МАЗМҰНЫ:
1. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМА
1.1. Облыстың географиялық орны, аумағы және шекаралары
1.2. Жамбыл облысының тарихы
1.3. Жамбыл облысының табиғи-климат жағдайы
1.4. Жамбыл облысының сәулеттік ескерткіштер
1.5. Жамбыл облысының демографиясы
1.6. Жамбыл облысының экономикасы
1.7. Жамбыл облысынан шыққан атақты тұлғалар
1.8. Жер бедері оны қалыптастыратын факторлар
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМА
1.1. Облыстың географиялық орны, аумағы және шекаралары
Жамбыл облысы Орталық Азияның дәл ортасында, Евразия материгінің
терең қойнауында, Қазақстан Республикасының оңтүстігінде, мұхит-теңіздерден шалғайда (3000 шақырым қашықтыта), қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан.
Облыстың территориясы солтүстіктен- оңтүстікке қарай 410 км-ге, батыстан-
шығысқа қарай 520 км-ге созылып жатыр. Шу-Іле таулары мен Балқаштың батыс жағалауы, Қаратау жотасы, Қырғыз Алатауы мен Бетпақдала арасында 420-22 және 46000 солтүстік ендік пен 68015 және 750 55 шығыс бойлық аралығында орналасқан.
Шу және Талас өзендерінің төменгі ағысын, оңтүстік – батысында Қаратау жоталарын, оңтүстігінде Қырғыз Алатауы, Шығысында Шу – Іле таулары аралығында осы таулардың беткейлерінен қоса Мойынқұм құмын алып жатыр.
Батысында оңтүстік Қазақстан облысымен, шығысында Алматы облысымен,
оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен шектесіп жатыр.
Жамбыл облысы, алып жатқан ауданы, батыс Еуропаның Португалия, Грекия, Голландия мемлекеттерінің ауданың қоса есептегендегі ауданнан артық немесе үш Закавказье мен үш Балтық жағалауындағы мемлекеттердің ауданын қоса есептергенде көлемге теңеседі.
Облыстың құрылған мерзімі 1939 ж. 14 қазанда Жамбыл облысы құрылды.
Жер көлемі 144,3 мың шаршы шақырым. Жамбыл облысы әкімшілік – аумақтықбөлінісі жағынан 10 аудан және 4 қала (оның біреуі облыстық және
республикалық маңыздағы қала), 10 округтік ауылдар, 12 поселкелік пунктер,367 ауылдар бар. Халық саны 01.01.11 ж. мәлімет бойынша 1001,01 мың адамды құрады. Облыс орталығы – Тараз қаласы
Достарыңызбен бөлісу: |