Г. Г. Жанахметова Топ: бх-21-115-12 Мазмұны Кіріспе



бет1/9
Дата18.05.2022
өлшемі96 Kb.
#456966
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
реферат №1


Реферат


Студент: Г.Г. Жанахметова
Топ: БХ-21-115-12

Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................2
І тарау. Климат түзуші факторлар..............................................................3
1.1. Қазақстанның климатын түзуші факторлар..............................5
ІІ тарау. Қазақстан климатының динамикалық жағдайы........................8
ІІІ тарау. Ауа қысымы мен жылудың таралуы. Фронттар. Жел............11
ІҮ тарау. Климаттық негізгі көрсеткіштер..............................................15
Ү тарау. Қазақстан аумағындағы жауын–шашынның таралуы..............17
Қорытынды................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................21

Кіріспе
Қазақстанның климаты шұғыл континентті келеді, оның солтүстік аймағының қысы суық, жазы қоңыржай, ал оңтүстігінде қыс онша қатты болмайды, жазы ыстық, қуаңшыл. Бұл температураның тез ауысуынан, ауаның құрғақ болып, жауын-шашынның аз түсуінен байқалады. Жалпы климаттың қалыптасуына географиялық ендік, күн радиациясымен қатар атмосферада жүріп жататын күрделі процестер әсер етеді. Қазақстанның климатына Солтүстік Мұзды мұхит үстінде қалыптасатын арктикалық ауа массалары көктемнің соңғы, жаздың алғашқы айларында бау-бақшаға үсік әкеледі. Орта Азия үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массасы жаз айларында Қазақстан жерінде температурасы жоғары өте құрғақ ауа райын қалыптастырады. Қазақстан климатына Азия антициклонының әсері мол. Қыс кезінде Орталық Азияда қалыптасатын антициклонының әсерінен ауаның жоғарыдан төмен қозғалуына байланысты бұлт азайып, жер беті суып, аязды ауа райы орнайды. Сондықтан Қазақстанда «Сібірдің қысы», «Азияның жазы» болады.
Жалпы Қазақстанда ең суық ай – қаңтар, ең жылы ай – шілде. Қаңтардағы орташа температура солтүстіктен оңтүстікке қарай – 190 С, оңтүстікте - 40 С. Қазақстандағы ең жылы кез – шілде айы. Шілдедегі орташа температура – солтүстікте +200 С, ал оңтүстікте +300 С-қа жоғарылайды. Температураның жылдық ауытқуы 800С -900С аралығында болады.
Қазақстанның аумағы түгелімен қоңыржай белдеуде жатыр. Сондықтан жылдың төрт мезгілі өз уақытында ауысып отырады.
І тарау. Климат түзуші факторлар
Климатты құрайтын құрамдас бөліктерінің режимі барлық 3 климат қалыптасушы процестердің бірлескен әрекетінің нәтижесі: Мысалы, жер шары бойынша жауын-шашын үлестірілуі ылғал айналымның тікелей нәтижесі. Жауын-шашын түсуі оның бір звеносы болып келеді. Демек, ол ылғал көздерінің орналасуына және ылғал айналымның басқа звеноларына буланудан ағыннан, конденсацияланған су буларының турбуленттік диффузиясына тәуелді. Бірақ жауын-шашын режиміне жылу айналым процестерде пайда болатын төсеніш бетінің және атмосфераның жылу жағдайының ықпалы. Жылу жағдайына булану тәуелді. Ол бұлттың сулылығын анықтайды. Кез-келген метеорологиялық құбылыс қалыптасуда осы негізгі 3 процестің әрекетін байқаймыз. Қайсы процесс себепші, қайсысы соған нәтиже болатынын анықтау өте күрделі мәселе. Сондықтан процестерді ізбезділікпен қарастыруға мәжбүрміз.
Климат қалыптастырушы процестер жер бетінің белгілі бір географиялық жағдайында дамиды. Ендікке полюске құрлық және теңіз үсті жазық немесе таулы облыстар болуына байланысты климат қалыптастырушы процестер әртүрлі болады, яғни географиялық ерекшеліктерге ие. Хромовтың ұсынысы бойынша климаттың негізгі географиялық факторлары мынадай: георафиялық ендік, теңіз деңгейіне биіктігі, жер беті бойынша құрлық пен мұхиттың таралуы, құрлық бетінің орографиясы, мұхиттық ағыстар, өсімдік, қар және мұз жамылғысы. Сонымен қатар адамның іс-әрекеті ерекше орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет