География және табиғатты пайдалану факультеті



Дата28.10.2023
өлшемі45.04 Kb.
#481830
Амангелді Айғаным СӨЖ ә


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География,жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

Жер ресурстарын пайдаланудың ғылыми негіздері


“Жер шаруашылық орналастыру және елді мекен жерлерін жоспарлау” пәні бойынша
№1 СӨЖ

Орындаған:Амангелді А.Е.(3к.)


Тексерген:Бектурганова А.Е.
Алматы,2023 ж
Мазмұны
КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1. Жер ресурстары басқару туралы жалпы түсінік.........................................4
1.1 Жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау.................................7
2.Қазақстан Республикасында жер ресурстарын тиімді пайдалану проблемалары....................................................................................................10

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................12


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................13

КІРІСПЕ
Елдің əлеуметтік-экономикалық дамуын басқару жүйесін жетілдіру кез келген мемлекеттің түйінді саясатының бірі болып табылады. Осыған сəйкес мемлекетте жер ресурстарын басқару жүйесін қалыптастыру жер реформасының негізгі міндеті, елдің экономикалық жəне саяси дамуының одан əрі жолдары болып табылады.


Жер ресурстары – бұл кез келген елдің ұлттық байлығы, халықтардың əлеуметтік-экономикалық қолайлылығының негізі. Оның өзі Қазақстан халқының игілігіне, болашақ ұрпақтарына пайдалану тиіс. Осы қағиданың негізінде, елдің бүкіл жер қорын тиімді, əрі қолайлы пайдалануды жəне де қорғауды қамтамасыз етуге арналған жер ресурстарын басқарудағы мемлекеттің алатын орны мен рөлі туындайды.
Жер қорын басқару мемлекеттің елдегі жерлерді мейлінше ұтымды пайдалануды ұйымдастыру жəне оларды қорғауды мақсат тұтатын құқықтық қызметі. Бұл анықтамада жер қорын мемлекеттік басқарудың өзіндік белгісі болып оның елдегі жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғаудағы ұйымдастырушылық ролі болып табылады. Анықтамадағы екінші ерекшелік жер қатынастарын емес, біртұтас мемлекеттік жер қорын басқарудан көрініс табады.
Мемлекеттің негізгі табиғи байлығы болып табылатын жер ресурстары, ол елдің экономикалық жəне əлеуметтік игілігінің негізі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында жер тек жылжымайтын мүлік объектісі ғана емес, табиғи ресурсы, өндіріс құралы, кеңістіктік базисі болып саналады. Ол байлықты тиімді пайдалану, жер ресурстарын басқару жүйесінсіз мүмкін емес. Қалыптасқан жер ресурстарын басқару жүйесі мемлекет пен қоғамның құқықтық, саяси, экономикалық, экологиялық жəне əлеуметтік жағдайларын ескереді. Бұдан басқа Қазақстан Республикасындағы қайта құрылымдар жер қатынастары мен жер ресурстарын басқарудың маңызын анықтап берді. Нарықтық экономикаға көшу, жерге əр түрлі меншік нысандарын енгізу, жер пайдаланудың ақылы болуын, жердің, оның өндіріс құралы, кеңістіктік базис жəне шектелген маңызды табиғи ресурс сияқты басты функцияларын сақтай отырып, жылжымайтын мүлік жəне құқықтық реттеу нысанасы ретінде заң тұрғысынан танудың объективті қажеттілігі туды.
3
1. Жер ресурстары басқару туралы жалпы түсінік
Жер ресурстары басқарудың негізгі функциональдық іс-əрекеттері: жер құрылымын есепке алу, жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастры, жер мониторингі жəне т.б. болып табылады.
Жер ресурстарын басқару қоғамдық қатынастардың барлық салаларын қамтиды. Сондықтан да ол жүйелі, мақсатқа бағытталған қоғам мен мемлекеттік жер қатынастарына байланысты іс əрекеті болып саналады. Жер ресурстарын басқару объективті жəне субъективті факторлар жиынтығына байланысты болады. Жер табиғат бөлшегі ретінде өз заңлыдықтарымен дами отырып, басқарудың əдісі мен формасына əсер етеді. Сондықтан да басқару қызметтерін орындай отырып жердің негізгі қасиеттерін жəне аймақтық экономикалық даму жағдайларын ескеру қажетті болып табылады.
Жер ресурстарын басқарудың негізіне экономикалық, экологиялық, əлеуметтік даму заңдылықтары жəне табиғат заңдары жатады. "Қоғам-табиғат" өзара іс-қимыл шеңберінде жерді ұтымды пайдаланудың мынадай аспектілері бөлінеді:

  • табиғи-биологиялық, табиғи кешен жəне өсімдіктер мен тірі организмдерге арналған ортаның компоненті ретінде жердің қызметін зерттеумен байланысты;

  • əлеуметтік-экономикалық, жерді мемлекеттік саясат пен əлеуметтік процестерге, қоғамдық өндірістік жəне экономикалық қатынастарға пайдаланылуына əсерін зерттеумен байланысты;

  • технолоиялық, жерге техногендік əсерді, оның пайдаланылу технологиясын, жерді ғылыми-техникалық прогресс көмегімен тиімді пайдалануды зерттеумен байланысты;

  • құқықтық, (заңды) жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру мен жүзеге асыруда мемлекеттің құқықтық қызметінің рөлі мен мəнін зерделеуге байланысты;

  • саяси, жер ресурстарын тиімді пайдалануға қатысты мемлекеттің экологиялық, экономикалық жəне əлеуметтік-саяси міндеттерін орындауды қамтамасыз етумен байланысты;

  • əкімшіліктік-басқарушылық, жер ресурстарын басқару органдарының жүйесінің, олардың құзыреттері мен міндеттерінің қалыптасуымен байланысты;

  • құқықтық, заңнамалық актілерде бекітілген құқықтық нормалар негізінде жерді тиімді пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету;

4

  • ғылыми, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін ескере отырып, жер ресурстарын басқарудың ғылыми негізделген ұсыныстар əзірлеумен байланысты;

  • экономикалық, жерді тиімді пайдалану жағдайын анықтайтын;

  • енгізушілік, жерді ұтымды пайдалану жəне қорғау жөніндегі экономикалық, əлеуметтік жəне өзге де тетіктерді, ынталандырулар мен іс-шараларды əзірлеумен жəне жүзеге асырумен байланысты.

Сондықтанда жер ресурстарын басқару – объективті жəне субъективті факторлардың жиынтығының нəтижесі.
Сонымен қатар, жер табиғи дене ретінде өз заңдары бойынша дамиды, бұл да басқарудың формалары мен əдістеріне белгілі бір дəрежеде əсер етеді. Сондықтан басқару функциясын орындау кезінде аумақтың экономикалық даму жағдайларымен бірге тұтас кешен ретінде жердің негізгі қасиеттерін (жер бетінің белгілі бір нысанын құрайтын жер бедерімен бірге кеңістігі; құнарлылығымен сипатталатын топырақ жамылғысы; табиғи өсімдіктері; жердің гидрогеологиялық жəне гидрогеологиялық қасиеттері, өз сипаттамаларымен грунт сулары, техногендік жағдай) ескеру қажет.
Жер ресурстарын басқару кешенді сипатқа ие, өйткені көптеген жер қатынастары субъектілерінің мүдделерін қозғайды. Бұл басқару органдарынан жер ресурстарын пайдалану жəне қорғау процесін қалыптастыруға жүйелі тəсілді, ұйымдастыру-технологиялық жағдайлардың шешімін ықтимал экологиялық-экономикалық салдарлармен байланыстыруды талап етеді.
Осылайша, жер ресурстарын басқарудың негізіне жалпы экономикалық, экологиялық, əлеуметтік жəне табиғат заңдары жатады. Əлеуметтік-экономикалық жəне экологиялық аспектілерді іске асыру жер ресурстарын басқарудың ішкі (терең) жағы болып табылады. Басқару мазмұнының сыртқы (көрінетін) жағы жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттің ұйымдастырушылық-шаруашылық, техникалық жəне құқықтық шараларының жиынтығы ретінде ұсынылады.
Жер ресурстарын басқаруды жер қатынастарын реттейтін жəне жер пайдаланудың стратегиясын анықтайтын, құқық қорғау қызметін жүргізетін заң шығарушы жəне атқарушы билік органдары жүзеге асырады. Жер ресурстарын басқару жөніндегі атқарушы-өкімдік органдар қызметінің мазмұны жер ресурстарын пайдалануды болжау жəне жоспарлау, жер пайдаланудың нормалары мен тəртібін белгілеу, жерді бөлу жəне қайта бөлу, жерді пайдалану мен қорғауды бақылау-қадағалау қызметі болып табылады.
5
Жер ресурстарын басқару – бұл жер ресурстарын ұтымды пайдалануға бағытталған басқару жүйесі функцияларының жиынтығы. Жалпы түрде жер ресурстарын басқару процесі 1 суретте көрсетілген. Жер ресурстарын басқару жүйесінің сипаты экономикалық негізге, қоғамдық құрылыстың мақсаттары мен өлшемдеріне сəйкес бірқатар дəуірдің бойында өзгерді.
Жер ресурстарын басқару жүйесі мынадай шарттардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
- жалпы мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету;
- аймақтардың мүдделерін қамтамасыз ету;
- қоғамның жекелеген мүшелерінің (немесе олардың топтарының) мүдделерін қамтамасыз ету.
Жерді пайдалану аспектілерін негізге ала отырып, жер ресурстарын басқарудың жалпы жүйесі мынадай кіші жүйелерден тұруы тиіс:

  • заңнамалық;

  • əкімшілік-басқару;

  • экономикалық;

  • əлеуметтік;

  • экологиялық.

Жер ресурстарын басқару жүйесінің негізін басқару объектісі, субъектісі, пəні, мақсаты, міндеттері мен функциялары құрайды. Басқару объектісі мен пəні көпжылдық тəжірибенің нəтижесінде құрылады жəне өзара тығыз байланысты. Мысалы, көп қабатты ғимараттар салынған жер учаскелерін басқару бір қабатты үй-жайлық құрылысы бар учаскелерді басқарудан айтарлықтай ерекшеленеді. Жер ресурстарын басқарудың қазіргі заманғы мақсаты, міндеттері мен функциялары қазіргі уақытта қоғаммен өзара байланыста қалыптасады.
Жер ресурстарын басқарудың негізгі мақсаты жердің қасиеттерін пайдалану негізінде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету болып табылады. Жер ресурстарының перспективалық жай-күйін жəне оларды пайдалану процесі жер ресурстарын басқару мақсатымен айқындалады. Жерді пайдалану қоғамның немесе жекелеген субъектілердің жерге тікелей əсер етуі кезінде туындайды. Бұл ретте əрбір осындай əсерде жердің нақты қасиеттерін тұтынумен байланысты. Қоғам жер қатынастарының жекелеген субъектілерінің мақсаттарын олардың жаппай жəне алуан түрлілігіне байланысты толық бақылай алмайды, сондықтан осы процестерді басқару жерді пайдаланудың жалпы ережесі.
Нақты уақыт кезеңінде мақсат айқын екпін алуы мүмкін: əлеуметтік, экономикалық, экологиялық немесе аралас. Қалалар мен қоныстар
6
аумағында қайта құру кезеңінде, мысалы, əлеуметтік əсер басым болды тұрғындардың əлеуметтік талаптарын барынша қанағаттандырылды. Қазіргі уақытта нарықтық экономиканың даму жағдайында экономикалық аспектіні есепке алуға қайта бағдарлау, яғни экономикалық əсердің максимумына қол жеткізу болды, ол көбінесе бюджетке түсетін ақша түсімдерінің максимумының жəне əлеуметтік құрамдас бөлікті ескерместен шығындардың өтелімділігінің түріне ие болады.
Демек, жер ресурстарын басқарудың негізгі мақсаты – мемлекеттегі экологиялық жəне əлеуметтік жағдайларын тұрақты жоғары деңгейде қамтамасыз ету, тиімді кəсіпкерлік, қоғамдық жəне өзге де қызметті дамыту, жердің қасиеттерін сақтау жəне қалпына келтіру жағдайларын қалыптастыру, республикалық жəне жергілікті бюджеттерге қаржы қаражатының барынша түсуін қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастары мен жер пайдалану жүйесін құру болып табылады.
Басқару субъектілері жер қатынастарының субъектісі ретінде мемлекеттен бастап жəне нақты заңды немесе жеке тұлға, мемлекеттік, жергілікті жəне ішкі шаруашылық басқаруды жүзеге асыратын субъектілерге бөлінеді.

