Түсінеді:
табиғи және әлеуметтік–экономикалық заңдылықтардың, процестердің, құбылыстардың мәнін; заманауи географиялық кеңістіктің, аумақтық кешендердің ерешеліктерін; географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың ӛзара байланыстарын; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестердің себептерін, кезеңдерін, салдарын, мәнін; геосаяси процестерді.
Қолданады:
процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі географиялық ұғымдар мен терминдерді; тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу әдістерін; практикалық жұмыстарды орындау барысында географияның заңдары мен формулаларын;нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, демографиялық кӛрсеткіштердің маңыздылығын түсіндіруде есептеу әдістерін қолданады.
Талдайды:
заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын; жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер мен ғылыми жаңалықтарды қолдану аясын; географиялық объектілердің орналасу факторларын; қоғамдық ӛндірістің ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік- экономикалық негіздерін; демографиялық проблемаларды; Қазақстанның географиялық және геосаяси жағдайын, саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын, оның дүниежүзіндегі рӛлі мен орнын.
Жинақтайды:
кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде кӛрсету үшін жинақталған және ӛңделген деректерді, ақпараттарды; гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді, эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын; қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін тірі және ӛлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді.
Бағалайды:
түрлі физикалық және химиялық процестердің адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін; тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін; пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығын; әртүрлі мақсаттар мен қызмет түрлері үшін географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың жарамдылық және пайдалану дәрежесін.
Достарыңызбен бөлісу: |