдерін қолдана білу;
-француз тілінің пунктуациясы (мағыналық, синтаксис,коммуникативтік)
-сөйлемнің құрылымдық типтері (басыңқы және бағыныңқы сөйлемдер)
Фонетика: орфографиялық біліктіліктер;
Лексика мен аударма: сөздік қорын тексеру;
-пассивті сөздіктің құрамында 2100-2300 сөз, оның ішінде 1100 сөз белсенді меңгеруге;
-Сөзге қатысты лингвистикалық білімдерді қолдану;
-Шылауларды қолдану.
- мәтінді толықтай немесе таңдау бойынша аудару (ауызша немесе жазбаша);
-мәтінге талдау жасау негізін білу;
-лексико-грамматикалық біліктілігін тексеру.
Мәтінмен жұмыс: -(оқыған мәтіннің) мазмұнының меңгерілуін тексеру.
-түпнұсқа мәтіннің негізгі мазмұнын түсіне отырып оқу (тақырыпты анықтау,негізгі ойды белгілеу,басты фактілерді анықтау, мәтіндегі негізгі фактілердің логикалық тізбектілігі)
-қажетті мәліметті түсініп мәтінді оқу;
-әр түрлі жанрдағы аутентивті мәтіндерді толық және нақты түсініп оқу.
Елтану: өз елінің және оқып жатқан елдің мәдениетінің маңызды мәліметтері, географиялық, табиғи-климаттық, саяси ерекшеліктері.
Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тесттің бір тапсырмасын орындап шығуға берілген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.
Нұсқалар мен тапсырмалар саны:
Бір тестте 25 сұрақ. Тест нұсқаларының баламалығы:
- тесттердің спецификацияға сай құрылуымен;
- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен,
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.
Тапсырма формасы:
Тестте берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау керек.
Таңдалған нұсқаны жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін тестіленуші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған уақытта 25 балл алады.
Достарыңызбен бөлісу: |