Гипотеза қалай жасалады?



Дата06.05.2024
өлшемі16.75 Kb.
#500645
гипотеза қалай жасалады


Гипотеза қалай жасалады?
Гипотеза (болжау) – белгілі бір зерттеліп жатқан зат, я құбылыстың себебі жөніндегі кейбір деректерге негізделген болжам болып есептеледі.Ол әлі өзін дәлелдеуді талап етеді.Кейбір гипотезалар зерттеліп жатқан құбылыстың себебін анықтаудың тіпті мүмкін еместігінен пайда болады.Мысалы,ғылымда таңғанарлық бірнеше ғана мәселе бар.Ол – осы Дүниенің өзі,содан кейін тіршілік,ең соңында,рухани пенде – адамның өзі қалай пайда болды деген сұрақтар.
Бұл мәселелер жөніндегі діни көзқарастарды жақшаға шығарып қарағанда,материалистік философия мыңдаған жылдар бойы бұл Дүние мәңгілік өмір сүріп жатыр деген көзқараста болды.Мәселенің қиындығы – осы Дүниедегі бірде-бір зат, я болмаса құбылыстың мәңгілік өмір сүе алмайтындығында,өтпелілігінде еді.XX ғ. 70 ж.ж. астрофизиктер «Ұлы Жарылыс »(Grand Explosion) гипотезасын ұсынды.Бұл гипотеза Дүниенің мәңгілік еместігін,осыдан 13 млрд. жыл шамасында вакуумның жарылуынан пайда болғанын болжайды.Осы гипотеза арқылы Ғарыштағы «инфрақызыл сәуле толқындарының ығысуын», «дүниенің кеңею үстіндегі үрдісін» түсінуге болатын сияқты.Уақыты келгенде (млрд.ж.ж. кейін) бұл Дүние өзінің ішкі гравитация күші арқылы тартылып,яғни коллапсқа ұшырап, өз өмірін тоқтатады.Келесі жарылыс Дүниенің «жаңа үлгісін » әкелуі мүмкін.Мұндай болжамдар адамның ақыл-ойы, шығармашылығының ғажаптығын көрсетпей ме?!Таңғаларлық нәрсе – осы гипотезаға ұқсас идеяларды осыдан 120 ж. бұрын орыс теософы (teos – құдай, sofia – даналық )Е.Блаватская өзінің «Құпия доктрина » деген еңбегінде айтқан болатын.
Ал тіршілік мәселесіне келер болсақ, көп гипотезалардың ішінен академик Опариннің «коацерваттық», яғни алғашқыкөп минералдық тұздар еріген жылы мұхитта күн сәулесінің қуаты арқылы сансыз химиялық реакциялардың негізінде тірі белоктың дүниеге келгені жөніндегі болжамы бізді ерекше тартады.
Адам мәселесіне келер болсақ,ол жөніндегі гипотезаларды біз «Адам болмысы» тарауында қарағанбыз.
Адам болмысы – болмыстың екінші формасы ретінде әлемдегі тікелей біздің материалдық-тәндік-организмдік және психиялық дүниемізге қатысты. Дене ретінде Адам өзінің табиғи саласына оның құрамдас бөлігі ретінде енгізілген. Нақты дене ретінде біз өз болмысымызды үнемі гомеостаз ретінде көрінеміз, туылғаннан бастап біздің болмысымыз Ешнәрсеге – барлық тірі жанның табиғи өліміне бағытталған нәзік, тірі бүтіндік қана. Нақты денедегі өмір уникалды, қайталанбайды, тұлғалық-индивидуалды және өзінің өткінші өмірін бойындағы тұқым қуалаушылықпен сақталып келген биопсихикалық инстинктер, таңылған мақсаттармен басып тасталатындай әлеуметтік-саяси-оқшауланған социумда өткізетін болса, бұл өмір трагедиялығымен, драмалығымен де сипатталады. Өмірдің мәні жоғалту, босқа өткізген өмір, болмыстың жалғандығы – мұның бәрі нақты индивид экологиясындағы апатқа айналады.
Әрине,жоғарыдағы көрсетілген гипотезаларды теорияға айналдыру өте қиын,өйткені олардың түп-тамыры млрд. жылдарға кетеді.Ал шынайы өмірдегі нақтылы табиғи,я болмаса әлеуметтік саладағы гипотезаларға келер болсақ,олардың ақиқаттығы ертелі-кеш дәлелденеді.Сонда ғана ол теорияға айналады.Өмірдің өзі-ақ біршама гипотезалардың жалғандығын көрсетіп,оларды ғылым шеңберінен шығарып тастайды.Мысалы,флогистон,я болмаса ғарышты толтырып тұрған эфир сияқты гипотезалар ғылым дами келе,өз жалғандығын көрсетіп,категориялық (ұғымдық) мәртебесінен айырылып қалды.
Дүниеде жұмыс жасау үшін немесе зерттеу жасау үшін орындалатын басқа дарайлы жұмыс, мәліметтер немесе деректерлер, осындай көмекші бір тұлға. Гипотеза анықтама немесе өзінің әрекет етіп жатқан іс-шараларының бекітілгені болып табылады. Ол тексеру жасалынғанда бекітілетін жағдайлар, және сол туралы анықтамаларды жинау және қабылдау үшін ашық ұқсас пікірлерді мақсат етеді. Гипотеза ашық, бекітілетін, қарастырылатын және тексерілетін айқындама немесе дәлелді мәліметтер тобынан қайта тексеру үшін ақпаратты жинау немесе өзгерту бекітілетін қатынастықтар.
Гипотеза - бұл қарау, зерттеу немесе басқа жұмыс арқылы тексеру үшін орнатылған дүşенбелгі немесе дәлел. Оның мақсаты - зерттеудің нәтижелерін түсіндіру, түсіндіру жасау, негізделу. Қарапайым бағдарлама жасаудың бір мақсаты, теорияның дұрыс екенін растау үшін дүстүрлі мәліметтерді алып, жаңа мәліметтерді әзірлеу үшін зерттеп шығу. Гипотезаны анықтамаңызға және әсеріне қосымша мәліметтер көрсету мақсатында, сіз өз мүмкіндіктеріңіздің ең жақсы немесе көптеген бақылауларды жүзеге асыратын қарауларды алуыңызға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет