ГЕОГРАФИЯДАН ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА
2014-2015 оқу жылының 10-сыныптарына арналған
Теориялық тур (90 минут)
Тапсырма 1. Өз жауабыңызды негіздеңіз
Көлік жүйесі - көлік инфрақұрылымы, көлік кәсіпорны, көлік құралы және оларды жалпы басқару. Бірыңғай көлік жүйесі аз шығын жұмсай отырып, көлікке деген сұранысты көп қанағаттандыру мақсатында көліктің барлық түрінің келісімді даму және қызмет етуін қамтамасыздандырады. Әлем аймақтары бойынша көлік жүйесінің даму ерекшелігін айқындап, оның даму келешегін анықтаңыз.
Барлығы – 10 ұпай.
Тапсырма 2. Тест сұрақтары (әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай).
-
Қазақстанда 1979 және 1989 жж. халық санағы аралығындағы кезеңде халық өсімі 2 млн. адамға тең болды, 1989 ж. және 1999 ж. санақ жүргізілген жылдар аралығындағы кезеңде қандай өзгерістер болды
-
халықтың саны 1 млн. 246 мың адамға төмендеді
-
халық саны 1 млн. 250 мың адамға өсті
-
едәуір өзгеріс болмады
-
халық саны 974 мың адамға төмендеді
-
халық саны 2 млн. 250 мың адамға артты
-
Жылу электрстанцияларның қалдықтары ауаны ластауыш көзі болып табылады. Қазақстандағы электрстанциядарындағы түтін шығаратын мұржалар .... биіктіктен жоғары орналасу керек
-
100 м
-
150 м
-
200 м
-
250 м
-
300 м
-
Суда ерімейтін, сыртқы сипаты сазға ұқсайтын күрделі тау жынысы. Таза түрінде ақ түсті және сирек кездеседі, көп жағдайда құрамында темір оксидінің болуына байланысты олар қызылдау немесе қоңыр түсті минералдар түрінде кездеседі.
-
мыс колчеданы
-
дюралюминий
-
боксит
-
кварцит
-
халькопирит
-
Қазақстан Республикасы төменде көрсетілген ұйымдардың қайсысына кірмейді
-
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
-
Ислам даму банкі
-
Демократия және экономикалық даму ұйымы
-
Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы
-
Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім ұйымы
5.Қай елдің атауы «солтүстікке жол» сөзінен шыққан?
-
Норвегия
-
Швеция
-
Финляндия
-
Дания
-
Канада
-
Аналар үшін ең жақсы ел?
-
Норвегия
-
Финляндия
-
БАӘ
-
Ресей
-
Казақстан
-
Хартлендке қандай елдер кіреді?
-
Топырағының сапасы нашар елдер
-
Теңізге шығатын жолы жоқ елдер
-
КСРО-ның бұрынғы елдері және Монғолия
-
Тропиктік Африка елдері
-
Жағалауларда орналасқан елдер
-
Ең көп қарызы бар ел
-
Сьерра-Леона
-
Либерия
-
Ботсвана
-
Зимбабве
-
Египет
-
Ең алғашқы республика?
-
АҚШ
-
Франция
-
Мальта
-
Сан-Марино
-
Иран
-
Үш діннің бірігуінен пайдаболған сенім (ислам, христиан, иудаизм).
-
Джайнизм
-
Йезда
-
Сикхизм
-
Даосизм
-
Зороастризм
-
Касталық жүйеге оппозиция ретінде пайдаболған сенім?
-
Йезда
-
Зороастризм
-
Индуизм
-
Джайнизм
-
Синтоизм
-
Демографиялық пирамида түрлерін анықтаңыз?
-
жас,қартайып жатқан, тұрақты
-
ескі, жаңа
-
дұрыс, қоңырау пішінді, сауыт пішінді
-
қисық, дұрыс
-
үдемелі, азаймалы
-
Бутто-коэфициент нені білдіреді?
-
Бір әйел туған баланың орташа саны
-
тууға қабілетті жастағы әйелдер саныныңи қыздар санына қатынасы
-
анасының орташа жасына дейін өмір сүретін, бір анадан туылған қыздар саны
-
қыздар санының аналар санына қатынасы
-
қыздар санының ұлдар санына қатынасы
-
Жалғыз ғана дұрыс пікірді таңдаңыз:
-
Натуралист мүйісі мен Географ шығанағы әлемнің бір бөлігінде орналасқан
-
Поопо көлі мен Моонзунд архипелагы бір мұхиттың алабына жатады
-
Аппалач және Апеннин шығыс жарты шарда орналасқан
-
Нубий шөлі мен Намиб шөлі бірыңғай шөл массивін құрайды
-
Куба аралы мен Куба өзені бір жарты шарда орналасқан
-
Әлемдегі федерация саны?
-
27
-
28
-
29
-
30
-
31
-
Колумбия мен Венесуэла арасындағы жанжалды арал?
-
Лос-Монхес
-
Аруба
-
Кюрасао
-
Маргарита
-
Мальпело
-
Абхазия және Оңтүстік Осетияның тәуелсізідігі қашан жарияланды?
