География пәнінен негізгі білім беру мектептері үшін арналған емтихан билеттері
2013-2014 оқу жылы
Сіздерге география пәнінен негізгі мектепті бітіруге арналған, 6- 9 сынып курсының негізгі бөлімдерінен алынған ауызша билет тапсырмалары ұсынылады. Сұрақтардың көп бөлігі Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясынан дайындалған. Үшінші сұрақ міндетті түрде оқушының карталармен, сызба- нұсқалармен, географиялық нысандарға сипаттама жасай алу қабілетін тексеруге бағытталған. Өткізілу түрі: ауызша емтихан билеттерін тапсыру.
№1 билет.
-
Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет.
-
Қазақстан Республикасының отын- энергетика кешені.
-
Картадан (мұғалім таңдауы бойынша) нүктенің координатасын табу.
№2 билет
-
Атмосфера, құрамы, құрылысы, маңызы.
-
Қазақстан- әлем картасында (территориясы, экономикалық- географиялық жағдайы мен мемлекеттік құрылымы), қазіргі Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері.
-
Ауыр және жеңіл металдар өнеркәсіптерінің орналасу ерекшеліктері.
№3 билет.
-
Қазақстан территориясының зерттелу тарихы.
-
Батыс Қазақстан.
-
Африканың шеткі нүктелерін көрсету: солтүстіктен оңтүстікке қанша км-ге созылып жатқанын анықтау.
№4 билет.
-
Қазақстанның жер бедерінің ерекшеліктері. Тектоникалық құрылысы.
-
Қазақстанның шаруашылық құрылымы. Шаруашылықтың орналасу принциптері мен факторлары, кластерлер.
-
Картадан (мұғалім таңдау бойынша) қаланың координатасын табу.
№5 билет.
-
Қазақстанның климат қалыптастырушы факторлары.
-
Қазақстан Республикасы машина жасау кешені.
-
Картадан Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстың қара металлургиясының орналасу ерекшеліктерін ата.
№6 билет.
-
Қазақстанның ішкі суларының орналасу ерекшеліктері.
-
Қазақстанның экономикасы. Еліміз экономикасындағы шаруашылықтың өткені, қазіргі және болашақ негізгі даму кезеңдері.
-
Топографиялық картадан А және В нүктелерінің арақашықтығын анықтау.
№7 билет.
-
Табиғат ресурстары. Табиғат ресурстарының республика аймағында кездесу ерекшеліктері.
-
Қазақстан Республикасының қара және түсті металлургиясы.
-
Жердің ішкі құрылысын сызба- нұсқа түрінде салып, сипатта.
№8 билет.
-
Литосфера. Литосфералық тақталар теориясы.
-
Қазақстан халқы «Халықтың табиғи және механикалық қозғалысы. Демографиялық жағдайы».
-
Қазақстан Республикасының экономикалық аудандары және олардың құрамына кіретін облыстарды көрсету.
№9 билет.
-
Ауыл шаруашылығына климаттың тигізетін әсері. Қазақстан Республикасының агроклиматтық қорлары.
-
Урбандалу. Ауыл және қала халқы.
-
Картадан дүниежүзілік мұхиттың тереңдігін анықтау.
№10 билет.
-
Қазақстанның өзендері, қоректену ерекшеліктері, ірі бассейндері.
-
Қазақстан Республикасының химиялық кешені.
-
Атластан Еуразияның (оқушының таңдауы бойынша) еліне жалпы сипаттама беру.
№11 билет.
-
Қазақстан Республикасының көлдері. Экологиялық проблемалары.
-
Алматы, Байқоңыр- еліміздің ерекше қалалары, олардың экономика дамуындағы алатын рөлі.
-
Атластан Павлодар облысының географиялық орнына сипаттама беру.
№12 билет.
-
Еуразия материгінің географиялық орны мен табиғат жағдайлары.
-
Қазақстан Республикасының көлік кешеніне сипаттама беру.
-
Қазақстанның табиғат байлықтарына (таңдау бойынша) сипаттама беру.
№13 билет.
-
Гидросфера, оның құрамы.
-
Қазақстанның жеңіл және тамақ өнеркәсібі, орналасу ерекшеліктері.
-
Қазақстан облыстарының урбандалудың жоғары және төмен деңгейін анықта, себебін түсіндір.
№14 билет.
-
Солтүстік Америка материгінің географиялық орнына сипаттама бер.
-
Қазақстанның экологиясы мен халықаралық экологиялық қарым- қатынасы.
-
Климат картасынан Қызылорда мен Петропавл қалаларының климаттық ерекшеліктерін анықта.
№15 билет.
-
Биосфера. Қоршаған ортаға адамның тигізетін іс-әрекеті.
-
Орталық Қазақстан.
-
Қазақстанның мұнай және көмір өндіру аудандарына (таңдау бойынша) сипаттама бер.
№16 билет.
-
Қазақстанның физикалық-географиялық, экономикалық-географиялық жағдайы.
-
Шығыс Қазақстан.
-
Диаграммаға қарап, климат типін анықта.
№17 билет.
-
Қазақстан Республикасының уақыт айырмасы. Жергілікті, белдеулік, декреттік уақыт.
-
Қазақстанның басқа шет елдермен саяси, сыртқы экономикалық, мәдени- гуманитарлық қарым- қатынасы.
-
Өзің тұратын қаланың, ауылдың, елді мекеннің экономикалық жағдайын сипатта. Ерешке ұлттық шаруашылық түрлері мен өндіріс орындары. Сен тұратын елді мекеннің облыс, аймақ, республика экономикасындағы маңызы.
№18 билет.
-
Географиялық қабық, оның құрамы, арасындағы байланыс.
-
Солтүстік Қазақстан.
-
Картадан Қазақстанның ірі СЭС мен ГЭС табу.
№19 билет.
-
Қазақстанның табиғи аудандары. Аудандарға бөлу себептері.
-
Оңтүстік Қазақстан.
-
Компос көмегімен көкжиек түстерін анықтау.
№20 билет.
-
Оңтүстік Америка материгінің географиялық орнының ерекшеліктері.
-
Астана- Қазақстан Республикасының астанасы, қаланың аймақ, мемлекет экономикасының дамуы мен жаңғыруындағы алатын рөлі, ЭКСПО- 2017 көрмесін өткізетін жер.
-
Ертіс өзеніне сипаттама бер.
№21 билет.
-
Қазақстанның топырағы. Топырақ эрозиясы.
-
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені. Өсімдік және мал шаруашылығы.
-
Қазақстан Республикасының әр түрлі сағаттық белдеуде орналасуын шешу жолдары.
№22 билет.
-
Қазақстан Республикасының қорғалатын аймақтары.
-
Қазақстанның инновациялы- индустриялдық бағдарламасы.
-
Халықтың тығыздығын анықтау.
№23 билет.
-
Африка материгінің географиялық орнының ерекшеліктері.
-
Қазақстанның еңбек ресурстары.
-
Павлодар-Екібастұз аудандық-аймақтық комплексіне сипаттама.
№24 билет.
-
Аустралия материгінің географиялық орнының ерекшеліктері.
-
Қазақстанның геосаяси жағдайы.
-
Картадан облыс орталықтарын көрсету.
№25 билет.
-
Антарктида материгінің географиялық орнының ерекшеліктері.
-
Қазақстан- әлем экономикасында (жетістіктері, тенденциялары, реформалары, халқының өмір сүру деңгейі мен ТКИ)
-
Картадан Қазақстанның табиғат зоналарын көрсет. Бір зонаға (таңдау бойынша) сипаттама бер.
Достарыңызбен бөлісу: |