31
хлорлы темiр және т.б.) қаныққан.
Қышқыл фумароланың температурасы 300–
400
о
С, құрамында су буы, хлорлы сутек және күкiрттi ангидрид болады. Сiлтiлi
фумарола 180
о
С-тан асатын орташа температурмен
сипатталады және хлорлы
аммонийден тұрады, ол ыдыраған кезде таза аммиак бөлiнiп шығады.
Температурасы 100–180
о
С газды бөлiнiмдер
сольфатара (италияша
солфатара – күкiрттi түтiн) деп аталады. Олар негiзiнен су буы мен күкiрттi
сутектен тұрады. Температурасы 100
о
С-тан төмен газ қоспалары мофета (итал.
мофета – сасық иiстi газдар буланатын жерлер) деп аталады, олар
негiзiнен
көмiрқышқыл газдары мен су буынан тұрады.
Лава – жанартау атқыламаларының сұйық өнiмi. Ол химиялық құрамы
бойынша қышқылды, орташа, негiздi және ультранегiздi болуы мүмкiн. Лаваның
химиялық құрамы оның ең маңызды физикалық қасиеттерiн – тұтқырлығы мен
аққыштығын анықтайды. Атқыламалардың
сипаты негiзiнен лаваның осы
қасиеттерiне байланысты. Лава жер бетiнде қатып, эффузиялық
немесе төгiлген
магмалық таужыныстарға – эффузивтерге айналады. Олар жылдам суыну мен
қалыпты қысым
жағдайында қалыптасқандықтан, өздерiне тән
құрылым мен
бiтiмге ие болады.
Жанартау атқылаған қатты өнiмдердi
пирокласт немесе
пирокластикалық
(гр.
пир – от,
кластикос – уатылған, сынған) материал деп атайды. Пирокласт
құрамы жанартаулар қопарғанда пайда болған сынықты материалдардан тұрады.
Қопарылыс кезiнде шашыраған лава мен кратердiң қопарылған бөлiгiн құрайтын
таужыныс
сынықтарының
өте
үлкен
массасы
атмосфераға
ұшады.
Пирокластикалық материал сынықтардың өлшемiне байланысты былай аталады:
жанартау бомбасы – кесектердiң өлшемi 5–10 см-ден бiрнеше м-ге дейiн,
лапилли (итал.
лапиллас – тас сынығы) – 1–5 см,
жанартау құмы – 1–10 мм және
жанартау күлi – 1 мм-ге дейiн.
Жанартау лақтырындылары (пирокласт материалдар) Жер
бетiне қайта
құлағаннан кейiн жылдам нығыздалып,
жанартау брекчияларына (iрi сынықтар)
және
жанартау туфына (құм мен күлден пайда болады) айналады.
Достарыңызбен бөлісу: