Ғумарбек даукеев атындағы алматы



бет1/20
Дата22.11.2023
өлшемі199.61 Kb.
#484021
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
ABNMethod2023








ҒУМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ


IT-инжиниринг кафедрасы







ABN 2210– АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАУ НЕГІЗДЕРІ

6B07101-«Электроэнергетика»


мамандығының студенттеріне арналған

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Алматы 2023


Құрастырушы: «IT инжининирг» кафедрасының профессоры, ф.- м. ғ. д., профессор Құралбаев З. «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәні бойынша 6B07101 - «Электроэнергетика» мамандығының студенттерінің зертханалық жұмыстарды 0орындауына арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБУ, 2023. – 33 бет.
«Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар 6B07101-«Электроэнергетика» мамандығының студенттерінің дәрістер мен оқулықтардан алған теориялық білімдерін бекіту мақсатына арналған. Барлығы жеті зертханалық жұмыстарды орындау ұсынылған. Әрбір зертханалық жұмыстың тақырыбы бойынша әдістемелік нұсқаулар, жаттығулар мен бақылау сұрақтары келтірілген.
Әдебиет тізімі 16 атаудан тұрады.


МАЗМҰНЫ



Зертханалық жұмыс номері

Зертханалық жұмыстардың аттары

Беттер




Кіріспе

3

1

Python тіліндегі айнымалылар мен қарапайым деректер

4

2

Тізімдерге амалдар қолдану

7

3

Қарапайым циклдар мен программалар

10

4

Тармақталған алгоритмдер мен программалар

14

5

Сөздіктер және оларға амалдар қолдану

19

6

Бір өлшемді массивтерге амалдар қолдану

23

7

Программалауда функцияларды пайдалану

26




Әдебиет тізімі

33

КІРІСПЕ
«Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәнінің негізгі мақсаты - мамандық бойынша іс жүзінде кездесетін есептерді компьютердің көмегімен шешуде қажет болатын әдістер бойынша алгоритмдер құрастыру мен олардың негізінде компьютерлік программалар құрастырудың негізгі тәсілдерін студенттерге үйрету. Студенттер дәрісте берілген теориялық материалдар мен осы пәнге байланысты оқу құралдарын пайдалану арқылы алған білімдерін бекіту үшін зертханалық жұмыстарды орындаулары тиіс.
Пәнде қарастырылатын негізгі мәселелер – мамандық бойынша жоғары курстарда оқытылатын пәндерде кездесетін әртүрлі есептеулерді, олардың алгоритмдерін игеру және оларды компьютерлік программалар құрастыру арқылы жүзеге асыру, алгоритмдер мен олардың негізінде құрастырылатын программаларды алгоритмдік тілде құрастыруға машықтану.
Пәнді оқу нәтижесінде студент типтік есептерді шешуге арналған алгоритмдерді құрастырудың принциптерін, бағдарламалаудың негізгі тәсілдерін, оларды компьютерде қалыптауға және орындауға машықтануы тиіс. Зертханалық жұмыстарды орындау үшін студенттің компьютерінде программа құрастыру ортасы дайын болуы керек. Ол үшін Python алгоритмдік тілінде программа құрастыруға қажетті программалық жабдықтың болуы міндетті. Келесі адрестен кейбір қажетті ақпараттарды алуға болады:
https:// nostarch.com/pythoncrashcourse2e.
Осы пән бойынша студенттерге 7 зертханалық жұмысты орындау ұсынылады. Оларды орындаудың негізгі тәртібі:
- зертханалық жұмыстың тақырыбы бойынша теориялық және әдістемелік материалдарды оқып, үйрену; зертханалық жұмысты орындауға дайын болу;
- әдістемелік нұсқауларда келтірілген сұрақтарға жауап беру және жаттығуларды орындау;
- оқытушы берген жеке тапсырманы мұқият зерделеп, есептің шарттарымен толық түрде танысу;
- оқытушы берген тапсырмадағы есептің алгоритмін құрастыру;
- алгоритм бойынша алгоритмдік тілде программа құрастыру;
- программаны және оған қажетті ақпараттарды (деректерді) компьютер жадына енгізу;
- программада жіберілген қателерді түзетіп, қалыпқа келтірілген программаны компьютерде орындау;
- орындалған программаның нәтижесін талдау және зертханалық жұмыс бойынша есеп дайындау және оны қорғау.
Зертханалық жұмыс бойынша орындалған есеп университетте қабылданған стандарт бойынша құрастырылып, Word-файл түрінде порталға орналастырылуы керек.
Ескерту. Әрбір студенттің компьютерінде зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті программалық жабдықтың болуы міндетті. Сонымен бірге, программа құрастыру үшін Python тілінен басқа тілді де пайдалануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет