География және туризм кафедрасы геология 5В060900 «География» мамандығы студенттеріне арналған зертханалық практикум Павлодар Кереку 2012


) химикаттардың тысталған оруына, жақсы және бір мағынада оқилатын этикеткаларына назар аудару, шыны бұйымдары мен ыдыспен істегенде абай болу тиісті



бет4/7
Дата09.06.2016
өлшемі1.03 Mb.
#124636
1   2   3   4   5   6   7

4) химикаттардың тысталған оруына, жақсы және бір мағынада оқилатын этикеткаларына назар аудару, шыны бұйымдары мен ыдыспен істегенде абай болу тиісті.


5) концентрацияланған немесе сұйықталған тұз қышқылын пайдалануды жорамалдайтын жұмыстарын жасағанда тұз қышқылының кілегей қабықшаларына, теріге, киімге түскенде күйдіріп жіберетінін ескеру қажет. Теріге қышқылдың тамшылауы жағдайында мақтамен сіңіріп алу керек. Ал тамшылаған жерін су ағынымен шайып сабынмен жуу міндетті.

Метаморфтық тау жыныстары жоғарғы температура, жоғарғы қысым, химиялық белсенді ерітінділер мен газдардың әсерінен шөгінді және магмалық тау жыныстарынан қалыптасады. Бұл факторлар метаморфизм факторлары деп аталады. Олардың әсерінен жаңа минералдар мен жаңа құрылымдардың пайда болуына әкелетін тау жыныстарының толығымен немесе жартылай кристалдану жүреді. Метаморфтық тау жыныстарының құрылымы мен бітімі қалыптасқан жағдайларға байланысты болады.

Метаморфтық тау жыныстарының құрамына тек қана метаморфтық тау жыныстарында жыныс құрушы болып келетін тау жыныстары кіру мүмкін. Оларға гранат, хлори­ттер, дистен, ставролит, гематит, магнетит және т.б. жатады.

Метаморфизм әр түрлі заттардың кірікпелерімен де (тау жыныстарының химиялық құрамының өзгеруі байқалады), кірікпелерсіз да (химиялық құрамы өзгермей қалады) жүру мүмкін.

Белгілі бір фактордың басым болуына байланысты метаморфизм аймақтық, динамометаморфизм, жапсарлы, пневматолитті және гидротермальды болып бөлінеді.

Ең кең таралған метаморфтық тау жыныстары жоғарғы қысым мен жоғары температураның, жер қыртысының терең зоналарындағы магма балқымасының әсерінен аймақтық метаморфизм нәтижесінде қалыптасады. Метаморфизм қайта кристалданумен бірге жүреді, жоғарғы қысым тау жыныстарының пластикалық ағуы мен сығылуына әкеледі.

Аймақтық метаморфизм кезінде пайда болатын метаморфтық тау жыныстары әдетте кристалдық құрылымымен сипатталады, оларды құрайтын минералдар дәндерінің пішіні парақты, кестелі, тікенекті, қабыршақты болып келеді.

Метаморфтық тау жыныстарына бітімнің ерекше түрлері тән. Ең кең таралғаны тақтатасты – бұл жағдайда минералдар жолақты құрылысына ие болатын тау жынысында бір-біріне бойлас бағытта орналасады; гнейсті – кестелі минералдар ұзын жақтарымен бір-біріне бойлас бағытта орналасады; бүрмелі – құрайтын минералдар ұсақ қатпарлаға жинақталған; көзілдірік тәрізді – тау жыныстарының бүрмелі, тақтатасталған бөлікшелерімен қоршалған минералдардың сопақша дәндері байқалады; талшықты – бір-біріне бойлас бағытта созылған талшықты немесе тікенекті минералдармен түзілген; массивті – метаморфты тау жынысының толық біртектілігі мен құрайтын минералдардың тығыз орналасуы байқалады.

Аймақтық метаморфизм барысында қалыптасатын тау жыныстарының ішінен ең кең таралғандары гнейстер, кристалдық тақтастастар, сазды тақтатастар, кварциттер, мәрмәр, жасыл тақтатастар болып келеді.


Жұмыстың барысы
1 Метаморфтық тау жыныстарының жинағымен жұмыс істеу: гнейстер (мусковитті, биотитті, қосслюдалы); кристалдық тақтатастар – слюдалы (мусковитті, биотитті, мусковит-биотитті), хлоритті, талькті, гранат-слюдалы, дистен-слюдалы, кварцит (шокшин және темірлі), мәрмәр және сазды тақтатастар.

2 Тау жыныстарын құрылымына қарай екі топқа бөлу:

а) толық кристалды құрылымы (гнейстер, мәрмәр, кварцит, кристалдық тақтатастар);

ә) құрылымы кристалдық емес – сазды тақтатастар

3 Құрылымы толық кристалды тау жыныстарын зерттеу: гнейстер (дала шпаттарынан, кварцтан, слюдалардан, кейде мүйізталшық мен гранаттың қоспаларынан тұратын полиминералды тау жыныстары) және кристалдық тақтатастар (гнейстерге қарағанда дала шпаттары кездеспейді және олар мусковит, биотит, хлорит, тальк, гранат, кейде түріне қарай дистен минералдарынан тұрады). Гнейстер жолақты немесе гнейсті бітімімен, кристалдық тақтатастар – тақтатасты немесе бүрмелі бітімімен сипатталады. Бітімінің түрлері де кездесу мүмкін: көзілдірік тәрізді, талшықты т.б.

4 Кристалдық тақтатастар: мусковитті (жынысқұрушы минералы – мусковиттің атауымен аталған), биотті (негізінен биотитпен түзілген), мусковитті-биотитті (мусковит те, биотит те бар), талькті (тальктан тұрады), хлоритті (хлоритпен құралған), гранат-слюдалы (слюда мен гранат дәндерінен тұрады), дистен-слюдалы (дистен және слюда минералдары бар).

5 Кварцит пен мәрмәрмен жұмыс жасау. Олар жоғарыда қарастырылған метаморфтық тау жыныстарынан оңайлықпен ажыратылады. Әдетте мономинералды құрамымен және шомбал бітімімен сипатталады. Бұл тау жыныстарының түсі сұр, ақ, қызыл, жасыл, құба және т.б. түстердің әр түрлі реңдерімен сипатталады. Кварцит негізінен кварцтан тұрады, қатты, пышақ сызат қалдырмайды, НС1-мен реакцияға түспейді. Кварциттің түрлеріне әдетте бітімі тақтатасты болатын гематит пен магнетиттен тұратын темірлі кварциттер жатады. Магнетиттің мөлшері жоғары болса, магниттің нұсқарды өзіне тартады. Бисквиттің бетінде қара сызық қалдырады. Гематит тау жынысы шиелі-қызыл түсті, және бисквитте де шиелі-қызыл түс қалдырады. Мәрмәр пышақпен, шынымен жеңілдікпен кесіледі, көмірқышқыл газының көпіршіктерін шығарып, тұз қышқылымен реакцияға белсенді қатысады.

6 Сазды тақтастарды зерттеу. Сазды тақтатастардың құрылымы кристалдық емес болып келеді және тақтатасты бітімімен, күңгірт-сұр немесе қара, кейде жасыл немесе құба түсімен сипатталады. Соққанда жұқа парақтарға бөлінеді, суда суланбайды. Слюдалы минералдар көбірек болғанда жібекше жылтырлығы байқалады. Осындай тақтатастарды филлитер деп атайды.

7 Жұмыс дәптерінде бітімін салып, метаморфтық тау жыныстарының үлгілерін анықтау және сипаттама беру
Құралдар мен материалдар
1 Метаморфтық тау жыныстарының жинағы: гнейстер (мусковитті, биотитті, қосслюдалы), кристалдық тақтатастар (мусковитті, биотитті, мусковитті-биотитті, хлоритті, гранат-слюдалы, дистен-слюдалы), кварцит (шокшин және темірлі), мәрмәр, сазды тақтатастар.

2 10 %-дық НС1 ерітіндісі.


Бақылау сұрақтары
1. Метаморфты тау жыныстары басқа тау жыныстарынан немен ерекшеленеді?

2. Гнейсті және бүрмелі бітімінің айырмашығы неде?

3. Көзілдірік тәрізді бітімі немен сипатталады?

4. Филлиттердің құрамына қандай минералдар кіреді?

5. Гнейстер мен кристалдық тақтатастардың айырмашылығы неде?

6. Мәрмәрдің алғашқы тау жынысы қандай?

7. Тақтатастылық деген не?
6 Зертханалық жұмыс. Шөгінді тау жыныстары
Мақсаты

Студенттерді шөгінді тау жыныстарын анықтап, оларға сипаттама беруге машықтандыру



ҚТ ережелері – зертханада жұмыс істегенде төмендегілерге тыйым салынады:

1) химикаттар мен ерітінділердің кілегей қабықшаларына, теріге, киімге түсуге;

2) ас қабылдауға (су ішуге);

3) ауа мен иісі қатты немесе ұсақ кристалдық күйде (шаң түрінде) болатын химикаттарды ішке тартуға;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет