Геоэкология және табиғатты қорғау
пәні бойынша ГЛОССАРИЙ
-
Антропогендік табиғат кешені - адам әрекетінің нәтижесінде кұшті өзгеріске ұшыраған табиғат кешені.
-
Ғылыми туризм - туристер табиғатты зерттеуге қатысып, дала бақылауларын жүргізу.
-
Жаяу серуендеу - денені сауықтыру, шынықтыру мақсатында жергілікті саяхат жасау.
-
Жергілікті саяхат - облыс, аудан, өлкеге саяхат.
-
Жоспарлы туризм - турстік бюралар арқылы қоғамдар арқылы 1-2 күнге ұйымдастыру.
-
Қорық - табиғат ресурстарын халық шаруашылық айналымына ғылыми бағдарлама бойынша ғана қосылатын жерлер.
-
Қорықшалар - табиғат ресурстары халық шаруашылық айналымына ғылыми бағдарлама бойынша ғана қосылатын жерлер.
-
Маршруттық бет - бұл жолдама құжат демалыс күндері немесе жалпы саяхатқа шығар алдында толтыратын құжат.
-
Маршруттық кітап - топтың жолдама құжаты және жоғары категориялы қиындықта жүретін туристік қағаздар жиынтығы.
-
Өзіндік туризм - саяхатшылардың өздерінің күштерімен ұйымдастыруы жөніндегі саяхат.
-
Ұлттық саябақ - өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін бағалы түрін сақтау мен қатар, адамдардың мәдени демалысына жағдай жасалатын жер.
-
Іскерлік туризм - қызметтік мақсаттағы жол жүру мақсаты.
-
Сор - шөлейт және шөл жерлерде жиі кездесетін территриялық табиғат кешені.
-
Сортаң - топырақ құрамындағы суға тез ерігіш тұздары бар жерлер.
-
Халықаралық туризм - халықтар арасында еңбек көрініс формаларының туристік жорығы.
-
Табиғат ескерткіштері - территориялық табиғат кешендерінің құрамдық және құрылымдық бөліктері ерекше жаратылған жерлер.
-
Табиғи ресурстар - адам және қоғамның экономикалық, әлеуметтік, рухани және т.б. қажеттіліктері үшін пайдаланылатын материалдық заттар мен табиғат жағдайлары.
-
Табиғат компоненттері - географиялық қабықтың құрамдас бөліктері жатады.
-
Территориялық табиғат кешендері - жаратылысы бір текті блып келетін, тектоникалық құрылымы, климаты, ылғалдылығы, өсімдіктері мен жануарлары өзара әрекеттесуі және тағы басқа іртүрлі дәрежедегі физикалық-географиялық объектілер.
-
Туристік жорықтар - белсенді түрде тұрғылықты тұрған жерден басқа жерге танымдық, сауықтыру, спорттық және зерттеу мақсатында ұйымдастыру.
-
Туризм (фр-серуендеу, жол жүру) - адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі.
-
Туристік имидж - халықаралық туризмнің нарықтық қатынас жағдайларындағы бет-бейне.
-
Туристік-рекреациялық ресурстар - туристердің рухани, рекреациялық қажеттілігін қанағаттандыратын, күш-жігерін қалпына келтіретін антропогендік нысандар.
-
Физика-географиялық аймақ - осы кездегі ландшафттылардың тектоникалық құрылымдары біртекті, жаратылыс жағдайларының тарихи ортақ территориялық табиғат кешендері.
-
Шақат - орманды дала және дала зоналарының ойысты жерлерінде сортаңдардың тұщылану нәтижесінде қалыптасқан территориялық табиғат кешені.
-
Экологиялық туризм - табиғи туризмнің барлау формаларын қамтиды және оның негізгі мақсаты табиғатты бақылау-оқу болып табылады.
-
Экспедиция - аз зерттелген аймақтарға көп уақыттық зерттеу - саяхат ұйымдастыру.
-
Жерлердің бұзылуы - пайдалы қазбаларды өндіру барысында, геолого-барлау жұмыстары, құрылыс салу және басқа да адамзат іс-әрекеті нәтижесінде жергілікті жердің топырақ жамылғысы, гидрологиялық режимінің бұылу үрдісі және техногендік жер бедерінің қалыптасуы мен ланшафтардың сапалық жағының өзгеруі.
-
Бүлінген жерлер - алғашқы шаруашылық құндылығын жоғалтқан және қоршаған ортаға кері әсер ету көзі болып табылатын жерлер.
-
Техногендік жер бедері - адамзаттың өндірістік іс-әрекетінің нәтижесінде құрылған жер бедері.
-
Рекультивация - бүлінген жерлердің өнімділігін және халық шаруашылық құндылығын қалпына клтіруге бағытталған кешенді жұмыстар, сонымен бірге қоршаған орта жағдайының жақсаруы.
-
Рекультивациялау бағыты -бүлінген жерлерді мақсатты түрде белгілі бір халық шаруашылық саласына бағыттап қалпына келтіру және пайдалану.
-
Тау-кен техникалық рекультивация - жерлерді рекультивациялаудың биологиялық қолдануға және халық шаруашылығына пайдалануға дайындау кезені. Оған жоспарлау, еністі қалыптастыру, рекультивацияланатын жерге құнарлы топырақтар салу және т.б. іс-шаралар кіреді.
-
Рекультивациялық қабат - рекультивацияның техникалық кезенінде рекультивацияланатын ауданға биологиялық рекультивацияға қолайлы арнайы беткі қабатты төсеу.
-
Биологиялық рекультивация - бүлінген жерлердің құнарлылығын қалпына келтіруде агротехникалық және фитомелиоративтік іс-шаралар кешені бойынша жүретін жерлерді қалпына келтіру кезені.
-
Топырақтың құнарлы қабаты - өсімдіктердің өсуіне қолайлы химиялық, физикалық және биологиялық қасиетіне ие қиманың жоғарғы гумусты қабаты.
-
Потенциалды-құнарлы жыныс- өсімдіктер өсуіне физикалық және химиялық қасиеті жағынан шектеулі қолайлы тау жынысы.
-
Географиялық зоналар – жылу және ылғал баланстары қатынастарының әртүрлі болып келуіне байланысты қалыптасқан жазықты аймақтардағы территориялық табиғат кешендерінің типі.
-
Фация – жер бетіндегі ұсақ бөлшектерінде қалыптасқан ландшафт құрылымындағы ең төменгі рангыдағы орын алатын территориялық табиғат кешені.
-
Қайтымды процесс – бұл циклдық немесе оргоногендік элементтердің химиялық қасиеттерінің арқасында жүретін процесс.
-
Цикл – бұл циклдық немесе оргоногендік элементтердің геохимиялық тарихы.
-
Адам экологиясы - бұл адамның мекен ету ортасымен өзара қарым-қатынасы туралы ғылым.
-
Адамзаттың ғаламдық экологиялық проблемалары - « демографиялық жарылыстың» ықпалымен және табиғатты пайдаланудағы ұтымсыздықтың ықпалымен қалыптасып және адамзаттың тіршілік етуіне кауіп төндіретін себептердің кейінге қалдыратындылығымен сипатталатын қоршаған орта күйіндегң проблемалық жағдайлар жиынтығы.
-
Антропология - Homo sapiens түрінің биологиялық ерекшеліктері туралы ғылым, ол адамның шығу тегін, ішкі және сыртқы құрылысын, дамуын, адамзат нәсілдері мен олардың шығуын, осы нәсілдер ішіндегі адамның физикалық құрылысының қалыпты варияцияларын, оның ішінде адамдардың мекендеу ортасының ерекшеліктерімен байланыстыра отырып зерттейді.
-
Әлеуметтік экология - қоғамдық құрылымдардың олардың айналасындағы табиғи және әлеуметтік ортамен байланысын зерттейтін ғылыми салалар бірлестігі.
Достарыңызбен бөлісу: |