Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің ерекшеліктері



Дата05.07.2016
өлшемі61.68 Kb.
#180414
ҚАЗАҚ ТІЛІН ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУ

ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тастемирова Г.А., ф.ғ.к., Қасымова Ж.П.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Тәуелсіздікке қол жеткен жылдардан бері әлемдегі көптеген елдермен саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени байланыс жасауға бет бұрдық. Бұл қарым-қатынастың нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтастықтан бірлігін өркендетуге тіл білудің мәні ерекше арта түсуде.

Қазақстан Республикасында кеңестік жүйе кезінде де қазақ тілі орыс тілді дәрісханаларда екінші тіл ретінде оқытып келді. Кеңестік жүйе кезінде барлық кеңес халқы үшін ортақ бір ғана мемлекеттік тіл болуы керек – ол –ұлы орыс тілі деген саясат нық ұсталды. Осы саясаттың негізінде біздің елімізде орыстандыру ұстанымы жүргізілді. Қазақ тілі Кеңестік қазақстан Социалистік Республикасында орыс тілді, өзге ұлттық тілді мектептерде оқытылды деген аты ғана болды. Атына сай заты болған жоқ десек те болады. Бұл сол кездегі тілдік саясаттың салдарынан да және жеке адамдардың қазақ тілінің болашағы жоқ деген ұстанымнан да туындаған болатын.

Қазақ халқының қажырлы күресінің арқасында 1991 жылы қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілді. Өзге тілді дәрісханада қазақ тілі сабақтары өз дәрежесіне сай жүргізілмеді. Жаңа заман жаңа ізденістерді қажет етті. Әрине отандық лингвист ғалымдар осы салада тынбай ізденіп, қарымды еңбек етуде. Елбасының парасатты саясатымен Қазақстан халқының татулығымен де еліміз татулық пен халықаралық достықтың тұрақты мекені ретінде әлемге танымал болып отыр. Сонымен қатар «Азия барысы» атанған Қазақстан Республикасының экономикасының, білімі мен ғылымының қарқынды дамуы өзге жұрттың назарын өзімізге аударып отыр. Қазақ халқының қажырлы күресінің арқасында 1991 жылы қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілді. Дегенмен де елімізде қалыптасқан тілдік ахуал бірден түзеліп кеткен. Өзге тілді дәрісханада қазақ тілі сабақтары өз дәрежесеіне сай жүргізілмеді. Жаңа заман жаңа ізденістерді қажет етті. Әрине отандық лингвист ғалымдар осы салада тынбай ізденіп, қарымды еңбек етуде. Елбасының парасатты саясатымен Қазақстан халқының татулығымен де еліміз татулық пен халықаралық достықтың тұрақты мекені ретінде әлемге танымал болып отыр. Сонымен қатар «Азия барысы» атанған Қазақстан Республикасының экономикасының, білімі мен ғылымының қарқынды дамуы өзге жұрттың назарын өзімізге аударып отыр.

Әлем халықтарынан тарапынан біздің тәуелсіз де жас әрі бай мемлекетімізге қызығушылықты артуы - паралельді түрде қазақ тіліне деген жатжұрттықтардың да сұранысты пайда болуына ықпал етуі заңды құбылыс. ХХ ғасырдың соңғы кезінен, 2000 жылдардан бастап қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту үдерісі отандық білім беру саласында дами бастады. Білім беру саласындағы кенже қалған әрі жаңа бағыт болғандықтан өзге тілді дәрісханада қазақ тілін оқытатын ұстаздардың терең ізденісін, қажырлы да тынбай еңбек етуді талап етеді. Әрине, еліміздегі білім саласының «қара шаңырағы» - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, әсіресе, шетелдік азаматтардың әуелі тілдік дайындығымен шұғылданатын ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің Халықаралық білім беру департаментінің қазақ тілі мамандары да бұл үдерістен тыс қала алмайды.

Әлемдік және отандық тіл оқытудың үздік те тиімді әдіс-тәсілдерін зерттеп талдай отыра қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің отандық инновациялық жаңа мазмұндысын жүйесін қалыптасыру бойынша әртүрлі теориялық ілімдер мен практикалық әжірибелерді басшылыққа ала отырып, сабақты ұйымдастырған жөн. Әлемдік білім беру нарығында өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін Кембридж университетінің тілдік мектептерінде тіл үйретуде тиімді тәсілдің бірі ретінде Пиаже теориясын ұсынады. Пиаже теориясы жаңа сөзді мекендік ұғыммен байланыстыра отырып тілді меңгеруді – жаңа сөзді үйренуді ұсынады. Әлемдік және отандық тіл оқытудың үздік те тиімді әдіс-тәсілдерін зерттеп талдай отыра қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің отандық инновациялық жаңа мазмұндысын жүйесін қалыптасыру бойынша әртүрлі теориялық ілімдер мен практикалық әжірибелерді басшылыққа ала отырып, сабақты ұйымдастырған жөн. Әлемдік білім беру нарығында өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін Кембридж университетінің тілдік мектептерінде тіл үйретуде тиімді тәсілдің бірі ретінде Пиаже теориясын ұсынады. Пиаже теориясы жаңа сөзді мекендік ұғыммен байланыстыра отырып тілді меңгеруді – жаңа сөзді үйренуді ұсынады.

Мысалы, алма сөзін жаттау немесе ұмытпай есте сақтау үшін – алманың үстелдің үстінде, ыдыстың ішінде жатқанын, тіпті диванның үстінде, тіпті үстелдің астында жатқанын елестете отырып есте сақтау болады және осындай тәсіл арқылы адам бір күнде отыз жаңа сөзді жаттай алады дейді. Әрине, бұл әдіс - тіл үйренудің алғашқы кезінде тиімді тәсіл. Алайда әр адамның есте ұстау қабілетінің әртүрлі және әртүрлі деңгей болатындығын ескере отырып, сонымен қатар қазақ тілін үйренушінің ұлттық ерекшеліктерін де басты назарда ұстауымыз керек. Тіл үйренушінің тұлғалық ерекшеліктеріне бейімдей отыра тіл үйретуді, қазақ тілін шет тілі ретінде оқыу үдерісін бағыттай жүргізу қажет. Мысалы, түркі тілдес ұлт өкілдеріне: түрік, өзбек, қырғыз, татар, балқар, т.б. ұлт азаматтарына қазақ тілі – түркі тілінің бір тармағы болғандықтан меңгеру оңай болады.

Ал корей азаматтарына қазақ тілін үйрету барысында корей тілінің қазақ тілі секілді жалғамалы тіл болғандықтан, грамматикалық құрылымының ұқсастығы оларға қазақ тілін тез үйренуге себепші болады. Қазір біздің факультетте 2010 жылдан бастап, еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Ауғанстан Ислам Республикасынан келген шетелдік азаматтардың басым көпшілігі мемлекеттік тілде білім алуда. Ауғанстан мемлекетінен келген азаматтар полиглот немесе билингвист болып келеді. Олардың осындай тұлғалық ерекшеліктері қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту үдерісін қарқынды түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауғанстандық азаматтардың бәрі ұлттарына қарамастан мемлекеттік тіліндерінде (екі тілде: пуштун, дари тілдерінде) – соның ішінде дари тілінде еркін сөйлейтіндігіне қазақ тілі мамандары басты назар аударамыз.

Қазақ-парсы тілдерінде 1 мың немесе 1 жарым мыңдай (барлығы 3 мыңдай сөз) ортақ сөздер белсенді тілдік қолданыста жүреді. «Араб, иран тілдерінен сөз ену орта ғасырлар деп шамаланады. Қазақ тіліне араб-иран сөздері тәжік, өзбек тілдері арқылы мынадай жолдармен енді: 1) шаруашылық, сауда қатынастары арқылы енген сөздер: айна, таға, базар, таба, ормал, перде, таразы, мақта, т.б.; 2) мәдени және ғылыми қарым-қатынастар арқылы, әсіресе, Фердоуси, Науаи, Омар Хаям, Хафиз шығармаларымен бірге енді. Мәселен: мектеп, мереке, емтихан, ғылым, ғалым, пән, медресе, қағаз, қалам, мағлұмат, т.б.; 3) дінмен байланысты сөздер: шариғат, ораза, намаз, аруақ, ақырет, т.б. [1, 10]. Қазақ тіліне енген парсы сөздерінің парсы тіліне енген түркі сөздерінің ортақ тілдік қатынастағы қатысым аясын, олардың аспектісін айқындау барысында отандық шығыстанушы, парсытанушы ғалымдардың еңбегіне жүгінеміз. Себебі дари тілі – парсы тілімен туыстас тіл. «Әрине, бұл ретте парсы сөздері және сөз формалары қазақ тіліне қалай енген? деген сұрақ тууы мүмкін. Қазақ тіліне парсыдан енген сөздерге зер салып үңіле қараған адамға мұндай сұраққа жауап беру соншалықты қиынға соқпайды. Ол, біріншіден, тіл ерекшеліктерінен, екіншіден, халқымыздың басынан кешірген тарихи жағдайларына тығыз байланысты. Ишан, намаз, ораза, пайғамбар, құдай сияқты кейбір діни сөздер болмаса, қазақ тіліне енген парсы сөздері көбінесе шаруашылыққа, әсіресе, егін, су шаруашылығына, бау-бақшаға, сауда-саттық, құрылыс істеріне, тұрмыстық салт-сана, әдебиет пен өнерге байланысты болып келеді» [2, 4-5]. Бірақ бұл ортақ сөздердің екі тілдегідегі функциольдық–семантикалық қызметі бірдей емес.

Сондықтан да біздің, тіл мамандары тарапынан тіл үйренушілерге қазақ тілін үйрету барысында ең әуелі қазақ әріпнамасын үйретумен бірге параллельді түрде ортақ сөздермен қатар, меңгеруге жеңіл, ұғымға тез қонатын жаңа сөздер легін және күнкөрістік тілге өте қажет құрылымы оңай диалогтерді ұсынылады. Амандасу мен қоштасудың қазақша әдебін және танысу диологінен бастаймыз. Содан соң қажеттілік модальдігін үйретуге, оны қажет болса – сұрай алуға, жөн сұрауға үйретеміз. Күнделікті қарым-қатынасқа өте қажетті және сауда-саттық жасауға керек диологтерді меңгертуге бағыттап сабақтарды ұйымдастырамын. Күнкөрістік тіл деңгейін үйрету барысында рөлдік ойындарды ұйымдастырамын. Рөлдік ойын сабақтары тіл үйренуші шетелдік азаматтарға дәрісханада алған теориялық білімін практикада тиімді пайдалануға көмектеседі

Алғашқы деңгейде тілдің тек коммуникативтік функциясына бас назар аударылып, қарқынды курс осы бағытта ұйымдастырылады. Ал негізгі курста қазақ тілі сабағын ұйымдастыру барысында тіл үйренушінің білімге деген рухани талаптары мен сұраныстарын қанағаттандыруға және олардың жеке тұлғалық қабілеттеріне бейімдей отыра, қазақ тілін – қарым-қатынастың құралы ретіндегі қызметін басқа пәндермен интеграциялық жұйеде ұштастыра жүргізіледі. Шетелдіктердің елімізге және дәстүрлі мәдениетімізге құрметін қалыптастыру мақсатында халқымыздың ұлттық құндылықтарын – бай әдебиеті мен әдеп-ғұрпын таныстыруға негіздей оқыту талабы ұстанылады. Әрине, өзге тілді дәрісханадаға қазақ тілі пәнінің басты мақсаты шетелдік тыңдаушыға қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, теориялық білімін практикада бекіту болып табылады. Ал дағдының сапалы болуы – ұстаздың білім деңгейіне және педагогикалық шеберлігіне байланысты үдеріс.



Қорыта айтқанда, тәжірибелі ұстаздың біліктілікпен, әртүрлі әдістемемен тиімді де тартымды ұйымдастыра білген әрбір сабағы тіл үйренушінің белсенділігі мен тілге деген қызығушылығын, икемділік дағдысын, алғырлығын, шығармашылық қабілетін арттыра түседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет