Газдардың электрөткізгіштігі. Газдағы разрядтар, плазма туралы түсінік. Вакуумдағы электр тогы. Термоэлектрлік эмиссия. Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі. Газдардың электр өткізгіштігі
Газдардың электрөткізгіштігі. Газдағы разрядтар, плазма туралы түсінік. Вакуумдағы электр тогы. Термоэлектрлік эмиссия. Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі. Газдардың электр өткізгіштігі. Қалыпты жағдайда газдар толық дерлік бейтарап атомдардан немесе молекулалардантұрады, демек диэлектрик (изолятор)бола алады. (Диэлектрик дегеніміз электр тогын өткізбейтіндер) Газдаметалл мен сұйықтағыдай бос зарядтар (электрондар мен иондар) болмайды. Газдардың металдар мен электролиттерден айырмашылығы – олар электр бейтарап атомдар мен молекулалардан тұрады да, қалыпты жағдайда токтың еркін тасымалдаушылары болмайды. Газ арқылы электр тоғы өту үшін, оны иондау (яғни оның ішінде жеткілікті мөлшерде зарядты бөлшектердің пайда болуы) керек.
Газ разрядын алу үшін газ разрядты түтікше пайдаланылады. Газдарды иондауға қажетті құрал ионизатор деп аталады. Газ - өзіне тиісті кеңістікті еркін қозғалатын бөлшектерімен бірқалыпты толтыратын заттың бір күйі. Өткізгіштігі ‒ иондық және электрондық (иондар мен электрондар қозғалысы) ток туғызады.Кедергісі: Қалыпты жағдайда газдар-диэлектриктер (R→ ∞). Иондану кезінде электр тогын тасымалдаушылары пайда болады.
Иондану
Ионизатор (ультра-күлгін, рентген және радиоактивті сәуле-ленулер; қыздыру) көмегімен бейтарап атомның оң ион мен электронға ыдырауы.
Газдық разряд‒ газ арқылы электр тогының өтуі.
Тәуелді газ разряды (өздік емес) ‒ тек сыртқы ионизатор әсерінен болатын разряд.
Түтіктегі газ иондалған газда электродтарға (U) кернеу беріледі; түтікте (I) ток пайда болады. Кернеу (U) артқанда сайын ток күші де артады.
Бір секунд ішінде пайда болған зарядталған бөлшектер осы уақыт ішінде электродтарға жетеді. (Белгілі бір кернеуде (U), ток қанығады (Iқ). Ионизатор әсері тоқтаса, газ разряды тоқтайды (I=0).