1.1 Жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау


Жер - ең нeгiзгi табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмip сүру ортасы. Қазip адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%-iн eгiстік жерлерден, 10%-iн ормандар мен жайылымдардан, 2%-iн теңіз бен мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді пайдалану сондыктан да ең негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе.
Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271,7 млн. га, оның ішіндe ауыл шаруашылық жерлері 222,3 млн. га. Жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналаскан жерлер, өндipic, катынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, курорттар, қорықтар, тарихи және мәдени маңызы бар жерлер, орман қорынық жерлері, су қорының жерлері, мемлекеттік қордағы жерлер болып бөлінеді.
Қазақстанның жер ауданы көп болғанымен, шаруашылыққа қолайлы жерлер көп емес, егістікке жарамды жер 34,9 млн. га, барлық жердің 12,8%-i ғана. Жер қорының eдәyip бөлігінің сапасы төмен: 77 млн. га эрозияға ұшыраған; 75 млн. га сортаң жер; егістіктің басым бөлігі ылғалмен жеткілікті қамтамасыз етілмеген, 58%-тен астамы "қауіпті" (шөлейтті) аймақта орналасқан; жайылымның 69%-i шөл және шөлейтті аймақта, оның 60%-iнің жемдік қоры нашарлаған, 22%-ін тікен және басқа мал жайылымына жарамсыз өсімдіктер басқан, 15%-i эрозияға ұшыраған.
7
Суғару жуйелерінің нашарлығынан суармалы жерлерден 23%-i сортаңдаған, 3%-i батпақтанған, 5%-iнің топырағының құнары жойылып кеткен. Жер жырту, өзінде арнасын өзгерту, т.б. шаралар нәтижесінде табиғи шабындықтардың ауданы 30%-ке кеміді.
Жер қорын қорғауды және пайдалануды экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, оның құндылығын, пайдалану ұтымдылығын арттыру арқылы одан алынатын өнімдерді қазіргіден едәуір кебейтуге болатынына көз жеткіземіз. Оның басты бағыттары: топырақтың құнарлығын арттыру, жерді суландыру, батпақ жерлерді құрғату, сортаң жерлердің тұздылығыназайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, т,б. агрономиялық шаралар және жерді пайдалану кұрылымын жақсарту.
Ғылыми болжамдар бойынша республикамызда суармалы жерлердің аумағын 2 млн. гектардан 3,5 млн. гектарға жеткізуге мумкіндік бар. Сортаң жерлерді өңдеп жайылымға, тіптi егістікке айналдыруға болады. Сөйтіп жайылым ауданын 7,1 млн. гектарға арттыруға мүмкіндік бар. Бүлінген жерлерді ұдайы қалпына келтіріп отыру керек. Есептеулер бойынша жыл сайын 15-16 млн. гектар бүлінген жерлер оңдалуы тиіс.
Жердің ерекше касиеті - топырақтың құнарлылығы. Топырақтың құнарлығы көптеген микроорганизмдердің қатысуымен өздігінен қалпына келеді, 6ipaқ оған ұзақ уакыт керек. 2,5 см құнарлы топырақ қабаты калыптасу үшін 100 жыл, 6ip қалыпты температурада 90 см топырақ қабаты жасалу үшін 16 мың жыл керек екен. Топырақтың құнарлы кабатының калыптасуына сыртқы ортаның факторлары (ыстық, суық, жел, ылғал, күн, т.б.) әсер етеді.
Топырақтың құнарлығының өзгеруіне адамдар әрекеті де әсер етеді. Ғылыми тұрғыдан әрекет жасаса, топырақ құнарлығын арттырады, ал жауапсыздықпен қарайтын болса, топырақ құнарлылығын төмендетеді немесе жойып жібереді. Топырақ құнарлылығын, жерді пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі нeriзri агрономиялық, агротеххникалық, агромелиоративтік, ұйымдастырушылық шаралар мыналар:
1.Топырақты эрозиядан (азудан) қорғау. Эрозияның нeriзri үш түpi бар жел,су және техникалық.Teгic емес, тақыр жерлерде жауын- шашын топырақтың құнарлы қабатын жуып кетеді. Ормансыз ашық жерлер, әcipece өнімділігі құртылған (жыртылған) жерлер жел эрозиясына ұшырайды, топырақтың құнарлы кабатын жел ұшырып кетеді. Жерді ауыр техникамен өндеу, жылма-жыл бip дақылды егу, техниканың жолсыз жерлермен журуі топырақ эрозиясын күшейтеді.
2.Шөл және шөлейт аймақтарда маусымдық пайдалану тәртібін сақтамай
8
шамадан тыс мал жаю, техникалардың жүруі өсімдіктердің әcipece құнды өсімдіктердің жойылуын тудырып отыр. Беті ашылған топырақ жел, күн, су эрозиясына ұшырайды, бұл қауіптен қорғанудың басты жолы тоғайлар өcipy, суландыру, реттеп пайдалану. Топырақты эрозиядан корғау үшін жер ерекшелігін, ауа райын, эрозиялық құбылыстың жылдамдығын ескере отырып мынадай шаралар қолданылады.
3.Ұйымдастырушылық шаралары - айналмалы ericтік, жайылымдарды дұрыс пайдалану, суландыру, жерді пайдалану құрылымын жақсарту;
4.Агротехникалық шаралар - жерді топырақтың түрінe, қасиетіне сәйкес өңдеу, тыңайтқыш беру, арам шөптерді отау, зиянкестермен күресу және т.б.;
5.Егістіктің айналасына қоршаған ормандар өсіру,ыстар жүргізіледі.
6.Топырақты уланудан қорғау - пестицид, гербицид, тыңайтқыштар қолдану мөлшерін реттеу, өндіру, тұрмыс қалдықтарынан қорғay, санитарлық сауықтыру шаралары болып табылады.
7. Құрылыс, жол салу, жер қойнауың барлау, пайдалы қазбаларды өндіру, қалдықтарды орналастыру нәтижесінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация) республикамыздың жер қорын едәуір жақсартады.
8.Егістік құнарлы жерлердің ауыл шаруашылық айналымнан шығарылуын болдырмау шаралары заңдастыруды талап етеді. Соңғыжылдары әр түрлі құрылысқа, саяжайға, жолдарға, сауда орындарына , eгістіккe қолайлы, құнарлы тегіс жерлерді, ормандарды бөлу кең етек жайып келеді. Оны заңдастырып тоқтату қажет-ақ.
Аталған жұмыстар арнаулы ғылымдар саласындағы жетістіктерге сүйеніп жүргізіледі. Сонымен қатар бұлар экономикалық шаралар болып табылады. Өйткені жұмсалатын қаржы, материалдық шығындарды есептеп, шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау қажет. Жерді қорғау, тиімді пайдалану шараларын жүзеге асыру ушін экономикалық есептеулер, бағалаулар жүргізіледі. Жердің құндылығын бағалау, қалпына келтіру,қорғay, жақсарту шығындарын анықтау, жерді нарықтық қарым-қатынасқа қосу, т.б. экономикалық есептеулерді, бағалауды талап етеді.
Жер қоры халқымыздың ең басты ұлттық байлығы, сондықтан оның құндылығы ақшалай бағаланып, ұлттық байлықтың құрамында есептеледі. Жер иеленген, пайдалануға, жалға беріледі, жер несиеге кепілдік болады, жер пайдаланушылардан салық, т.б. төлемдер алынады, осының барлығының шамасын анықтау негізінде жердің құндылығы – экономикалық бағалау жатады.

9
2.Қазақстан Республикасында жер ресурстарын тиімді пайдалану проблемалары.


Жер шарының түгелдей дерлік аймақтарында көрініс тапқан осы зардаптар адамдар тарапынан олардың қоршаған ортаны сақтауға тікелей тәуелді екндігін түсінуіне , табиғат қорғау проблемасына жауапкершілік көзқарастың қалыптасуына алып келді. Көптеген жүзжылдықтар бойы адамзат өзінің тіршілігін өндірістің қарқынды дамуымен байланыстырып, алынған өнімнің басым бөлігін өндірісті одан әрі дамытуға жұмсады. Бұдан қорытындылайтынымыз табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және оларды сақтау, қалпына келтіру тірі табиғатты, адамды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінен алшақтағандығында.
Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адам табиғатқа тәуелді. Сондықтан өзінің өмір сүріп, өсіп-өнетін, іс-қимыл жасайтын, аяулы армандарын жүзеге асыратын ортасы, күнкөріс көзі болып табылатын табиғатқа адамның қалай болса солай емес,аялай есіркей қарауы – оның перзенттік міндеті.
Табиғаттың тілін тауып, сырын тану арқылы оны жасартып, жаңғыртуға ғылыми практикалық үлес қосқан көрнекті табиғат зерттеуші ғалым И.В Мичуриннің өзі большевиктік желікке бой алдырып, ашқан жаңалықтарынана жалған қорытынды шығарды: « Біз табиғаттан рақымшылық күтіп отыра алмаймыз, оның бермегенін күшпен тартып аламыз » , — деп, аракідік айтылып қап жүрген пікірді одан сайын асқындырып жіберді. Ф.Н.Реймерс бойынша «жүйелі түрде пайдаланатын немесе белгілі бір шаруашылық мақсатта пайдалануға болатын жерді жер ресурстары деп түсінеді.
Жер ресурстарды төмендегідей мағынада түсінуге болады:
а) егістік жер ресурстары;
б) ауылдық жарамды барлық жерлерді;
в) аумақтық ( территориялық ) ресурстар.
Белгілі бір жағдайды сақтап үздіксіз пайдаланған жағдайда жер ресурстары қалпына келетін ресурс деп есептейді. Егістік мақсатпен пайдаланғанда жер ресурстарын өңдеу құралы болып табылады. Мұндай жағдайда табиғаттан жер ресурстары емес, оның көмегімен пайда болған өсімдік өнімдері алынады.
Жер ресурстарын пайдалануда барлық табиғи компоненттердің өзара байланысқан ықпалы айқын байқалады – жанама болып ландшафттың негізгі компоненттердің әрекеттестігін интегралды

10
сәулелендіретін топырақ арқылы және тікелей, себебі жер бедері климаттың, сулардың, өсімдіктердің және жануарлардың сипаты ауыл шаруашылық әрекеттің нәтижесіне тіке ықпалы бар.


