Географиядан теориялық тур сұрақтары ( 11 сынып) Аудандық олимпиада 2014 – 2015 оқу жылы



Дата23.06.2016
өлшемі68 Kb.
#154967
Географиядан теориялық тур сұрақтары ( 11 сынып)

Аудандық олимпиада

2014 – 2015 оқу жылы

1. Келесі ұғымдарға түсініктеме беріңіз: бейзоналылық, геоурбанистика, депрессиялық аудан, кластер, Тюнен үлгісі (Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпайдан. Барлығы 10 ұпай)

2. Экономиканың кеңістіктік дамуының басты заңдылықтары мен заманауи үрдістері. Экономиканың кеңістіктік дамуының үлгісі. (10 ұпай)

3. Тест тапсырмалары (әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан. Барлығы 30 ұпай.)


Тест тапсырмалары


    1. Егер таудың етегіндегі атмосфералық қысым сынап бағанасының 780 мм-не, ал тау шыңында 580 мм-не тең болса, шыңның биіктігі қанша метр болады?

А) 1000

  1. 2000

  2. 3000

  3. 4000

  4. 5000

2. Қандай ландшафтық зонаның ылғалдану коэффициенті 0,20-0,35 құрайды?



  1. Орманды дала

  2. Дала

  3. Құрғақ дала

  4. Шөлейт

  5. Шөл

3. Жоғарғы,Мичиган, Гурон, Эри, Онтарио- Ұлы көлдер тізімінде төмендегі көлдердің қайсысы «ұмытылған»



    1. Сент-Клэр
    2. Орманды (Лесное)

    3. Виннипег

    4. Оленье

    5. Атабаска

4. Теңіз сауда флотының көлемі жағынан басты елдерді көрсетіңіз.

А) АҚШ, Канада

В) Ұлыбритания, Ресей Федерациясы

С) Ангола, Греция

D) Либерия, Панама

Е) Қазақстан, Өзбекістан
5. Төмендегі елдердің қайсысына халықтың ең жоғары орташа

күтілетін өмір сүру ұзақтығы тән:



  1. Либерия мен Чад

  2. Ауғанстан мен Непал

  3. Уганда мен Буркина-Фасо

  4. Мексика мен Аргентина

  5. Қазақстан мен Ресей

6. Өнеркәсіп салаларының “Алдыңғы үштігін» көрсетіңіз:



  1. тамақ өнеркәсібі, қара металлургия және машина жасау

  2. химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және электроэнергетика

  3. отын өнеркәсібі, орман шаруашылығы және түсті металлургия

  4. машина жасау, химия өнеркәсібі және электроэнерге­тика

  5. жеңіл өнеркәсіп, қара металлургия және электроэнергетика

7. Сауатсыз халықтың жалпы саны бойынша дүниежүзілік біріншілікті қай ел ұстап отыр?



  1. Оңтүстік-Шығыс Азия

  2. Латын Америкасы

  3. Орталық-Шығыс Еуропа

  4. Оңтүстік Азия

  5. Солтүстік Еуропа

8. Румынияның қандай тарихи облысында халықтың басым бөлігін венгрлер құрайды?



  1. Валахия

  2. Молдова

  3. Добруджа

  4. Трансильвания

  5. ешқандай

9. Қандай себепке байланысты Возрождение аралының көлемі 1950 ж. салыстырғанда екі есеге жуық артты?



  1. Өзеннің тасуы

  2. Мұздықтар ауданының артуы

  3. Су деңгейінің төмендеуі

  4. Жасанды үйінділер

  5. Су деңгейінің жоғарылауы

10. Аргентинаның халқы сирек қоныстанған, ыстық, құрғақ және жазда өте қатты су басулар жүретін ауданы:

  1. Гран-Чако

  2. Энтре-Риос

  3. Пампа

  4. Патагония

  5. Амазония

11. Висла өзенінің бойында орналасқан қалалардың қайсысында тарихи орталық ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген?

  1. Лодзь

  2. Катовице

  3. Познань

  4. Краков

  5. ешқайсысында

12. Төменде аталғандардың қайсысы басқаларға қарағанда жас жер қыртысымен сипатталады?

  1. Шығыс-Африка жарылымы

  2. Шығыс-Тынық мұхиттық көтерілім

  3. Канада қалқаны

  4. Амазонка алабы

  5. Шығыс Еуропа платформасы

13. Қай елдерде астанасы ірі теңіз порты болып табылады



  1. Франция және Пәкістанда

  2. Аргентина және Тайландта

  3. Канада және Нидерландыда

  4. Бразилия және Үндістанда

  5. Үндістан және Францияда

14. Италияның негізгі экономико-географиялық мәселесі немен байланысты:

А) Еуроодаққа мүше болуымен

В) таулы жер бедерімен

С) жерортатеңіздік жағдайымен     

D) Парижден алыс орналасқандығымен

Е) Оңтүстігінің төмен деңгейде дамуымен
15. «Алтын үшбұрыш» географиялық түсінігі неге қатысты:

А) алтын кеніне

В) есірткіге

C) валюталық кіріске

D) қару-жараққа

E)«үлкен үштік» мемлекеттеріне


16. Малайзия өндіретін және экспорттайтын техникалық дақыл:

A) мақта


B) соя

C) қант қамысы

D) кофе

E) табиғи каучук


17. Қай континенталды қайраңнан мұнай шығарылмайды:

A) Cолтүстік мұхитта

B) Румынияда

C) Таяу Шығыс елдерінде

D) Аляскіде

E) Қытайдың шығыс жағалауында


18. Қай ресурстың түрі бойынша Украина толығымен ішкі сұранысты қамтамасыз етеді:

A) мұнай


B) газ

C) көмір


D) шымтезек

E) жанғыш тақтатастар


19. Белорусия қай кенге бай:

A) мұнай


B) калий тұзы

C) ас тұзы

D) глауберлі тұздар

E) ормандар


20. Бельгия, Франция және Германиямен шектесетін кішкентай мемлекет?

A) Монако                                                       

В) Андорра

С) Люксембург                                     

D) Лихтенштейн
Е) Сан-Марино
21. Қытай гидроэнергетикалық ресурстар қоры бойынша дүниежүзінде нешінші орынды алады:

А) 2 орын                                                   

В) 1 орын
С) 3 орын

D) 4 орын


Е) 5 орын
22. Металлургия өнеркәсібі дамымаған Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін

көрсетіңіз:

А) Индонезия, Мьянма                                                     

В) Тайланд, Мьянма

С) Лаос, Мьянма

D) Малайзия, Лаос


Е) Филлипины

23. Қандай гилеи ағашы өзінің жеңіл ағаш сүрегімен ерекшеленеді:

A) Бальса

B) Гуаякан

C) Жакаранда

D) Карнауба

E) Кебрачо
24. Жерорта теңізіне құятын өзен?

A) Евфрат

B) Эбро

C) Герируд



D) Чорох

E) Атрек
25. Каролин аралдарына ..... жатады

A) Меланезияға

B) Антиль аралдар тобына

C) Полинезиға

D) Микронезияға

E) Оркней аралдарына
26. Германиямен шектеспейтін мемлекет?

A) Австрия

B) Люксембург

C) Словакия

D) Франция

E) Испания


27. Ұзындығы 500 км болатын үңгірді көрсетіңіз.

A) Невада

B) Кунгур

C) Колорадо

D) Флинт-Мамонт

E) ондай үңгір жоқ


28. Цусима аралдары қайда орналасқан және кімнің иелігінде?

A) Корея бұғазында, Жапонияның

B) Жапон теңізінде, Жапонияның

C) Оңтүстік-Қытай теңізіде, Қытайдың

D) Корея бұғазында, Корея Республикасының

E) Охот теңізінде, Ресейдің


29. Еуропалық Одақтың ортақ экономикалық, валюталық және қаржылық кеңістік құру туралы Маастрихт келісіміне қай жылы қол қойылды?

A) 1995 жылы    

B) 1997 жылы      

C) 1993 жылы    

D) 1889 жылы    

E) 1992 жылы


30. АҚШ-та қай ауданды «ұлттық шеберхана» ауданы деп атайды?

A) Орталық Батыс

B) Оңтүстік 

C) Солтүстік-Шығыс 

D) Батыс

E) Гавай


БАРЛЫҒЫ: 50 ұпай.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет