Ерте көшпелілер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті Далада ұзақ ғасыр көшпелі малшы-егінші шаруашылығы өмір сүрді. Б.з.б. II мынжылдықтың ортасында көшпелі малшаруашылығына өтудің барлық алғышарттары қалыптасқанымен, ол жүзеге аспады. Көшпелілікке өтуге б.з.б. І мыңжылдықта болған кезекті құрғақшылық ықпал етті. Б.з.б. I мыңжылдықтың алғашқы жартысында құрғақшылыққа ұшыраған Далада шаруашылық жүргізудің жалғыз түрі көшпелілік болды. Ұлы Даланың барлық белдеуінде андрондық мәдениет түрінің мұрагерлері тұрақты қоныстардан бас тартып, жыл бойы көшіп жүретін көшпелілікке ауысты. Қоныстар мүлдем бос қалды немесе маусымдық қонысқа айналды. Осыдан бастап малшаруашылығы басты шаруашылық түріне айналды. Көшпеліліктің тағы бір ерекшелігі малды жыл бойы далада бағу болды. Андрондыктар қыс мезгілінде малды өз баспаналарында ұстады немесе арнайы қорада бақты. Олар малды алдын ала дайындалған азықпен (шөппен) асырады. Өйткені ол кезде, негізінен, қар астынан өздігінен шөп таба алмайтын сиыр түлігі басым болған еді. Далада ұзақ ғасыр көшпелі малшы-егінші шаруашылығы өмір сүрді. Б.з.б. II мынжылдықтың ортасында көшпелі малшаруашылығына өтудің барлық алғышарттары қалыптасқанымен, ол жүзеге аспады. Көшпелілікке өтуге б.з.б. І мыңжылдықта болған кезекті құрғақшылық ықпал етті. Б.з.б. I мыңжылдықтың алғашқы жартысында құрғақшылыққа ұшыраған Далада шаруашылық жүргізудің жалғыз түрі көшпелілік болды. Ұлы Даланың барлық белдеуінде андрондық мәдениет түрінің мұрагерлері тұрақты қоныстардан бас тартып, жыл бойы көшіп жүретін көшпелілікке ауысты. Қоныстар мүлдем бос қалды немесе маусымдық қонысқа айналды. Осыдан бастап малшаруашылығы басты шаруашылық түріне айналды. Көшпеліліктің тағы бір ерекшелігі малды жыл бойы далада бағу болды. Андрондыктар қыс мезгілінде малды өз баспаналарында ұстады немесе арнайы қорада бақты. Олар малды алдын ала дайындалған азықпен (шөппен) асырады. Өйткені ол кезде, негізінен, қар астынан өздігінен шөп таба алмайтын сиыр түлігі басым болған еді. Көшпелілік
• Көшпелілік (көшпелі малшаруашылығы, номадизм) - шаруашылық түрі. Оның басты сипаты: жыл бойы малды жайылымда бағу; белгілі бір жайылымдық аумақта мал жаю үшін көшіп-қону; көшіпқонуға тұтас жұрттың қатысуы; малшылықтың - шаруашылықтың ең негізгі түрі саналуы.
Достарыңызбен бөлісу: |