-
2007 ж.
-
2008 ж.
-
2009 ж.
-
2010 ж.
-
2011 ж.
-
Әлемнің басты капиталистік елдерін көрстетіңіз.
-
Үлкен жетеулік елдері
-
Батыс Еуропа елдері
-
Италиясыз үлкен жетеулік елдер
-
Үлкен жетілік елдер Канадасыз
-
Үлкен 20 елдер
19.Егер дүние жүзілік мұхиттың деңгейі 1 м көтерілсе, қандай елдер ауыл шаруашылығының негізгі аудандарын жоғалтқан болар еді?
-
Нидерланды
-
Дания
-
Бельгия
-
Бангладеш
-
Үндістан
20.Теңгерімі АҚШ долларына шаққанда CO2 тастаудан көшбасшы (ПОҚ).
-
АҚШ
-
Қытай
-
Үндістан
-
Қазақстан
-
Ресей
21.Жалпы ішкі өнімінде ауыл шаруашылының үлесі жоқ елдер?
-
Катар, Кувейт
-
Сингапур, Сянгян
-
Люксембург
-
Макао, Пуэрто-Рико
Ватикан, Бангладеш
22.Азық-түлік саласының ең ірі трансұлттық компаниясы?
-
Lactel
-
Nestle
-
Foodmaster
-
Danone
-
Roshen
23.Филиппиннің ең соңғы метрополемі болған қандай ел?
-
Ұлыбритания
-
Испания
-
Франция
-
Нидерланды
-
АҚШ
24.Фолкленд аралының екінші атауы?
-
Цейлон
-
Мальпело
-
Георгий
-
Тристан-да-Кунья
-
Мальвин
25.Жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табысы жоғары елді анықтаңыз?
-
Люксембург
-
Лихтенштейн
-
Катар
-
Бермуд аралы
-
Жапония
26.Қазақстан қай жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық жасады ?
-
2009 ж.
-
2011 ж.
-
2007 ж.
-
2008 ж.
-
2010 ж.
27.Ағылшын тілі күнделікті қолданушылар саны бойынша нешінші орында ?
-
1
-
2
-
3
-
4
-
5
28. А және Б ауыл шаруашылық дақылдарының пайда болу ошағы әртүрлі материкте.Бұл жағдайда А дақылының негізгі өсіру ареалы Б дақылының пайда болған материгінде орналасқан, ал Б дақылының негізгі өсіру ареалы А дақылы пайда болған материкте орналасқан. Бұл қандай дақыл?
А)Какао және кофе
В) Қарабидай және ұн
С) Зәйтүн және қызанақ
D)Жүзім және қарақурай
E)Жүгері және асбұршақ
29.Арменияның ұлттық валютасы
-
лари
-
манат
-
драм
-
риал
-
динар
30.Антиливан – бұл…
-
Ливан жотасының параллель жатқан жота
-
Ливан жағасынан алыс емес Жерорта теңізі аралы
-
Сириядағы заңсыз саяси қозғалыстар
-
Жерорта теңізінің бұғазы
-
Африканың ағынсыз көлдері
31.Бұл қалада ірі химиялық және фармацевтикалық Solvay компаниясының штаб-пәтері орналасқан?
-
Леверкузен
-
Брюссель
-
Гаага
-
Лондон
-
Женева
32.Asiana Airlines - қай елдің ұлттық әуе тасымалдаушысы?
-
Жапония
-
Индонезия
-
Катар
-
Оңтүстік Корея
-
Сингапур
33.Бұлардың ішінен қайсысы Европалық Одаққа кірмейді?
-
Швейцария
-
Болгария
-
Испания
-
Латвия
-
Польша
34.Қандай африкалық ел тәуелсіздігін басқа африкалық елден алды?
-
Намибия
-
Мозамбик
-
Либерия
-
Ангола
-
Зимбабве
35.Қай қаланың метрополитені адамдарды ең көп тасымалдайды?
-
Пекин
-
Шанхай
-
Токио
-
Сеул
-
Мәскеу
36.Африкадағы жалғыз испан тілді ел ?
-
Экваторлық Гвинея
-
Ангола
-
Камерун
-
Тунис
-
Марокко
37.Мұхиттық арлдардағы ең жас мемлекет?
-
Палау
-
Шығыс Тимор
-
Фиджи
-
Тувалу
-
Вануату
38.Қай мемлекет бір мезгілде монархия және федерациялы болып табылады ?
-
Бельгия
-
Австрия
-
Швеция
-
Ұлыбритания
-
Германия
39.Шпицберген аралы қай мемлекеттің иелігіне қарайды?
-
Ресей
-
Исландия
-
Финляндия
-
Норвегия
-
Дания
40.Бұл арал бір кездерде «Дәмдеуіштер аралы» деп аталған?
-
Молуккс
-
Филиппин
-
Мальдив
-
Жасыл мүйіс
-
Сейшель
Барлығы: 40 ұпай
ЖАЛПЫ: 50 ұпай
Теориялық тур аяқталды!
Достарыңызбен бөлісу: |