Гагарин ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Құрметті ауылдастар!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 «Жергілікті органдар басшыларының тұрғындар алдында есеп беру кездесуін өткізу туралы» тапсырмасын орындау барысында, бұл уақытта біздің елімізде есеп беру кездесуі өтеді. Бүгін мен Сіздерге округтің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық қорытындысы туралы және 2013 жылға міндеттер туралы есепті таныстырамын.
Округтегі қaзipri жағдай:
Округ тұрғындары 942 адамды кұрайды, алатын көлемі 38,5 мың гектар, 1 елді мекен: Гагарино.
Ұлттык кұрамы: 523-қазақ, 376-орыс, 23-неміс, 10-шешен, 2-украин, 4-беларус, басқа ұлт – 3.
942 адамнан: 120-зейнеткер жасы бойынша, 2 - интернационалист жауынгер, 1- чернобыльдік, балалык және енбек мугедегі-32 адам, ақталган- 6 адам, «Алтын алқа»- 2 адам, «Куміс алка»- 7 адам, Ұлы Отан согысы жылдары Ерен еңбегі үшін марапатталған- 3 адам, тыл еңбеккерлеріне теңелген - 30 адам.
Округте орта мектеп, әкімшілік, дәрігерлік емхана, дәріханалық пункт, «Қазақтелеком» АТС, «Казпошта» филиалы, күнделікті тауар сататын дүкендер жумыс істейді. Округте учаскелік полиция инспекторы, әлеуметтік жүмысшы, лицензиат дәрігер жұмыс істейді. Сонымен қатар округте шаруа кожалықтары дамып, жұмыс істеуде, қазіргі күні олар 48- шаруа қожалыгы және көршілес 5 шаруа қожалығының филиалы бар.
Олардың кызметінің негізгі бағыты ауылшаруашылық өнімдері өндіру: сүт, ет, бидай, күнбағыс. Шаруа қожалыгының тұрақты жұмысында, мынандай, кейбір кұрылған және бар жағдайлар мүмкіндік туғызады: қолдағы бар сүт қабылдау бойынша пункті, керекті мөлшерде жемі бар база, игілікті эпизоттық жағдай, облыстық орталықтан шағын қашықтығы.
2012 жылы шаруа қожалықтары және тұрғындармен 20553 центнер сүт өндірілді, дайындау пунктімен ғана 11500 центнерден аса сүт сатып алынды, 2387 центнер- ет, 128 мың дана-жұмыртқа, 50ц -жүн сатып алынды, қала базары арқылы тұрғындар үшін 282,2центнер – ет өткізілді.
Kaзipri күні біздің округтің аулаларындағы мал бастарының саны былтырғы жылмен салыстырғанда темендегідей:
|
01.01.2012ж
|
01.01.2013ж
|
|
iқm
|
1418
|
1465
|
+47
|
Шошқа
|
110
|
17
|
-93
|
Жылқы
|
486
|
498
|
+12
|
Ешкі, қой
|
1652
|
1382
|
-270
|
кұс
|
1163
|
1183
|
+20
|
Былтырғы жыл құрғақшылығы өнімділік бойынша көрсеткіштерді едәуір төмендетті. Мысалы, ш/қ Калантаевский 1000 га аса бидай өнімін төмен, ш/қ Тройницкое 50% күнбағыс өнімін төмен алды. Қалған аумақтарда бидай бойынша өнімділік - 4,9 ц/га және күнбағыс бойынша 2,1 ц/га кұрады. Сонымен қатар дайындалған шөп көлемі алдынғы жылдарға қарағанда аз болды. Бірақ, бұған қарамастан ІҚМ басы өсті және жылқы басы да.
Мынандай шаруа қожалықтары: Н.Ф.Аухадиева,В.К.Дементьевтың, А.Ш.Нуртазовтың, Б.К.Абдешовтың, М.А.Исатаев, жақсы дамып және мал бастарын жетілдіруде. Махмудовтың соңғы шаруашылығы: «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 8,5 млн.теңге несие алу арқасында 37 бас сиыр және тайынша сонымен қатар 4 асыл тұқымды бұқа кейіннен осы шаруа қожалығының асыл тұқымды статусын алуға ниеті бар.
Біз асыл тұқымды жұмыс туралы сөз қозғағандықтан айта кетейін, былтыр ветсанитар З. Булатханова ІҚМ қолдан ұрықтандыру бойынша оқуын оқып және іс-тәжірибесін өтті. Үй-жай және сәйкес жабдықтар бар. Бұл жұмыс наурыз-сәуірде басталады.
Шаруа қожалығы қызметінен басқа қалған тұрғындар, жеке қосалқы шаруашылық жүргізіп өзбетімен айналысады. Бұрын айтқандай бұл үшін лайықты жағдай бар, сонымен қатар сүт дайындау бойынша жүйе түзелген (2 сүт қабылдайтын пункті).
Барлық қалған еңбекке жарамды тұрғындарға қоғамдық жұмыс арқылы жұмыс орны, сонымен қатар әртүрлі мамандық бойынша тегін оқыту ұсынылады. Былтырғы жылы бұл бағыт бойынша қоғамдық 9 адам коғамдық жұмысқа тартылды және 2 адам мамандық алу курсын бітірді (И. Саптоякова –шаштараз, Д. Шаймухаметов – механизатор)
2 отбасына, қамкорлыққа алып отырган баласы бар, атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 12 отбасына балалар жәрдемақысы төленді. Біздің округ бойынша 39 отбасына баспаналық көмек көрсетілді. Барлығы 6ip жылда 970,0 теңге әлеуметтік жәрдемақы төленді.
Біздің округтің көптеген тұрғындары Дубығалы көліндегі демалу базасында жұмыс орындарын алды. Дегенмен, бұл жұмыс әзірше мерзімдіқ қана, келешекте индустриялық туризмнің өcyiнe байланысты, бұл бағыттың келешегі зор. (түсініктеме сөзбен).
Қaзipri уақытта Гагарино орта мектебінде 75 оқушы окып, үйренуде, оның ішінде, 37 – оқушы мемлекеттік тілде, 38 – орыс тілінде оқиды. Білім деңгейі 48 % құрайды. 4 түлек 11 сыныпты бітірді. Оның ішінде 2 оқушы БҰТ түрінде қорытынды аттестациядан өтті. БҰТ орташа балы 72,1 құрады. 2 оқушы да білім алуда (Д. Шаяхметов – Семей политехникалық колледжінде грант бойынша оқиды, Б. Саптояков – ШҚМТУ-де ақы төлеп оқиды). Екі оқушы дәстүрлі емтихан тапсырды. Қaзipri уақытта шаруа қожалығында жұмыс істейді.
Мектепте 23 мүғалім жұмыс істейді, оның ішінде 16 жоғары біліммен, 7-орта арнаулы педагогикалық біліммен, жогары санатты – 1, бірінші – санатты- 8, екінші санатты – 6, санатсыз – 8. Былтырғы жылдан бері мамандылыққа қажеттілік туралы маңызды мәселе шешілмей тұр: математика мүғалімдері, физика, орыс сыныптарында информатика, химия мұғалімдері, биология, география қазақ сыныптарында. Ұлан ауданының жұмыспен қамту орталығына және аудандық білім беру бөліміне бірнеше рет қажетті мұғалімдерге тапсырыс жіберілді, бірақ қажетті мамандардың жоқтығынан мәселе шешілмей отыр.
Осы оқу жылында мектепке 5 жас маман жұмысқа келді. Олардың барлығында оқу жүктемесі бар және жалдамалы баспанамен қамтылған. Жас мамандарды баспанамен қамту мәселесін шешу үшін, ауылда арнайы әкімшілікке бекітілген баспана болуы қажетті.
2005 жылдан бастап мектепте оқыту 2 тілде жүргізіледі: 9 сынып мемлекеттік тілде, 11 сынып – орыс тілінде оқытылады.
Оқушылар саны көп емес, сабақ 2 ауысыммен жүргізіледі, негізгі ғимараттың бөлмелері және бұрынғы интернаттың бейімделу бөлмелерінің пайдаланылуына қарамастан, сабақ жүргізу үшін бөлмелер жетіспеушілік мәселесі туындап отыр.
Негізгі ғимаратқа қосымша құрылыс салу туралы мәселені қарау қажет.
2008 жылы мектеп ғимаратының жартылай бірінші және екінші қабатының қасбетінің терезелері ауыстырылды, бүл да мектептің жақсылық жағы. Биылғы жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа, тағы 4 бөлменің терезесің ауыстыру жоспарланып отыр. Ауыстыруды мемлекеттік сатып алу тәсілімен шілде – тамызда жүргізуді жоспарлап отырмыз.
Мектепте жергілікті бюджеттен және Жалпыоқу қорынан азқамтылған отбасыларының балалары және 1-4 сынып оқушылары үшін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған.
2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектеп асханасы ЖК «Оспанова Турсагат» -қа жалға берілді. Балалар сапалы, тиімді тамақпен тамақтандырылады.
Мектеп жанында толық жұмыс күнді шағын орталық бар.
Балалар тегін өсу және тәрбие алады, тамақ ата-аналар жарналары есебінен ұйымдастырылған.
2008 жылдың соңынан бастап ауылдық клуб жұмыс істеуде. Клуб ішінде қaзipri жылыту кұрал-конверторы орнатылған. Біздің округтің тұрғындары клубтың жылы залында салтанатты тойларды және ас беруге мүмкіндік алды. Онда біз мерекелерді, басқа ic-шараларды жүргіземіз. Қоғамдық жұмысшылардың күшімен жыл сайын клуб ғимаратын женіл жөндеуден өткіземіз, көшеттер отырғызамыз.
Былтырғы жылдың наурызында аудандық мәдениет бөлімімен жаңадан клуб мeңrepyшici болып Шынар Ендоянова тағайындалды. Жұмыс істегеніне аз уақыт өттi, бірақ ол өз жұмысын мынандай ретте ұйымдастырды: клуб маңайында қайың көшеттерін отырғызды, гүлзарлар жасап, гүл екті. Мерекелік іс-шаралар: Жаңа жыл, Кәрілер және мүгедектер күнін өткізді. Ауданның мәдени өміріне белсене қатысады. Аудандық мәдениет үйімен бірлесіп әртүрлі іс-шараларға қатысады. Жаңа жылдық мерекеге жарықтық иллюминация орнатылды.
Аудандық маслихаттың депутаты «Ұлан жолдары» директоры О.Н. Сыдыковтың көмегімен клуб ғимаратының алдындағы алаңға асфальт төселді және қақпаны жөндеуде көмек көрсетілді. Жер қазылып, санитарлық торап орнатылды.
Клубты жалға бергендегі түскен ақшаға мемлекеттік рәміздер, ДВД және жалаулар тігуге маталар алынды.
Келешекте баян, домбра, гитара болғанын қалаймыз.
Дарын КМК-ына, бізге музыкалық аппаратура бөліп бергені үшін, алғысымызды айтамыз.
Әр сәрсенбіде сағат екіде «Ұй ошағы клубы» өтеді. Біз Таврия ауылындағы Мәдениет үйімен келісіп, 50 орындық кресло әкелдік. Бізге скважина бұрғылап берді, біз бұдан кейінгі уақытта клубтын жақын аумағын көгалдандырып, көркейтуге мүмкіндігіміз бар. Округ тұрғындарымен әртүрлі іс-шаралар өткізгенде сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.
Гагарино ауылдық округінің тұрғындарына дәрігерлік емхана қызмет етеді. Емхана әрдайым ауданда жақсы есепте саналды. Сіздер білесіздер, биылғы жылы, бұрынғы аудандық медицина басшылары «реформа» жүргізуді шешті, соның арқасында ДЕ нақты жұмысын тоқтатты. Біз әртүрлі мекемелер жүйесінің әртүрлі деңгейдегі сатыларына бардық, аудандық медициналық бірлестіктің Думанбек Сериккалиевич Даулбековтын келуімен ғана біз емхананың тұрақты жұмысын қайта бастадық.
Бұгінгі күні дәрігер-терапевт 0,75 жалақыға +0,25 қүндізгі стационарға, сонымен қатар медбике 0,75 жалақыға уақытша Ардак Шорнаеваның орнына және үй-жайды жинастырушы 0,25 жалақыға жұмыс істейді. Біз әріне түсінеміз, жаңа бас дәрігерге жылдар бойы жиналған барлық мәселелерді бірсәтте шешу қиын, бірақ бірлескен және жемісті еңбек етеміз деп үміттенеміз.
Мен айтып өткендей, біздің емхана бұрынғы істеген адамдар және қазіргі істеп жүрген адамдардың арқасында жақсы есепте. Округте манандай ауырулар- асқынған туберкулез, асқынған онкологиялық ауырулар жоқ. Балалар және аналар өлімі жоқ. Емхана жылы, жарық. 10 электржылыту қондырғылары істейді.
Біз өзекті мәселе – автокөлікпен қамтамасыз ету.
Округте «Қазақтелеком» автоматикалық телефон станциясы жұмыс істейді. 180 адам абоненттер болып саналады. Ecкi жабдықтарды жаңага ауыстыру арқасында байланыс сапасы елеулі жақсарды. Шағым жоқтың қасы. Телефон орнату үшін арыз және кезекке тұру жоқ, бұдан сәл бұрын бұл 6ip күрделі мәселе болған.
Тіршілік 6ip орнында тұрмайды, сапалы интернетке шығу үшін, біз аудан басшыларының «Мегалайн» жүйесін тезірек орнатып беруін қалаймыз.
«Қазпошта» бөлімінде 6ip кici кызмет көрсетеді.Телефон бар. Біз поштаға қолымыздан келген көмеғімізді көрсетеміз, жыл сайын қоғамдық жұмысшылардың күшімен жөндеу жұмыстарын жүргіземіз, аумағын қардан тазалауға көмектесеміз. Тұрғындар газет және журналдарға көбірек жазылып, поштаға көмектессе екен деп қалаймыз. Қазіргі күні негізгі жазылатындар әкімшілік пен мектеп ұжымы, ал қалған тұрғындар жеңілдікпен жазылымға үміттенеді.
Жалғыз басты 6 зейнеткерге үйде штаттық әлеуметтік жұмыскер қызмет көрсетуде. Әлеуметтік жұмысшының жұмысына арыз түскен жоқ.
Мал дәрігер- лицензиатпен жыл сайынғы ветеринарлық өндеу және сырғалау, малдарды емдеу бойынша (үйге шақыру) қызмет көрсетіледі. Ci6ip жарасы, сарып және пастерелез ауруына қарсы малдарға вакцина егу жұмыстары жургізіледі. Бруцеллезге, малдарды тексеру жұмыстары жургізіледі. Жұмыс қанағаттанарлық. Ауылдын ішінде инфекциалық аурудың ошағы болған жоқ. Алдыңғы жылы «Ильинка» шаруа қожалыгының «Ильинка» отгон учаскесінде бруцеллез ошағы уакытында анықталып, жайылтпай жойылды, бұл ошақ шеткі аудандардан мал тасымалдауға байланысты, пайда болды. Биылғы жылы анықталған ошақты жою және тараптау бойынша іс-шаралар жүргізілді. Оңды қорытынды шығады деп сенеміз.
Округте тәжірибелі учаскелік инспектор бар. Округте криминогендік жағдай тұрақты қалыпта. 2012 жылы 8-қылмыс тіркелген, оның ішінде 8-ашылды, 3-қару тәркіленді, 46- шағым және өтініштер қаралды. 4 адам ұсақ бұзакылықтар үшін, 24 адам - абаттандыру ережесін бұзғаны үшін, 62 адам төлкұжат режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 4 адам- СЛПУ-ға жіберілді, 27 адам-профилактикалық есепте тур.
Учаскелік инспекторда жұмыс кабинеті бар, кызметтік автокөлікпен қамтылған. Учаскелік инспектордың жұмысына арыз түскен жоқ.
Гагарино әкімшілігі бекітілген үлгі ережемен жұмыс істейді. Іс қагаздарын жүргізу icтep тізбесіне сәйкес жүргізіледі. Әкімшілікте қоғамдық кұрылым: ардагерлер кеңесі, қоғамдық кенес, әйелдер кеңес жұмыс істейді.
2012 жылға бөлінген бюджеттік қаржы толық игерілді. Қаңғыбас иттерді ұстау және жою жұмыстары жүргізеді. Ағаш көшеттepi және гүлдер сатып алынып, әкімшілік, мектеп, клуб маңайы көгалдандырылды.
Клуб маңайында скважина бұрғыланды, кіреберіс және Центральная көшесінің арықтарына жөндеу жүргізілді, Гагарино ауылының стелласына қалқан жасалды және орнатылады. Сонымен қатар, әлеуметтік әріптестік шеңберінде Дубығалы көлінің тас жолы қалпына келтірілді, клубтың алдындағы алаң асфальтталды, санитарлық торап орнатылды. Бұл істе бізге ұлкен көмек көрсететін аудандық маслихаттың депутаты О.Н. Сыдықов, оған бұл үшін көп рахмет.
Күрделі қыстан кейінгі нағыз апат су тасқыны болды. Олар бізді де сокпай өткен жоқ, шара қолдану арқасында, осы су тасқынының салдарын ықшамдадық және катерлі салдардан кұтылдық. Ауылдың жоғарғы алқабындағы тасқын сулары ауылға соқпай кету үшін, биылғы жылы 6із ауылдың алдындағы бөгетте жер жұмыстарын жургіздік. Бізге тіптi, трассаны су жырып кетпеу үшін, Өскемен-Семей трассасындағы су өткізетін құбырларды қаздық.
Жыл сайын 6із Наурыз мейрамы, Женіс күні , Тәуелсігздік күні, Кәрілер күні және т.б. мейрамдарды еткіземіз. Бұл мейрамдарды өткізуге мектеп ұжымы және ауыл тұрғындары үлкен көмек керсетеді. Жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалактарының басшылары әртурлі ic-шараларды өткізгенде шамаларына қарай көмек көрсетеді Бұлар: Н.Ф.Аухадиева, Т.И.Дементьева, М.А.Исатаев,
Н.Ж.Байгабулов және т.б, бірақ барлық шаруа қожалықтары шетте қалмаса екен деп тілеймін.
Ауылдық әкімшіліктің ең 6ip басты мәселесі жаңа жұмыс орындарын ашу. Биылғы жылы 5 шаруа қожалықтар ашылды. Біздің қолдаухатымызбен қосалқы шаруашылықты жетілдіру үшін, аудандық кордағы жерлерден 2000-дай га жер, жалпы қолданыс жеріне берілді.
Біздің округтің тұрғындарының кө6i, Дубығалы көлінде салынып жаткан демалыс үйлерінде жаңа жұмыс орындарын алды. Аудандық жұмыспен қамту орталығы бойынша қоғамдық жұмысқа 9 адам тартылды.
Өткен жылы жиында айтылған сын-ескертпе пікірлерден, орындалды:
-
Әкімшілікте шаруа қожальқтарыньң басшыларына декларация тапсыру кезіне кеңестік көмек уйымдастырылды, биылғы жылы декларация тапсыру үшін әкімшілікте компьютер орнатылды.
-
Клуб үшін музыкалық аппаратура бөлінді.
-
Клуб маңайында скважина бұргыланды.
-
Өскемен - Семей трассасында «Жол үстінде малдар» белгісі орнатылды.
Кейінгі жоспарлар:
Шағын және орта бизнесті өркендету, колдан урықтандыру пунктін кұру, ауыл көшелерін жарықтандыру, ауылды абаттандыру және көгалдандыру, жолдарды жөндеу жұмыстарын өткізу.
Сонымен қатар, биылғы жылы клубты ағымды жөндеу жоспарланып отыр, шатыр ауыстырылады және екінші залы жөнделеді, егер қаражат қалса кіреберіс жөнделеді.
Өз сөзімді аяқтай отырып, Гагарин ауылдық округінің әкімшілігі, өзінің ұйымдарымен 6ipre және ауыл тұрғындарының қолдау корсетуімен, біздің алдымызда тұрған міндеттерді шешу үшін, барлық күш-жiгepiмiздi саламыз деп айткым келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, «Қазақстан – 2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында: 2013 жылы жергілікті атқару органдарын нығайту бойынша нақты шаралар қабылдау туралы айтылған. Жергілікті жерлердегі билік органдарының өкілеттіктері қаржылық және кадрлық ресурстармен нығайтылатын болады. Жолдауда, « Қоғам және азаматтар мемлекеттік шешімдер қабылдау процесі мен олардың жүзеге асырылуына тікелей қатыстырылуы қажет. Жергілікті басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және жауапкершілікпен шешуіне нақты мүмкіндік беру керек», делінген. Бұл бізді қуантады, бірақ сонымен қатар адамдар алдында қосымша жауапкершілікті жүктейді.
Достарыңызбен бөлісу: |