Сондықтан топырақты немесе әдебиетте жиі айтылатын « топырақ–климаттық ресурстары» ауыл шаруашылық деп қарастыру бірнеше авторлар дұрыс емес деп есептейді.А.А. Минц бойынша ауыл шарауашылық ресурстар деп табиғи кешендерді түсінеміз,Яғни, ауыл шаруашылық ресурстардың бас қасиеттері табиғи территориалдық кешеннің қалыптасу заңдылықтарымен анықталады.
Осыған байланысты жерді шаруашылықта пайдаланудың географиялық айыпмашылықтар пайда болады. Құнарлық немесе биологиялық өнімділік ауыл шаруашылықта пайдаланатын жердің негізгі қасиеті болғандықтан табиғи шарттанған өнімділік деңгейіндегі географиялық айырмашылықтарды анықтау негізгі орын алады.
Жердің бас қасиеті, оны пайдаланудағы әмбебаптылығында. Себебі адамның іс–әрекетінің барлық түрлері жер пайдаланумен байланысты, жер еңбектің предметі және еңбектің жалпы құралы, яғни кез–келген материалдық өндірістің қажетті шарты. Пайдаланудың белгілі бір түрлері арасында, жер бөлістірудің әлеуметтік, экономикалық факторлармен анықталатын стихиялық немесе жоспарлы механизм қалыптасуының алғышарттары болып территорияның шектелуімен ауыспашылығы, оны пайдаланудың көптеген түрлерінің бір–бірін жоққа шығаратындық сипаты болып табылады.

11
ҚОРЫТЫНДЫ


Жер ресурстарын пайдалануда барлық табиғи компоненттердің өзара байланысқан ықпалы айқын байқалады – жанама болып ландшафттың негізгі компоненттердің әрекеттестігін интегралды сәулелендіретін топырақ арқылы және тікелей, себебі жер бедері климаттың, сулардың, өсімдіктердің және жануарлардың сипаты ауыл шаруашылық әрекеттің нәтижесіне тіке ықпалы бар. Құнарлық немесе биологиялық өнімділік ауыл шаруашылықта пайдаланатын жердің негізгі қасиеті болғандықтан табиғи шарттанған өнімділік деңгейіндегі географиялық айырмашылықтарды анықтау негізгі орын алады.
Жердің бас қасиеті, оны пайдаланудағы әмбебаптылығында. Себебі адамның іс–әрекетінің барлық түрлері жер пайдаланумен байланысты, жер еңбектің предметі және еңбектің жалпы құралы, яғни кез–келген материалдық өндірістің қажетті шарты.
Қазақстан аса зор жер қорына ие. Егістікке жарамды жердің жалпы ауданы 2001 жылдың 1 қаңтарында 30,2 млн. га болды. Жайылымдық және шабындық жерлер 190 млн. гп. Республикамыздағы жайылымдық жерлердің негізгі бөлігі шөл және шөлейт зоналарында жатыр.
Ландшафтардың шөлге айналуы. Шөлді экожүйелердің жоғарғы температурада дамуы қазіргі уақыттың глобальды проблемасы. Шөлге айналу себептері: табиғи және антропогендік . Қазақстанда шөлдер мен шөлейттердің биологиялық өнімділігінің кему себептері антропогендік әрекет: жайылымдар дигродациясы,топырақтың тұздануы , техногенез болып табылады. Қазақстан территориясының 60% жуығы шөлге айналу процестерін өткеруде.Сол себепті Жердегі ресурстарды игеруді шектеу немесе тоқтату керек.
12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.https://www.referat911.ru/Geografiya/azastan-respublikasynda-zher-resurstaryn-timd/606198-3544921-place1.html
2.Тасанова Ж. Б. Жер ресурстарын басқару

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет