Айжарикова Гульбану Талаповна І санатты мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі



Дата09.07.2016
өлшемі71.56 Kb.
#187011
Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

ІІ-ші Шежін ауылы

ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасы

Айжарикова Гульбану Талаповна

І санатты мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі.

Еңбек өтілі-16 жыл
Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Қыс – ғажайып мезгіл

Құзіреттілікке жеткізетін ұйымдастырылатын оқу іс-әрекет мақсат-міндеттері:

Ақпараттық құзіреттілік: Қыс мезгілінің ерекшеліктері, қыс мезгіліндегі табиғаттағы тіршілік туралы білімдерін жинақтау , таным белсенділігі деңгейіне қарай белгілі ақпараттарды құрылымдау, балалар меңгеруге тиісті ақпараттарды алгоритмдеу арқылы меңгерту. Коммуникативтік құзіреттілік: Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы қыс мезгілінің айырмашылықтарын айқындау. Қыс мезгілін толық сөйлемдермен сипаттауға үйрету. Балалардың сурет бойынша әңгіме құрастыру, сөздік қорын байыту, қойылған сұрақтарға нақты жауап беру және бірін тыңдай білу қабілеттерін қалыптастыру. Топпен жұмыс жасау, жақсы қарым-қатынаста болу қабілеттерін дамыту. Проблеманы шешу құзіреттілігі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін түсіну, оларға сәйкес кездесетін проблемаларды шеше білуге үйрету. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысында жұмбақ, ребус, сөз жұмбақты шешу, дидактикалық ойындарды берілген шарт бойынша орындауға дағдыландыру. Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі: Қыс мезгілінің ерекшеліктері, қыс мезгілінің жаз мезгілімен салыстыруды біледі.

Баланың меңгеруі: Балалардың сурет бойынша әңгіме құрастыру мен әңгіме барысында бір бірін тыңдай білуді меңгереді.

Баланың жасай алуы: Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысында жұмбақ, ребустарды шешіп, дидактикалық ойындарды берілген шарт бойынша орындай алады.

Әдіс-тәсілдері: АКТ, дамыта оқыту, ойын сөздік, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, көрнекілік- суреттер көрсету, практикалық – жұмбақтар, ребус, ойындар ойнау.

Көрнекіліктер: Компьютер, интерактивті тақта, қыс мезгілі бейнеленген суреттер, жұмбақтар, ребус, ойындар ойнау.

Тілдік компоненті: Қыс-зима, желтоқсан-декабрь, қаңтар-январь, ақпан-февраль.


Әрекет

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы.


Іздену кезеңі



Рефлексивті-коррекциялаушы

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?


-Дұрыс. Балалар қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? Қыс мезгілінің орысша атауы-зима. Қыс мезгілінің желтоқсан-декабрь, қаңтар-январь, ақпан-февраль айлары бар. Балалар бүгін мен сіздерге көптеген қызықты тапсырмалар дайындап қойдым, белсенді қатысқандарға сыйлыққа ұлпа беріледі, барлығы аяқталған соң, біз оларды санаймыз, жүлдегерлерді атаймыз.

-Дұрыс. Балалар енді қыс туралы келесі мәтінді тыңдауға ұсынамын сіздерге.



Қыс

Қыс келді. Далада қар жауып тұр. Күн суық, аяз. Ағаштардың бұталарын қырау басқан. Балалар аулада ойнап жұр. Біреуі коньки теуіп, ал кейбірлері жотадан төмен қарай шанамен сырғанап келеді. Балалардың бәрі көңілді, жүздерінен шаттық нұры ойнайды. Балалар қардан аққала жасады. Аққаланың көзін көмірден енді біреуі мұрнын сәбізден жасады. Ал басына қалпақ кигізіп, қолына сыпырғыш ұстатып қойды. Балалар істеген жұмыстарына қуанады. Қарға су құйып сырғанақты жасап үйгерді..

-Жарайсыңдар, балаларым! Жоғарыда айтылған әңгімелерімізде балалардың қыстағы қызығы туралы, ал ормандағы мекендеушілерді есімізге алайықшы, ол үшін менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер...

1.Белестен шапқан бесті ат

Бүкір келген келісті ат

Бейғам елді іздейді

Малдан күдер үзбейді



2.Өзі айлакер, өзі қу

Жүрген жері айқай – шу



3.Орманнан, жалпақ даладан,

Бал іздеп, бірақ жортады.

Кіп-кішкентай арадан,

Үп-үлкен боп қорқады



4.Итке ұқсаған ізін-ай

Оны қалай десек те,

Ал бір жері қызық-ай

Ұқсап-ақ тұр есекке

-Дұрыс таптыңдар! Ал, осы жануарлар қыс мезгілінде қалай тіршілік етендігі туралы айтып көрейікші.

Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық, алақанды ұрайық,

Оңға қарап иіліп, солға қарай иіліп

Бір отырып, бір тұрып, бір тынығып алайық.

Орнымыздан тұрайық, белімізді жазайық.

Жоғары төмен қарайық, солға түзу тұрайық.

Алға қарай бір адым, артқа қарай бір адым

Бойымызға күш жинап,

Бірге осылай дем алайық.

Қызықты жұмбақтар

1.Гүрілдейді, гулейді,

Тұрақтауды білмейді

Қар боратып қасқырдай,

Жылан болып билейді.

Жүрсең,


Ол да асыға,

Сықырлатып жетеді.

Кірпігіңе, қасыңа,

Қырау жағып кетеді. Бұл не?

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды.

2.Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Білсен айтшы, кәнекей,

Қардан жасалған адамды.


Ребус шешу.

+быз +мақ

Венн диаграммасы..

Қыс Жаз

Рефлексия.

Білемін Білдім Білгім келеді кестесіне қосымша суреттерін ұсыну олар арқылы үш кесте бойынша өзіндік ойларын айтуға жағдай жасау.
Тәрбиеші балаларға ұлпаларын санауға ұсынады, жүлдегерлерді атап өтеді.


Балалар жарты шеңбер болып отырады, тақтаға назар аударып, қыс туралы жұмбақты тыңдап, оны шешеді.
Қыс мезгілі

Балалар тәрбиешінің сұрағына қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы өз ойларын толық сөйлеммен айтады. Тәрбиешінің екінші сұрағына қыста қанша ай бар екендігін айтып, олардың атауларын атап шығады.

Балалар мәтінді тыңдап тәрбиешімен талдайды, ұсынған сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Берілген жұмбақтарға нақты жауап береді, жауап бергендер қоржындарына ұлпаларды жинайды.

Балалар жоғарыда берілген жануарлардың қыс мезгілінде қалай тіршілік етендігі туралы әңгімелеп береді.

Балалар дидактикалық ойынның шартын тыңдап, шарты бойынша әрекет жасайды. Суреттегі адамның, мысықтың және торғайдың ізін тауып, сызық арқылы белгілейді.

Топтағы балалар жеке жұмыс жасаса, тақтада бір бала жұмыс жасайды.

Балалар орындарынан тұрып, алақандарын соғады,

Оңға және солға қарай иіледі, Орындарынан бір тұрады және бір отырады.

Бастарын жоғары, төмен қаратады, солға түзу тұрады.

Алға қарай бір адым сосын артқа қарай бір адым жасайды, сергіту сәттін сөздерін барлығы бірге қайталайды.

Берілген жұмбақтарға нақты жауап береді, жауап бергендер қоржындарына ұлпаларды жинайды.





Берілген жұмбақтарға нақты жауап береді, жауап бергендер қоржындарына ұлпаларды жинайды.Балалар ребустарды шешеді.

Балалар қыс мезгілінің жаз мезгілімен салыстырып, олардың ортақ белгілерімен (жыл мезгілі, үш айы бар, қызықты мезгіл) айырмашылығы (күні суық және аязды, қар мен мұз бар, Жаңа жыл мейрамы және т.б.) белгілерін атайды.



Білемін

шырша тойын, қыс мезгілі суық, аққала жасауды, қар жауады.



Білдім қыс мезгілінің жаз мезгілімен салыстыруды, жұмбақтарды шешуді,

ребус шешуді, жануарлардың қыс мезгілінде қалай тіршілік ететінін.



Білгім келеді
Балалар ұлпаларын санайды, бір біріне баға береді.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет